Об утверждении Правил утверждения типа, испытаний для целей утверждения типа, метрологической аттестации средств измерений и оказания государственных услуг «Выдача сертификата об утверждении типа средств измерений» и «Выдача сертификата о метрологической аттестации средств измерений», формы сертификата об утверждении типа средств измерений и установления формы знака утверждения типа Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету, өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат нысанын және типті бекіту белгісінің нысанын белгілеу қағидаларын бекіту туралы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 11) және 21) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсетудің қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өлшем құралдарының типін бекіту туралысертификат нысаны;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес типті бекіту белгісінің нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 1. Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 931 бұйрығына 1-қосымша Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 21) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) айналымға шығару – өнімнің дайындаушыдан (импорттаушыдан) сатушыға және (немесе) тұтынушыға бастапқы ауысуы;
Тармақша 2
2) ақпараттық-өлшеу жүйесі – қажетті түрде тұтынушыға ұсыну мақсатында өлшеу ақпаратын алу, оның түрленуі, өңдеу үшін функционалдық біріктірілген өлшеу, есептеу және басқа қосалқы техникалық құралдардың (оның ішінде автоматтандырылған басқару жүйесіне енгізу) не бақылаудың, диагностиканың, сәйкестендірудің логикалық функцияларын автоматты жүзеге асыру жиынтығы;
Тармақша 3
3) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау – айналымға санаулы данада шығарылатын өлшем құралдарының Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу (растау);
Тармақша 4
4) өлшем құралының типін бекіту – уәкілетті органның сынақтардың оң нәтижелері негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бекітілген типтегі өлшем құралын қолдануға рұқсат ету туралы шешімі;
Тармақша 5
5) өлшем құралы – өлшемге арналған және метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;
Тармақша 6
6) өлшем құралдарын сынау – сынау объектiлерiне түрлi сынау әсерлерiн қолдана отырып өлшем құралдарының белгiленген нормаларға сәйкестiк дәрежесiн анықтау үшiн өткiзiлетiн операциялар жиынтығы;
Тармақша 7
7) өлшем құралдарын қашықтықтан сынау – нақты уақыт режимінде интернетті пайдалана отырып, өлшем құралдарын сынау;
Тармақша 8
8) өлшем құралының типі – өлшем құралдарын әзірлеу кезінде олардың жиынтығына тағайындалатын және өлшем құралдарының типін бекіту кезінде бекітілетін жалпылама анықтама;
Тармақша 9
9) модификация – өлшем құралының кейбір метрологиялық немесе техникалық сипаттамаларын өзгертетін өндірушінің өлшем құралына енгізетін өзгерісі;
Тармақша 10
10) уәкілетті орган – техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Тарау 2. 2-тарау. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, метрологиялық аттестаттау тәртібі
2-тарау. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, метрологиялық аттестаттау тәртібі
Тармақ 3
3. Заңның 17-бабының 1-тармағына сәйкес айналымға шығарар алдында мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын өлшем құралдары, Заңның 6-2-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен өлшем құралдарын бастапқы тексеру нәтижелері бойынша айналымға шығарылатын өлшем құралдарының тізбесіне енгізілген өлшем құралдарын қоспағанда, типін бекітілуге жатады. Өлшем құралдарының типін бекіту туралы шешімді уәкілетті орган өлшем құралдарының типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтардың оң нәтижелерінің негізінде қабылдайды және осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілетін нысан бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатпен куәландырылады.
Тармақ 4
4. Сериялық өндірілетін өлшем құралдары типін бекітуге жатады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін немесе партиялармен әкелінетін өлшем құралдары партияның типін бекітуге жатады.
Тармақ 6
6. Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын, бір данада айналымға шығарылатын өлшем құралдары үшін, Заңның 6-2-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен өлшем құралдарын бастапқы тексеру нәтижелері бойынша айналымға шығарылатын өлшем құралдарының тізбесіне енгізілген өлшем құралдарын қоспағанда, метрологиялық аттестаттау жүргізуге жол беріледі. Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы шешім осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес метрологиялық аттестаттау туралы сертификатпен куәландырылады.
