О кинематографии Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кинематография туралы Осы Заң кинематография саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және оның құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Бап 1
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік маңызы бар фильмдер – қоғамның патриоттық, рухани-адамгершілік, зияткерлік және мәдени әлеуетін арттыруға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған өзекті, оның ішінде тарихи фильмдер;
Тармақша 2
2) бірлесіп шығарылған фильм – шығарылуы шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғалар мен Қазақстан Республикасы азаматтарының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының қатысуымен жүзеге асырылатын фильм;
Тармақша 3
3) дебюттік фильм – қоюшы режиссердің алғашқы фильмі;
Тармақша 4
4) кадр сыртындағы аударма – аударылған сөздер туындының түпнұсқа дыбыс жолына салынатын фильмді аудару түрі;
Тармақша 5
5) кинематография – фильмдерді шығаруға, пайдалануға және сақтауға бағытталған шығармашылық, ұйымдастырушылық-өндірістік, экономикалық, ғылыми, білім беру қызметінің түрлерін біріктіретін мәдениет саласы;
Тармақша 5-1
5-1) кинематографиялық қызмет субъектісі – қызметінің негізгі түрлері: фильм және (немесе) киножылнама шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді сақтау болатын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға; кинематографиялық ұйым;
Тармақша 6
6) кинематографиялық ұйым – қызметінің негізгі түрлері: фильм және (немесе) киножылнама шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді сақтау болып табылатын заңды тұлға;
Тармақша 7
7) киножоба – фильмді шығаруды және прокаттауды жүзеге асыруға негіз болатын құжаттар мен материалдардың (сценарий, режиссерлік экспликация, фильм шығаруға арналған смета, күнтізбелік-қойылымдық жоспар, маркетинг жоспары, көзбен шолу материалдары) жиынтығы (топтамасы);
Тармақша 8
8) киножылнама – уақыттың, орынның, мән-жайлардың өзіне тән ерекшеліктерін көрсететін және келешекте фильм шығаруға есептелген деректі сюжеттер;
Тармақша 8-1
8-1) киносериал – көп сериялы кинотуынды;
Тармақша 8-2
8-2) киноспектакль – кинематография және (немесе) телевизия құралдарымен жүзеге асырылған театрлық спектакльдің экрандалуы;
Тармақша 8-3
8-3) кинофестиваль – арнайы іріктелген фильмдерді көрсететін іс-шара;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдер – Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары шығарған және құқық иеленушілері де Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын фильмдер;
Тармақша 10
10) Мемлекеттік фильмдер қоры – ұлттық фильмдердің, Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдердің, бірлесіп шығарылған фильмдердің және киножылнаманың, оның ішінде ұлттық мәдени игіліктің ажырамас бөлігі ретінде ұлттық фильмдер мен киножылнаманың бастапқы материалдарының киноколлекциясы;
Тармақша 11
11) Мемлекеттiк фильмдер тiзiлiмi – прокатталуы және көрсетiлуi Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын фильмдердiң тiзбесi;
Тармақша 12
12) оқиғалы фильмдер – мерейтойлық және атаулы күндерге, аса көрнекті тұлғаларға, қоғамдық маңызы бар және маңызды оқиғаларға арналған фильмдер;
Тармақша 12-1
12-1) продюсер – фильмді қаржыландыруды, шығаруды және прокаттауды ұйымдастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлға;
Тармақша 13
13) субтитрлеу – фильмді түпнұсқа тілінде мәтінмен сүйемелдеуді немесе аударма, дубляж жасау және (немесе) қосымша диалогтар мен сахнадағы іс-қимыл көріністерін толықтыру процесі;
Тармақша 14
14) уәкiлеттi орган – кинематография саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 15
15) ұлттық фильм куәлігі – жеке немесе заңды тұлғаның осы Заңда көзделген мемлекеттік қолдау шараларына құқығын куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;
Тармақша 16
16) фильм – шығармашылық ниеттің негізінде жасалған, жеткізгіште жазылған және біртұтас тақырыпқа біріктірілген бейнеден және дыбыстық сүйемелдеуден тұратын дыбыстау-бейнелеу туындысы, оның ішінде киносериал, киноспектакль;
Тармақша 17
