Об утверждении Правил формирования системы управления рисками и внутреннего контроля для центрального депозитария Қолданыста
Басқа 0
Орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 22-3) тармақшасына және 49-1-бабының екінші бөлігіне, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді
басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 318 қаулысымен
бекітілді
Орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 22-3) тармақшасына және 49-1-бабының екінші бөлігіне, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және орталық депозитарий үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Орталық депозитарийдің директорлар кеңесі орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің Қағидаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді және орталық депозитарийдің органдарының, бөлімшелерінің және қызметкерлерінің оларға тәуекелдерді басқару және ішкі бақылауды жүзеге асыру саласындағы міндеттерін орындау үшін жағдай жасайды.
Тармақ 3
3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) баға тәуекелі - қаржы нарықтарындағы орталық депозитарийдің меншікті активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін жағдайлар өзгерген жағдайда туындайтын, қаржы құралдары құнының өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;
Тармақша 2
2) бедел тәуекелі - жағымсыз қоғамдық пікір немесе орталық депозитарийге деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
Тармақша 3
3) бэк-тестинг - орталық депозитарий бойынша тарихи деректерді пайдалана және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;
Тармақша 4
4) валюталық тәуекел - орталық депозитарий қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының жағымсыз өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;
Тармақша 5
5) клирингтік операциялар - есептерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ өзара есепке алуды жүргізу мен клирингке қатысушылардың таза позицияларын анықтау бойынша операциялар;
Тармақша 6
6) коммуникациялық жүйе - орталық депозитарийдің органдары мен бөлімшелері арасында эмитенттердің, депоненттердің және орталық депозитарийдің, сондай-ақ орталық депозитарийдің өзге жүйелерінің ақпарат беру процестерін басқаруға арналған орталық депозитарийдің
бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуі;
Тармақша 7
7) корпоративтік басқару - акционерлердің жалпы жиналысы, директорлар кеңесі, басқарма арасындағы өзара қарым-қатынастар кешенін білдіретін, орталық депозитарийдің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оның акционерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған және акционерлерге орталық депозитарийдің қызметіне тиімді бақылау мен мониторинг жасау мүмкіндігін беретін орталық депозитарийді стратегиялық және тактикалық басқару жүйесі;
Тармақша 8
8) кредиттік тәуекел - эмитенттің немесе контрагенттің шығарылған қаржы құралдары немесе жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерін келісілген талаптарға сәйкес орындамауы, сондай-ақ орталық депозитарийдің қызметі үшін ақыны клиенттердің төлемеуі немесе уақтылы төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
Тармақша 9
9) құқықтық тәуекел - орталық депозитарийдің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы, оның ішінде орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмеуі, орталық депозитарийдің қызмет практикасының оның ішкі құжаттарына сәйкес келмеуі, ал Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қатысты - басқа мемлекеттердің заңнамасының талаптарын бұзу салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
Тармақша 10
10) меншікті активтерді инвестициялау саясаты - инвестициялау объектілерінің тізбесін, орталық депозитарийдің меншікті активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсатын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерін, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын белгілейтін құжат;
Тармақша 11
11) нарықтық тәуекел - нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің, шетел валюталары бағамдарының, қаржы құралдарының нарықтық құнының тиімсіз өзгеруіне байланысты қаржылық шығындар туындау тәуекелі;
Тармақша 12
12) операциялық тәуекел - ішкі процестерді жүзеге асыру барысында қызметкерлер тарапынан, ақпараттық технологиялар мен жүйелердің жұмыс істеуі барысында жол берілген кемшіліктердің немесе қателіктердің нәтижесінде, сондай-ақ сыртқы оқиғалар салдарынан шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі, оған:
жауапкершілікті бөлуді, есеп берушілік және басқару құрылымын қоса алғанда, орталық депозитарийдің анық емес және тиімсіз ұйымдық құрылымына;
ақпараттық технологиялар саласындағы тиімсіз стратегияларға, саясатқа және (немесе) стандарттарға, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктерге;
толық емес немесе шындыққа сай келмейтін ақпаратқа не ақпаратты тиісінше пайдаланбауға;
қызметкерлерді тиімді басқармауға және (немесе) орталық депозитарийдің білікті емес штатына;
орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру процесінің құрылу тиімділігі жеткіліксіз не ішкі қағидаларды сақтауды бақылаудың нашар болуына;
орталық депозитарийдің қызметіне сыртқы ықпал етудің күтпеген немесе бақыланбайтын факторларына;
орталық депозитарийдің қызметін реттейтін ішкі құжаттарында кемшіліктердің немесе қателердің болуына;
орталық депозитарий басшылығының және қызметкерлерінің клиенттік базасының тарылуына, клиенттердің және (немесе) қарсы әріптестердің орталық депозитарийге деген сенімсіздігіне немесе теріс қабылдауына әкелген кәсіби емес іс-қимылдарына байланысты тәуекелдер кіреді;
Тармақша 13
13) орын алған және әлеуетті мүдделер қайшылығын басқару - орталық депозитарийдің лауазымды адамының немесе қызметкерінің мүдделері олардың шешімдер қабылдауының және міндеттерді атқаруының әділдігіне және тәуелсіздігіне әсер ететін, сондай-ақ олардың орталық депозитарий клиенттерінің және (немесе) акционерлерінің мүдделерінде іс-әрекет жасау міндеттемесіне қайшы келетін жағдайларға жол бермеу тетіктерін құру;
Тармақша 14
14) өтімділікті жоғалту тәуекелі - орталық депозитарийдің өз міндеттемелерін ықтимал орындамауына не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретінде өтімділігін жоғалту тәуекелі олардың төмен шығасыларымен және қолайлы бағалар бойынша тез сатылу мүмкіндігімен айқындалады;
Тармақша 15
15) стресс-тестинг - орталық депозитарийдің қаржылық жай-күйіне орталық депозитарийдің қызметіне әсер етуі мүмкін болатын ерекше, бірақ ықтимал оқиғалардың нақты әсер етуін өлшеу әдістері;
Тармақша 16
16) стресстік жағдайлар - орталық депозитарий жүйесінің жұмысындағы шамадан артық жұмыс істеу, іркілістер, қателердің және (немесе) өзге ақаулардың пайда болуына байланысты күтпеген жағдайлар;
Тармақша 17
17) тәуекелдерді басқару жүйесі - өзара байланысты элементтердің жиынтығы: акционер үшін қолайлы тәуекел деңгейі шеңберіндегі іске асырылған және әлеуетті тәуекелдерді басқару бойынша бірыңғай үдеріске біріккен және тәуекелдерді басқару жөніндегі мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағытталған рәсімдер, әдістемелер, ақпараттық жүйелер. Орталық депозитарийдің іске асырылған және әлеуетті тәуекелдерін анықтау және басқару процесіне бекітілген құзырет және жауапкершілік шегінде директорлар кеңесі, басқарма, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері қатысады;
Тармақша 18
18) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;
Тармақша 19
19) ішкі аудит қызметі - орталық депозитарийдің Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес құрылған бөлімшесі;
Тармақша 20
20) ішкі бақылау жүйесі - орталық депозитарийдің ұзақ мерзімді мақсаттарын іске асыруын және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын, орталық депозитарийдің ережелер жинағын, орталық депозитарийдің саясатын, ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтауға, шығындар тәуекелін немесе орталық депозитарийдің бедел тәуекелін төмендетуге ықпал ететін қаржылық және басқару есептілігінің сенімді жүйесін қолдауды қамтамасыз ететін ішкі бақылау саясатының процестерінің және рәсімдерін жиынтығын білдіретін тәуекелдерді басқару жүйесінің бөлігі;
Тармақша 21
21) ішкі құжаттар - орталық депозитарий, оның органдары, бөлімшелері мен қызметкерлері қызметінің талаптары мен тәртібін реттейтін құжаттар;
Тармақша 22
22) «stop-loss» лимиттері - орталық депозитарийдің меншікті активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарымен операциялар бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі;
Тармақша 23
23) «take-profit» лимиттері - орталық депозитарийдің меншікті активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарымен операциялар бойынша кірістердің рұқсат етілген шекті деңгейі бойынша лимиттерді белгілеу саясаты.
Тармақ 4
4. Орталық депозитарий жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың
1 шілдесінен кешіктірмей уәкілетті органға Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалау жөніндегі есепті ұсынады.
Тармақ 5
5. Орталық депозитарий жылына екі рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тәуекелдерді басқару жөніндегі қызмет туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 6
6. Орталық депозитарий жылына кемінде бір рет орталық депозитарийдің қызметі ұшыраған тәуекелдер бойынша стресс-тестингті есептейді.
Орталық депозитарийдің қызметі ұшыраған тәуекелдер бойынша стресс-тестинг нәтижелері орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес ресімделеді және мынадай ақпаратты қамтиды:
стресс-тест сценарийінің сипаттамасы;
таңдап алынған стресс-тест сценарийіне негіздеме;
стресс-тестинг нәтижелері бойынша ұсынымдар.
Тармақ 7
7. Орталық депозитарий жүйелі түрде, бірақ жылына кемінде бір рет тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің қағидалардың ережелеріне сәйкес келуін дербес бағалайды.
