Об утверждении типовой формы договора на ведение охотничьего хозяйства Қолданыста
Басқа 0
Аңшылық шаруашылығын жүргізу жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың үлгілік нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу шарттарының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 18-04/16 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10229 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 5
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 542 бұйрығына
1-қосымша
Үлгілік нысан
Аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт
____________________ (елді мекен)
20__жылғы « _» ______
__________ облысы әкiмдігінiң 20__ жылғы «____»________________________
№________ қаулысы негізiнде, бұдан әрi «Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі»
деп аталатын, Ереже негізінде әрекет ететін _________________________________,
(Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі) бiр тараптан және бұдан әрі
«Пайдаланушы» деп аталатын, ________________ негізінде әрекет
ететін _____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы немесе азаматтың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, мекенжайы)
атынан _____________________________________________________________
(аңшылық ісін пайдаланушы өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)
екінші тараптан, төмендегiлер туралы осы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасты:
Тарау 1. 1-тарау. Шарттың нысанасы
1-тарау. Шарттың нысанасы
1. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі
___________________________ облысы ___________ауданында,
________________________________________________________
_____________________ шекараларында (осы шартқа қоса берілген
аңшылық шаруашылық паспортында көрсетілген межелі нүктелер
мен басқа да параметрлерге сәйкес шекаралардың сипаттауын көрсету
керек) орналасқан, жалпы алаңы_______гектар, оның iшiнде: ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi_____гектар, мемлекеттiк
орман қорының жер учаскелерi ____гектар, мемлекеттiк жер қорының
жер учаскелерi____гектар; су айдындары_____гектар;
басқалары______ гектар болатын Пайдаланушыға бекiтiп берiлген
аңшылық алқаптарда аңшылық шаруашылығын жүргiзу құқығын бередi.
Тарау 2. 2-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 2
2. Пайдаланушының:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жолдамалар беруге және олардың пайдалану мерзімін белгiлеуге;
Тармақша 2
2) жануарлар дүниесін пайдаланудың тек рұқсат берiлген түрлерін ғана жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) жануарлар дүниесi объектiлерiн оларды беру шарттарына сәйкес пайдалануға;
Тармақша 4
4) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның ішінде аңшылық олжаларын және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға;
Тармақша 5
5) жануарлар дүниесін пайдалануға жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға;
Тармақша 6
6) белгіленген сервитутқа сәйкес аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін уақытша құрылысжайлар салуға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар мен қағидаларға сәйкес қорықшыларды қызметтік қарумен қамтамасыз етуге;
Тармақша 8
8) аң-құс өсіруді жүзеге асыруға және аң-құс өсіруге (еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда) арналған аумақта әуесқойлық (спорттық) аң аулауды жүргізуге, сондай-ақ аң-құс өсіру нәтижесінде өсімі молайған жануарларды өз бетінше пайдалануға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Пайдаланушы:
Тармақша 1
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен рұқсат алынған жер бойынша жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны дер кезiнде төлеуге;
Тармақша 3
3) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;
Тармақша 4
4) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
Тармақша 5
5) жануарлар дүниесін табиғи қауымдастықтар тұтастығының бұзылуына және жануарларға қатыгез қарауға жол бермейтiн халық пен қоршаған орта үшiн қауiпсiз тәсiлдермен пайдалануға;
Тармақша 6
6) пайдаланылатын жануарлар дүниесi объектiлерi санының жыл сайынғы есебін жүргізіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есеп беріп тұруға;
Тармақша 7
7) жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнгендерiн қорғау мен өсiмiн молайтуды қамтамасыз етуге және олардың санының азайып кетуіне жол бермеуге;
Тармақша 8
8) аңшылық шаруашылығының ішкі регламентін бекітуге;
Тармақша 9
9) жеке тұлғаларға олардың жазбаша және ауызша өтініштері бойынша әуесқойлық (спорттық) аң аулауды жүргізуге жолдама беруге;
Тармақша 10
10) шаруашылық ішіндегі аңшылық ісін ұйымдастыруға сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнің өсімін молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шаралар жүргiзуге;
Тармақша 11
11) аншлагтар орнатуға;
Тармақша 12
12) ______ адам мөлшерінде қорықшылық қызметiн құруға;