17) фильмге дубляж жасау (дубляж) – қатысушы адамдардың буын артикуляциясына сай келетін аударма арқылы басқа тілдегі фильмнің дыбыстық қатарының тілдік бөлігін ілеспе түрде қайта жасаудан тұратын шығармашылық және өндірістік қызмет;
Тармақша 18
18) фильмге прокаттау куәлігі (бұдан әрі – прокаттау куәлігі) – фильм туралы техникалық мәліметтер, фильмнің жасаушылары, жас санаты мен жанры туралы ақпарат көрсетілетін, жеке немесе заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында фильмді тарату құқығын куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;
Тармақша 19
19) фильмдерді сақтау – фильмдер мен киножылнаманы және олардың бастапқы материалдарын сенімді, ұзақ мерзімге сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған қызмет, фильмдердің бастапқы материалдары мен көшірмелерін профилактикалық өңдеу, реставрациялау және қалпына келтіру;
Тармақша 20
20) фильмдер мен киножылнаманың бастапқы материалдары – негатив, контратип, бейне негативі, фонограмма негативі, эталондық көшірме, қондырғы роликтер, паспорттар және олардың жазбалары, фильмнің бақылау көшірмесі, қайта жазбаның, музыканың, шулардың магнитті фонограммаларының түпнұсқасы, бейнефонограмма-мастер, компакт-диск және фильмнің кез келген материалдық нысанда таралымын көбейту үшін қажетті өзге де материалдар;
Тармақша 21
21) фильмді көрсету – кинозалда, телекоммуникация желілері арқылы таралатын теле-, радиоарналарда және басқа да техникалық тәсілдермен жүзеге асырылатын, фильмді көпшілікке демонстрациялау;
Тармақша 22
22) фильмді прокаттау – фильмді көрсету мақсатында оны Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған тәсiлдермен тарату;
Тармақша 23
23) фильмді тіркеу – Қазақстан Республикасының аумағында таратылуға арналған фильм туралы мәліметтерді Мемлекеттік фильмдер тізіліміне енгізу;
Тармақша 24
24) фильмнiң таралымын көбейту – фильмнiң бiр немесе одан да көп көшiрмесiн (таралымын) кез келген материалдық нысанда дайындау;
Тармақша 25
25) фильм шығару – нәтижесінде фильм жасалатын, автордың шығармашылық ниетін іске асыру процесі;
Тармақша 25-1
25-1) ұлттық фильмдердің сахналық-қойылымдық құралдары – ұлттық фильмдерді шығару кезінде қалыптастырылатын және пайдаланылатын материалдық безендіру заттарының жиынтығы;
Тармақша 26
26) шектеулі прокат – саны Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін кинозалдардың жалпы санының он пайызынан аспайтын кинозалдарда фильмдерді бір рет көрсету.
Бап 2
2-бап. Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
Бап 2-1. 2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері
2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде кинематографияны сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету үшін құқықтық негіздер құру, кинематографиялық қызметті регламенттеу осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) кинематография саласында мемлекеттік қолдау көрсету;
Тармақша 2
2) елімізде және шет елдерде ұлттық фильмдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, киноиндустрияның инвестициялық тұрғыдан тартымды болуы үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді прокаттау мен көрсетуді реттеу;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік фильмдер қорының сақталуын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау.
Бап 3
3-бап. Кинематография саласындағы мемлекеттік саясаттың қағидаттары Кинематография саласындағы мемлекеттік саясат мынадай қағидаттар негізінде іске асырылады:
Тармақша 1
1) ұлттық фильмдерді шығару, пайдалану, олардың таралымын көбейту, прокаттау, көрсету және сақтау үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 2
2) ұлттық фильмдерді, оның ішінде шет елдерде таратуды және ілгерілетуді ынталандыру және қолдап отыру;
Тармақша 3
3) кинематографияның шығармашылық, өндірістік, техникалық, білім беру және ғылыми базасын дамытуды мемлекеттік қолдау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының аумағындағы халық үшін кинематография туындыларының қолжетімділігі;
Тармақша 5
5) кинематография саласында қазақ тілін дамыту үшін жағдайлар жасау.
