Об утверждении Правил забора воды из поверхностных и подземных водных объектов при нецентрализованном питьевом водоснабжении населения Карагандинской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса тіркелген Қарағанды облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қарағанды облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу Ережелерін бекіту туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2014 жылғы 2 қазандағы XХІX сессиясының № 320 шешімінің күші жойылған деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2810 болып тіркелді, «Индустриальная Караганда» 2014 жылғы 11 қарашада №200 (21721), «Орталық Қазақстан» 2014 жылғы 11 қарашада №217 (21851) газеттерінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 14 қарашада жарияланды).
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарағанды облыстық мәслихатының өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ш.А. Осин) жүктелсін.
Тармақ 4
4. «Қарағанды облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу Ережелерін бекіту туралы» шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі __________________ Е. Нысанбаев 12 желтоқсан 2018 жылы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы __________________ Ж. Бекшин 12 желтоқсан 2018 жылы
Басқа 5. Қарағанды облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қарағанды облыстық мәслихаты ХХ сессиясының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 362 шешімімен бекітілген Қарағанды облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қарағанды облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алудың осы Ережелері (бұдан әрі – Ережелер) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қарағанды облысының аумағында халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ережелер халықты орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Ережелерде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ауыз сумен және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау (бұдан әрі – ауыз сумен жабдықтау) – су алуды, сақтауды, тасымалдауды және су тұтынушыларға беруді қамтамасыз ететін технологиялық процесс;
Тармақша 2
2) бұлақ (бастау) – жер асты суларының жер бетіне табиғи жинақталып шығуы;
Тармақша 3
3) жер асты сулары – жер қойнауындағы сулар шоғырланымдары;
Тармақша 4
4) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау – суды шығындау орындарына бермей, жинауға арналған, жалпы пайдалану үшін ашық немесе жеке пайдаланылатын құрылыстар;
Тармақша 5
5) су тарту құрылысы – су объектілерінен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешені;
Тармақша 6
6) сумен жабдықтау – су алуды, сақтауды, дайындауды және су жабдықтау жүйелері арқылы су тұтынушыларға үлестіруді қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
Тармақша 7
7) ұңғыма – жер асты суларын жер бетіне шығаруға арналған құрылғы;
Тармақша 8
8) шахта құдығы – су тұтқыш қабаттың үстінгі бетінің біріншісінен жерасты суларын тарту үшін; сумен жабдықтау, тау-кен жыныстарын құрғату және жер бетінен атмосфералық және жер үсті суларын бұру мақсатында құрылған, тереңдігі көлденең кесігінен үлкенірек тік тау-кен қазындысы.
Тарау 2. 2 тарау. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алуға қойылатын талаптар
2 тарау. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алуға қойылатын талаптар
Тармақ 4
4. Орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау су объектiлерiнен тәулiгiне елу текше метрге дейiнгi көлемде су алу кезiнде арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейдi.
Тармақ 5
5. Халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде су объектiлерiнен тәулiгiне елу текше метр көлемнен бастап су алу Қазақстан Республикасының Су кодексінің 66-бабына сәйкес арнайы су пайдалануға рұқсат алу талап етіледі.
Тармақ 6
6. Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жер асты сулары пайдаланылады. Оларды пайдалану су жинау құрылыстарының арнайы жабдығын орнату арқылы жүзеге асырылады (таратушы жүйелері жоқ ұңғымалар, шахталық және құбырлық құдықтар, бұлақтарды ашу).
Тармақ 7
7. Құдықтарды және бұлақтарды ашу құрылғылары үшін орын ластанған немесе ластануы мүмкін мынадай көздерден келетін жер асты суларының тасқынынан 50 метрге (бұдан әрі – м) жоғары алыстатылған, ластанбаған биіктеу учаскеде таңдайды: әжетханалар, қоқыс төгілетін орын, тынайтқыштардың және улы химикаттардың қоймалары, өндірістік ұйымдар, канализациялық құрылыстар, ескі қараусыз қалған құдықтар, мал қоралар, адамдарды және жануарларды көметін орындар.
Тармақ 8
8. Су жинау құрылыстарын тасқын су басатын учаскелерге, төменгі, батпақ жерлерге; көшкін және топырақтың пішінін өзгертетін басқа түрлері болатын жерлерге; көліктің қарқынды қозғалысы бар магистральдан 30 м жақын жерлерге орнатуға жол берілмейді.
Тармақ 9
9. «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10774 болып тіркелді) сәйкес суы шаруашылық-ауыз су қажеттеріне пайдаланылатын су объектісіне, ауыз сумен жабдықтау үшін көздердің жарамдылығына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган береді.
Тармақ 10
10. Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу «Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 767 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12686 болып тіркелді).
Тармақ 11
11. Су пайдалану міндетті тіркеуді су объектісінің орналасқан жері бойынша «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі №19-02/183 бұйрығына сәйкес тиісті жергілікті атқарушы орган жүргізеді (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7678 болып тіркелді).
Тарау 3. 3 тарау. Жеке және заңды тұлғалардың осы Ережелерді бұзғандығы үшін жауапкершілігі
3 тарау. Жеке және заңды тұлғалардың осы Ережелерді бұзғандығы үшін жауапкершілігі
Тармақ 12
12. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылықта болады.
Тармақ 13
13. Осы Ережелерде реттелмеген құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының Су кодексінің қолданылып жүрген нормаларымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.