О вопросах учета, государственной регистрации и осмотра технического состояния сельскохозяйственной и мелиоративной техники в Республике Казахстан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық және мелиоративтiк техниканың есебiн жүргiзу, оны мемлекеттiк тiркеу және техникалық жай-күйiн тексеру мәселелерi туралы "Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) 📌 Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.10.07. N 1096 қаулысымен.
Тармақша 2
2) 📌 Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.10.11. N 1116 қаулысымен. 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мыналарды әзiрлесiн және бекiтсiн:
Тармақша 1
1) Доңғалақты тракторларды, соған қоса олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, сондай-ақ доңғалақты тракторлар құрамында жүруге арналған тiркемелердi мемлекеттiк тiркеу және олардың техникалық жай-күйiне тексеру жүргiзу ережесi;
Тармақша 2
2) Тракторлардың, өзi жүретiн ауыл шаруашылық және мелиоративтiк машиналардың есебiн алу әрi техникалық жай-күйiне тексеру жүргiзу ережесi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.