Бап 4
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құрады;
Тармақша 3
Бап 5
5-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кинематография саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 2
2) кинематографияны мемлекеттік реттеуді және қолдауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) Мемлекеттік фильмдер тізілімін жүргізеді;
Тармақша 5
5) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды шығару бойынша мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін оларды іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 5-1
5-1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 6
6) прокаттау куәлігін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7
7) фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 8
8) прокаттау куәлігін және ұлттық фильм куәлігін береді;
Тармақша 9
9) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар шығаруды қаржыландыру қағидаларын және қаржыландыру көлемдерінің нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10
Тармақша 11
11) прокаттау куәлігін беру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында прокаттауға арналған фильмдердің жас сыныптамасын жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен фильмді ұлттық деп таниды;
Тармақша 13
Тармақша 14
14) кинематография саласындағы халықаралық байланыстарды дамытады, кинематографиялық қызмет субъектілерінің халықаралық комиссияларға, кинофестивальдарға, конференцияларға және кинематография саласындағы өзге де іс-шараларда қатысуын ұйымдастырады;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының аумағындағы фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесін орнату және жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатын жүйеге келтіруді және есепке алуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатының мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 16-1
16-1) осы Заңның мақсаттарына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кинематография саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 17
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 6
6-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) кинематография саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі халық үшін кинематография туындыларының қолжетімділігіне жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 7
7-бап. Фильмді прокаттау және көрсету
Тармақ 1
1. Фильмді фестивальдарда, семинарларда, ретроспективада көрсету жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында фильмді прокаттау және көрсету ол Мемлекеттік фильмдер тізілімінде тіркелген кезде ғана және берілген прокаттау куәлігіне сәйкес жүзеге асырылады. Осы талап бұрынғы КСРО-ның кинематографиялық ұйымдары шығарған фильмдерге қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік фильмдер тізілімінде тіркелген фильмге прокаттау куәлігі беріледі.
Тармақ 3
3. Прокаттау куәлігін беру уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Прокаттау куәлігін алу үшін жеке немесе заңды тұлға:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган басшысының атына өтінішті;
Тармақша 2
2) жеке немесе заңды тұлғаның фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттарды (шет тіліндегі құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариат куәландырған көшірмелер қоса беріледі);
Тармақша 3
3) фильмнің аннотациясын ұсынуы қажет.
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 18.02.2026 № 266-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 5
5. Прокаттау куәлігін алуға арналған өтініш келіп түскен күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган жеке немесе заңды тұлғаға прокаттау куәлігін береді.
Тармақ 5-1
5-1. Егер фильмнің ұсынылған аннотациясынан осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында көзделген белгілерді анықтау, сондай-ақ фильмнің жас санатын айқындау мүмкін болмаса, уәкілетті орган прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу мақсатында фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасын сұратады. Фильмде осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында санамаланған белгілердің болуын анықтау, сондай-ақ фильмнің жас санатын айқындау үшін сараптама комиссиясы жүргізетін сараптама прокаттауға дейінгі сараптама болып табылады. Прокаттау куәлігін алу мақсатында фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасына прокаттауға дейінгі сараптаманы уәкілетті орган айқындайтын ұйымның жанынан құрылатын, мемлекеттік органдар өкілдерінен, сарапшылар мен мамандардан тұратын сараптама комиссиясы жүзеге асырады. Сараптама комиссиясы фильмнің кинопрокаттауға арналған нұсқасын қарайды және фильм ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәкілетті органға ұсынымдар жібереді. Сараптама комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады. Фильмдерге прокаттауға дейінгі сараптаманы жүргізу тәртібін, сондай-ақ сараптама комиссиясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін және оның құрамын уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган жеке немесе заңды тұлғаға прокаттау куәлігін беруден мынадай негіздер бойынша:
Тармақша 1
1) жеке немесе заңды тұлға анық емес және (немесе) бұрмаланған ақпарат берсе;
Тармақша 2
2) жеке немесе заңды тұлға осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдарды ұсынбаса;
Тармақша 3
3) осы Заңның 9-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген талаптар сақталмаған жағдайда;
Тармақша 4
4) егер фильмнің мазмұны Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны, сондай-ақ порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған жағдайда, бас тартады.
Тармақ 7
7. Фильм туралы, прокаттау куәлігін беруге бұрын негіз болған, оның ішінде фильмнің аннотациясы негізінде берілген ақпараттың анық болмау және (немесе) бұрмалану фактілері мониторинг барысында анықталған жағдайда уәкілетті орган прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұрады. Прокаттау куәлігінің қолданысы прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұруға алып келген себептерді жою үшін қажетті мерзімге тоқтатыла тұрады, бірақ ол күнтізбелік алпыс күннен аспайды. Прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұру туралы шешім оны берген адамның не оны алмастыратын адамның бұйрығымен, уәкілетті орган мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ресімделеді және прокаттау куәлігін алған жеке немесе заңды тұлға қабылданған шешім туралы хабардар етілген күннен бастап күшіне енеді. Прокаттау куәлігінің қолданысы прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұрған адамның не оны алмастыратын адамның бұйрығымен, прокаттау куәлігін алған жеке немесе заңды тұлғаның прокаттау куәлігінің қолданысын бұрын тоқтата тұруға алып келген мән-жайларды жою туралы жазбаша өтініші тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта басталады. Прокаттау куәлігінің қолданысын тоқтата тұруға бұрын негіз болған мән-жайлар жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган прокаттау куәлігін сот тәртібімен кері қайтарып алады.
