Об утверждении Правил создания, работы и ликвидации технических комитетов по стандартизации Қолданыста
Басқа 0
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидаларын бекіту туралы
«Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының мынадай:
Тармақша 1
1) «Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 42 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6276 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 28 тамызда № 351-352 26195 жарияланған);
Тармақша 2
2) «Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және таратылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жана технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 14 тамыздағы № 250 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8650 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 5 желтоқсанда № 268 (28207) жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 0. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидалары
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 919 бұйрығымен
бекітілген
Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидалары
Тарау 1. 1- тарау. Жалпы ережелер
1- тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер (бұдан әрі – ТК) ТК-ға бекітілген салада ұлттық стандарттау жүйесін дамыту үшін ұлттық стандарттау жүйесі субъектілерінің ерікті қатысуының қағидаттары негізінде экономика салаларында құрылады.
Стандарттау жөніндегі ұлттық орган (бұдан әрі – СҰО) базасында ТК-ны құру рұқсат етіледі.
Тармақ 3
3. ТК-ны құру, қызметін үйлестіру, тарату, сондай-ақ ұлттық стандарттау жүйесінің тізбесіне енгізуді СҰО жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. ТК-ны құруға өтінім берушілер тиісті салада ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілері бола алады.
Тармақ 5
5. ТК-ның құрамына тиісті салада ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерінің өкілдері кіреді.
ТК-ның құрамына ТК жұмысының айқындығын қамтамасыз ету үшін ТК отырыстарында дауыс беру құқығынсыз тәуелсіз сарапшы-бақылаушы ретінде СҰО өкілі қосылады.
Тармақ 6
6. Ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілері СҰО-ға берілген өтінімі негізінде ТК-ның құрамына кіреді және ТК құрамынан шығады.
Тармақ 7
7. ТК қызметіне екі жыл бойы қатыспаған ТК мүшелері ТК құрамынан шығарылады және ТК отырысының хаттамасы негізінде СҰО шешімі бойынша басқа мүдделі өкілдермен ауыстырылады.
Тармақ 8
8. ТК-ның қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оның базалық ұйымы жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. ТК қызметін қамтамасыз ету, хат-хабар жүргізу, ТК отырысына құжаттарды дайындау және ресімдеу мақсатында төраға, оның орынбасары (қажет жағдайда), жауапты хатшысынан және шет тілін білетін сарапшыдан тұратын хатшылық жұмыс істейді.
Тармақ 10
10. Хатшылық ТК-ның қызметін үйлестіру, хат-хабарларды жүргізу, құжаттарды дайындау және ресімдеу мақсатында ТК-ның мүшелері арасында базалық ұйымнан тағайындалады. ТК төрағасының және оның орынбасарының функциялары ҚР СТ 1.15 «Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер. Құру және жұмыс істеу тәртібі» (бұдан әрі – негізге алынатын ұлттық стандарт) стандартында айқындалған.
Тармақ 11
11. Хатшылық базалық ұйым бланкінде немесе базалық ұйым деректемелерімен ТК бланкінде хат-хабар жүргізеді.
Тармақ 12
12. ТК қызметі ҰСО ресми сайтында орналастырылған «Цифрлық техникалық комитеттер» (бұдан әрі – цифрлық жүйе) цифрлық жүйесі арқылы немесе жазбаша хат-хабар жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
Цифрлық жүйе арқылы ТК жұмысының тәртібі негізге алынатын ұлттық стандартпен белгіленеді.
Тарау 2. 2 - тарау. Стандарттау жөніндегі техникалық комитетін құру тәртібі
2 - тарау. Стандарттау жөніндегі техникалық комитетін құру тәртібі
Тармақ 13
13. ТК қолданыстағы ТК-мен стандарттау объектілерін олардың қайталануын болдырмау жағдайында құрылады.
Тармақ 14
14. ТК-ны құру туралы өтінішті ТК құру қажеттігі мен орындылығы туралы негіздемесін, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның немесе ТК-ны құруға негіз болатын заңды тұлғаның, оның қызметі және ТК жұмыс істеуіне жағдай жасау мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпараты бар толық және қысқартылған атауы көрсетіліп, еркін нысанда ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектісі СҰО-ға жібереді.
Өтінімге мыналар:
Тармақша 1
1) ТК-ға бекітілген стандарттау объектілерінің тізбесі немесе ТК қызметінің саласы;
Тармақша 2
2) ТК-ның жұмыс жоспары;
Тармақша 3
3) ТК жұмысына қатысуға ресми (жазбаша) келісімі бар ТК-ға мүше ұйымдар тізбесі;
Тармақша 4
4) оның базасында ТК құрылатын ұйымның (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариалдық куәландырылған) құрылтай құжатының көшірмесі қоса беріледі.