Тарау 2. 2-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі
2-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі
Тармақ 8
8. Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру орталық депозитарий қызметінің корпоративтік басқару, ақпараттық жүйелердің және басқару ақпарат жүйесінің жұмыс істеуі, қызметтің лицензияланған түрі шеңберінде операциялар жүргізу, активтер мен міндеттемелерді басқару, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінің, туынды қаржы құралдарымен ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер тізілімдерінің жүйесінің (бұдан әрі – есепке алу және тізілімдер жүйелері) және орталық депозитарийдің өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйелерінің жұмыс істеуі жөніндегі талаптарға сәйкес келуі мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру міндеттері:
Тармақша 1
1) тәуекелдерді және қауіптерді уақтылы анықтау;
Тармақша 2
2) тәуекелдер көрсеткіштерінің рұқсат етілетін ең жоғары мәндерін бағалаудың сапасын арттыру;
Тармақша 3
3) тәуекелдерді бақылаудың балама тетіктерін дамыту;
Тармақша 4
4) тәуекелдерді барынша азайту және басқару бойынша уақтылы шараларды қабылдауды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшені қоса алғанда, орталық депозитарийдің жекелеген құрылымдық бөлімшелерін тәуекелдерге мониторинг жүргізу және бағалау процесіне тарту, сондай-ақ орталық депозитарий қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару саласындағы жауапкершілігін арттыру болып табылады.
Тармақ 10
10. Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесінде Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Тәуекелді сәйкестендіруге, өлшеуге, бағалауға, бақылауға және мониторингіне қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын тәуекелді сәйкестендіру, өлшеу, бағалау, бақылау және мониторингі қамтылады.
Тармақ 11
11. Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесінде оның қызметінің мынадай бағыттарын қамтылады:
Тармақша 1
1) қаржылық құралдармен және ақшамен есеп айырысу процесін жүргізу мен басқару;
Тармақша 2
2) орталық депозитарийдің эмитенттері, депоненттері және клиенттері ұсынатын ақпаратты жинау, енгізу, сақтау және тарату;
Тармақша 3
3) номиналды ұстаушылар үшін номиналды ұстауды жүзеге асыру процесі қызметінің үздіксіз, үзіліссіз болуын, эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары бойынша құқықтарды есепке алуды, қаржы құралдарымен және (немесе) ақшамен есеп айырысуларды жүзеге асыру, сондай-ақ есепке алу және тізілімдер жүйелеріндегі мәліметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында есепке алу және тізілімдерді жүргізу жүйелеріне, өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйелерге тұрақты мониторинг жүргізу;
Тармақша 4
4) орталық депозитарий өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық және коммуникациялық жүйелерді қоса алғанда, орталық депозитарийдің бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуінің жыл сайынғы ішкі аудитін жүргізу;
Тармақша 5
5) орталық депозитарийдің қызметін есепке алу және тізілімдер жүйелерінің, ақпараттық, коммуникациялық жүйелердің жұмыс істеуі, номиналды ұстаушылар үшін номиналды ұстауды жүзеге асыру процесі, эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары бойынша құқықтарды есепке алу, қаржы құралдарымен есеп айырысулар, есепке алу және тізілімдер жүйелерінде қамтылған мәліметтерді көрсету, орталық депозитарийде жүргізілетін жекелеген операцияларды автоматтандыру, сондай-ақ ақпаратты жинау, енгізу, есепке алу, сақтау және орталық депозитарий қызметінің өзге бағыттары бөлігіндегі қызметін одан әрі қарай дамытуға және жетілдіруге бағытталған жобаларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 6
6) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің ішкі құжаттарына қойылатын талаптарға сәйкес ішкі құжаттарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 7
7) Орталық депозитарийдің сенімгерлік басқаруға берілген меншікті активтерін қоспағанда, Қағидаларға 6-қосымшға сәйкес Орталық депозитарийдің меншікті активтерінің есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес орталық депозитарийдің меншікті активтерін қаржы құралдарына инвестициялау;
Тармақша 8
8) орталық депозитарийді басқарудың ұйымдық-функционалдық құрылымын құру және жетілдіру;
Тармақша 9
9) орталық депозитарийдің мүдделі органдарына шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты беру және орталық депозитарийдің органдары мен бөлімшелері арасында ақпарат алмасу;
Тармақша 10
10) орталық депозитарийдің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасындағы банктік заңнамасында және орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару саласындағы ішкі саясатында белгіленген талаптардың сақталу мониторингі;
Тармақша 11
11) депоненттермен және олардың клиенттерімен жұмысты ұйымдастыру тәртібін анықтау, оның ішінде дауларды қарау және шешу бойынша рәсімдерді анықтау;
Тармақша 12
12) бағалы қағаздарды ұстаушылар және жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысушылары тізілімдерінің жүйесін, мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін, туынды қаржы құралдарымен ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер тізілімдерінің жүйесін қалыптастыру, жүргізу және сақтау;
Тармақша 13
13) есепке алу және тізілімдер жүйелерін және өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйелерді жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру процесінің үздіксіз, үзіліссіз болуын қамтамасыз ету мақсатында осы жүйелердің мониторингін жүргізу;
Тармақша 14
14) эмитенттермен және бағалы қағаздарды ұстаушылармен жұмысты ұйымдастыру тәртібін анықтауды, оның ішінде дауларды қарауды және шешуді, сондай-ақ эмитенттердің және бағалы қағаздарды ұстаушылардың өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда тиісті шаралар қолдану бойынша рәсімдерін анықтау.
Тармақ 12
12. Орталық депозитарийдің ұйымдық құрылымында орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесін құру және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жекелеген тәуекелдерді басқару бөлімшесі қалыптастырылады.
Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің қызметкерлеріне орталық депозитарийдің басқа бөлімшелерінің функциялары мен міндеттері жүктелмейді.
Тармақ 13
13. Тәуекелдерді басқару жүйесінің барабарлығын және тиімділігін бағалауды орталық депозитарийдің ішкі аудит қызметі ішкі аудиттің жылдық жоспарына сәйкес жүргізеді.
Тарау 3. 3-тарау. Ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі
3-тарау. Ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі
Тармақ 14
14. Орталық депозитарийде ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру орталық депозитарийдің қызметінің операциялық және қаржылық тиімділігін, қажылық және басқару ақпаратының сенімділігін, толық болуын және уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасындағы банктік заңнамасының және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының талаптарын сақтау мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Орталық депозитарийдің ішкі бақылау жүйесі мынадай өзара байланысты элементтерден тұрады:
Тармақша 1
1) басқарушылық бақылау;
Тармақша 2
2) тәуекелді сәйкестендіру және бағалау;
Тармақша 3
3) бақылауды жүзеге асыру және өкілеттіктерді бөлу;
Тармақша 4
4) ақпарат және өзара іс-әрекет жасау;
Тармақша 5
5) мониторинг жүргізу және кемшіліктерді түзету.
Тармақ 16
16. Ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуі мынадай кезеңдердің үздіксіз кезекпен өту қағидаты бойынша жүреді:
Тармақша 1
1) орталық депозитарийдің ішкі регламенттеріне рәсімдерді қосу арқылы ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру (тиімділікті бағалау нәтижелерін ескере отырып);
Тармақша 2
2) орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру барысында ішкі құжаттардың талаптарына орындау;
Тармақша 3
3) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне бағалау жүргізу.
Тармақ 17
17. Ішкі бақылау жүйесі мынадай:
Тармақша 1
1) қызметтің жоспарлы көрсеткіштерімен қоса орталық депозитарий қызметінің операциялық (ағымдағы) нәтижелері туралы есептерді директорлар кеңесіне беру арқылы орталық депозитарийдің алға қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу процесін тоқсан сайын тексеру;
Тармақша 2
2) бөлімше басшыларының ішкі құжаттарда белгіленген нысан бойынша және кезеңділікпен бөлімшелердің қызметтерінің нәтижелері туралы толық есептерін тексеруі;
Тармақша 3
3) коммерциялық және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге құпияға жататын ақпаратқа (бұдан әрі – конфиденциалды ақпарат) бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге қол жеткізуге шектеу қою үшін бақылау жасау мақсатында тексеру;
Тармақша 4
4) тәуекелдің белгіленген лимиттерінің сақталуын тексеру және анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
Тармақша 5
5) орталық депозитарий директорлар кеңесінің міндетті авторландыруды талап ететін операциялардың тізбесіне қойылатын талаптарды белгілеуі;
Тармақша 6
6) операциялардың талаптары мен орталық депозитарийдің қызметіне байланысты тәуекелдерді басқару үлгілерін қолданудың нәтижелерін тексеру;
Тармақша 7
7) жүргізілген операцияларды орталық депозитарийдің есебінде және есептілігінде көрсетудің уақтылығын, дұрыстығын, толықтығы мен дәлдігін тексеру;
Тармақша 8
8) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін және тізілімдерін қоса алғанда, бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етілуінің және өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйелерінің жұмыс істеу сенімділігін тексеру;
Тармақша 9
9) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстауға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылға бағытталған рәсімдердің тиімділігін тексеру;
Тармақша 10
10) орталық депозитарийдегі мүдделердің орын алған және әлеуетті қақтығысын басқаруға бағытталған рәсімдердің тиімділігін тексеру;
Тармақша 11
11) қаржы құралдарының құнын және кірістілігін бағалау жөніндегі әдістемені қоса алғанда, орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын қаржы құралдарының құнын бағалаудың дұрыстығын және шынайылығын тоқсан сайын тексеру рәсімдерін жүргізуден тұрады.
Тарау 4. 4-тарау. Ішкі аудит
4-тарау. Ішкі аудит
Тармақ 18
18. Ішкі аудит жүйесі ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін орталық депозитарийдің тиімді қызметін қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметінің барлық аспектілері бойынша тексеру және объективті бағалау үшін орталық депозитарийдің ұйымдастыру, саясаты, рәсімдері және қабылдаған әдістері жүйесін білдіреді.
Тармақ 19
19. Ішкі аудиттің мақсаты болып ішкі бақылау жүйелерінің барабарлығын және тиімділігін бағалау, орталық депозитарий бөлімшелерінің жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жай-күйі туралы уақтылы және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмысты жақсарту жөніндегі пәрменді және тиімді ұсынымдарды беру табылады.
