Об утверждении Правил деятельности жилищных комиссий и работы информационной системы органов национальной безопасности Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары М.Ө. Қалқабаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 110/қе бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ҰҚО) тұрғын үй комиссиялары қызметінің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. ҰҚО тұрғын үй комиссиялары (бұдан әрі – Тұрғын үй комиссиясы) ҰҚО мемлекеттік мекемелері жанынан құрылған, тұрғын үй мәселелері бойынша шешім шығаруға уәкілетті, тұрақты негізде жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй комиссиясының құрамы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй комиссиясы тақ санды құрайтын кемінде бес адамнан қалыптастырылады.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй комиссиясы Тұрғын үй комиссиясының төрағасынан, Тұрғын үй комиссиясының мүшелері мен хатшысынан тұрады.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар кіреді:
заң қызметінің басшысы;
қаржы қызметінің басшысы;
кадр қызметінің басшысы;
мемлекеттік мекеменің өкілдері.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй комиссиясының төрағасы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болып табылады (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелері үшін – мекеменің бірінші басшысының орынбасары).
Тармақ 8
8. Тұрғын үй комиссиясының барлық мүшелері дауыс беру құқығына ие, Тұрғын үй комиссиясы хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй комиссиясының хатшысы мемлекеттік мекеменің Тұрғын үй комиссиясы отырысының материалдарын әзірлеуді қамтамасыз ететін бөлімшесінің қызметкерлері немесе әскери қызметшілерінің қатарынан тағайындалады.
Тарау 2. 2-тарау. Тұрғын үй комиссияның міндеттері мен функциялары
2-тарау. Тұрғын үй комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 10
10. Тұрғын үй комиссияның негізгі міндеттері ҰҚО кадрлық құрамына мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру, тұрғын үйді жекешелендіру немесе алмастыру, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау мен ақшалай өтемақы тағайындау туралы заңды шешім қабылдау болып табылады.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй комиссиясының функцияларына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) ҰҚО қызметкерлерінің, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің (бұдан әрі – үміткерлер) және олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үйге мұқтаж деп тану, мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің баласындағы тұрғын үйді жекешелендіруге немесе ауыстыру туралы өтініштерін уақытында қарауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау мен ақшалай өтемақы тағайындау туралы өтініштерін уақытында қарауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) ұсынылған құжаттарды тексеру;
Тармақша 4
4) ұсынылған құжаттарды қарау;
Тармақша 5
5) өтінішті қанағаттандыру туралы шешім қабылдау немесе дәлелді бас тарту туралы шешім шығару;
Тармақша 6
6) тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын жасау мәселесін қарастыру;
Тармақша 7
7) жекешелендіруге жататын тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстыруды жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) істерді (материалдарды) сақтау және жүргізу;
Тармақша 9
9) үміткерлерден түсінік алу;
Тармақша 10
10) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан үміткерлер және олардың жылжымайтын мүліктері туралы ақпарат алу;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамаларымен айқындалған басқа да сұрақтар.
Тарау 3. 3-тарау. Тұрғын үй комиссияның қызметін ұйымдастыру
3-тарау. Тұрғын үй комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 12
12. Тұрғын үй комиссиясы отырысты қажеттілік бойынша өткізеді, бірақ айына бір реттен жиі емес.
ҰҚО тұрғын үй комиссияларының қызметін ұйымдастыру ақпараттық жүйе арқылы ол болған кезде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй комиссиясының шешіміне Тұрғын үй комиссияның дауыс беру құқығы бар мүшелері қол қояды.
Тұрғын үй комиссиясының дауыс беру құқығы бар мүшелері Тұрғын үй комиссиясының шешімінде көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.
Шешім әрбір үміткер бойынша жеке қабылданады.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй комиссиясының хатшысы Тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасын (бұдан әрі – хаттама) еркін түрде жүргізеді. Хаттамаға Тұрғын үй комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй комиссиясының дауыс беру құқығы бар мүшелері өздерінің ерекше пікірлерін жазбаша баяндап және оны хаттамаға қоса бере алады, ол туралы хаттамаға белгі қойылады.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй комиссиясының шешімі дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй комиссиясының шешімі, егер оны қатысып отырған мүшелердің үштен екісі қабылдаса заңды.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй комиссиясы өзінің қызметін мемлекеттік мекеме тараған немесе қайта құрылған кезде тоқтатады.
Тармақ 19
19. Ақпараттық жүйе үміткерлердің деректерін есепке алуға, сақтауға, өңдеуге және талдауға арналған және тұрғын үй комиссиясы шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты орталықтандырылған жинауды, жүйелендіруді қамтамасыз етеді.
Ақпараттық жүйеге деректерді енгізу тұрғын үй комиссиясының хатшысымен тұрғын үй комиссиясы шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Ақпараттық жүйенің жұмысы ақпараттандыру және дербес деректер мен оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Өз құзыреті шегінде тиісті операцияларды жүргізуге және бақылауға құқығымен ақпараттық жүйеге рұқсатты уәкілетті қызметкерге береді.
Тармақ 22
18. Ақпараттық жүйенің жұмысы мынадай функцияларды қамтиды:
Тармақша 1
1) есепке алу – үміткерлер туралы деректерді кейіннен талдау және шешім қабылдау үшін тіркеу және бекіту;
Тармақша 2
2) деректерді сақтау – дербес және қызметтік ақпараттың құпиялығы мен қорғалуын қамтамасыз ете отырып, оны қауіпсіз және ұзақ уақыт сақтау;
Тармақша 3
3) деректерді өңдеу – қызметкерлер, әскери қызметшілер және жұмыскерлерден келіп түскен деректерді автоматтандырылған түрде тексеру, сұрыптау және құрылымдау;
Тармақша 4
4) деректерді талдау – тұрғын үй комиссиясының шешімдерін дайындау және есеп жасау үшін ақпаратты автоматты түрде бағалау, салыстыру және жалпылау;
Тармақша 5
5) орталықтандырылған жинау – ұсынылған құжаттарда көрсетілген деректерді бірыңғай құрылымды жиынына орталықтандырылған қабылдауды және біріктіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) ақпаратты жүйелендіру – келіп түскен деректерді анықтау белгілері (санаты, мәртебесі, мерзімі, кезектілігі) бойынша реттеу және жіктеу, кейіннен өңдеуге және талдауға дайындау.».