Об утверждении Правил формирования, ведения и сопровождения единого государственного фонда нормативных технических документов, а также распространения копий нормативных технических документов, официальных изданий Қолданыста
Басқа 0
Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттардың, ресми басылымдардың көшірмелерін тарату қағидаларын бекіту туралы
«Стандарттау туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 9-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттардың, ресми басылымдардың көшірмелерін тарату қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 0. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттардың, ресми басылымдардың көшірмелерін тарату қағидалары
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 944 бұйрығымен
бекiтiлген
Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттардың, ресми басылымдардың көшірмелерін тарату қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыру, сондай-ақ нормативтік техникалық құжаттардың, ресми басылымдардың көшірмелерін тарату қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Стандарттау туралы» 2018 жылғы
5 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын (бұдан әрі – Бірыңғай қоры) қалыптастыру, жүргізу және қолдап отыруды және нормативтік техникалық құжаттардың көшірмелерін, ресми басылымдарын таратуды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Бірыңғай қор Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылатын, басқа нормативтік техникалық құжаттарды, стандарттау жөніндегі құжаттарды (әскери ұлттық стандарттарды және ұйымдардың стандарттарын қоспағанда), сондай-ақ бұлар туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады.
Тармақ 4
4. Бірыңғай қорды құрудағы мақсат пайданушыларды толық, сенімді және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың нормативтік техникалық құжаттарын және стандарттау жөніндегі құжаттарды жүйелеу болып табылады.
Тармақ 5
5. Бірыңғай қор стандарттау саласындағы басқа қорлармен, шетел мемлекеттерінің ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу
2-тарау. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу
Тармақ 6
6. Бірыңғай қорды қалыптастыру және жүргізу мыналарды:
Тармақша 1
1) нормативтік техникалық құжаттарды жиынтықтауды және сақтауды;
Тармақша 2
2) стандарттау жөніндегі құжаттарды (әскери ұлттық стандарттарды және ұйымдардың стандарттарын қоспағанда) жиынтықтауды, сақтауды және жаңартып отыруды қамтиды.
Тармақ 7
7. Бірыңғай қордың құрамына:
Тармақша 1
1) нормативтік техникалық құжаттар:
техникалық регламенттер;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттар;
мемлекеттік органдар және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары бекіткен техникалық және технологиялық нормаларды белгілейтін өзге де құжаттар.
Тармақша 2
2) стандарттау жөніндегі құжаттарға:
халықаралық стандарттар, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары (бұдан әрі – стандарттау жөніндегі халықаралық құжаттар);
өңірлік стандарттар, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары, стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдары (бұдан әрі – стандарттау жөніндегі өңірлік құжаттар);
ұлттық стандарттар мен ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары;
стандарттау жөніндегі ұсынымдар;
шет мемлекеттердің стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары, стандарттау жөніндегі қағидалары, нормалары мен ұсынымдары (бұдан әрі – шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі құжаттары) кіреді.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары өздері бекіткен нормативтік техникалық құжаттың бір данасын, сондай-ақ әрбір нормативтік техникалық құжатты қабылдау, өзгерістер енгізу, күшін жою туралы мәліметтерді Стандарттау жөніндегі ұлттық органға осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нормативтік техникалық құжаттың қабылданғаны, өзгерістер енгізілгені, күшінің жойылғаны туралы анықтаманы қоса бере отырып, олар бекітілгеннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде ұсынады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары Стандарттау жөніндегі ұлттық органға нормативтік техникалық құжаттарды тапсыру кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нормативтік техникалық құжаттарды қабылдау-тапсыру актісін жасайды.
Тармақ 10
10. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган нормативтік техникалық құжаттарды алғаннан кейін, 10 жұмыс күн ішінде нормативтік техникалық құжаттар мәтіндерін Бірыңғай қордың интернет-ресурсында орналастырады.
Тармақ 11
11. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган нормативтік техникалық құжаттың мәтінін оқу қиынға түссе, суреттер мен кестелер айқын болмаса, мемлекеттік органнан немесе олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарынан нормативтік техникалық құжатты сұрата алады.