Тармақ 20
20. Орталық депозитарийдің ішкі аудит қызметінің басшысын және қызметкерлерін директорлар кеңесі тағайындайды және орталық депозитарийдің кез келген бөлімшесінің қызметімен немесе лауазымды адамының қызметімен байланысты, оның ішінде конфиденциалды ақпаратты құрайтын барлық қажетті құжаттарға рұқсаты бар.
Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерлері орталық депозитарий бөлімшелерінің қызметін басқарумен және (немесе) жетекшілік етумен байланысты функцияларды жүзеге асырмайды, сондай-ақ орталық депозитарийдің алқалы органдарының мүшелері болып табылмайды.
Тармақ 21
21. Директорлар кеңесі ішкі бақылау жүйесінің жай-күйін объективті бағалауды және оларды жетілдіру бойынша ұсынымдарды беру жолымен барабар ішкі бақылау жүйесінің болуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша функцияларын жүзеге асырғанда туындайтын міндеттерді шешу мақсатында ішкі аудит қызметі құрылады.
Тармақ 22
22. Ішкі аудит қызметі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы заңнамасын, ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарын, ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі және орталық депозитарийдің ішкі аудит қызметі туралы ережелерді, сондай-ақ орталық депозитарийдің қызметін регламенттейтін басқа ішкі құжаттарды және Қағидаларды басшылыққа алады.
Тармақ 23
23. Ішкі аудит қызметі ішкі орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында белгіленген мерзімдерде орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекітетін ішкі аудиттің жылдық жоспары мен ішкі аудит бағдарламасын жасайды.
Ішкі аудиттің жылдық жоспары орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес ішкі аудиттің басым бағыттарын айқындайтын тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде әзірленеді.
Тармақ 24
24. Мыналар ішкі аудит қызметінің негізгі функциялары болып табылады:
Тармақша 1
1) орталық депозитарийдің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін және процестерін тексеру;
Тармақша 2
2) орын алған кемшіліктер туралы қорытындылардан және орталық депозитарийдің қызметін жақсарту жөнідегі ұсынымдардан тұратын тексеру нәтижелері бойынша директорлар кеңесі үшін есептерді дайындау;
Тармақша 3
3) анықталған тәуекелдер деңгейін төмендетуді немесе орталық депозитарийдің бөлімше басшылығының және (немесе) органдарының орталық депозитарий үшін анықталған тәуекелдердің жарамдылығы туралы қабылдаған шешімін құжаттандыруды қамтамасыз ететін орталық депозитарий бөлімшелерін тексеру нәтижелері бойынша орталық депозитарийдің бөлімшелері мен органдары қабылдаған шаралардың тиімділігіне бақылау жасау;
Тармақша 4
4) ішкі және сыртқы аудит жүзеге асырылатын орталық депозитарийдің операцияларындағы тәуекел аясын айқындау;
Тармақша 5
5) орталық депозитарийдің басшылығына және сыртқы басқарушыларға ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын және дәлдігін қамтамасыз ету тұрғысынан орталық депозитарийдің ішкі бақылау рәсімдерін бағалау;
Тармақша 6
6) орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында көзделген ішкі аудит қызметінің құзыреті шегіндегі өзге функциялар.
Тармақ 25
25. Орталық депозитарийдің ішкі аудит қызметі жүргізетін тексеру барысында мына мәселелер қаралуға тиіс:
Тармақша 1
1) ішкі бақылау процестерін және рәсімдерін тексеру, олардың тиімділігін бағалау;
Тармақша 2
2) тәуекелдерді бағалау әдіснамасының және тәуекелдерді басқару рәсімдерінің (әдістемелерінің, бағдарламаларының, қағидалардың, тәртіптердің және операцияларды мен мәмілелерді жасау рәсімдерінің) толық қолданылуын және тиімділігін тексеру;
Тармақша 3
3) дерекқорлардың тұтастығын бақылауды және оларды заңсыз пайдаланудан қорғауды, күтпеген жағдайларда іс-қимыл жоспарының болуын қоса алғанда, есепке алу жүйелері мен тізілімдерінің және өзге де ақпараттық және коммуникациялық жүйелердің жұмыс істеу тиімділігін тексеру;
Тармақша 4
4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалау;
Тармақша 5
5) қаржылық есептіліктің дәйектілігін, толықтығын, объективтілігін, бухгалтерлік есептегі операциялардың уақтылы көрсетілуін, сондай-ақ ақпарат пен есептілікті жинау мен ұсынудың сенімділігін әрі уақтылығын тексеру;
Тармақша 6
6) орталық депозитарий қызметінің шеңберінде уәкілетті органға, сыртқы пайдаланушыларға ұсынылатын есептіліктің және ақпараттың дәйектілігін, толықтығын, объективтілігін және уақтылы ұсынылуын тексеру;
Тармақша 7
7) орталық депозитарий мүлкінің сақталуын қамтамасыз етудің қолданылып жүрген тәсілдерін (әдістерін) тексеру;
Тармақша 8
8) орталық депозитарий жүргізетін операциялардың экономикалық орындылығын және тиімділігін бағалау;
Тармақша 9
9) орталық депозитарийдің қызметкерлерді басқару қызметінің жұмысын бағалау;
Тармақша 10
10) орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында ішкі аудит қызметінің құзыреті шегіндегі мәселелер.
Тармақ 26
26. Ішкі аудитті жүргізу кезінде міндетті түрде пайдаланылатын бағалау жүйесі орталық депозитарийдің ішкі әдістемесінде айқындалады және ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін бағалаудың мынадай нұсқаларынан тұрады:
Тармақша 1
1) «қанағаттанарлықсыз жағдай»:
ішкі аудит нәтижелері бойынша ішкі рәсімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталды;
процестің тұтастығын бұзатын жоғары тәуекелді жою жөнінде шұғыл әрі тиімді түзету шарасы талап етіледі;
орталық депозитарийдің бөлімшелерін қайта құрылымдау талап етіледі;
Тармақша 2
2) «тәуекелдің жеткіліксіз жабылуы»:
ішкі аудит нәтижелері бойынша ішкі құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасы талаптарының қадағалап ден қою шараларын немесе санкцияларды қолдануға әкеп соғатын бұзушылықтары анықталды;
ішкі аудит қызметі белгілеген түзету іс-шараларын міндетті орындау арқылы анықталған бұзушылықтарды жою;
Тармақша 3
3) «жалпы бақылауға алынған»:
нәтижелер ішкі құжаттардың аздаған кемшіліктерін және (немесе) бұзылғанын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасы талаптарының қарапайым іскерлік операциялар барысында жойылатын қадағалап ден қою шараларын немесе санкцияларды қолдануға әкеп соқпайтын бұзушылықтың жекелеген жағдайларын көрсетеді;
кейбір кейінгі түзету іс-шаралары ұсынылады;
Тармақша 4
4) «барлық аспектілер бойынша жақсы»:
тәуекел мен өтеу арасындағы дұрыс баланс;
нәтижелер тек аздаған кемшіліктер немесе олардың толық болмағанын көрсетеді.
Тармақ 27
27. Ішкі аудит қызметінің басшысын және қызметкерлерін орталық депозитарийдің директорлар кеңесі тағайындайды.
Тармақ 28
28. Орталық депозитарийдің директорлар кеңесі және басқармасы ішкі аудит қызметінің есептерін талдайды және орталық депозитарийдің одан әрі қызметінде ішкі аудит қызметі анықтаған бұзушылықтардың алдын алу шараларын қабылдайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шаралар орталық депозитарийдің директорлар кеңесінің және басқармасының шешімдері (қаулылары) түрінде ресімделеді.
Тармақ 29
29. Орталық депозитарийдің басқармасы ішкі аудиттің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды және кемшіліктерді уақтылы және сапалы жоюды қамтамасыз етеді және ішкі аудит қызметінің ұсынымдарын орындауды шұғыл бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. Ішкі аудит қызметі орталық депозитарийдің басқармасынан орталық депозитарийдің құрылымдық бөлімшелерінің ішкі аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шараларды орындағаны туралы ақпарат алады және кемінде тоқсанына бір рет орталық депозитарийдің басқармасы қабылдаған шаралардың тиімділігіне бақылаудың нәтижелері туралы директорлар кеңесінің алдында есеп береді.
Тармақ 31
31. Орталық депозитарийдің ішкі аудит қызметінің есептері уәкілетті органға оның сұратуымен ұсынылады.
Басқа 1
Орталық депозитарийге арналған
тәуекелдерді басқару және
ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
№
Қағидалардың тиісті тармағын, тармақшасын, бөлігін, абзацын көрсету
Қағидалардың талаптарына сәйкестігін бағалау
Анықталған кемшіліктер
Анықталған кемшіліктерді жою бойынша қабылданған (жоспарланған) іс-шаралар
(іс-шараның мазмұны, орындау мерзімдері)
Жауапты орындаушылар (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), лауазымы, байланыс ақпараты)
1
2
3
4
5
6
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкестігін жалпы бағалау
____________________________________________________________________
Ұйымның бірінші басшысы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам
___________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы
_________________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Ішкі аудит қызметінің басшысы
_________________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Есепке қол қойылған күн 20___ жылғы «_____» ______________
Ескерту: нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада берілген.
Басқа 1.1
Тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау жүйесін
бағалау жөніндегі есеп нысанына
қосымша
Орталық депозитарийің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау мынадай өлшемшарттарға қарай жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) «сәйкес келеді» деген баға орталық депозитарий тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптардың өлшемшарттарын қандай да бір айтарлықтай кемшіліктерсіз орындаған кезде шығарылады;
Тармақша 2
2) «ішінара сәйкес келеді» деген баға орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптардың нақты өлшемшартын сақтауға жету қабілетіне қатысты айтарлықтай күмәннің пайда болуы үшін жеткілікті деп саналмайтын кемшіліктер анықталған кезде шығарылады;
Тармақша 3
3) «сәйкес келмейді» деген баға орталық депозитарий тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптардың өлшемшартын орындамаған кезде шығарылады.