Тармақша 13
13) ветеринариялық iс-шаралардың өткiзiлуiн қамтамасыз етуге;
Тармақша 14
14) 20 __жылғы «___» ______ дейін шаруашылық ішіндегі аңшылық ісін ұйымдастыруға және оның орындалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 15
15) аңшылық алқаптарды бекiтiп беруге арналған конкурсқа қатысу кезінде Пайдаланушы мәлiмдеген мiндеттемелердi орындауға;
Тармақша 16
16) осы шарттың талаптарын орындауға;
Тармақша 17
17) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттiк бақылау және қадағалау мақсатында тексерістерді жүзеге асыруға кедергi жасамауға;
Тармақша 18
18) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ведомствоның аумақтық бөлімшесіне жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасалған шарттар туралы, оның ішінде оларды бұзу туралы ақпарат жіберуге;
Тармақша 19
19) қорықшыларды көлік, байланыс құралдарымен, айырым белгілері бар арнайы киіммен, қорықшының төсбелгісімен, қорықшының куәлігімен қамтамасыз етуге;
Тармақша 20
20) табиғатты қорғау және жануарлар дүниесін пайдалану саласында мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізуге;
Тармақша 21
21) зоологиялық коллекцияның жасалғаны туралы уәкілетті органның ведомствосын хабардар етуге міндетті. Уәкілетті органның ведомствосына хабарламалар беру қызметтің жүзеге асырылуы басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын жүзеге асырылады;
Тармақша 22
22) бекiтiп берiлген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі іс-шараларды аңшылық шаруашылығы субъектілері есебінен қаржыландыруға;
Тармақша 23
23) бекiтiп берiлген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану бойынша өндірістік бақылауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 24
24) жеке тұлғаларға әуесқойлық (спорттық) аң аулауды жүзеге асыру үшін сервитут беруге;
Тармақша 25
25) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асырғанда Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға міндетті.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзырет шегінде:
Тармақша 1
1) аңшылық шаруашылығын жүргізу шартының талаптары жүйелі түрде бұзылғанда;
Тармақша 2
2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары жүйелі түрде бұзылғанда шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқығы бар.
Тарау 3. 3-тарау. Тараптардың жауапкершiлiгi
3-тарау. Тараптардың жауапкершiлiгi
Тармақ 5
5. Пайдаланушы осы шарт бойынша міндеттемелерін ешкімге толықтай да, ішінара да бермеуі тиіс.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат береді.
Тармақ 7
7. Пайдаланушы осы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.
Тармақ 8
8. Пайдаланушының құқықтары бұзылған жағдайда, Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Тарау 4. 4-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары
4-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары
Тармақ 9
9. Егер шарттың қандай да бір міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау еңсерілмейтін күштің мән-жайларынан туындаса, Тараптардың ешқайсысы осылай орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.
Тармақ 10
10. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары деп Тараптардың бақылауына көнбейтін, олардың қателігімен немесе салақтығымен байланысты емес және тосын сипатқа ие осы шартты орындауға кедергі келтіретін оқиға танылады.
Тармақ 11
11. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған жағдайда, Пайдаланушы бұл жайында почтамен немесе факсимильді байланыспен еңсерілмейтін күштің мән-жайлары басталған уақытты және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарлама тапсыру және (немесе) жөнелту арқылы Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі дереу хабардар етеді.
Тармақ 12
12. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған кезде, Тараптар орын алып отырған жағдайдан шығудың амалын іздестіру үшін Инспекция өкілдерінің қатысуымен дереу кеңес өткізеді және еңсерілмейтін күштің мән-жайларының зардаптарын барынша азайту үшін заңнамаға қайшы келмейтін барлық құралдарды пайдаланады.
Тармақ 13
13. Осы тарауда көрсетілген еңсерілмейтін күштің мән-жайларын құзыретті мемлекеттік органдар мен ұйымдар растаған болса, олар заңды болып танылады.
Тарау 5. 5-тарау. Қорытынды ережелер
5-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 14
14. Осы шарт қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және 20 __ жылғы «___» ______ дейін ____ жыл мерзiмге жасалды.
Тармақ 15
15. Осы шарттың қолданылуы:
Тармақша 1
1) аңшылық шаруашылығын жүргізуден ерікті түрде бас тартқан;
Тармақша 2
2) шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;
Тармақша 3
3) Пайдаланушының қызметі тоқтатылған;
Тармақша 4
4) аңшылық алқаптар және (немесе) учаскелер бекітіп берілген жер учаскелері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекет мұқтаждығы үшін алып қойылған жағдайларда тоқтатылады.