Бап 8
8-бап. Фильмдердің жас сыныптамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында шығарылған барлық фильмдерге және Қазақстан Республикасының аумағына прокаттау мақсатында әкелінетін (жеткізілген) фильмдерге мынадай жас санаттары беріле отырып, жас сыныптамасы жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) «6 жасқа дейін» – алты жасқа толмаған балаларға арналған фильмдер;
Тармақша 2
2) «6 жастан бастап» – алты жасқа толған балаларға арналған фильмдер;
Тармақша 3
3) «12 жастан бастап» – он екі жасқа толған балаларға арналған фильмдер;
Тармақша 4
4) «14 жастан бастап» – он төрт жасқа толған балаларға арналған фильмдер;
Тармақша 5
5) «16 жастан бастап» – он алты жасқа толған балаларға арналған фильмдер;
Тармақша 6
6) «18 жастан бастап» – он сегіз жасқа толған көрермендерге арналған фильмдер;
Тармақша 7
7) «21 жастан бастап» – жиырма бір жасқа толған көрермендерге арналған фильмдер.
Тармақ 2
2. Фильмдерді «6 жасқа дейін», «6 жастан бастап», «12 жастан бастап», «14 жастан бастап» және «16 жастан бастап» жас санаттарына жатқызу өлшемшарттары «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өлшемшарттарға сәйкес келеді. «18 жастан бастап» жас санатына: Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған ақпаратты қоспағанда, балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратты; кинотуындының сюжеті мен көркемдік міндеті тұрғысынан ақталуы шартымен, өзін-өзі өлтірудің, адам өлтірудің, отбасылық өмір проблемалары мен ажырасудың, есірткіге және алкогольге тәуелділіктің, аурулардың, бейәлеуметтік жүріс-тұрыстың, жалаңаштанудың, жыныстық қатынас немесе басқа да эротикалық әрекеттер көріністерінің сипатталуын және (немесе) бейнеленуін; дөрекі жаргон, былапыт сөздердің, нормативтік емес лексиканың эпизодтық қолданылуын қамтитын фильмдер жатады. «21 жастан бастап» жас санатына: Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған ақпаратты қоспағанда, кез келген көріністердің сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтитын; дөрекі жаргон, былапыт сөздерді, нормативтік емес лексиканы қолданудағы шектеулерді қамтымайтын фильмдер жатады.
Тармақ 3
3. Кодын ашатын техникалық құрылғылар қолданыла отырып, ақылы негізде таратылатын фильмдерді қоспағанда, телеарналарда «18 жастан бастап» жас санаты бар фильмді – жергiлiктi уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн, «21 жастан бастап» жас санаты бар фильмді жергiлiктi уақытпен сағат нөлден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн прокаттауға жол берiледi. Қазақстан Республикасының аумағында «21 жастан бастап» жас санаты бар фильмді кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда жергілікті уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейін прокаттауға жол беріледі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының аумағында прокаттау куәлiгiн алған және (немесе) фильмдер прокаттауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар көрерменге фильмнiң жас санаты туралы ақпарат беруге мiндеттi.
Тармақ 5
5. Фильмдердің «6 жасқа дейін», «6 жастан бастап», «12 жастан бастап», «14 жастан бастап», «16 жастан бастап» және «18 жастан бастап» жас санаты белгісі Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Фильмдердің «21 жастан бастап» жас санаты белгісі ромбтағы «21+» белгісімен және (немесе) «жиырма бір жасқа толған көрермендерге арналған» деген сөз тіркесі түріндегі мәтіндік ескертумен белгіленеді.
Тармақ 6
6. Фильмнің жас санаты туралы ақпарат Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілуге және көрермендер үшін қолжетімді болуға тиіс.