Егер тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын жекелеген талаптар бағалай жүзеге асырылған күні орталық депозитарийге қатысты қолданылмаған жағдайда, талаптың осы өлшемшартына сәйкестікті бағалау жүзеге асырылмайды және «қолданылмайды» деген тиісті жазба қойылады.
Басқа 2. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Орталық депозитарийге
арналған тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау жүйесін
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.
Әкімшілік деректердің нысаны http://finreg.kz интернет-ресурсына орналастырылған
Тәуекелдерді басқару жөніндегі қызмет туралы ақпарат
Әкімшілік деректер нысанының индексі: RISK_TISR1
Кезеңділігі: жартыжылдық негізде
Есепті кезең: 20__ жылғы «___» _____________________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: бағалы қағаздардың орталық депозитарийі
Ұсыну мерзімі: есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей
№
Тәуекел оқиғасының сипаттамасы
Тәуекел түрі (түрлері)
Тәуекел оқиғасының пайда болуы
Еселігі
Жағдайлар саны
ай
1
ай
2
ай
3
ай
4
ай
5
ай
6
1
2
3
4
5
1.
2.
3.
кестенің жалғасы:
Тәуекелдердің пайда болу себептерін сипаттау
Тәуекелдердің пайда болу нәтижесінде салдардың (залалдардың) нысаны мен мөлшері
Есепті кезеңде пайда болған тәуекелдерді төмендету мақсатында қабылданған шаралар туралы ақпарат
шаралар
оларды іске асыру мерзімдері
6
7
8
9
Атауы________________________ Мекенжайы____________________________________
Телефон__________________________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________________________
Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам
________________________________________________________ ____________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефон
Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы
________________________________________________________ ____________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефон
Ішкі аудит қызметінің басшысы
________________________________________________________ _____________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) қолы, телефон
Күні 20___ жылғы «_____» ______________
Басқа 2.1. Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тәуекелдерді басқару
жөніндегі қызмет туралы
ақпарат нысанына
қосымша
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тәуекелдерді басқару жөніндегі қызмет туралы ақпарат (индексі - RISK_TISR1, кезеңділігі - жартыжылдық негізде)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) «Тәуекелдерді басқару жөніндегі қызмет туралы ақпарат» нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанды орталық депозитарий жартыжылдық негізде жасайды және есепті жартыжылдыққа толтырылады.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам, тәуекелдерді басқару бөлімшесінің басшысы, ішкі аудит қызметінің басшысы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. 2-бағанда орталық депозитарийдің қызметінде есепті кезең ішінде туындаған тәуекел оқиғалары сипатталады.
Тармақ 6
6. 3-бағанда Нысанның 2-бағанында көрсетілген тәуекел оқиғасына жататын тәуекел түрі (түрлері) көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 4-бағанда Нысанның 2-бағанында көрсетілген тәуекел оқиғасының орталық депозитарий қызметінің басынан бастап кезең ішіндегі еселігі (бірінші, қайталану) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 5-бағанда Нысанның 2-бағанында көрсетілген есепті кезеңдегі тәуекел оқиғаның туындау жағдайларының саны ай сайын көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 6-бағанда орталық депозитарий қызметінде есепті кезең ішінде Нысанның 2-бағанында көрсетілген тәуекел оқиғасының туындау себептері көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 7-бағанда Нысанның 2-бағанында көрсетілген тәуекел оқиғасының туындауы нәтижесінде салдардың (залалдардың), оның ішінде залалдардың түрі және мөлшері көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 8-бағанда орталық депозитарий қызметінде есепті кезең ішінде туындаған тәуекелдерді төмендету бойынша орталық депозитарий қабылдаған шаралар туралы ақпарат көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 9-бағанда Нысанның 8-бағанында көрсетілген шараларды іске асыру мерзімдері туралы ақпарат көрсетіледі.
Басқа 3
Орталық депозитарийге арналған
тәуекелдерді басқару және
ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру
қағидаларына
3-қосымша
Басқа 4. Тәуекелді сәйкестендіруге, өлшеуге, бағалауға, бақылауға және
мониторингтеуге қойылатын талаптар
Орталық депозитарийге арналған
тәуекелдерді басқару және ішкі
бақылау жүйесін қалыптастыру
қағидаларына 4-қосымша
Тәуекелді сәйкестендіруге, өлшеуге, бағалауға, бақылауға және
мониторингтеуге қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Орталық депозитарий өз қызметінде тәуекелдердің мынадай түрлерін сәйкестендіреді:
Тармақша 1
1) операциялық тәуекелдер;
Тармақша 2
2) құқықтық тәуекелдер;
Тармақша 3
3) бедел тәуекелдері;
Тармақша 4
4) нарықтық (баға, валюталық және пайыздық) тәуекелдер;
Тармақша 5
5) кредиттік тәуекелдер;
Тармақша 6
6) өтімділікті жоғалту тәуекелі;
Тармақша 7
7) орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару саясатына сәйкес айқындалатын тәуекелдер.
Тармақ 2
2. Операциялық тәуекелдерге:
Тармақша 1
1) жауапкершілікті бөлуді, есеп беру мен басқару құрылымын қоса алғанда, орталық депозитарийдің айқындалмаған және тиімсіз ұйымдық құрылымына;
Тармақша 2
2) ақпараттық технологиялар саласындағы тиімсіз стратегияларға, саясатқа және (немесе) стандарттарға, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктерге;
Тармақша 3
3) орталық депозитарий қызметкерлерін тиімсіз басқаруға және (немесе) оның білікті емес штатына;
Тармақша 4
4) есепке алу мен тізілімдердің жүйелерін рұқсатсыз пайдалануға;
Тармақша 5
5) орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру процестерін тиімді құру жеткіліксіздігіне не ішкі ережелерді сақтауға нашар бақылау жасауға байланысты тәуекелдерді;
Тармақша 6
6) орталық депозитарийдің қызметіне күтілмеген немесе бақыланбаған сыртқы ықпал ету факторларының әсеріне;
Тармақша 7
7) орталық депозитарийдің қызметін регламенттейтін ішкі құжаттарда кемшіліктер мен қателердің болуына;
Тармақша 8
8) эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдары бойынша құқықтарды есепке алу процесін, қаржы құралдарындағы мәмілелерді, есеп айрысуларды тіркеу, орталық депозитарийде жасалатын жекелеген операцияларды автоматтандыруды және есепке алу және тізілімдер жүйелерінде қамтылған мәліметтерді көрсету және көрсетілген жүйелерде операциялар жүргізу процесін бұзуға;
Тармақша 9
9) орталық депозитарий депоненттері және олардың клиенттері, бағалы қағаздардың эмитенттері және (немесе) ұстаушылары, қор биржасы ұсынатын конфиденциалды ақпаратты заңсыз пайдалануға;
Тармақша 10
10) орталық депозитарий органдары және олардың бөлімшелері арасында мүдделер қақтығысының туындауына;
Тармақша 11
11) ақпаратты жинауға, енгізуге, сақтауға және таратуға байланысты қателердің туындауына;
Тармақша 12
12) есепке алу және тізілімдер жүйесін, сондай-ақ пайдаланылатын ақпараттық және коммуникациялық жүйелер мен технологияны қоса алғанда, орталық депозитарийдің бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету жұмысындағы қателер мен іркілістердің туындау ықтималдылығына;
Тармақша 13
13) орталық депозитарий қызметі процесінде, оның ішінде эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдары бойынша құқықтарды есепке алу процесін ұйымдастыруды, қаржы құралдарындағы есеп айырысуларды, бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесіндегі мәліметтердің көрсетілуін қоса алғанда, жетілдірілмеген технологияларды пайдалану, жүйелік басқару функцияларын орындау салдарынан зиянның туындау ықтималдығына;
Тармақша 14
14) есепке алу мен тізілімдердің жүйелеріне деректерді енгізу мен өзгерту кезінде қателердің туындауына;
Тармақша 15
15) орталық депозитарий әлеуетті тәуекелдер ретінде сәйкестендіретін өзге жағдайларға байланысты тәуекелдер кіреді.
Тармақ 3
3. Операциялық тәуекелдерді өлшеу, бағалау, бақылау және мониторингтеу кезінде орталық депозитарий мынадай әдістердің біреуін немесе бірнешеуін қолданады:
Тармақша 1
1) тәуекелдің негізгі индикаторларын пайдалану;
Тармақша 2
2) тәуекелдердің матрицаларын қалыптастыру;
Тармақша 3
3) зиян бойынша ішкі деректерді жинау мен талдауды жүзеге асыру (зиян бойынша дерекқор жүргізу);
Тармақша 4
4) бизнес-процестердің сипаттамасы (регламентациялау);
Тармақша 5
5) аудиторлық тексерулердің нәтижелерін пайдалану.
Операциялық тәуекелдерді өлшеу, бағалау, бақылау және мониторингтеу әдістерін таңдау тәртібі орталық депозитарийдің операциялық тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша ішкі құжатында белгіленеді.