Тармақ 16
16. Аңшылық шаруашылығын жүргізу жөніндегі дауларды шешу кезінде тараптар осы шарттың талаптарын, шаруашылық ішіндегі аңшылық ісін ұйымдастыруды және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
Тармақ 17
17. Есепке алу алаңдары мен жануарлардың маршруты көрсетіле отырып жоспарланған аңшылық шаруашылықтардың карта-схемалары бар осы шартқа қосымшаға сәйкес бекітілген нысандағы паспорт осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 18
18. Осы шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалып, оған екі тараптың уәкілетті өкілдері қол қойған болса, олардың заңды күші болады және шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 19
19. Тараптар осы шарттан туындайтын дауларды келіссөздер арқылы шешуге тырысады, ал тараптар келісімге қол жеткізбеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Тармақ 20
20. Осы шарт заңдық күші бірдей _______ данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.
Тарау 6. 6-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, деректемелері және қолтаңбалары
6-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, деректемелері және қолтаңбалары
Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі
Пайдаланушы _______________________ ___________________________
(атауы) (атауы)
______________________________ _________________________________
(почталық мекенжайы) (почталық мекенжайы)
______________________________ _________________________________
(банктік деректемелері) (банктік деректемелері)
______________________________ _________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (лауазымы, аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі) (бар болса), тегі)
______________________________ _________________________________
(қолы, мөрі (бар болса)) (қолы, мөрі (бар болса))
Тарау 1. Аңшылық шаруашылығының паспорты 1-тарау.
Аңшылық шаруашылығының паспорты 1-тарау.
Аңшылық шаруашылығының сипаттамасы
1. Аңшылық шаруашылығының атауы: ____________________________
2. Пайдаланушы: _______________________________________________
(ұйымның атауы және мекенжайы)
3. Негiздеме - ___________облысы әкiмдiгiнiң 20__ жылғы «__»_______ № ___ қаулысы
және 20__жылғы «__»________ 20__жылғы «_»__________ дейін _____ жыл мерзімге
жасалған ________________ мен _____________ арасындағы 20__жылғы
«__»______________ № ______ аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт.
Бекіту мерзімі _______________жыл, 20__жылғы «__»________ 20__жылғы «__»________ дейін.
4. Аңшылық шаруашылығы __________________облысы ___________________
ауданының аумағында орналасқан.
5. Аңшылық шаруашылығының шекаралары ________________________
(межелі нүктелерге сәйкес шекаралардың сипатталуы көрсетілуі керек)
6. Аңшылық шаруашылығының алаңы: _____ гектар, оның iшiнде: мемлекеттік
орман қорының жерлерi___ гектар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы бекiтiп
берiлген жерлер __ гектар, су айдындары ___ гектар; мемлекеттiк жер қоры
жерлерi ___ гектар, өзгелері ____ гектар.
7. Аңшылық шаруашылығындағы қорықшы учаскелердің (айналмалардың)
саны: ________________________________________________________________
Тарау 2. 2-тарау. Аңшылық iсiнің көрсеткiштерi
2-тарау. Аңшылық iсiнің көрсеткiштерi
8. Шаруашылық iшiндегі аңшылық iсiн 20___ жылы ________________
_____________________________________________________ орындады.
(орындаушы)
9. __________________ аңшылық шаруашылығының санаты, аңшылық
шаруашылығы қызметiнiң негiзгi бағыты: жануарлар дүниесі түрлерінің әр
алуандылығын, олардың мекендеу ортасын, жануарларды, оның ішінде
аң аулау объектісіне жатпайтындарды, тұрақты пайдалануды, өсімін молайтуды
және қорғауды сақтау, әуесқой (спорттық) аң аулауды ұйымдастыру.
10. Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың негізгі түрлері
бойынша бонитеттік бағалау шаруашылық ішіндегі аңшылық ісін ұйымдастыру
материалдарында келтіріледі.
11. Аңшылық алқаптардың жануарлар түрлерi бойынша өткiзу қабiлетi:
суда жүзетiн аң-құстар бойынша:___________________________________;
егіс және дала аң-құстары бойынша: _______________________________;
орман аң-құстары бойынша: ______________________________________;
батпақты жерлердің аң-құстары бойынша: __________________________;
қырғауыл бойынша: _____________________________________________;
қоян бойынша: _________________________________________________;
тұяқты жануарлар бойынша: _____________________________________;
өзге түрлер:____________________________________________________;
(түрлердiң атауы)
12. Шаруашылық iшiндегі аңшылық iсiн ұйымдастыру көрсеткiштерi
р/с №
Шаруашылық iшiндегі аңшылық iсiнің көрсеткiштерi
20___ж.
20___ж.
20___ж.
20___ж.
20___ж.
