Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Астане Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.К. Әмринге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығының міндетін атқарушы _______________М. Төлебаев 2018 жылғы «__» _________
Басқа 0. Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері
Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 17-2028 қаулысына қосымша Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) грамотамен марапаттау;
Тармақша 3
3) ақшалай сыйақы беру болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Полиция департаменті) ұсынысы бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Астана қаласы әкімдігі құрған комиссия қарайды.
Тармақ 3
3. Комиссия қабылдайтын шешім азаматтарды көтермелеу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 4
4. Комиссия көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып белгілейді және әдетте, 20 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.
Тармақ 5
5. Ақшалай сыйақы төлеуді көтермелеуге ұсыныс енгізген Полиция департаменті жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізеді.
Тармақ 6
6. Көтермелеулерді төлеуге арналған қаражат Полиция департаментінің шығыстары құрамында жеке бағдарламамен көзделеді.
Тармақ 7
7. Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу Полиция департаменті салтанатты жағдайда жүзеге асырады.