Об утверждении Положения о порядке предоставления права охоты на территории Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағында аңшылық құқын беру тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.02.2005 № 124 қаулысымен.
"Жануарлар дүниесiн қорғау, ұдайы өсiру және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 21 қыркүйектегi N 2463 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында аңшылық құқын беру тәртiбi жөнiндегi қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi және Әдiлет министрлiгi бiр ай мерзiмде Үкiметтiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулымен сәйкес келтiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн.
Басқа 3. Қазақстан Республикасының аумағында аңшылық құқын беру тәртiбi жөнiндегi ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 25 қыркүйектегi
N 1282 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының аумағында аңшылық құқын беру тәртiбi жөнiндегi ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. "Жануарлар дүниесiн қорғау, ұдайы өсiру және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында аңшылық құқын аңшылық минимумы жөнiндегi сынақты тапсырған және мемлекеттiк баж төлеген Қазақстан Республикасының барлық азаматтары және оның аумағында тұратын немесе оған келген басқа да адамдар пайдаланады. Жануарлар дүниесiн қорғау, ұдайы өсiру және пайдалану саласына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар беретiн аңшылық билетi аң аулауға құқық беретiн куәлiк болып табылады.
Тармақ 2
2. Аңшылық билетi Қазақстанның бүкiл аумағында кәсiпшiлiк, әуесқойлық және спорттық аңшылықты жүзеге асыруға құқық беретiн құжат болып табылады (үлгi қоса берiлiп отыр).
Аңшылық билеттерi қатаң есептегi құжат болып табылады.
Тармақ 3
3. Аңшылық билеттерiн беру барысында жануарлар дүниесiн қорғау, ұдайы өсiру және пайдалану саласына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi тиiстi органдарда сақталатын есеп карточкасы толтырылады (үлгiсi қоса берiлiп отыр).
Тарау ii. II. Аңшылық билеттерiн беру тәртiбi
II. Аңшылық билеттерiн беру тәртiбi
Тармақ 4
4. Аңшылық билеттерi аңшылық минимум жөнiндегi сынақты тапсырған және мемлекеттiк баж төлеген Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына және оның аумағында тұратын немесе оған келген басқа да адамдарға берiледi.
Тармақ 5
5. Аңшылық билет күшiнiң мерзiмi бiр жыл: 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейiн. Оның мерзiмi алдағы жыл үшiн ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейiн мемлекеттiк баж төлеу жолымен ұзартылады.
Тармақ 6
6. Аңшылық билетiнде аңшылық минимумды тапсырғаны және мемлекеттiк баж төлегенi жөнiндегi белгi қойылады.
Тармақ 7
7. Аңшылық билетiнсiз немесе мерзiмi өткен аңшылық билетiмен аңшылық жасау заңсыз деп танылады және кiнәлi адамдар белгiленген заңдармен жауапкершiлiкке тартылады.
Тармақ 8
8. Аңшылық билетiн басқа адамға беруге тыйым салынады.
Тарау iii. III. Есеп және есеп беру тәртiбi
III. Есеп және есеп беру тәртiбi
Тармақ 9
9. Аңшылық билеттерiнiң бланктерi жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi облыстық мемлекеттiк инспекцияларда есепке алынады және аңшылық билеттерiн беруге жауапты адамдарға есептеп беруi үшiн берiледi.
Тармақ 10
10. Жауапты адамдар аңшылық билеттер бланктерiн беру және олардың қалғандары жөнiндегi өз кезегiнде Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас басқарма алдында есеп берiп отыратын Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi облыстық мемлекеттiк инспекция алдында тоқсан сайын есеп берiп отырады.
Тарау iv. IV. Аңшылық билеттерiн әзiрлеу, сақтау және жою тәртiбi
IV. Аңшылық билеттерiн әзiрлеу, сақтау және жою тәртiбi
Тармақ 11
11. Аңшылық билеттерiнiң бланктерiн орталықтандырылған тәртiппен Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас басқарма әзiрлеп, жасайды және Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi облыстық мемлекеттiк инспекцияларға олардың өтiнiмдерi бойынша жiбередi (бередi).
Тармақ 12
12. Аңшылық билеттерiнiң бланктерi сенiмдi сақталатын үйлерде бағалы қағаздар ретiнде сақталады.
Тармақ 13
13. Аңшылық билеттерiнiң бланктерiн есептен шығару оларды аңшыларға беруге орай жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Аңшылардан алынған аңшылық билеттерiн, сондай-ақ ескi үлгiдегi билеттердiң бланктерiн Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi облыстық мемлекеттiк инспекциялардың комиссиялары жойып, ол жөнiнде тиiстi акт жасайды.
Тармақ 15
15. Аңшылық билет бланктерiнiң алынатын құны аңшылық шаруашылығы жөнiндегi шараларға жiберiледi.
Тармақ 16. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Экология және биоресурстар министрлiгi Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас басқарма
16. Аңшылық билеттерiн айырбастауды билеттер жарамдылығының бiтуiне орай Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi облыстық мемлекеттiк инспекциялар жүргiзедi немесе Жануарлар дүниесiн қорғау
жөнiндегi бас басқарманың бұйрығы бойынша ескi үлгiдегi билеттердi жаңасына бiр жолға жалпы айырбастау жүргiзiледi.
Үлгi
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Экология және биоресурстар министрлiгi Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас басқарма
Аңшылық билет
ГИ N 000001 сериялы аңшылық билетi
Фамилиясы ___________________________________________________
Аты және әкесiнiң аты _______________________________________
Туған жылы ____________________ Тұратын жерi ________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Билеттi _____________________________________________________
(қандай ұйым)
__________________________________________ берген.
Аңшылық минимум 199 ___ ж. "____" ___________________________
__________________________________________ тапсырылды
Сурет Мөр және қолы _______________________
жапсыратын орын 199 ___ ж. "___"
__________________________
Мемлекеттiк баж төлемi
199 ___ ж. 199 ___ ж. 199 ___ ж.
_________________ __________________ ________________
_________________ __________________ ________________
_________________ __________________ ________________
Ерекше белгiлер
________________________________
(аңшының қолы)
199 ___ ж. "___" ___________________________
Үлгi
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Экология және биоресурстар министрлiгi Жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi бас басқарма
_______________________ жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi
(инспекцияның атауы) мемлекеттiк инспекциясы
ЕСЕП КАРТОЧКАСЫ
Фамилиясы ________________________________
Аты _______________ Әкесiнiң аты _________
Сурет Туған жылы ________ үйiнiң мекен-жайы,
жапсыратын телефоны _________________________________
орын __________________________________________
ГИ N 000001 сериялы аңшылық билетi
199 ___ ж. "____" ______________ берiлген.
Аңшылық минимум жөнiндегi сынақ 199 ____ ж. _______
қабылданды
Сынақ комиссиясының төрағасы ________________________________
Ф.А.Ә. анық қолы
Ерекше белгiлер
Мемлекеттiк баж төлемi
199 ___ ж. 199 ____ ж. 199 ____ ж.
Квитанцияның к.б.т. к.б.т.
бақылау түбiртегi
199 ___ ж. 199 ____ ж. 199 ____ ж.
к.б.т. к.б.т. к.б.т.
199 ___ ж. 199 ____ ж. 199 ____ ж.
к.б.т. к.б.т. к.б.т.
Есепке қабылдау және шығару туралы белгi
Есепке Есептен Қолы
қабылдаған шығарған және
күн күн мөр
-------------------------------------------------------------
-----------------------------------
(аңшының қолы)
199 ___ жылғы "___" _________________