1
Жануарлар дүниесi объектілерінің өсімін молайтуға арналған учаскелер: Саны/алаңы
2
Дамылдау аймақтары:
Саны/алаңы
3
Аншлагтар саны
4
Мұнаралар саны
5
Кепелер саны
6
Басқалары
13. Аңшылық шаруашылығының штаты:
р/с №
Штаттық лауазымдардың атауы
Штат бiрлiктерiнің саны
Жылдық жалақы (мың теңге)
Ескертпелер
1
Директор
2
Аға аң танушы
3
Аң танушы
4
Аға қорықшы
5
Қорықшы
6
Басқалары
Тарау 3. 3-тарау. Өсiмді молайту көрсеткіштері
3-тарау. Өсiмді молайту көрсеткіштері
14. Аңшылық шаруашылығы үшiн зиянды жануарлардың санын шектеу:
р/с №
Ауланғаны (бас)
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
1
Қасқыр
2
Шибөрi
3
Қаңғыбас иттер мен мысықтар
4
Қарға-құзғын тұқымдастары
5
Басқалары
15. Жануарларды аңшылық шаруашылығына шығару
р/с №
Жануар түрi
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
1
2
3
16. Аңшылық шаруашылығында биотехникалық iс-шаралар жүргізу (бiрлiктер саны)
р/с №
Жасалды
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
1
Жасанды ұялар
2
Ұсақ тастақ жерлер
3
Суаттар
4
Сортаңдар
5
Тұрақты астаулар
6
Қоректендiру алаңқайлары
7
Құс қанаты қомдалатын жерлер
8
Құстар бой тасалайтын бұталар
9
Шабылған жерлер
10
Өзгелері
17. Аңшылық шаруашылығының аумағында есепке алынған аңшылық жануарлары (дарақ):
№
Жануарлар түрлері
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
1
2
3
4
5
18. Жабайы жануарлар үшiн дайындалған және салынған азық және үстеме азық
р/с №
Азық түрлерi
Дайындалған азық көлемi (бөлiмiнде - дайындалғаны, алымында - салынғаны)
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
1
Пiшен (тонна)
2
Сыпырғы мен бұтақшалар (центнер)
3
Тамыр жемістер (центнер)
4
Астық (центнер)
5
Астық қалдығы (центнер)
6
Жемiс-жидектер (центнер)
7
Басқа азықтар (центнер)
8
Тұз (килограмм)
9
Өзгелерi
19. Аңшылық шаруашылығы қызметiне жұмсалған еңбек үлесi
р/с №
Жұмыстар атауы
Бірлік өлшеу
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
1
Алқаптарды қорғау
2
Биотехникалық іс- шаралар
3
Мәдени-ағарту жұмыстары
4
Басқалары
Тарау 4. 4-тарау. Экономикалық көрсеткіштер
4-тарау. Экономикалық көрсеткіштер
20. Браконьерлiкпен күрес
р/с №
Анықталған қағидаларды бұзу фактілері
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
1
Аң аулауда
2
Өзгелерiнде
21. Аңшылық шаруашылығында аң аулайтын иттердiң, елiктiрушi үйректердiң болуы
р/с №
Түрлерi
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
20_ жыл
1
Аң аулайтын иттер
2
Елiктiрушi үйректер
3
Өзгелерi
22. Аңшылық шаруашылығындағы құрылыстардың болуы
р/с№
Құрылыс түрі
Салынған жылы
Саны
Алаңы (шаршы метр)
Төсек орнының саны
Ескертпе
1
Қорықшы кордоны
2
Басқа да құрылыстар
23. Аңшылық шаруашылығындағы көлiктердің болуы
р/с №
Көлiк түрлерi
20___ж.
20___ж.
20___ж.
20___ж.
20___ж.
1
Жүк автомашиналары
2
Жеңiл автомашиналар
3
Мотоциклдер
4
Қайықтар
5
Аттар
6
Қaршаналар
7
Өзгелері
Пайдаланушы:___________ __________________________
_______________________________ ________/_____________/
Аңшылық шаруашылығының паспортын Пайдаланушы жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанында статистикалық және бухгалтерлiк есепке алу құжаттарының негiзiнде толтырады. Паспортқа аңшылық шаруашылығының шекаралары мен межелі нүктелері көрсетілген карта-схема және жануарлардың есепке алу алаңдары мен есепке алу маршруттары көрсетілген карта-схема қоса беріледі.
Басқа 2. Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт (кәсіпшілік немесе әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу кезінде)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 542 бұйрығына
2-қосымша
Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт (кәсіпшілік немесе әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу кезінде)
Басқа 3. Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт
(көл-тауарлы балық өсiру шаруашылығын немесе тор қоршамада
балық өсіру шаруашылығын жүргізу кезінде)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 542 бұйрығына
3-қосымша
Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт
(көл-тауарлы балық өсiру шаруашылығын немесе тор қоршамада
балық өсіру шаруашылығын жүргізу кезінде)
Тарау 7