О мерах, принимаемых исполнительными органами области по содержанию и развитию сети автомобильных дорог Қолданыста
Басқа 0
Облыстың атқарушы органдарының автомобиль жолдары жүйесiн күтiмде ұстау мен оны дамыту жөнiнде алған шаралары туралы
Облыс әкiмiнiң орынбасары М.М.Бортниктiң "Облыстың атқарушы
органдарының автомобиль жолдары жүйесiн күтiмде ұстау мен оны дамыту
жөнiнде алған шаралары туралы" баяндамасын тыңдап және талқылай келiп,
облыстық мәслихат облыста осы бағытта бiршама жұмыстар жүргiзiлiп
отырғандығын атап өтедi.
Облыс аумағында республикалық маңыздағы 910 км, облыстық маңыздағы
1500 км автомобиль жолдары мен 492 км қала және өзге де елдi мекенiшiлiк
жолы бар.
Республикалық маңыздағы автомобиль жолдарын күтiмде ұстаумен және оны
жөндеумен "Қазавтодор" РМК-ның Маңғыстау облыстық филиалы, облыстық
маңыздағы автомобиль жолдарымен: "Ақтаужолдары", "Абат",
"Маңғыстаудорсервис", "Дорсервис" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерi
мен "Маңғыстау жол құрылысы комбинаты" ААҚ айналысуда.
Олар ағымдағы жылдың 8 айында республикалық маңыздағы автомобиль
жолдарын күтiмде ұстау мен оны жөндеуге арналған - 136,2 млн.теңге
облыстық маңыздағы жолда - 72,7 млн.теңге қаржыны игердi.
"Мемлекеттiк сатып алулар туралы"
Z020321_
ҚР Заңына сәйкес облыстық
экономика, өнеркәсiп және сауда басқармасы жыл сайын облыстық маңыздағы
автомобиль жолдарын күтiмде ұстауға және оны жөндеуге арнап сатып алу
жөнiнде ашық конкурс өткiзуде. Қала және кентiшiлiк жолдарды жөндеуге және
оны қайта жаңартуға арналған конкурсты аудандар мен қалалардың әкiмияттары
өткiзуде. Осы жылдың басынан берi осынау мақсатқа 420 млн.теңге жұмсалды.
Облыстық маңыздағы жолдардың 3160 шаршы метр ой-шұқыры жөнделдi, 1500 -
ден астам жол белгiлерi, 6,5 мыңға жуық таңбалар орнатылып, 10 мың қиғаш
жолақты бiлеулер жаңадан сырланып, боялды.
26,2 км қалалық және кенттiк жолдар асфальтталды, 12 км қара
жамылғылы жол, 9 км малтатасты жамылғылы жол жөнделдi.
Ағымдағы жылы қала, кент және селолық елдi мекенiшiлiк жолдарға есеп
жүргiзiлдi, оның нәтижелерi бойынша олардың бәрi есепке алынды және оларды
басқарудың құрылымы айқындалды. Жоғарыда көрсетiлген жұмыстардың барлығы
"2001-2005 жылдардағы кезеңге арналған автомобиль жолдарын дамытудың
Аймақтық Бағдарламасына" сәйкес жүргiзiлдi.
Сонымен қатар облыстың жол саласының жұмысында "2001-2005 жылдарға
арналған автомобиль жолдарын дамытудың Аймақтық Бағдарламасын" iске асыру
жөнiнде елеулi кемшiлiктер бар. Республикалық маңыздағы автомобиль
жолдарында, ұзындығы 427 км Сайөтес-Бейнеу-Опорный жол учаскесi қара
жамылғыға көшiрiлмеген. Аталған учаске құрылысына соңғы жылдары
республикалық бюджеттен қаражат бөлiнбей отыр. Республикалық маңыздағы
автомобиль жолдары желiсiнiң нашар дамуы, көршi облыстармен және
мемлекеттермен сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға кедергi
келтiруде.
Шекаралас мемлекеттер аймақтағы автомобиль жолдарын транзиттiк
қатынас ретiнде толық көлемiнде пайдаланбайды.
Облыстық маңыздағы автомобильдер жолдарының жай-күйi түбiрлi
жақсартуды талап етедi. 35 км жуық жол өткiзу қабiлетi бойынша құрылыс
нормалары мен ережелерiнiң (ҚНмЕ) талаптарына сәйкеспейдi, 116 км жолдың
өтпелi бөлiгi мен жер төсемi бойынша қанағаттанғысыз жағдайда қалуда, 26
жасанды жол ғимараты күрделi талап етедi.
Түпқараған мен Қарақия аудандарында қала және кентiшiлiк жолдарды
жөндеу мен қайта жаңарту жөнiндегi жұмыстар баяу жүргiзiлуде. Жол-құрылысы
ұйымдарының өндiрiстiк қуаттарының әлсiздiгi, облыстың автомобиль жолдарын
тиiстi дәрежеде ұстау мен дамытуға мүмкiндiк бермей келедi.
Облыс аумағында битум және басқа да қазiргi заманға сай жол-құрылысы
материалдары шығарылмайды.
Облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмиятына мыналар ұсынылсын:
Тармақша 1
1) Сайөтес-Бейнеу-Опорный жол участкесiнiң құрылысына республикалық
бюджеттен қаражат бөлу турасында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң алдына
өтiнiш жасау;
Тармақша 2
2) 2002 жылға арналған облыс бюджетiн қалыптастыру кезiнде, табыс
етiлген шығыстар сметасына сәйкес жергiлiктi маңыздағы автомобиль жолдарын
күтiмде ұстауға, жөндеуге және қайта жаңартуға арнап барынша көп қаражат
бөлу.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерiне, "Маңғыстауқұрылысинвест"
МКК-на 2001 жылға арнап автомобиль жолдарын күтiмде ұстау мен жөндеуге
облыстық және жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қаражатты игеру жөнiнде
қажеттi шаралар алу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. "Маңғыстаумұнайгаз" ААҚ-на, "Өзенмұнайгаз" ААҚ-на, "Казтрансойл"
МТҰК-на, "Маңғыстауқұрылыс" АҚ-на, "Тексако Норс Бузачи Инк", "Партекс
(Қазақстан) Корпорейшн", "АДЖИП ККО" компанияларына, СП "Арман",
"Тасболатойл Корпорейшн" ЖШС-не жергiлiктi маңыздағы жалпы пайдаланылатын
автомобиль жолдарын ұстау мен жөндеу жұмыстарына үлестi негiзде қатысу
ұсынылсын.