Тармақ 4
4. Құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесі (заң бөлімшесі) тәуекелдерді басқару бөлімшесімен бірлесіп орталық депозитарийдің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орталық депозитарийдің бұзуы салдарынан туындайтын құқықтық тәуекелдерді бақылауды және мониторингтеуді:
Тармақша 1
1) орталық депозитарий қызметінің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына, орталық депозитарийдің ішкі қағидаларына және шарттық қатынастар талаптарына сәйкес келуіне бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) орталық депозитарий қызметкерлерін тұрақты негізде орталық депозитарийдің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасымен таныстыру;
Тармақша 3
3) орталық депозитарийдің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген талаптарды орындамау тәуекелдерінің туындауын бағалауды жүргізу арқылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Жұртшылықпен байланыс бөлімшесі тәуекелдерді басқару бөлімшесімен бірлесіп:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар өкілдерінің, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, қаржы нарығын талдаушылардың орталық депозитарийдің қызметіне және (немесе) оның ағымдағы жай-күйіне қатысты қарама-қайшы және (немесе) теріс мәлімдемелері;
Тармақша 2
2) ресми емес дереккөздерден алынған ақпараттың рөлін күшейту, орталық депозитарий қызметкерлерінің, сол сияқты үшінші тұлғалардың шындыққа сәйкес келмейтін теріс ақпаратты таратуы;
Тармақша 3
3) орталық депозитарий туралы теріс ақпаратқа бұқаралық ақпарат құралдарының қызығушылығының өсуі;
Тармақша 4
4) орталық депозитарийдің беделіне теріс әсер ететін факторлар салдарынан туындайтын бедел тәуекелдерін бақылауды, мониторингтеуді, сол сияқты барынша азайтуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі мүдделі бөлімшелермен бірлесіп мерзімдік негізде, бірақ жылына кемінде бір рет тәуекелдердің әлеуетті қаупінің көздерін анықтау және стрестік жағдайлардың іске асырылуы салдарынан ықтимал күтілетін зияндарды бағалау үшін стресс-тестинг жүргізеді.
Стресс-тестинг сценарийлерін Орталық депозитарийдің басқармасы бекітеді.
Әдіснаманы және есептердің нысандарын қоса алғанда, стресс-тестингті жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар орталық депозитарийдің ішкі құжаттарымен белгіленеді.
Басқарма қажеттілігіне қарай (бірақ жылына кемінде бір рет) стресс-тестинг сценарийлерін, оның ішінде жалпы экономикалық және нарықтық конъюнктураның, орталық депозитарийдің тәуекел бейінінің өзгеруіне байланысты қайта қарауды жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Мыналар орталық депозитарийде тәуекелді бақылаудың және мониторингтеудің мақсаты болып табылады:
Тармақша 1
1) сәйкес келтірілмеген тәуекелдер мен қауіпті уақтылы анықтау;
Тармақша 2
2) тәуекелдер көрсеткішінің рұқсат етілген ең жоғары мәндерін бағалау сапасын арттыру;
Тармақша 3
3) тәуекелдерді басқарудың баламалы тетіктерін дамыту;
Тармақша 4
4) тәуекелдерді барынша азайту және басқару бойынша уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) тәуекелдерді басқару бөлімшесін қоса алғанда, орталық депозитарийдің жеке бөлімшелерін тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау процесіне тарту, сондай-ақ орталық депозитарий қызметкерлерінің тәуекелдерді басқару саласындағы жауапкершілігін арттыру.
Тармақ 8
8. Тәуекелдер мынадай сипаттамалар:
Тармақша 1
1) тәуекелдер басталуының жиілігі;
Тармақша 2
2) тәуекелдер ықпалының ауқымы бойынша талданады.
Тармақ 9
9. Тәуекел талдау нәтижелері негізінде жол берілген ретінде айқындалған тәуекелдер көрсеткішінің мәніне қатысты қабылданатын және қабылданбайтын тәуекелдер ретінде реттеледі.
Тармақ 10
10. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі басқармаға есепке алу жүйесін және тізілімдерді жүргізу, басқа номиналды ұстаушылар үшін номиналды ұстау процестерінің, қаржы құралдарындағы есеп айырысулардың және осындай техникалық іркілістер мен өзге жағдайлар туындаған күні есепке алу жүйесіндегі және тізілімдердегі мәліметтерді көрсету процестерінің бұзылуына әкелген техникалық іркілістер мен жағдайлар туралы мәліметтер ұсынады.
Тармақ 11
11. Орталық депозитарийдің басқармасы осы қосымшаның 10-тармағында көрсетілген техникалық іркілістер мен жағдайлар туралы мәліметтерді осы жағдай басталған күннен кейінгі күн ішінде директорлар кеңесі мен уәкілетті органға беруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 12
12. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі жартыжылдық негізде орталық депозитарийдің директорлар кеңесі мен басқармасына Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тәуекелдерді басқару жөніндегі қызмет туралы ақпарат береді.
Тармақ 13
13. Орталық депозитарийдің басқармасы орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекітетін тәуекелдер көрсеткіштерінің рұқсат етілген ең жоғары мәндерін айқындайды.
Тармақ 14
14. Жаңа тәуекелдер туындаған жағдайда және (немесе) тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері тәуекелді сәйкестендірген және (немесе) осы сәйкессіздікті анықтаған бөлімшенің тәуекелдер көрсеткіштерінің рұқсат етілген ең жоғары мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда, орталық депозитарийдің директорлар кеңесін және басқармасын хабардар етеді.
Тармақ 15
15. Басқарма тәуекелдерді бағалау нәтижелерінің негізінде оларды барынша азайтуға бағытталған ықтимал шараларды айқындайды.
Тармақ 16
16. Тәуекелдерді барынша азайту тәуекелдердің мәні тәуекелдер көрсеткіштерінің рұқсат етілген мәндерінің шегіне жақындаған не шегінен асқан жағдайларда қажет болады. Тәуекелдерді барынша азайту мына іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) ішкі бақылау жүйесін енгізу, тәуекелдерге мұқият мониторингтеуді және қадағалауды жүзеге асыру, тәуекелдерді басқару саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
Тармақша 2
2) орталық депозитарийдің қызметі процесінде орталық депозитарийдің органдары қабылдайтын осындай немесе өзге шешімдерге тән тәуекелдер туындаған жағдайда, сәйкестендіру және зиянды барынша азайту мүмкіндігі бойынша рәсімдерді жетілдіру;
Тармақша 3
3) ішкі аудит қызметінің орталық депозитарийдің жұмыс істеуін және (немесе) оның бөлімшелерінің жұмысын жоспардан тыс тексерулерді жүргізуі;
Тармақша 4
4) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінің және тізілімдерінің, өзге ақпараттық және коммуникациялық жүйелерінің аудитін 2 (екі) жылда кемінде 1 (бір) рет жүргізу;
Тармақша 5
5) орталық депозитарий басшы қызметкерлерінің тарапынан тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған іс-шараларға бақылауды арттыру;
Тармақша 6
6) орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда қосымша арнайы (кепілдік және (немесе) резервтік) қорларды қалыптастыру.
Тармақ 17
17. Орталық депозитарийдің директорлар кеңесі тәуекелдер басталуының болған жағдайлары бойынша есептілікті беру тәртібін бекітеді, оның міндеті:
Тармақша 1
1) тәуекелдердің басталуы салдарынан болған келтірілген зиян және теріс оқиғалар туралы ақпараттық базаны қалыптастыру;
Тармақша 2
2) тәуекелдердің басталуы нәтижесінде келтірілген нақты зиян туралы ақпаратты талдау арқылы операциялық тәуекелдерді басқару және барынша азайту жөніндегі процестерді жетілдіру;
Тармақша 3
3) тәуекелдердің басталуы нәтижесінде туындаған зиянның құнына кезеңдік бағалауды жүргізу;
Тармақша 4
4) тәуекелдер басталуының елеулі жағдайларына уақтылы және тиісінше ден қоюды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) деректерді жинау және енгізу, сондай-ақ ақпаратты қайталау және (немесе) жіберіп алу бойынша қателерді болдырмау жөніндегі рәсімдерді толық үйлестіруді қамтамасыз ету болып табылады.
Басқа 5. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің ішкі құжаттарына қойылатын талаптар
Орталық депозитарийге
арналған тәуекелдерді басқару
және ішкі бақылау жүйесін
қалыптастыру қағидаларына
5-қосымша
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің ішкі құжаттарына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесі мына ішкі құжаттардың болуын көздейді, бірақ олармен шектелмейді:
Тармақша 1
1) орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты;
Тармақша 2
2) орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау тәртібі;
Тармақша 3
3) ішкі бақылау мен ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдері;
Тармақша 4
4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бағытталған рәсімдерді;
Тармақша 5
5) орталық депозитарийде орын алған және әлеуетті мүдде қайшылықтарын басқару рәсімі;
Тармақша 6
6) орталық депозитарийдің, оның қызметкерлерінің және үшінші тұлғалардың өз мүдделері үшін оларды пайдалануларын болдырмауға бағытталған коммерциялық және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын мәліметтерді (бұдан әрі – конфиденциалды ақпарат) сақтауды қамтамасыз ету рәсімдері;
Тармақша 7
7) қаржылық құралдарымен мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асыру рәсімдері;
Тармақша 8
8) эмитенттер мен бағалы қағаздарды ұстаушылардың бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және айналысы жөніндегі олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан мониторинг жүргізу және бақылау рәсімдері;
Тармақша 9
9) орталық депозитарийдің ақпараттық саясаты;
Тармақша 10
10) қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық;
Тармақша 11
11) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құжаттама;
Тармақша 12
12) клиенттердің, эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтарын уақтылы орындамауды және (немесе) орындамауды, сондай-ақ деректерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарында жасалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелердің тізілімі жүйесіне қате енгізуді болдырмауға бағытталған рәсімдер;
Тармақша 13
13) орталық депозитарийдің операциялық процестерін қолданыстағы бақылаудың тиімділігін оңтайландыру бойынша рәсімдер;
Тармақша 14
14) орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру процесінде ақпаратты жасау және жария ету рәсімдері;
Тармақша 15
15) резервтік техникалық орталыққа қойылатын талаптар;
Тармақша 16
16) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын орталық депозитарийдің архивтік құжаттарын сақтауға арналған үй-жайға қойылатын талаптар;
Тармақша 17
17) басқарушылық ақпарат жүйесінің жұмыс істеу тәртібі;
Тармақша 18
18) орталық депозитарийдің директорлар кеңесі белгілеген өзге құжаттар.