Тармақ 15
15. Ұлттық стандарттау жүйесінің мүдделі субъектілерінен өтінімді алған сәттен бастап, СҰО аталған салада ТК болмауына және ұсынылған ақпараттың нақтылығына өтінімді 10 жұмыс күні ішінде қарастырады.
Тармақ 16
16. Өтінімді қарастыру қорытындысы бойынша СҰО:
Тармақша 1
1) ТК-ны құру туралы;
Тармақша 2
2) негізделген ескертулер мен оларды жоюға мерзімдерін көрсетіп өтінім беруші ұйымға өтінімді пысықтауға қайтару туралы;
Тармақша 3
3) бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесімен өтінімді қабылдамау туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 17
17. СҰО ТК-ға сәйкестендіру (реттік) нөмір мен атау береді. Техникалық комитеттің белгілеуі «ТК» әріптері мен сәйкестендіру нөмірінен (мысалы: ТК 156) тұрады.
Тармақ 18
18. ТК туралы мәліметтер ұлттық стандарттау жүйесінің тізбесіне енгізіледі.
Тармақ 19
19. ТК-ны құрған күннен бастап екі ай ішінде ТК хатшысы ТК ережесі мен құрылымын дайындайды және СҰО-ға келісуге жібереді.
Тармақ 20
20. ТК құрылымы ерікті нысанда мынадай құжаттардың қосымшаларымен бірге ұсынылады:
Тармақша 1
1) ТК төрағасы, төраға орынбасары, жауапты хатшысынан тұратын ТК хатшылығының құрамы;
Тармақша 2
2) кіші комитеттердің (бұдан әрі – КК) (бар болса) құрамы туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) әрбір КК стандарттау (қызмет ету салалары) объектілері, оның құрамы және хатшылық мекенжайы көрсетілетін КК тізбесі (бар болса).
Тармақ 21
21. ТК-да стандарттау салаларының нақты бір бағытында бір немесе бірнеше КК құру рұқсат етіледі.
Тармақ 22
22. Әрбір КК өзінің меншікті сәйкестендіру (реттік) нөмірі мен атауы беріледі. КК белгісі ТК белгісінен, көлбеу сызық, «КК» әріптерінен, КК нөмірінен және оның атауынан тұрады. Қысқаша атауы атаусыз белгілерді қамтиды (мысалы: ТК 156/КК 1).
Тармақ 23
23. КК құрылымын, құрамын өзгерту ТК отырыстарында бекітіледі. ТК хатшылығы КК құрылымы, құрамын өзгертуді бекіткеннен кейін күнтізбелік 10 күн ішінде тиісті ақпаратты СҰО жолдайды.
Тармақ 24
24. ТК ережесі мен құрылымын СҰО келісілгеннен кейін ТК төрағасы бекітеді және цифрлық жүйеде орналастырылады.
Тармақ 25
25. ТК қызметіне қатысты барлық өзгерістер ТК отырысынан және ТК төрағасы отырыс хаттамасын бекіткеннен кейін СҰО күнтізбелік 30 күн ішінде келісіледі.
Тарау 3. 3- тарау. Стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің жұмыс істеу тәртібі
3- тарау. Стандарттау жөніндегі техникалық комитетінің жұмыс істеу тәртібі
Тармақ 26
26. ТК-ның жұмысы шет елдермен тауарлық өнім (технологиялар, көрсетілетін қызметтер) алмасу кезінде техникалық кедергілерді болдырмау үшін ұлттық стандарттардың сапалы деңгейін арттыруға бағытталған.
ТК мынадай функцияларды ұйымдастырады және жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысады және оларды әзірлейді;
Тармақша 2
2) бекітіп берілген қызмет саласына сәйкес ұлттық стандарттар жобаларының мазмұнын стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің мүшелерімен техникалық талқылауды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) ұлттық стандарттау жоспарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдарға, заңды немесе жеке тұлғаларға өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша базалық ұйым атынан сұрау салулар жолдайды;
Тармақша 5
5) стандарттау саласындағы ғылыми зерттеулерге қатысады;
Тармақша 6
6) стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардың стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерінің жұмысына қатысады;
Тармақша 7
7) бекітіп берілген стандарттау объектілері бойынша мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 27
27. Ұлттық стандарттарды әзірлеген жағдайда ТК жоба мазмұнына міндетті техникалық талқылау өткізеді.
