Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории города Петропавловска Күшін жойған
Басқа 0
Петропавл қаласы аумағында көшпелі
сауданы жүзеге асыру үшін арнайы
бөлінген орындарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 31 - бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы 8 - бабының 2), 3) тармақшаларына, 27 - бабының 2 тармағына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Петропавл қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Петропавл қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Петропавл қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы әкімдігінің
2018 жылғы ____ __________
№ _______ қаулысына
қосымша
Петропавл қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
№
р/н
Арнайы бөлінген орындар
1.
Әубәкір Ысмайылов атындағы және
Нұрсұлтан Назарбаев
көшелерінің қиылысы, қоғамдық көлік аялдамасының ауданында.
2.
Иван Яковлевич Смирнов көшесі, «Заря» қонақ үйінің ауданында.
3.
Аяған Шәжімбаев атындағы көше, № 60 үйдің ауданында.
4.
Ғ. Мүсірепов көшесі, «Башмачок» ательесінің ауданында.
5.
И.П. Шухов көшесі, № 38 үйдің ауданында.
6.
Қаттай Кеншінбаев атындағы көше, № 12 үйдің ауданында.
7.
Батыр Баян көшесі, «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№ 26 мектеп-балабақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауданында.
8.
Коминтерн көшесі, «Дары моря» мамандандырылаған сауда павильонының ауданында.
9.
Украинская көшесі, № 181, автобөлшектеудің ауданында.
10.
Кеңес Одағының төрт мәрте батыры Георгий Константинович Жуков атындағы көше, № 42 үйдің ауданында.