Бап 9
9-бап. Фильмдерді прокаттау тілі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді прокаттау қазақ тілінде және басқа да тілдерде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ұлттық фильмдерді прокаттау қазақ тілінде жүзеге асырылуға тиіс және басқа тілдерде жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Прокатталуы шектеулі фильмдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда прокатталуы және көрсетілуі қазақ тілінде жүзеге асырылмайтын фильмдер қазақ тілінде дубляж жасалуға не субтитрленуге, не кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілуге тиіс. Қазақ тілінде фильмдерге дубляж жасау, оларды субтитрлеу не кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз ету кезінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, олардың дұрыс құрастырылуы және дыбысталуы сақталуға тиіс. Субтитрлеу орфография нормаларына сәйкес жазылады. Фильмдерге дубляж жасаудың, оларды субтитрлеудің мазмұнын аудару не оларды кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз ету олардың негізгі мағынасын бұрмаламауға тиіс. Телеарналарда фильмдерді прокаттау және көрсету Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3-1
3-1. Қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдердің прокатталуы және олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда көрсетілуі қазақ тілінде жүзеге асырылуға тиіс. Мұндай фильмдерді Қазақстан Республикасының аумағында кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда прокаттау және көрсету басқа тілдерде де жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Фильмде қолданылатын нормативтік емес лексика тиісті техникалық құралдармен (дыбыс сигналымен) жойылуға тиіс.
Тармақ 5
5. Егер Қазақстан Республикасында шығарылған фильмде қазақ тілімен қатар басқа да тілдер қолданылған жағдайда, оны прокаттауды және көрсетуді жүзеге асыру кезінде басқа тілдердегі мәтін қазақ тілінде субтитрленуге не кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілуге тиіс.
Бап 10
10-бап. Фильмдердің түрлері
Тармақ 1
1. Фильмдер түрлері бойынша мыналарға бөлінеді:
Тармақша 1
1) анимациялық фильм – графикалық әдістерді және бейнелеу өнері тәсілдерін, сондай-ақ компьютерлік графика мүмкіндіктерін пайдалану жолымен қимылдар мен көріністер жандандырыла отырып жасалатын фильм;
Тармақша 2
2) деректі фильм – режиссер операторлық өнер, монтаждық құрау құралдарымен және басқа да құралдармен түсіндіретін өзекті оқиғалар, шындық фактілері жинақталып көрсетілген сценарий желісінің негізінде жасалатын фильм;
Тармақша 3
3) ойын фильмі – сценарийдің негізінде жасалатын және актерлік ойын, режиссура, операторлық өнер, қоюшы-суретшінің, композитордың және кинематография саласындағы басқа да қатынас субъектілерінің шығармашылығы құралдарымен іске асырылатын фильм;
Тармақша 4
4) хроникалы фильм – өзекті оқиғалар мен шындық фактілері көрсетілген фильм.
Тармақ 2
2. Ұзақтығы елу екі минуттан кем емес фильм – толық метражды, ұзақтығы елу екі минутқа жетпейтін фильм қысқа метражды фильм болып табылады.
Бап 11
11-бап. Қазақстан Республикасының аумағындағы Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді жүйеге келтіру және есепке алу мақсатында уәкілетті орган Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесін жүргізеді.
Тармақ 2
2. Фильмдерді көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым фильмдерді есепке алуды жүргізеді және Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесіне олар бойынша ақпарат береді.
Тармақ 3
3. Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесін жүргізу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 12
12-бап. Кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау
Тармақ 1
1. Кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) ұлттық фильмдерді қаржыландыру;
Тармақша 2
2) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру;
Тармақша 2-1
2-1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру;
Тармақша 2-2
2-2) кинематографиялық қызмет субъектілерінің халықаралық кинофестивальдарға қатысуына, елде және шетелде қазақстандық кино күндерінің ұйымдастырылуына бағытталған қызметті қаржыландыру;
Тармақша 3
3) ұлттық фильмдер мен олардың бастапқы материалдарын ұлттық мәдени игіліктің ажырамас бөлігі ретінде сақтау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасына сәйкес кинематография саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 5
Тармақша 6
6) кинематография саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік қаржылық қолдау ұлттық фильмдерді шығаруды, прокаттау мен көрсетуді және осыған байланысты іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ шетелде ұлттық фильмдерді ілгерілету үшін ұсынылады. Уәкілетті орган фильмдердің осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көрсетілген түрлері бойынша ұлттық фильмдерді шығаруға бөлінетін қаражат көлемін жыл сайын айқындайды.