Тармақ 28
28. Жоба мазмұнын техникалық талқылау мынадай процестерді қамтиды:
Тармақша 1
1) ұлттық стандарт жобасында ұсынылған терминология талданады;
Тармақша 2
2) ұлттық стандартты енгізуге техникалық дайындық анықталады;
Тармақша 3
3) техникалық талаптардың қолданыстағы ұлттық стандарттарда қайталануы талданады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне талдау жүргізіледі;
Тармақша 5
5) ғылыми зерттеулердің болуы зерделенеді.
Тармақ 29
29. ТК-ның мүшелері ТК отырыстарында жоба мазмұнын техникалық талқылау шеңберінде ерікті өз пікірін білдіреді.
Тармақ 30
30. ТК мүшелерінің барлық ұстанымы хаттамада белгіленеді, оған ТК төрағасы мен хатшысы қол қояды. Хаттама стандарт ісін толықтыру үшін СҰО мен ұлттық стандарт жобасын әзірлеушіге жолданады.
Тармақ 31
31. ТК жұмыс жоспары жоспарланған жұмыстарды орындайтын жыл алдындағы жылдың 15 желтоқсанына дейін СҰО жіберіледі.
Тармақ 32
32. ТК қызметі туралы есеп жыл қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі жылдың 5 қаңтарына дейін ұсынылады.
СҰО ТК-ның қызметіне талдау өткізеді, оның қорытындысы бойынша ҚР Ұ 50.1.7 «Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне» сәйкес рейтингілік баға айқындалады.
Тармақ 33
33. Хатшылық негізге алынатын ұлттық стандартта айқындалған функцияларды тиісті орындамаған жағдайда, СҰО хатшылықты жүргізуді ТК мүше - ұйымдармен келісе отырып, осы ТК құрамына кіретін басқа ұйымға хатшылық қызметін беру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 34
34. Базалық ұйымды қайта ұйымдастыру немесе тарату кезінде, тиісті ақпаратты хатшылық сәйкес шешім қабылданған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде СҰО жібереді.
Тармақ 35
35. ТК халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымдардың ТК, мемлекетаралық ТК-ның өзара іс-қимылы СҰО арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 36
36. ТК-ның халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымдардың ТК, мемлекетаралық ТК кіруі үшін өтінім СҰО жолданады.
Тармақ 37
37. ТК-ның халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымдардың ТК өзара іс-қимылы бойынша жұмыстарды жүргізу үшін міндетті шарт халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымдардың ТК хатшылығынан түсетін стандарттардың жобаларын аудару үшін стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың ресми тіліне сәйкес келетін шетел тілін білетін маман болуы қажет.
Тармақ 38
38. Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымдардың ТК, мемлекетаралық ТК құрамына кірген ТК мынадай функциялар атқарады:
Тармақша 1
1) стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарастырады және олар бойынша ұсыныстар мен ескертулерді СҰО ұсынды;
Тармақша 2
2) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуге қатысады;
Тармақша 3
3) стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеу кезінде қатысатын сарапшылар мен қадағалаушыларды ұсынады;
Тармақша 4
4) стандарттау жөніндегі құжаттар жобалары бойынша дауыс беру сатыларында тиісті қорытынды әзірлейді және оларды СҰО жолдайды;
Тармақша 5
5) халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымдардың ТК, мемлекетаралық ТК отырыстарына қатысады.
Тарау 4. 4- тарау. Стандарттау жөніндегі техникалық комитетін тарату тәртібі
4- тарау. Стандарттау жөніндегі техникалық комитетін тарату тәртібі
Тармақ 39
39. ТК мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларда және негізге алынатын ұлттық стандартта көрсетілген функцияларды орындамаған кезде;
Тармақша 2
2) ТК бастамасы бойынша (негіздемесімен);
Тармақша 3
3) қанағаттанарлықсыз рейтингтік бағалау кезінде, сондай-ақ екі жыл ішінде жыл қорытындысы бойынша ТК қызметі туралы есеп ұсынылмаған кезде таратылады.
Тармақ 40
40. Осы Қағидаларда және негізге алынатын ұлттық стандартта көрсетілген функцияларды орындамаған кезде ТК тарату негізге алынатын ұлттық стандартта белгіленген тәртіппен СҰО шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 41
41. ТК-ның бастамасы бойынша, ТК-дан тиісті өтінім келіп түскеннен кейін СҰО күнтізбелік 15 күн ішінде шешім қабылдайды.
Тармақ 42
42. СҰО екі жыл ішіндегі жылдық қорытынды бойынша қанағаттанарлықсыз рейтингілік баға айқындалғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде ТК-ны тарату туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 43
43. ТК-ны тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда тиісті ақпарат цифрлық жүйеге орналастырылады.