Тармақ 6-1
6-1. Мемлекеттік метрологиялық бақылауға жатпайтын өлшем құралдарына қатысты өлшем құралдарының типін бекіту және метрологиялық аттестаттау ерікті түрде жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, партияның типін бекіту және метрологиялық аттестаттауды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі – МҒМО), оның ішінде үшінші елдердің сынақ зертханаларының материалдық-техникалық базасын пайдалана отырып жүргізеді. Үшінші елдердің сынақ зертханаларының материалдық-техникалық базасын пайдаланған жағдайда өтінім берушінің таңдауы бойынша ҚР СТ 2.21 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем құралдарының бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшем құралдарына сынақ жүргізу және типін бекіту тәртібі» сәйкес (бұдан әрі – ҚР СТ 2.21) МҒМО қатысуымен қашықтық сынаулар жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Сериялы өндірілетін өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау өндірілетін өлшем құралдарының метрологиялық және техникалық талаптарға сәйкестігіне жауапты өндірушінің немесе Қазақстан Республикасының аумағында өлшем құралдарын айналымға шығару кезінде іс-қимылды осы өндірушінің атынан құжаттамалық растау негізінде жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның уәкілетті өндірушісінің өтінімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Өлшем құралдарын бекітілген типке сәйкестігіне сынақ типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мына жағдайларда:
Тармақша 1
1) мемлекеттік метрологиялық бақылау кезінде жүзеге асырылған тексерулердің теріс нәтижелерінде;
Тармақша 2
2) бекітілген типтегі өлшем құралдарының модификациясында.
Тармақша 3
3) өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімін ұзарту қажеттілігінде. Өлшем құралдарын бекітілген типке сәйкестігіне сынау жүргізу кезінде, өлшем құралдарын модификациялау жағдайында уәкілетті орган МҒМО жүргізген өлшем құралдарын сынаудың оң нәтижелері негізінде сертификаттың бұрын берілген нөмірін, тіркеу нөмірін және сертификаттың қолданылу мерзімін сақтай отырып, өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат береді. Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімін ұзарту қажет болған жағдайда өтініш беруші өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан кешіктірмей бекітілген типке сәйкестігіне өлшем құралдарына сынау жүргізу үшін МҒМО-ға өтінім жібереді. Белгіленген мерзімнен кейін өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзімін ұзартуға өтінім берген жағдайда өтініш беруші МҒМО-ға осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес типті бекіту мақсатында қайтадан сынақ өткізу үшін құжаттарды ұсынады.
Тармақ 10
10. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте жүргізілген өлшем құралдарының сынақ нәтижелері мен типін бекітуді тану Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 145 шешімімен бекітілген Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін өзара тану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1116 қаулысымен бекітілген «Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынау, оларды метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін өзара тану туралы келісім» шеңберінде өлшем құралдарын сынау және типін бекіту, өлшем құралдарын салыстырып тексеру, метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өлшем құралдарының типін бекітуді тану туралы сертификатпен куәландырылады.
Тармақ 12
12. Өлшем құралдарының бекітілген типі, оның ішінде осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарына сәйкес тану рәсімі бойынша және метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізіледі.
Тармақ 13
13. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынақтар, метрологиялық аттестаттау жүргізу кезінде өлшем құралдарының метрологиялық маңызды бөлігін қамтитын бағдарламалық қамтамасыз ету ҚР СТ 2.46 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Бағдарламалық қамтылым. Аттестаттау тәртібі. Жалпы ережелер» сәйкес аттестаттауға жатады.
Тармақ 14
14. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру мерзімділігі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығымен бекітілген Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелген).
Тармақ 15
15. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімінде бекіту және тіркеу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 923 бұйрығымен бекітілген Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18059 тіркелген).
Тармақ 16
16. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында, бекітілген типіне сәйкестігіне сынау ҚР СТ 2.21 сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында сынақ жүргізу үшін өтініш беруші МҒМО-ға ҚР СТ 2.21 А-қосымшасының нысаны бойынша өтінімді мынадай құжаттармен қоса ұсынады:
Тармақша 1
1) толық техникалық және метрологиялық сипаттамаларды, құрылымы, іс-қимыл қағидаты, пайдалану тәртібі туралы ақпаратты қамтитын өндірушінің пайдалану құжаттарын;
Тармақша 2
2) өтініш беруішінің тізілімде типін сипаттауды және салыстырып тексеру әдістемесін жариялауға және орналастыруға рұқсат ету туралы хаты;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасында оларды пайдалану процесінде өлшем құралдарының салыстырып тексеру құралдарымен қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер, сондай-ақ оларға сервистік қызмет көрсету мен жөндеуді жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар туралы мәліметтерді;
Тармақша 4
4) бағдарламалық қамтылымды аттестаттаудан өткізуге арналған өтінімді (қажет болған жағдайда) ұсынады. Жүргізілген сынақтардың қорытындылары бойынша МҒМО өтініш берушіге сынақ нәтижелері туралы хатты және өлшем құралдары типінің сипаттамасын жібереді.
