Об утверждении правил утверждения типа и регистрации в реестре государственной системы обеспечения единства измерений стандартного образца и оказания государственных услуг «Допуск к применению стандартного образца зарубежного выпуска», «Утверждение государственного стандартного образца» Қолданыста
Басқа 0
Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және «Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету» және «Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және «Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету» және «Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3-1
3-1) мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жіберу;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 6
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
27 желтоқсандағы № 933
бұйрығымен бекітілген
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және «Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету» және «Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 23) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және стандартты үлгінің типін бекіту және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде (бұдан әрі – ҚР МӨЖ тізілімі) тіркеу және «Шетелдік шығарылымның стандартты үлгісін пайдалануға рұқсат» және «Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту» мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) мемлекетаралық стандартты үлгі – сипаттамалары мемлекетаралық стандартты үлгі ретінде танылған 2006 жылы 24 маусымда Қазан қаласында қабылданған Заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандартты үлгілерін құру және қолдану туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің ұлттық нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес оны мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік береді;
Тармақша 2
2) стандартты үлгі – өлшем дәлдігінің және метрологиялық бақылап тексерудің белгіленген көрсеткіштері бар, болжанатын мақсатына сәйкес сапалық қасиеттерді өлшеу кезінде немесе бағалау кезінде пайдалану үшін белгілі бір қасиеттерге қатысты жеткілікті біртекті және тұрақты материал (зат);
Тармақша 3
3) уәкілетті орган – техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақ 3
3. Заңның 11-2-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын стандартты үлгілер типін бекітуге және ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуге жатады.
Тарау 2. 2-тарау. Стандартты үлгінің типін бекіту және стандартты үлгінің өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін тіркеу тәртібі
2-тарау. Стандартты үлгінің типін бекіту және стандартты үлгінің өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін тіркеу тәртібі
Тармақ 4
4. Стандартты үлгінің типін бекіту туралы шешімді Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі – МҒМО) жүргізетін метрологиялық сараптаманың оң нәтижелері негізінде уәкілетті орган қабылдайды және «Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандартты үлгілері. Негізгі ережелер» МЕМСТ 8.315 (бұдан әрі – МЕМСТ 8.315) белгіленген нысан бойынша стандартты үлгінің типін бекіту туралы сертификатпен куәландырылады.
Тармақ 5
5. Стандартты үлгіні әзірлеу жөніндегі құжаттарға метрологиялық сараптама жүргізу үшін өтініш беруші МҒМО-ға мынадай құжаттарды жібереді:
Тармақша 1
1) стандартты үлгінің атауын, мақсатын және қолдану саласын көрсете отырып өтінішті;
Тармақша 2
2) стандартты үлгіні әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы (бұдан әрі - ТТ);
Тармақша 3
3) ТТ барлық тармақтары бойынша жұмыс нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын ғылыми-техникалық есепті;
Тармақша 4
4) өлшем құралдарын салыстырып тексеруді және/немесе аттестатталған мәндерді анықтау үшін пайдаланылған өлшемдерді орындау әдістемесін аттестаттауды растайтын құжаттардың көшірмелері немесе деректемелері;
Тармақша 5
5) МЕМСТ 8.315 сәйкес стандартты үлгінің типін сипаттау жобаларының екі данасы, стандартты үлгінің паспорты, стандарты үлгінің затбелгісі;
Тармақша 6
6) стандартты үлгінің бір данасы немесе оның фотосуреті.
Тармақ 6
6. Стандартты үлгіні әзірлеу жөніндегі құжаттарға метрологиялық сараптама кезінде МҒМО:
Тармақша 1
1) стандартты үлгінің техникалық және метрологиялық сипаттамаларының ТТ талаптарына сәйкестігін бағалауды;
Тармақша 2
2) МЕМСТ 8.315 талаптарына сәйкес стандартты үлгіге арналған ТТ ресімдеудің толықтығы мен дұрыстығын бағалауды;
Тармақша 3
3) "Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшем құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамалары" МЕМСТ 8.009 және «Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Шама бірліктері» МЕМСТ 8.417 сәйкес метрологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуын тексеруді;
Тармақша 4
4) Халықаралық бірліктер жүйесіне, ұлттық эталондарға және (немесе) шама бірліктерінің халықаралық эталондарына не өлшемдерді орындаудың бастапқы референттік әдістемелеріне метрологиялық бақылап тексеру қамтамасыз етілетін шама бірліктерінің эталондарын, өлшем құралдарын, бекітілген типтердің стандартты үлгілерін, өлшемдерді орындау әдістемелерін зерттеу кезінде әзірлеу барысында тексеруді;
Қазақстан Республикасында мемлекеттік эталондар болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған басқа елдердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарына дейін бақылап тексеруді қамтамасыз етуге рұқсат етіледі;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 932 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18108 тіркелген) бекітілген Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен белгіленген тәртіпте аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемелерін пайдалануды тексеруді;
Тармақша 6
6) МЕМСТ 8.315 – талаптарына сәйкес зертханааралық аттестаттау нәтижелерін қарауды;
Тармақша 7
7) стандартты үлгіні дайындаудың есептік-эксперименттік рәсімін қарауды жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. МҒМО стандартты үлгіні әзірлеу жөніндегі құжаттардың метрологиялық сараптамасының оң нәтижелері кезінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімде сараптамалық қорытындыны және стандартты үлгі типінің бекітілген сипаттамасын өтініш берушіге жібереді.
