О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандығы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы ________Е.Абдрахманов «28» желтоқсан 2018 ж