Тармақ 18
18. Өлшем құралдарының бекітілген типіне сәйкестігіне сынақ жүргізу үшін өтініш беруші МҒМО-ға ҚР СТ 2.21 А қосымшасы нысаны бойынша өтінімді мынадай құжаттармен қоса ұсынады:
Тармақша 1
1) өлшем құралдарының типін сипаттауымен қоса типін бекіту туралы сертификат көшірмесі;
Тармақша 2
2) типін бекіту мақсатында өлшем құралдарын сынау актісінің көшірмесі және егер олар жүргізілген болса, бекітілген типке сәйкестігіне өлшем құралдарын соңғы сынау актісі;
Тармақша 3
3) толық техникалық және метрологиялық сипаттамаларды, құрылымы, іс-қимыл принципі, пайдалану тәртібі туралы ақпаратты қамтитын өндірушінің пайдалану құжаттарын;
Тармақша 4
4) бағдарламалық қамтылымды аттестаттауды жүргізуге өтінім (қажет болған жағдайда).
Тармақ 19
19. Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау ҚР СТ 2.30 «Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттаудан өткізу тәртібі» (бұдан әр – ҚР СТ 2.30) өлшем құралдары үшін бірлі-жарым данада, оның ішінде нормаланғаннан ерекшеленетін жағдайлар мен режимдерде қолданылатын, не конструкциясына метрологиялық сипаттамаларға әсер ететін немесе жеке метрологиялық сипаттамалар белгіленетін өзгерістер енгізілген сериялық шығарылымдардың бірлі-жарым даналарында жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізуге арналған өтінімді;
Тармақша 2
2) бағдарламалық қамтылымды аттестаттаудан өткізуге арналған өтінімді (қажет болған жағдайда);
Тармақша 3
3) толық техникалық және метрологиялық сипаттамаларды, құрылымы, іс-қимыл қағидаты, пайдалану тәртібі туралы ақпаратты қамтитын өндірушінің пайдалану құжаттарын;
Тармақша 4
4) өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау бағдарламасының жобасын;
Тармақша 5
5) өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінің жобасын (тізілімінде тіркелген салыстырып тексеру әдістемесі жоқ болған жағдайда);
Тармақша 6
6) өтініш беруішінің тізілімде типін сипаттауды және салыстырып тексеру әдістемесін жариялауға және орналастыруға рұқсат ету туралы хатын ұсынады. Автоматты басқару жүйелеріне және басқа жүйелерге (кешендерге) кіретін өлшеу арналары үшін қосымша:
Тармақша 1
1) жүйеге (кешенге) арналған техникалық құжаттар;
Тармақша 2
2) метрологиялық аттестаттауға жататын өлшеу арналарының тізбесі, метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар немесе өлшеу арнасының құрамдас элементтері болып табылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеруді растайтын құжаттар ұсынылады. Жүргізілген метрологиялық аттестаттау қорытындысы бойынша өтініш берушіге эксперименттік зерттеулер хаттамасы және эксперименттік зерттеулер нәтижелері туралы хат жіберіледі. МҒМО өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттаудың теріс нәтижелері барысында ҚР СТ 2.30 сәйкес өлшем құралдарының қолдануға жарамсыздығы туралы хабарламаны ресімдейді.
Тармақ 21
21. Метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшеу құралдары бастапқы салыстырып тексеруге жатпайды. Кезекті салыстырып тексеру эксперименттік зерттеулер хаттамасы күнінен бастап салыстырып тексеру аралық интервалының өтуі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Өлшем құралдарына арналған құжаттар, оның ішінде толық техникалық және метрологиялық сипаттамаларды, құрылымы, жұмыс істеу принципі, пайдалану тәртібі туралы ақпаратты қамтитын өндірушінің пайдалану құжаттары, сондай-ақ таңбалаудағы мәтін мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аударманың теңтүпнұсқалығымен ұсынылады.
Тармақ 23
23. Ақпараттық-өлшеу жүйелерінің типін бекіту мақсатында сынақ ҚР СТ 2.81 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Ақпараттық-өлшеу жүйелері. Типін бекіту мақсатындағы сынақтардың типтік бағдарламасы» сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Ақпараттық-өлшеу жүйелеріне метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі ҚР СТ 2.82 «Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Ақпараттық-өлшеу жүйелері. Метрологиялық аттестаттауды жүргізу тәртібі» сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау» мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
3-тарау. «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау» мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
1-параграф. «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 25
25. «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік қызмет ) мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік қызметті көрсетуші ) көрсетеді.