Тармақ 2
2. Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты мыналарды:
Тармақша 1
1) тәуекелдерді басқару саласында директорлар кеңесінің, басқарманың, тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің және басқа бөлімшелердің өкілеттері мен функционалдық міндеттерін, сондай-ақ көрсетілген бөлімшелер арасында ақпаратпен алмасу тәртібін;
Тармақша 2
2) орталық депозитарийдің қызметімен және оның есепке алу және тізілім жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтау тәртібін қоса алғанда, тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалау бойынша рәсімдерді, сондай-ақ ішкі құжаттарға сәйкес тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәндерін анықтау бойынша рәсімдерді;
Тармақша 3
3) орталық депозитарий қызметінің және оның есепке алу және тізілім жүйелерінің жұмысы процесінде туындайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды;
Тармақша 4
4) стресс-тестинг әдіснамасын қоса алғанда, тәуекелдердің әрбір түрлері бойынша стресс-тестингті жүзеге асыру тәртібін;
Тармақша 5
5) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген рәсімдердің тиімділігі мониторингінің, тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері және тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды бағалаудың барабарлығы тетігін;
Тармақша 6
6) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген рәсімдерге және осы тармақтың 3) тармақшасында белгіленген шараларға сәйкес келмеген жағдайда қабылданатын шаралардың тиімділігі мониторингінің тетігін;
Тармақша 7
7) сәйкестендірілген (анықталған) тәуекелдердің мониторингін, оларды бағалау және бақылау бойынша рәсімдерді, оның ішінде:
тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің орталық депозитарийдің басқа бөлімшелерімен бірлесе отырып тәуекелдердің мониторингі мен идентификаттау бойынша қабылдайтын шараларды;
тәуекелдердің туындау жиілігін бағалауды, осы тәуекелдер әсер еткен ықпалды әрі қарай бөлуді және тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәндерін белгіліпеуді қоса алғанда, тәуекелдерді басқару бөлімшесі жүзеге асыратын тәуекелдерді бағалауды;
тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері және тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәндері өзгеруінің мониторингін қамтитын, тәуекелдерді басқару бөлімшесі жүргізетін тәуекелдердің, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда, тәуекелдерді барынша төмендету мақсатында қолданылатын шаралардың мониторингін;
тәуекелдерді басқару бөлімшесінің орталық депозитарийдің беделіне зиян келтіретін және (немесе) құқықтық тәуекеліне ықпал ететін кез келген маңызды жағдайлар туралы есептілікті директорлар кеңесіне дереу ұсыну тетігін айқындайды.
Тармақ 3
3. Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау тәртібі меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асырудың талаптары мен тәртібін, меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру процесінде қолданылатын құжаттардың үлгі нысандарын белгілейді және мыналар:
Тармақша 1
1) орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау саясатын әзірлеу;
Тармақша 2
2) орталық депозитарийдің меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін мыналарды көздейтін ұсынымдар дайындау:
ұсынымдар беруге уәкілетті тұлғалар лауазымдарының тізбесін;
инвестициялық портфельдің жай-күйін талдау тәртібін;
инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарының болуын, айналымы мен кірістілігінің талаптарын талдау тәртібін;
инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдерді талдау тәртібін;
ұсынымдар беру үшін маңызды факторлардың талдауын жүзеге асыру тәртібін;
Тармақша 3
3) инвестициялаудың мынадай лимиттерін айқындау:
қаржы құралдарының түрлері бойынша;
қызметінің негізгі түрі экономиканың белгілі бір секторымен байланысты эмитентің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері;
қаржы құралдары үшін «stop-loss» лимиттері;
қаржы құралдары үшін «take-profit» лимиттері;
Тармақша 4
4) инвестициялық комитет жұмысының сипаттамасын, отырыстар өткізу мен нәтижелерін ресімдеу кезеңділігін қамтитын орталық депозитарийдің меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау;
Тармақша 5
5) инвестициялық шешімдерді дайындау, қабылдау және орындау процесінде орталық депозитарийдің органдары мен бөлімшелерінің өзара іс-қимылдары;
Тармақша 6
6) делдалмен (брокермен) өзара іс-қимыл жасау (ол болған кезде), мәмілелер жасауды бақылау, активтердің құрамы мен қозғалысын салыстырып тексеруді жүзеге асыру, жасалған мәмілелердің ішкі есебін және құжат айналымын жүргізу жөніндегі процестердің сипаттамасын, сондай-ақ орталық депозитарийдің меншікті активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасауды бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың тізбесін қамтитын өз активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) орталық депозитарий Басқармасының уәкілетті орган алдында меншікті активтер есебінен жасалған қаржы құралдарымен операциялар бойынша қызметтің нәтижелері туралы есептілікті дайындауы бойынша рәсімдердің сипаттамасын қамтиды.
Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау тәртібі сондай-ақ, орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басқаруына берген жағдайда, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі тиісті шартта осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау лимиттері көзделетіні жөніндегі талапты белгілейді.
Тармақ 4
4. Меншікті активтерді инвестициялау саясаты мыналарды:
Тармақша 1
1) меншікті активтерді инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясын;
Тармақша 2
2) инвестициялау объектілерінің сипаттамасы мен тізбесін;
Тармақша 3
3) қаржы құралдарының түрлері бойынша меншікті активтерді инвестициялау лимиттерін;
Тармақша 4
4) меншікті активтер есебінен жасалатын қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысты белгіленген талаптар мен шектеулер;
Тармақша 5
5) хеджирлеу құралдарының тізбесін және сипаттамасын көрсете отырып, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;
Тармақша 6
6) меншікті активтерді инвестициялаумен байланысты тәуекелдерді айқындайды.
Тармақ 5
5. Орталық депозитарийдің директорлар кеңесі орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау саясатын және оған енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді.
Тармақ 6
6. Орталық депозитарийдің директорлар кеңесі ішкі бақылаудың барабар жүйесінің болуын, ішкі аудит қызметін құруды қамтамасыз етеді және орталық депозитарийдің қызметкерлері ішкі бақылау саласында өз міндеттерін, ішкі аудит қызметі ішкі аудит саласындағы өз міндеттерін орындау үшін жағдайлар жасайды.
Тармақ 7
7. Ішкі бақылау мен ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдерінде:
Тармақша 1
1) ішкі аудит қызметінің құрамы, оның функциялары, міндеттері мен өкілеттіктері;
Тармақша 2
2) ішкі аудитті және ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптар;
Тармақша 3
3) ішкі аудит пен ішкі бақылаудың мәні мен объектісі;
Тармақша 4
4) ішкі аудит қызметінің тексерулер жүргізу ауқымы мен жиілігі;
Тармақша 5
5) ішкі аудитті жүргізу кезінде міндетті түрде пайдаланылатын тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалау жүйесін;
Тармақша 6
6) ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптар;
Тармақша 7
7) ішкі аудит қызметінің тексеру нәтижелері туралы есептерді орталық депозитарийдің директорлар кеңесіне ұсыну мерзімдері мен нысаны айқындалады.
Тармақ 8
8. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарда бағытталған рәсімдерде:
Тармақша 1
1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заң) сәйкес клиенттерді сәйкестендіру және олардың операцияларын мониторингтеу тәртібі;
Тармақша 2
2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңға сәйкес қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге шараларды қабылдайтын мемлекеттік органға қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы, оның ішінде күдікті операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру айқындалады.
Тармақ 9
9. Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру барысында оның органдары мен (немесе) бөлімшелері арасында туындайтын орталық депозитарийде орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсімдері мыналарды айқындайды:
Тармақша 1
1) мыналарды қамтамасыз етуге бағытталған орталық депозитарий органдарының шешімдерді қабылдау тәртібін:
орталық депозитарий органдарының мүшелері қабылдайтын шешімдердің тәуелсіздігін;
орталық депозитарий органдары мүшелерінің қабылдайтын шешімдерге мүдделі болмауын;
орталық депозитарийдің органдары мүшелерінің және қызметкерлерінің орталық депозитарийдің органдарының отырыстарын өткізу барысында алынған ақпаратты барша адамға арасында осы ақпаратты ресми жария еткенге дейін оны өзінің жеке мақсатында не үшінші тұлғалардың мүддесіне қолдануларын шектеулерді;
Тармақша 2
2) орталық депозитарий органдарының отырыстарын өткізу қорытындысы бойынша хаттамаларды міндетті жасау мен сақтау бойынша талаптарды;
Тармақша 3
3) орталық депозитарийдің бөлімшелері арасында, орталық депозитарийдің органдары мен бөлімшелері арасында, орталық депозитарийдің органдары арасында орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын сипаттау;
Тармақша 4
4) орын алған мүдделер қақтығысын реттеу, сондай-ақ мүдделер қақтығысын реттеуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдау мақсатында іс-шаралар жүргізу тәртібі.
Тармақ 10
10. Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру барысында органдар мен (немесе) бөлімшелер арасында туындайтын орын алған және әлеуетті мүдделер қайшылығын басқару мақсатында орталық депозитарий мынадай шаралар қабылдайды:
Тармақша 1
1) мүдделер қайшылығы бар немесе туындауы мүмкін бөлімшелердің орталық депозитарийдің түрлі басшы қызметкерлеріне есеп беруі қамтамасыз етіледі;
Тармақша 2
2) орын алған және әлеуетті мүдделер қайшылығын ескере отырып орталық депозитарийдің бөлімшелері мен органдары арасында ақпаратпен алмасу тәртібі әзірленуде және енгізілуде;
Тармақша 3
3) орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес ішкі аудит қызметі орталық депозитарийдің бөлімшелерінің қызметін және қызметкерлердің орталық депозитарий қабылдаған орталық депозитарийде орын алған және әлеуетті мүдделер қайшылығын басқару рәсімдеріне сәйкестігін үнемі тексереді.
