О нормативах численности руководящих и других работников государственных органов Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттiк органдардың басшылары мен басқа қызметкерлерi санының нормативтерi туралы
📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.10.2007 № 870 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқару құрылымын одан әрi ұтымды ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк органдардың басшылары мен басқа қызметкерлерi санының нормативтерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және басқа орталық атқарушы органдардың басшылары:
бiр ай мерзiмде қосымшада көзделген басшы және басқа қызметкерлер санының нормативтерiн сақтай отырып, белгiленген сан шегiнде аппараттың штаттық кестесiн бекiтсiн.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын iске асыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 қаулысының 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
Басқа 5. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк
комитеттерi және орталық мемлекеттiк органдары орталық
аппаратының басшы және басқа қызметкерлерi санының
НОРМАТИВТЕРI
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 6 қазандағы
N 1010 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк
комитеттерi және орталық мемлекеттiк органдары орталық
аппаратының басшы және басқа қызметкерлерi санының
НОРМАТИВТЕРI
___________________________________________________________________
| Қызметкерлердiң жекелеген
| санаттарының арақатынасы
___________________________________________________________________
1. Құрылымдық бөлiмшелер мынадай сандық құрамда
құрылады (бөлiмшелердiң басшыларын қоса алғанда):
Сектор саны кем дегенде 3 адам болғанда
Бөлiм саны кем дегенде 4 адам болғанда
Басқарма саны кем дегенде 10 адам болғанда
Департамент саны кем дегенде 20 адам болғанда
(бас мамандардың саны
мамандардың санының 80%-нен
артық емес)
2. Құрылымдық бөлiмшелер басшылары
орынбасарларының қызметi енгiзiледi:
Бөлiм бастығының бөлiмде (бөлiм бастығын қоса
орынбасары алғанда) кем дегенде 7 адам
болғанда
Басқарма бастығының басқармада (басқарма бастығын қоса
орынбасары алғанда) кем дегенде 10 адам
болғанда
Басқарма бастығы орынбасарының
қосымша лауазымы - әрбiр келесi
10 адамға
Департамент директорының департаментте ( бастықты қоса
орынбасары алғанда) кем дегенде 20 адам
болғанда
Департамент директоры
орынбасарының
қосымша лауазымы - әрбiр келесi
20 адамға