Тармақ 26
26. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге цифрлық үкіметтің веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы анықтама алу үшін мәліметтер толтырады. «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес келтірілген. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы беріледі.
Тармақ 26-1
26-1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісім береді.
Тармақ 27
27. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.
Тармақ 28
28. Көрсетілетін қызметті беруші мәліметтер түскен күні оны қабылдайды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, электрондық сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатты беру болып табылады.
Тармақ 2. 2-параграф. «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-параграф. «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 30
30. «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі осы параграфта – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан стандарттау және метрология институты (Қазстандарт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі осы параграфта – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тармақ 31
31. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді және өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты алу үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді толтырады. «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес келтірілген. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы беріледі.
Тармақ 31-1
31-1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісім береді.
Тармақ 32
32. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.
Тармақ 33
33. Көрсетілетін қызметті беруші мәліметтер түскен күні оны қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты беру болып табылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Қорытынды ережелер
3-параграф. Қорытынды ережелер
Тармақ 35
35. Көрсетілетін қызметті беруші «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Тармақ 36
36. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне түседі.
Тармақ 37
37. Цифрлық жүйе істен шыққан жағдайында көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизациялау сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, «цифрлық үкімет» цифрлық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.
Тарау 5. 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 38
38. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 39
39. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес шешім нәтижелеріне сот тәртібімен шағымдана алады.
Басқа 2.1
Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 1-қосымша нысан Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде 20__ « ___»____________ №______________ тіркелген Осы сертификат метрологиялық аттестаттаудың оң нәтижелері негізінде _____________________________________________________________________________________________ аттестатталған өлшем құралдарының атауы және түрі _____________________________________________________________________________________________ өндірушінің атауы _____________________________________________________________________________________________ өндірістің аумақтық орналасқан жері _____________________________________________________________________________________________ зауыттық нөмірі Қазақстан Республикасында айналымға шығаруға жіберілгенін куәландырады . Салыстырып тексеру әдістемесінің атауы мен белгіленуі ________________ Салыстырып тексеру мерзімділігі ____________________________________ Зерттеу нәтижелері осы сертификатқа қосымшада келтірілген (20____ жылғы «____»_______________ ____хаттама). __________________________ ___________________________ _________________________ мемлекеттік ғылыми метрологиялық қолы тегі,аты-жөні орталық басшысының лауазымы
Басқа 2.2
Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 2-қосымша нысан Қазақстан Республикасының өлшем ірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде 20__ « ___»____________ №______________ тіркелген 20__ жылғы «__»___ дейін жарамды Осы сертификат _________________________________________________________________________________ аумақтық орналасқан жері _________________________________________________________________________________ өндірушінің атауы өндірген ________________________________________________________________________________ өлшем құралдарының атауы ________________________________________________________________________________ типтің белгіленуі типі_____________________________________________________________________________ импорттаушы елдің метрология жөніндегі ұлттық органының атауы сынақ нәтижелерін тану және осы типті бекіту негізінде Қазақстан Республикасында айналымға шығаруға рұқсат берілгендігін куәландырады. ______________________ _______________________ ________________________ Уәкілетті орган электрондық цифрлық қолтаңба аты-жөні, тегі басшысының қолы
Басқа 2.3
Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 3-қосымша нысан Сертификат түрі*: Қарапайым / Партия үшін Өлшем құралдарының атауы (орыс тілінде)*:_______________________________ Өлшем құралдарының атауы (қазақ тілінде)*:______________________________ Өлшем құралдарының типін белгілеу (орыс тілінде)*:_______________________ Өлшем құралдары типін белгілеу (қазақ тілінде)*:__________________________ Зауыттық нөмірлер (зауыттық нөмірлер диапазоны)**: ______________________ Өндірушінің атауы (орыс тілінде)*:_______________________________________ Өндірушінің атауы (қазақ тілінде)*:_______________________________________ Шығарылған елі*:______________________________________________________ Аумақтық орналасқан жері (орыс тілінде)*:________________________________ Аумақтық орналасқан жері (қазақ тілінде)*:________________________________ Сәйкестендіру нөмірі (ID)*:_____________________________________________ Үлгі сипаттамасын ашық баспада жариялауға рұқсат ету*:___________________ Ескертпе: * – міндетті толтыруға арналған жол ** – өлшем құралдары партиясының түрін бекіту туралы сертификатты алу үшін толтырылады
Басқа 2.4. «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 4-қосымша «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). 2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 (бір) жұмыс күні. 4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (толықтай автоматтандырылған) 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі 7 Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі 1) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі–Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мәліметтерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); 2) көрсетілетін қызметті беруші – «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 08:30-ден 16:00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12:30-дан 13:30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында: www.beta.egov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. 8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатты алу үшін порталда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын толтырады. 9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы; 5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы. 10 Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414,8 800 080 77 77 арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-60, 75-05-25.