Тармақ 12
12. Ұлттық, мемлекетаралық стандарттар мен ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарының істерін қалыптастыру, сақтау, өзектендіру және Бірыңғай қорға өткізу ҚР СТ 1.22 «Стандарт ісі. Қалыптастыру, сақтау, жаңғырту жəне мұрағатқа тапсыру тəртібі» сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Стандарттау жөніндегі құжаттың болуы және қолданылу мерзімі туралы, енгізілген өзгерістер, стандарттау жөніндегі құжатты ауыстыру және жою туралы, стандарттау жөніндегі құжат әзірлеушілері туралы және оларды бекіту туралы ақпарат, стандарттау жөніндегі құжаттар туралы библиографиялық ақпарат Стандарттау жөніндегі ұлттық органның ресми баспа басылымында және Бірыңғай қордың интернет-ресурсында жарияланады.
Тарау 3. 3-тарау. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қолдап отыру
3-тарау. Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қолдап отыру
Тармақ 14
14. Бірыңғай қорды қолдап отыру:
Тармақша 1
1) нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қорындағы нормативтік техникалық құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ олар туралы мәліметтерді ұсынуды;
Тармақша 2
2) нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының цифрлық жүйелерін, стандарттау жөніндегі құжаттарды каталогтау жүйесін қолдап отыруды және кеңейтуді жолымен жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарының көшірмелерін тарату
4-тарау. Нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарының көшірмелерін тарату
Тармақ 15
15. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган нормативтік құқықтық актімен бекітілген нормативтік техникалық құжаттардың ресми жарияланымдарына сілтемелерді электрондық түрде жариялайды.
Тармақ 16
16. Нормативтік емес құқықтық актімен бекітілген нормативтік техникалық құжаттардың көшірмелерін тарату Бірыңғай қор арқылы электрондық түрде, өтеусіз жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Стандарттау жөніндегі құжаттардың ресми басылымдарын тарату (әскери ұлттық стандарттарды және ұйымдардың стандарттарын қоспағанда) Бірыңғай қор арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Стандарттау жөніндегі құжаттарды және олардың көшірмелерін тарату авторлық құқықтар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Әскери ұлттық стандарттарды, Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық стандарттар ретінде қабылданған мемлекетаралық стандарттарды және халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттары негізінде қабылданған ұлттық стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттардың ресми басылымдары өтеусіз негізде таратылады..
Тармақ 20
20. Жеке және заңды тұлғалар стандарттау жөніндегі құжаттарды және нормативтік техникалық құжаттар, сондай-ақ олар туралы ақпарат беруге Стандарттау жөніндегі ұлттық органға өтінім жібереді.
Тармақ 21
21. Өтінім сұратылып отырған құжаттардың қажетті мәліметтер құрамын анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратты (құжаттың атауы мен белгіленуі, қажетті көшірмелер саны, байланыс деректері) қамтиды.
Тармақ 22
22. Стандарттау жөніндегі құжаттар және олар туралы ақпарат қағаз тасығышта немесе электрондық түрде ұсынылады.
Басқа 0-1. Нормативтік техникалық құжатты қабылдау, өзгерістер енгізу, жою туралы
анықтама
Нормативтік техникалық
құжаттардың бірыңғай мемлекеттік
қорын қалыптастыру, жүргізу
және қолдап отыру, сондай-ақ
нормативтік техникалық
құжаттардың, ресми
басылымдардың көшірмелерін
тарату қағидаларына
1-қосымша
нысан
Нормативтік техникалық құжатты қабылдау, өзгерістер енгізу, жою туралы
анықтама
№
Белгіленуі
Атауы
Қолданысқа енгізілген күні
Әзірлеуші туралы деректер
(Ұйымның атауы, мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық поштасы)
Басқа 0-2. Нормативтік-техникалық құжаттарды
қабылдау-тапсыру акті
Нормативтік техникалық
құжаттардың бірыңғай мемлекеттік
қорын қалыптастыру, жүргізу
және қолдап отыру, сондай-ақ
нормативтік техникалық
құжаттардың, ресми
басылымдардың көшірмелерін
тарату қағидаларына
2-қосымша
нысан
Нормативтік-техникалық құжаттарды
қабылдау-тапсыру акті
_____мемлекеттік орган/ведомстволық бағынысты ұйым ____тұлғасында және_____Стандарттау жөніндегі ұлттық орган ______ тұлғасында мынадай нормативтік техникалық құжаттарды қабылдап-тапсыруды жүзеге асырды.
Р/с
Атауы
Ескертпе
(электрондық/қағаз
түріндегі нұсқасы)
Саны
Тапсырды_____________
(мемлекеттік органның/
ведомстволық бағынысты ұйымның өкілі)
Қабылдады______________
(Стандарттау жөніндегі ұлттық
органның өкілі)