Тармақ 3
3. Осы Заңға сәйкес қаржыландыру туралы шешім қабылданған, ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру мынадай көлемдерде:
Тармақша 1
1) әлеуметтік маңызы бар фильмдер, дебюттік фильмдер, оқиғалы фильмдер үшін – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарудың сметалық құнының жүз пайызына дейін;
Тармақша 2
2) бірлесіп шығарылатын фильмдер үшін – осындай фильмдерді шығару туралы тиісті келісімдер шеңберінде көзделген шекте жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) кең ауқымды көрермендер аудиториясына арналған ойын фильмдері үшін: 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – оларды шығарудың сметалық құнының тоқсан пайызынан; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – оларды шығарудың сметалық құнының сексен пайызынан; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап оларды шығарудың сметалық құнының жетпіс пайызынан аспайды.
Тармақ 4
4. Фильмдерді осы баптың 3-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 5
5. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы арқылы ұлттық фильмді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, алынған мемлекеттік қолдаудың пайыздық арақатынасына мөлшерлес көлемде аударымдарды жүзеге асырады. Осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген фильмдерді шығаруға мемлекеттік қолдау алған жеке және (немесе) заңды тұлғалар Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістердің жиырма пайызы көлемінде аударымдарды жүзеге асырады. 6. Ұлттық фильмдерді, Қазақстан Республикасының аумағына əкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау мəселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау мақсатында уәкілетті орган жанынан консультативтік-кеңесші орган – Кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау мəселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады.
Бап 13
13-бап. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы
Тармақ 1
1. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз құрылтайшысы және акционері болып табылатын, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) жоғары орган – жалғыз акционер;
Тармақша 2
2) басқару органы – директорлар кеңесі;
Тармақша 3
3) атқарушы орган – басқарма;
Тармақша 4
4) Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жарғысына сәйкес өзге де органдар Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының органдары болып табылады.
Тармақ 3
3. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ішкі аудит қызметін құрады.
Тармақ 4
4. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының активтері мыналар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мүлік;
Тармақша 2
2) осы Заңның 12-бабының 5-тармағында көрсетілген тұлғалардың аударымдары;
Тармақша 3
3) ерікті мүліктік жарналар мен өзге де тұлғалардың қайырмалдықтары;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына түсетін өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 5
5. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы:
Тармақша 1
1) қызметінің негізгі нысанасы фильмдер шығару болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға фильмдерді қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде отыз пайызы мөлшеріндегі мемлекеттік тапсырманы орындауға бөлінетін қаражатты қоспағанда, ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдауды ұсыну;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру;
Тармақ 6
6. Фильмді ұлттық деп тану және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанынан шығармашыл қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері мен кинематография саласындағы сарапшылар қатарынан Сараптама кеңесі – консультативтік-кеңесші орган құрылады.
Тармақ 6-1
6-1. Кинематография саласындағы ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанынан мемлекеттік органдар, кинематография қызметінің субъектілері өкілдерінің және кинематография саласындағы сарапшылардың қатарынан Ұлттық кинокомиссия – консультативтік-кеңесші орган құрылады. Ұлттық кинокомиссия туралы ережені және оның құрамын уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 7
7. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына келтірілген залалдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен өтеледі.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде фильмдерді шығару «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 13-1
Бюджет қаражаты есебінен ішінара немесе толық қаржыландырылатын ұлттық фильмдердің сахналық-қойылымдық құралдарын сақтауды, сақталып қалуын қамтамасыз етуді, пайдалануды және пайдалануға беруді қызметінің негізгі нысанасы фильмдер шығару болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға жүзеге асырады.
Бап 14
14-бап. Ұлттық фильм
Тармақ 1
1. Фильм мынадай негіздердің жиынтығы кезінде:
Тармақша 1
1) егер фильм Қазақстан Республикасының ұлттық тарихының, қазіргі заманғы өмірінің оқиғаларын көрсетсе, Қазақстан Республикасы үшін әлеуметтік-мәдени маңызы бар жалпыадамзаттық гуманитарлық, әлеуметтік және имандылық проблемаларына, әлемдік тарих оқиғаларына арналса және (немесе) халықаралық деңгейде Қазақстан Республикасының имиджі мен беделін нығайтуға ықпал ете алатын болса;
Тармақша 2
2) фильмдерді шығару, тарату және көрсету кезінде смета бойынша жалпы жұмыс көлемінің кемінде жетпіс пайызын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кинематографиялық қызмет субъектілері жүзеге асырса;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға фильмнің продюсерлері болса;
Тармақша 4
4) фильм авторларының құрамына (сценарий авторы, қоюшы-режиссер, қоюшы-оператор, қоюшы-суретші, музыкалық туындының авторы) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын тұлғалар елу пайызынан аспайтындай кірсе, ұлттық деп танылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес, шетелдік кинематографиялық қызмет субъектілермен бірлесіп түсірілген фильм ұлттық деп танылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Ұлттық деп танылған фильмге ұлттық фильм куәлігі беріледі.
