Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Павлодаре Күшін жойған
Басқа 0
Павлодар қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Павлодар қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Павлодар қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысының Полиция департаменті Павлодар қаласының Полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шаралардың өткізуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң аппарат басшысы
С. Қ. Ермекбаевқа жүктелсiн.
Тармақ 4. Павлодар қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің Павлодар облысының
Полиция департаменті Павлодар
қаласының Полиция басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________Б. Байбуринов
2018 жылғы «27» желтоқсан
Павлодар қаласы әкімдігінің
2018 жылғы «28» желтоқсан
№ 1376/27 қаулысына
қосымша
Павлодар қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi
Тармақ 1
1. Азаматтарды көтермелеудiң түрлерi:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) грамотамен марапаттау;
Тармақша 3
3) ақшалай сыйлықақы беру;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы орган айқындайтын өзге де шаралар болып табылады.
Тармақ 2
2. Азаматтарды көтермелеудiң тәртiбi:
Тармақша 1
1) қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi қалалық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды;
Тармақша 2
2) қоғамдық тәртiптi сақтауға белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысының Полиция департаменті Павлодар қаласының Полиция басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Павлодар қаласының ПБ) енгiзедi;
Тармақша 3
3) комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады;
Тармақша 4
4) Павлодар қаласының ПБ ақшалай сыйақыны төлеудi облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi;
Тармақша 5
5) қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу шараларын Павлодар қаласының ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.
Ақшалай сыйақының мөлшері 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.