Тармақ 11
11. Конфиденциалды ақпаратты құрайтын мәліметтерді орталық депозитарийдің, оның қызметкерлерінің немесе үшінші тұлғалардың жеке мүдделері үшін пайдаланудың алдын алуға бағытталған олардың сақталуын қамтамасыз ету рәсімдеріне мына шаралар кіреді:
Тармақша 1
1) инсайдерлермен, сондай-ақ олармен үлестес тұлғаларымен өз мүддесі немесе үшінші тұлғалардың мүдделері үшін инсайдерлік ақпаратты қолдана отырып бағалы қағаздармен мәмілелер жасаудың алдын алу;
Тармақша 2
2) инсайдерлік немесе соған негізделген ақпаратты инсайдерлердің, сондай-ақ олардың үлестес тұлғаларының үшінші тұлғаларға ашуының алдын алу;
Тармақша 3
3) инсайдерлік ақпаратты немесе инсайдерлік ақпаратқа негізделген ақпаратты, оның ішінде инсайдерлердің, сондай-ақ олардың үлестес тұлғаларының бағалы қағаздармен мәмілелер жасау бойынша ұсыныстарында пайдалануын алдын алу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конфиденциалды немесе соған негізделген ақпаратты үшінші тұлғаларға берудің немесе барша адамға таратудың алдын алу;
Тармақша 5
5) орталық депозитарий қызметкерлерінің үшінші тұлғаларға инсайдерлік және өзге де конфиденциалды ақпаратқа негізделген қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы үшінші тұлғаларға ұсыныстар беру мүмкіндігін шектеу;
Тармақша 6
6) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) 56-1-бабында көзделген шараларды орталық депозитарийдің инсайдерлік ақпараттық басқаруды және пайдалануды бақылау бөлігінде жүзеге асыру.
Тармақ 12
12. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асыру рәсімдері мыналарды айқындайды:
Тармақша 1
1) есеп айырысуларды жинау, салыстырып тексеру және растау бөлігінде қателер туындауының алдын алуға, сондай-ақ оларды өзара есепке алуды жүргізуге бағытталған іс-шаралар;
Тармақша 2
2) егер клиринг операцияларын автоматты түрде жүзеге асырған немесе орталық депозитарийде клиринг операцияларын автоматты түрде жүзеге асыру көзделмеген жағдайда клиринг операцияларының дұрыс жүзеге асырылуын және клиринг операцияларын жүзеге асыруға тікелей жауап беретін қызметкерлердің біліктілігін тұрақты түрде арттыруды басқарма тарапынан бақылауды қамтамасыз еткен жағдайда орталық депозитарийдің бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуіне есеп айырысуды жүргізу жүйесінде қателер және техникалық іркілістердің болуын мониторингтеу және тестілеу тәртібі;
Тармақша 3
3) клиринг операцияларын жүзеге асыру процесінде қателіктер туындаған кезде депоненттер мен орталық депозитарий арасындағы мәселелерді шешу тәртібі.
Тармақ 13
13. Эмитенттердің және бағалы қағаздарды ұстаушылардың бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және айналысқа шығару бойынша тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасы және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келу мәнін мониторингтеу мен бақылау рәсімдері мыналарды айқындайды:
Тармақша 1
1) эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың ұсынатын бұйрықтарын Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 80-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті органның бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларда оларды орындаудан бас тарту үшін негіздемелердің болуына тексеру жүргізу тәртібі;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздардың қайталама нарығында айналыста тұрған бағалы қағаздардың саны уәкілетті орган тіркеген бағалы қағаздардың санына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асыру тәртібі.
Тармақ 14
14. Орталық депозитарийдің ақпараттық саясаты мыналарды айқындайды:
Тармақша 1
1) орталық депозитарийдің қор биржасымен, эмитенттермен, бағалы қағаздарды ұстаушылармен, депоненттермен, депоненттердің клиенттерімен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен ақпараттық өзара қарым-қатынас жасау тәртібі;
Тармақша 2
2) орталық депозитарийдің беделіне әсер етуі ықтимал ақпаратқа тұрақты мониторинг бойынша талаптар;
Тармақша 3
3) орталық депозитарийдің беделіне зиян әкелетін ақпарат пайда болған және таратылған жағдайда қажетті шараларды уақтылы қабылдау бойынша талаптар.
Тармақ 15
15. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықта мыналар айқындалады:
Тармақша 1
1) өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар;
Тармақша 2
2) форс-мажорлық және (немесе) күтпеген жағдайлар туындаса орталық депозитарий қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің сипаты бар, төтенше және (немесе) күтпеген жағдайлар туындау жағдайындағы іс-әрекеттер жоспары;
Тармақша 3
3) орталық депозитарий қызметкерлерінің бағдарламалық-техникалық кешендерін және өзге жабдықты пайдалану тәртібі;
Тармақша 4
4) орталық депозитарийдің үй-жайлары жабылу алдында қараудың жүйелілігі.
Тармақ 16
16. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құжаттама мыналарды:
Тармақша 1
1) орталық депозитарийдің ақпараттық қауіпсіздік саясатын;
Тармақша 2
2) қорғалуға жататын және оның ішінде қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын ақпарат тізбесін (бұдан әрі – қорғалатын ақпарат);
Тармақша 3
3) қорғалатын ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін;
Тармақша 4
4) қорғалатын ақпаратты өңдейтін ақпараттық жүйелердің тізбесін;
Тармақша 5
5) қорғалатын ақпаратты өңдейтін ақпараттық жүйелерді таңдау, енгізу, әзірлеу және тестілеу кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды;
Тармақша 6
6) қорғалатын ақпаратты өңдейтін ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті басқару тәртібін;
Тармақша 7
7) қорғалатын ақпаратты өңдейтін ақпараттық жүйелердің резервтік көшірмелерінің резервтік көшірмелерін жасау, сақтау, қалпына келтіру, жұмысқа қабілеттілігін тестілеу тәртібін;
Тармақша 8
8) орталық депозитарийдің ақпараттық инфрақұрылымын вирусқа қарсы қорғауды қамтамасыз ету тәртібін;
Тармақша 9
9) орталық депозитарийде пайдалануға рұқсат етілген бағдарламалық қамтылымның тізбесін;
Тармақша 10
10) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қабылданған шараларының бұзылғаны туралы не ақпараттық қауіпсіздікке қатысы болуы мүмкін бұрын белгісіз болған жағдай туралы куәландыратын ақпараттық қауіпсіздік жүйесін қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында жеке немесе сериялы түрде туындайтын оқиғаларды (бұдан әрі – ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары) мониторингтеудің кезеңділігі мен қағидаларын;
Тармақша 11
11) мониторингтелуге тиіс ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының тізбесін;
Тармақша 12
12) ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары көздерінің тізбесін;
Тармақша 13
13) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында жекелеген немесе сериялы түрде туындайтын, олардың тиісінше жұмыс істеуіне қатер төндіретін және (немесе) қорғалатын ақпаратты заңсыз алу, көшірмесін түсіру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау үшін жағдайлар жасайтын іркілістерді (бұдан әрі – ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары) өңдеу тәртібін;
Тармақша 14
14) ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына жатқызу тәртібін;
Тармақша 15
15) орталық депозитарийдің қызметкерлері болып табылмайтын адамдардың қорғалатын ақпаратты өңдейтін ақпараттық жүйелерге қол жеткізу тәртібін;
Тармақша 16
16) Интернетті және электрондық поштаны пайдалану кезінде ақпаратты қорғау тәртібін;
Тармақша 17
17) ақпараттық жүйелердің жаңартуларын басқару тәртібін айқындайды.
Тармақ 17
17. Клиенттердің, эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтарын уақтылы орындамауды және (немесе) орындамауды, сондай-ақ деректерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне қате енгізуді болдырмауға бағытталған рәсімдер мыналарды айқындайды:
Тармақша 1
1) орталық депозитарийдің депоненттерінің, эмитенттерінің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушыларының бұйрықтарын уақтылы орындамауды және (немесе) орындамауды болдырмауға бағытталған шаралар;
Тармақша 2
2) есепке алу және тізілімдер жүйелеріне деректер, оның ішінде түрлі қызметкерлердің бір бұйрықтың деректерін екі рет енгізу арқылы қате енгізудің алдын алу шаралары;
Тармақша 3
3) орталық депозитарийдің ақпараттық жүйелерін пайдаланушыларға орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі мәліметтерді өзгерту өкілеттігіне ие пайдаланушылар үшін орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне кіру парольдерін орнату құқықтарын беру тәртібі;
Тармақша 4
4) бұйрықтарды және олардың орындалуын, сондай-ақ клиенттердің, эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың шағымдарын және оларды қанағаттандыру бойынша шараларды есепке алу электрондық журналының нысаны;
Тармақша 5
5) өңделген бұйрықтарды бастапқы құжаттармен салыстырып тексеру тәртібі;
Тармақша 6
6) операцияларды жасауға берілген бұйрықтың мәртебесі туралы клиенттерді, эмитенттерді және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушыларды хабардар ету тәртібі.