Бап 14-1
Тармақ 1
1. Фильмдердің «6 жасқа дейін», «6 жастан бастап» және «12 жастан бастап» жас санаты белгісі бар балаларға арналған фильм балалар анимациялық фильмі болып табылады.
Тармақ 2
2. Фильмдердің «6 жасқа дейін», «6 жастан бастап» және «12 жастан бастап» жас санаты белгісі бар ойын фильмі отбасымен көруге арналған фильм болып табылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдерін қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алу үшін іріктеу мынадай негіздердің жиынтығы кезінде, егер фильм:
Тармақша 1
1) жеке адамның зияткерлік білім тұрғысынан үйлесімді дамуына, балалардың рухани-имандылық тәлім-тәрбиесіне бағытталған болса;
Тармақша 2
2) фильмдердің жас сыныптамасына сәйкес келсе;
Тармақша 3
3) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ақпараттық өнімді таратуға қойылатын талаптарға сәйкес келсе;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қайшы келмесе;
Тармақша 5
5) халықаралық стандарттар бойынша жоғары рейтингпен күтілетін кеңінен дистрибуциялауға арналған болса, жүзеге асырылады.
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 18.02.2026 № 266-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алу үшін іріктеу мынадай негіздердің жиынтығы кезінде, егер фильм:
Тармақша 1
1) отбасылық қатынастарды, рухани-имандылық құндылықтарын нығайтуға және дамытуға бағытталған болса, жалпыға бірдей қабылданған моральдық және имандылық нормаларына қайшы келмесе;
Тармақша 2
2) фильмдердің жас сыныптамасына сәйкес келсе;
Тармақша 3
3) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ақпараттық өнімді таратуға қойылатын талаптарға сәйкес келсе;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қайшы келмесе;
Тармақша 5
5) халықаралық стандарттар бойынша жоғары рейтингпен күтілетін кеңінен дистрибуциялауға арналған болса, жүзеге асырылады.
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 18.02.2026 № 266-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 5
5. Алып тасталды - ҚР 18.02.2026 № 266-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 15
15-бап. Кинематография саласындағы субсидия
Бап 16
16-бап. Фильмдерді сақтау
Тармақ 1
1. Мемлекеттік фильмдер қорының сақталып қалуына бағытталған іс-шараларды мемлекет жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік фильмдер қоры уәкілетті орган айқындайтын, шетелдіктер қатыспайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына (бұдан әрі осы бапта – заңды тұлға) тұрақты сақтауға беріледі. Заңды тұлға Мемлекеттік фильмдер қоры киноколлекциясының сақталып қалуын қамтамасыз етуге, сақтауға, көшірмесін түсіруге, көбейтіп таратуға, прокаттауға және көрсетуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады. Толық мемлекеттік қаржыландыру алған ұлттық фильмдер Мемлекеттік фильмдер қорының құрамына енгізіледі. Ішінара мемлекеттік қаржыландыру алған ұлттық фильмдер осы Заңның 13-бабының 5-тармағында аталған бірыңғай оператор мен кинематографиялық қызмет субъектілері арасында жасалған шарттар негізінде Мемлекеттік фильмдер қорының құрамына енгізіледі.
Тармақ 3
3. Заңды тұлға фильмдер, киножылнама материалдарын аналогтық жеткізгіштерден электрондық жеткізгіштерге көшіруді жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Заңды тұлға Мемлекеттік фильмдер қорын сақтау кезінде фильмдердің бастапқы материалдарына олардың құқық иеленушілерінің еркін және өтеусіз қол жеткізуін, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік фильмдер қоры жекешелендіруге жатпайды.
Бап 17
17-бап. Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Бап 18
18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Осы Заңның 5-бабының 10) тармақшасы, 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы, 13-бабының 5-тармағы 3) тармақшасы және 15-бабы 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады деп белгіленсін.