Об упорядочении действий по контролю за лицензированием и розничным оборотом подакцизной продукции Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Акцизделетін өнімдерді лицензиялау және бөлшек сауда айналымын бақылау жөніндегі іс-әрекетті тәртіпке келтіру туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi N 429-1 "Этил спиртi және алкоголь өнiмдерiн өндiру мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Заңын орындауда, бөлшек сауда саласындағы алкоголь өнiмдерiнiң айналымын бақылау жөнiндегi өзара iс-қимылды оңтайландыру мақсатында, өазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып, Атырау облыстық әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Акцизделетiн өнiмдердi сатуды бақылау жөнiнде облыстық үйлестiру кеңесi (әрi қарай - Кеңес) құрылсын.
Тармақ 2
2. Акцизделетiн өнiмдердiң сатылуын бақылау жөнiндегi облыстық үйлестiру Кеңесi туралы ұсынылып отырған ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Акцизделетiн өнiмдердi өндiру мен айналымын бақылайтын мемлекеттiк органдар қызметiн ведомствоаралық үйлестiру Атырау облысы бойынша салық комитетiне жүктелсiн (келiсiм бойынша).
Тармақ 4
4. Кеңестiң жұмысшы органы болып экономика және кәсiпкерлiктi қолдау бас басқармасы белгiленсiн.
Тармақ 5
5. Алкоголь өнiмдерiнiң бөлшек саудасына лицензия беру өкiлеттiгi Атырау қаласы мен аудандар әкiмдерiне берiлсiн.
Тармақ 6
6. Экономика және кәсiпкерлiктi қолдау бас басқармасы:
Тармақша 1
1) қала және аудан әкiмшiлiктерiнiң алкоголь өнiмдерiнiң бөлшек саудасын лицензиялау ережелерiн сақтауын бақылайтын механизмдi әзiрлеп, оны жүзеге асырсын және Кеңестiң жұмысшы органы алдында олардың ай сайынғы есеп беру тәртiбiн анықтасын;
Тармақша 2
2) айына 1 рет мерзiмiнде өтетiн кеңес отырысына материалдар әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Қала мен аудан әкiмдерi, облыстық iшкi iстер басқармасы (Хайдар Х.С. - келiсiм бойынша), Атырау облысы бойынша қаржы полициясы департаментi (Есенғалиев Ш.С. - келiсiм бойынша), Атырау облысы бойынша кеден басқармасы (Тасмағамбетов Қ.Н. - келiсiм бойынша), Атырау стансасы бойынша желiлiк iшкi iстер бөлiмi (Жалбыров М.Т. - келiсiм бойынша), Атырау облысы бойынша салық комитетi (Райымқұлов М.Т- келiсiм бойынша.), акцизделетiн өнiмдердi өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi Комитеттiң Батыс Қазақстан аумақтық басқармасының бөлiмi (Ибiшев Б.. - келiсiм бойынша) акцизделетiн өнiмдердi өндiру, айналымын және сатылуын қатаң бақылауға алу, контрабандалық жолмен келген және өндiрушiсi анықталмаған алкогольдiк өнiмдердi заңсыз сату фактiлерiн анықтау шараларын iске асырсын және әр айдың 5-жұлдызынан кешiктiрмей жұмысшы органға атқарылған жұмыс туралы хабарлама берiп тұрсын.
Тармақ 8
8. Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 13 қыркүйектегi N 300 "Акцизделетiн өнiмдердi сатуды бақылау жөнiндегi iс-әрекеттi үйлестiру туралы" шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 9
9. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары В.В.Супрунға жүктелсiн.
