О повышении ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения Железинского района Павлодарской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы Железин ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабы 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық Кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 50-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы Железин ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
Тармақ 2
2. Павлодар облысы Железин ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын. 3. Железин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы «Павлодар облысы Железин ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5184 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 шілдеде аудандық «Туған өлке» және «Родные просторы» газеттерінде жарияланған) № 24/6 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железин аудандық мәслихатының элеуметтік-экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.