Об утверждении Базового перечня показателей Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көрсеткіштердің базалық тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 128-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған көрсеткіштердің базалық тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлерді талдау және бағалау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Көрсеткіштердің базалық тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 104 бұйрығымен бекітілген Көрсеткіштердің базалық тізбесі Р/с№ Ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­лар Өл­шем бір­лі­гі Есеп­ті­лік­ті қа­лып­та­сты­ру мер­зі­мі Ақ­па­рат кө­зі Жа­у­ап­ты мем­ле­кет­тік ор­ган 1 2 3 4 5 6 1 ЖӨӨ нақ­ты кө­ле­мі­нің ин­дек­сі % сәу­ір (же­дел) та­мыз (жыл­дық) ре­сми ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат ҰЭМ 2 Ши­кі­заттық емес экс­порт кө­ле­мі­нің өсуі өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да % ақ­пан (же­дел) шіл­де (жыл­дық) ре­сми ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат СИМ 3 Өң­деу өнер­к­ә­сі­бін­де­гі негіз­гі ка­пи­тал­ға ин­ве­сти­ци­я­лар млрд тең­ге қаң­тар (же­дел) шіл­де (жыл­дық) ре­сми ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат ИИДМ 4 Ең­бек өнім­ді­лі­гі­нің өсуі: 4.1 өң­деу өнер­к­ә­сі­бін­де өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да % ма­мыр (же­дел) та­мыз (жыл­дық) ре­сми ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат ИИДМ 4.2 ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғын­да өт­кен жы­л­ға қа­ра­ған­да % ма­мыр (же­дел) та­мыз (жыл­дық) ре­сми ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат АШМ 5 Өлім-жі­тім­нің стан­дарт­тал­ған ко­эф­фи­ци­ен­ті ко­эф­фи­ци­ент шіл­де (жыл­дық) ре­сми ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат ДСМ 6 Құ­ры­л­ған жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны: бір­лік ақ­пан (жыл­дық) Ең­бек­ми­ні­нің әкім­ші­лік де­ректе­рі Ең­бек­ми­ні 6.1 тұ­рақ­ты 6.2 уа­қыт­ша 7 Ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек (шар­тты ақ­ша­лай кө­мек) алушы­лар­дың ішін­де­гі жұ­мыспен қам­ту­дың бел­сен­ді ша­ра­ла­ры­на тар­ты­л­ған­дар үле­сі % ақ­пан (жыл­дық) Ең­бек­ми­ні­нің әкім­ші­лік де­ректе­рі Ең­бек­ми­ні 8 ЖӨӨ-де­гі ша­ғын және ор­та биз­не­стің үле­сі % сәу­ір (же­дел) та­мыз (жыл­дық) ре­сми ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат ҰЭМ 9 Бір тұр­ғын­ға шақ­қан­да­ғы тұр­ғын үй­мен қам­та­ма­сыз еті­лу ш.м ақ­пан (жыл­дық) ре­сми ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат ИИДМ 10 Ха­лық­тың су­мен жаб­дық­тау көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­те­ріне қол жет­кі­зуі: % ақ­пан (жыл­дық) ИИДМ әкім­ші­лік де­ректе­рі ИИДМ 10.1 қа­ла­лар­да 10.2 ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер­де 11 Жақ­сы және қа­на­ғат­та­нар­лық жағ­дай­да­ғы жер­гі­лік­ті ма­ңы­зы бар ав­то­жол­дар­дың үле­сі % қаң­тар (жыл­дық) ИИДМ әкім­ші­лік де­ректе­рі ИИДМ 12 Қат­ты тұр­мыстық қал­дық­тар­ды қай­та өң­деу және кә­де­ге жа­ра­ту үле­сі % ма­мыр (жыл­дық) ЖАО әкім­ші­лік де­ректе­рі ЭГ­ТРМ 13 Ха­лық­тың 1000 адам­ға шақ­қан­да­ғы спорт­тық ин­фра­құ­ры­лым­мен ор­та­ша қам­та­ма­сыз еті­луі % ақ­пан (жыл­дық) МСМ әкім­ші­лік де­ректе­рі МСМ 14 Сы­бай­лас жем­қор­лық дең­гейі % ақ­пан (жыл­дық) СЖ­ҚІА әкім­ші­лік де­ректе­рі СЖ­ҚІА 15 Тө­тен­ше жағ­дай­лар­ға қар­сы іс-қи­мыл ин­фра­құ­ры­лы­мы­м­ен қам­та­ма­сыз еті­лу дең­гейі % ақ­пан (жыл­дық) ТЖМ әкім­ші­лік де­ректе­рі ТЖМ 16 Өңір­лік стан­дарт­тар жүй­е­сіне сәй­кес ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер­дің әле­умет­тік игі­лік­тер­мен және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­мен қам­та­ма­сыз еті­лу дең­гейі % на­урыз (жыл­дық) ЖАО әкім­ші­лік де­ректе­рі ҰЭМ Ескертпе: ЖАО орталық мемлекеттік органдардың келісімінсіз он индикаторға дейін дербес қосуға жол беріледі. Аббревиатуралардың толық жазылуы: АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі; ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі; Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; ЖАО – жергілікті атқарушы органдар; ЖӨӨ – Жалпы өңірлік өнім; ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі; МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі; СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі; ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі; СЖҚІА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет); ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі; ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.
Басқа 0.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 104 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Базалық көрсеткіштер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 166 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10103 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қаңтарда жарияланған).
Тармақ 2
2.«Базалық көрсеткіштер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 761 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12683 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 3
3.«Базалық көрсеткіштер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 166 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 15377 болып тіркелген).