Басқа 12
Облыс әкiмшiлiгiнiң 2002 жылғы 4 шiлдедегi N 193 қаулысына қосымша Акцизделетiн өнiмдердiң сатылуын бақылау жөнiндегi облыстық үйлестiру Кеңесi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Акцизделетiн өнiмдердiң сатылуын бақылау жөнiндегi үйлестiру Кеңесi (әрi қарай - Кеңес) Атырау облысының жергiлiктi атқарушы органдарына, кӘсiпорындары мен мекемелерiне акцизделетiн алкоголь өнiмдерiнiң сатылуын бақылау жөнiндегi өзара iс-қимылдарды тәртiпке келтiруде жәрдем ететiн облыс әкiмi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Тармақ 1.2
1.2. Кеңес өз қызметiн өазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларына, сонымен бiрге осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 1.3
1.3. Кеңес қаржы полициясы департаментi, iшкi iстер басқармасы, желiлiк iшкi iстер бөлiмi, өазақстан Республикасы мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң аумақтық құрылымдық бөлiмшелерi, экономика және кәсiпкерлiктi қолдау бас басқармасы өкiлдерiнен қалыптастырылады және облыс әкiмiнiң шешiмiмен бекiтiледi.
Тармақ 1.4
1.4. Кеңестi облыс экономика мәселелерiне жетекшiлiк ететiн облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары басқарады.
Тарау 2. 2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi
2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi
Тармақ 2.1
2.1. Қолдан жасалған жөне өндiрушiсi анықталмаған контрабандалық алкоголь өнiмдерiнен тұрғындар қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
Тармақ 2.2
2.2. Жергiлiктi бюджетке акциздiк түсiмдердiң түсуiн қамтамасыз ету.
Тарау 3. 3. Кеңестiң функциялары
3. Кеңестiң функциялары
Тармақ 3.1
3.1. Кеңес негiзгi мiндеттерiне сәйкес мыналарды жүзеге асырады: - құқық қорғау және қазыналық органдар өкiлдерiнiң өзара iс-қимылдарын үйлестiредi; - Кеңестiң негiзгi мiндеттерiн жүзеге асыруда өзара келiсiлген тәсiлдеменi анықтау жөнiнде шаралар мен ұсыныстар әзiрлейдi; - бiрлесiп өткiзiлген рейдтердiң, тексерiстер мен басқа да шаралардың жүру барысын бақылайды.
Тарау 4. 4. Кеңес құқықтары
4. Кеңес құқықтары
Тармақ 4.1
4.1. Жергiлiктi атқарушы органдардан, кәсiпорындар мен мекемелерден акцизделетiн алкоголь өнiмдерiнiң сатылуын бақылау жөнiндегi шараларға қатысты қажеттi мәлiметтердi сұратады;
Тармақ 4.2
4.2. Жұмыс барысында туындайтын проблемаларды зерделеу және ұсыныстарды әзiрлеу үшiн жұмысшы топтарын құрады.
Тармақ 4.3
4.3. Қолданыстағы нормативтiк-құқықтық актiлерге ұсыныстар мен өзгерiстер енгiзу жөнiнде шешiмдер әзiрлейдi.
Тарау 5. 5. Кеңестiң жұмыс тәртiбi
5. Кеңестiң жұмыс тәртiбi
Тармақ 5.1
5.1. Кеңестiң жұмысшы органы экономика және кәсiпкерлiктi қолдау бас басқармасы болып табылады.
Тармақ 5.2
5.2. Кеңес мәжiлiсi ай сайын өткiзiлiп тұрады.
Тармақ 5.3
5.3. Кеңес мәжiлiсi жалпы кеңес мүшелерiнiң 2/3-i қатысқан жағдайда құқықтық өкiлетке ие болады.
Тармақ 5.4
5.4. Кеңес мәжiлiсiне кеңеске мүше емес жергiлiктi атқарушы органдардың, кәсiпорындар мен мекемелердiң өкiлдерi шақырылуы мүмкiн.
Тармақ 5.5
5.5. Кеңес өз шешiмiн ашық дауыс беру жолымен, қатысушы мәжiлiс мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылдайды.
Тармақ 5.6
5.6. Кеңес шешiмi хаттамамен ресiмделедi және оны Кеңес төрағасы бекiтедi.