МҒМО метрологиялық сараптаманың теріс нәтижелері кезінде ескертулерді жою туралы ұсынымдарымен сараптамалық қорытындыны жібереді және құжаттарды өтініш берушіге қайтарады.
Тармақ 8
8. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте өндірілген стандартты үлгілер Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 145 шешімімен бекітілген Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін өзара тану қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында танылады.
Тармақ 9
9. Мемлекетаралық стандартты үлгілер Келісімге және Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 1996 жылғы 12 сәуірдегі № 9 хаттамасымен қабылданған мемлекетаралық стандарттау жөніндегі қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында танылады.
Тармақ 10
10. Шетелде шығарған стандартты үлгілер ҚР СТ 2.79 «Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Шетелде шығарылған заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандартты үлгілері. Қолдануға жіберу тәртібі. Негізгі ережелер» сәйкес қолдануға рұқсат етіледі.
Тармақ 11
11. Бекітілген типтің стандартты үлгісі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №929 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18079 тіркелген) бекітілген Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу қағидаларымен белгіленген тәртіпте ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеледі.
Тарау 3. 3-тарау. «Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету» және «Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3-тарау. «Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету» және «Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. «Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
1-параграф. «Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. «Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету» (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік қызметті беріші) көрсетеді.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушімен «цифрлық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелде шығарылған стандартты үлгіні қолдануға сертификат алу үшін мәліметтерді толтырады.
«Шетелдік шығарылымның стандартты үлгісін пайдалануға рұқсат» мемлекеттік қызметін көрсетуге негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес келтірілген.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы беріледі.
Тармақ 13-1
13-1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісім береді.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті беруші мәліметтер түскен күні оны қабылдайды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі - Кодекс) және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қызметті алушының «жеке кабинетінде» электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын шетелде шығарылған стандартты үлгіні қолдануға арналған куәлікті беру болып табылады.
Тармақ 2. 2-параграф. «Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-параграф. «Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 17
17. «Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік қызмет ) көрсетеді.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жүгінеді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту сертификатын алу үшін мәліметтер толтырады.
«Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту» мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес келтірілген.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы беріледі.
Тармақ 18-1
18-1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісім береді.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Көрсетілетін қызметті беруші электрондық мәліметтер түскен күні оны қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, электрондық сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қызметті алушының «жеке кабинетінде» электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын мемлекеттік стандарт үлгісін бекіту туралы сертификаттын беру болып табылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Қорытынды ережелер
3-параграф. Қорытынды ережелер
Тармақ 22
22. Көрсетілетін қызметті беруші «Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің және «Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Тармақ 23
23. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне түседі.
Тармақ 24
24. Цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизациялау сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, «цифрлық үкімет» цифрлық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
Тармақ 25
25. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 26
26. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес шешім нәтижелеріне сот тәртібімен шағымдана алады.
Басқа 6.1
Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және «Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету» және «Мемлекеттік стандарттық үлгісін бекіту» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына
1-қосымша
нысан
Дайындаушы фирманың атауы (орыс тілінде)*:____________________________
Дайындаушыфирманың атауы (қазақ тілінде)*:____________________________
Стандарттық үлгінің атауы, типі (орыс тілінде)*:____________________________
Стандарттық үлгінің атауы, типі (қазақ тілінде)*:___________________________
Сәйкестендіру нөмірі (ID)*:_____________________________________________
Ескертпе: * – міндетті толтыруға арналған жол
Басқа 6.2. «Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі
Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және «Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету» және «Мемлекеттік стандарттық үлгісін бекіту» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына
2-қосымша
«Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)
«цифрлық үкіметтің» веб-порталы(бұдан әрі – портал)
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
1 (бір) жұмыс күні.
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған).
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі
7
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Кодекске және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 12:30-дан 13:30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 08:30-ден 16:00-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www.beta.egov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес шетелдік шығарылымның стандартты үлгісін қолдану үшін куәлік алу анықтамасының электрондық көшірме нысаны.
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелер арқылы «цифрлықүкімет» шлюзі арқылы қызмет көрсетушіге беріледі.
9
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
10
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-60, 75-05-25.
Басқа 6.3
Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және «Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету» және «Мемлекеттік стандарттық үлгісін бекіту» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына
3-қосымша
нысан
Әзірлеуші ұйымның БСН*:______________________________________________
Әзірлеуші ұйымның атауы *:____________________________________________
Стандарттық үлгінің атауы (орыс тілінде)*:________________________________
Стандарттық үлгінің атауы (қазақ тілінде)*:________________________________
Сәйкестендіру нөмірі (ID)*:_____________________________________________
Ескертпе: * – міндетті толтыруға арналған жол
Басқа 6.4. «Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту» мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі
Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және «Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету» және «Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына
4-қосымша
«Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту» мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)
«цифрлық үкіметтің» веб-порталы(бұдан әрі – портал).
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
1 (бір) жұмыс күні.
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған).
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту туралы сертификат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі
7
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Кодекске және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 12:30-дан 13:30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 08:30-ден 16:00-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www.beta.egov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік стандарт үлгісін бекіту туралы сертификат алу үшін анықтаманың электронды көшірме нысаны.
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелер арқылы «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы қызмет көрсетушіге беріледі.
9
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
10
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-60, 75-05-25.