Басқа 2.5
Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 5-қосымша нысан Аттестатталған өлшем құралдарының атауы және түрі (орыс тілінде)*:_________________________________________________________________ Аттестатталған өлшем құралдарының атауы мен түрі (қазақ тілінде)*:_________________________________________________________________ Зауыттық нөмірі (орыс тілінде)*:________________________________________ Зауыттық нөмірі (қазақ тілінде)*:________________________________________ Өндірушінің атауы (орыс тілінде)*:______________________________________ Өндірушінің атауы (қазақ тілінде)*:______________________________________ Аумақтық орналасқан жері (орыс тілінде)*:_______________________________ Аумақтық орналасқан жері (қазақ тілінде)*:_______________________________ Салыстырып тексеру әдістемесінің атауы мен белгіленуі (орыс тілінде)*:______ Салыстырып тексеру әдістемесінің атауы мен белгіленуі (қазақ тілінде)*:_____ Тексеру кезеңділігі (орыс тілінде)*:______________________________________ Тексеру кезеңділігі (қазақ тілінде)*:______________________________________ Эксперименттік зерттеулер нәтижелері хаттамасының күні *: ________________ Эксперименттік зерттеулер нәтижелері хаттамасының нөмірі *: ______________ Сәйкестендіру нөмірі (ID) *: ____________________________________________ ҚР МӨЖ тізіліміндегі тіркеу нөмірі (сертификат жоғалған жағдайда толтырылады): _______________________________________________________ Ескертпе: * – міндетті толтыруға арналған жол
Басқа 2.6. «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Өлшем құралдарының типін бекіту, оларға типін бекіту мақсаттарына арналған сынақтар, метрологиялық аттестаттау және «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 6-қосымша «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы «Қазақстан стандарттау және метрология институты (Қазстандарт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) 2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 (бір) жұмыс күні. 4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (толықтай автоматтандырылған). 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Өлшем құралдарының метрологиялық аттестаттау туралы сертификат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. 6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі 7 Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі 1) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі–Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); 2) көрсетілетін қызметті беруші – «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 08:30-ден 16:00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12:30-дан 13:30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында: www.beta.egov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. 8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Типін бекіту туралы сертификатты алу үшін порталда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын толтырады. 9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы; 5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы. 10 Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414,8 800 080 77 77 арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 28-29-99, 28-29-59.
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 931 бұйрығына 2-қосымша нысаны Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде 20__ « ___»____________ №______________ тіркелген 20__ жылғы «__»___ дейін жарамды Осы сертификат сынақтардың оң нәтижелері негізінде ___________________________________________________________________________________________ өндірістің аумақтық орналасқан жері ___________________________________________________________________________________________ өндірушінің атауы өндірген ___________________________________________________________________________________________ типінің белгіленуі ___________________________________________________________________________________________ өлшем құралының атауы ___________________________________________________________________________________________ зауыттық нөмірлер (зауыттық нөмірлер диапазоны)** тип бекітілгенін куәландырады және Қазақстан Республикасында айналымға шығарылғанын куәландырады. _______________________ ___________________________ уәкілетті органның басшысы қолы Ескертпе: * – өлшем құралдарының типін бекіту кезінде толтырылады ** – өлшем құралдары партиясының типін бекіту кезінде толтырылады
Басқа 3. Типті бекіту белгісі
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 931 бұйрығына 3-қосымша Нысан Типті бекіту белгісі
Тармақ 1
1. Типін бекіту белгісі биіктігі 100 миллиметрге дейін және радиусы (R) 25 миллиметрге дейін жететін белгіні ұсынады.
Тармақ 2
2. Белгі биіктігінің номиналды өлшемдері мынадай мәндерге сәйкес келеді: 2,5(R=0,625); 4(R=1); 5(R=1,25); 6(R=1,5); 10(R=2,5); 15(R=3,75); 25(R=6,25); 40(R=10); 50(R=12,5); 60(R=15); 100(R=25) миллиметр.