Тармақ 18
18. Орталық депозитарийдің операциялық процестерін қолданыстағы бақылаудың тиімділігін оңтайландыру рәсімдері мыналарды айқындайды:
Тармақша 1
1) бастапқы құжаттар негізінде іс-әрекеттерді жүзеге асырумен байланысты тәуекелдер:
бастапқы құжаттарды уәкілетті емес тұлғаның ұсынуы;
бастапқы құжаттардың ұрлануы, айырбасталуы немесе жоғалуы;
қолданыста жоқ бұйрықты ақпараттық жүйеге, есепке алу және тізілімдер жүйелеріне енгізу;
бір бұйрықтың деректерін түрлі қызметкерлердің ақпараттық жүйеге, есепке алу және тізілімдер жүйелеріне екі рет енгізуі;
бұйрық деректерінің ақпараттық жүйеге, есепке алу және тізілімдер жүйелеріне дұрыс енгізілмеуі;
бұйрықты ақпараттық жүйеге, есепке алу және тізілімдер жүйелеріне енгізуді орындамау;
бұйрықты ақпараттық жүйеге, есепке алу және тізілімдер жүйелеріне уақтылы енгізбеу;
бұйрықтың ақпараттық жүйедегі, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі дұрыс емес мәртебесін таңдау;
бұйрықтың ақпараттық жүйедегі, есепке алу және тізілімдер жүйелеріндегі мәртебесіне өзгеріс енгізбеу;
бұйрықтың ақпараттық жүйеде, есепке алу және тізілімдер жүйелеріндегі өзгертуге жатпайтын мәртебесін өзгерту;
ақпараттық жүйедегі, есепке алу және тізілімдер жүйелеріндегі өзгертуге жатпайтын анықтамалықтар деректерін өзгерту;
ақпараттық жүйеде, есепке алу және тізілімдер жүйелеріндегі анықтамалықтар деректерінің дұрыс өзгертілмеуі;
ақпараттық жүйедегі, есепке алу және тізілімдер жүйелеріндегі анықтамалықтар деректеріне өзгерістер енгізбеу;
тиісті құжатсыз ақпараттық жүйеде, есепке алу және тізілімдер жүйелерінде анықтамалықтар деректерін өзгерту;
ақпараттық жүйеде, есепке алу және тізілімдер жүйелерінде анықтамалықтар деректерін уақтылы өзгертпеу;
Тармақша 2
2) бастапқы құжаттар негізінде есептік және өзге құжаттарды берумен байланысты тәуекелдер:
есептік құжатты қалыптастыруды орындамау;
есептік құжатты уақтылы қалыптастырмау;
есептік құжаттағы дұрыс емес деректер;
бұйрықтың қате мәртебесін көрсете отырып орындау туралы есепті қалыптастыру;
есептік құжатты уәкілетті емес тұлғаға беру;
есептік құжаттарды ұрлау, айырбастау және жоғалту;
Тармақша 3
3) ақпараттық жүйелерді пайдалануға байланысты тәуекелдер:
операциялық күнді ашу (жабу) рәсімдерін орындамау;
қор биржасының терминалын қосуды орындамау;
кіріс файлының дұрыс емес форматы;
кіріс файлының дұрыс емес мазмұны;
түрлі қызметкерлердің дерекқорда жазбаны қалыптастыру үшін деректерді екі рет енгізуі;
дерекқорда жазбаны қалыптастыруды орындамау;
ақпараттық жүйеде жөнелтушіден келген құжаттардың қайталануы (операциялық күн ішінде);
есептеулерді кейінге қалдыру күнімен бұйрықты кезекке қою;
ақпараттық жүйеде транзакцияларды жүргізу кезіндегі қателер;
бұйрықты қарсы бұйрықсыз орындау (екі қарсы бұйрықтар негізінде тіркелетін мәмілелер бойынша);
айналыста болмаған бағалы қағаздар бойынша бұйрықты орындау;
регламентке кірмейтін уақытта бұйрықты орындау;
регламентке кірмейтін уақытта бұйрықты қабылдау;
ашылмаған операциялық күн кезінде бұйрықты орындау;
бағалы қағаздармен операцияларды тоқтата тұру кезінде бұйрықты орындау;
рұқсат етілмеген операциялар бойынша бұйрықты орындау;
Тармақша 4
4) ақпараттық жүйелерді пайдалануға байланысты тәуекелдер:
компьютерлік вирустардың енуі;
лицензиялық емес бағдарламаларды пайдалану;
ақпараттық жүйелерге рұқсатсыз кіру;
серверлік жабдыққа техникалық қызмет көрсету кезіндегі қателер;
электрлік қоректендіру жүйесіндегі іркілістер;
серверлерді кондиционирлеу жүйелерінің іркілістері;
серверлік жабдықтың техникалық іркілісі;
желілік жабдықтың техникалық іркілісі;
деректерді тасымалдағыштарды (қатты дискілерді және өзге тасымалдағыштарды) ұрлау, әдейі бүлдіру;
деректерді тасымалдағыштарға (қатты дискілердегі және өзге тасымалдағыштар) рұқсатсыз қол жеткізу;
табиғи сипаттағы төтенше жағдай;
серверлік бөлмедегі өрт;
серверлік бөлмені судың басып қалуы;
ақпараттық жүйедегі бағдарламалық іркіліс;
тапсырыс берушінің бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша қалыпқа келтірілген талаптарының болмауы;
бағдарламалық қамтамасыз етудің кодын белгілеушілер үшін техникалық тапсырманы дұрыс жасамау;
бағдарламалық қамтамасыз ету кодын жазу кезіндегі қате;
әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу кезіндегі қате;
бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және (немесе) енгізу кезіндегі қате.
Тармақ 19
19. Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру барысында жасау және ақпаратты жариялау рәсімі мыналарды:
Тармақша 1
1) бағалы қағаздарды ұстаушыларға эмитент акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу немесе эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеуі туралы, сондай-ақ эмитенттің бағалы қағаздарының шығарылымы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда жасау және жариялау тәртібін;
Тармақша 2
2) депоненттердің, депоненттер клиенттерінің, эмитенттердің және өзге де жеке және заңды тұлғалардың сұратулары негізінде оларға есепке алу және тізілімдер жүйесін құрайтын ақпаратты ұсыну рәсімін;
Тармақша 3
3) Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 43-бабына сәйкес орталық депозитарийді есепке алу жүйесін және жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтерді алу құқығына ие мемлекеттік органдарға ақпарат ұсыну рәсімін айқындайды.
Тармақ 20
20. Орталық депозитарийдің резервтік техникалық орталығы бар және жедел іске қосу үшін оның тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді. Резервтік техникалық орталық мынадай талаптарға сәйкес келеді:
Тармақша 1
1) есепке алу және тізілімдер жүйесін құрайтын, есепке алудың және тізілімдердің негізгі жүйелеріне ұқсас электрондық деректердің көшірмесі бар;
Тармақша 2
2) орталық депозитарийдің негізгі жүйелерінің орналасқан орны бойынша тұрған резервтік жүйелерге ұқсас резервтік жүйелердің өзекті көшірмесі бар;
Тармақша 3
3) барлық дереккөздер мен ақпараттық жүйелердің өзекті көшірмелерін қамтиды, олардың жұмысындағы іркілістер негізгі қызметтің тоқтауына және клиенттерге қызмет көрсетудің мүмкін болмауына әкеп соғады;
Тармақша 4
4) техникалық резервтік орталықтың қауіпсіздігі мен үзіліссіз жұмысына әсер ететін техногендік және табиғи сипаттарды ескере отырып орталық депозитарийдің негізгі жүйелерінің орналасқан жерінен қауіпсіз арақашықтықта орналасады;
Тармақша 5
5) орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру үшін қажетті барлық коммуникациялармен қамтамасыз етіледі;
Тармақша 6
6) орталық депозитарийдің есепке алу және тізілімдер жүйесінің орналасқан орны бойынша штаттан тыс жағдай туындаған кезде келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қызметті жүзеге асыру мүмкіндігін береді.
Тармақ 21
21. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін құрайтын орталық депозитарийдің архив құжаттарын сақтау үшін пайдаланылатын үй-жайлар мынадай талаптарға сәйкес келеді:
Тармақша 1
1) архив құжаттарын сақтауға бейімделген жеке үй-жай;
Тармақша 2
2) құжаттарды сақтауға арналған архив сақтау орнында құжаттарды сақтаудың талаптары мен өлшемшарттарын: сақтаудың температуралық-ылғалдылық, жарық, санитарлық-гигиеналық, күзет режимдерінің жасалуы және сақталуы қамтамасыз етіледі;
Тармақша 3
3) архив қызметкерлерінің жұмыс бөлмелері, сондай-ақ орталық депозитарий және (немесе) орталық депозитарийдің архив құжаттарын сақтау қызметін көрсететін ұйым қызметкерлерінің үй-жайлары архив сақтау орнынан оқшауланған;
Тармақша 4
4) архив сақтау орны химиялық заттарды, тағам өнімдерін сақтауға және қолдануға байланысты зертханалық, өндірістік және қойма үй-жайларынан алшақ орналасады және олармен ортақ желдеткіш арналары болмайды;
Тармақша 5
5) архив сақтау орны өрт шығу қауіпсіздігімен қамтамасыз етіледі, өрт сөндіру дабылымен жабдықталады және су баспауына кепілдік берiледi. Жалпы және әр қабаттағы ажыратқыштар архив сақтау орнынан тыс орналастырылады. Архив сақтау орнында газ, су жүргізетін, канализациялық және өзге де магистралды құбырлар орналастырылмайды;
Тармақша 6
6) архив сақтау орны күзет дабылымен жабдықталады;
Тармақша 7
7) архив сақтау орны стационарлық немесе жылжымалы металл стеллаждармен жабдықталады.
Тармақ 22
22. Басқару ақпарат жүйесінің жұмыс істеу тәртібі директорлар кеңесінің міндеттерін тиімді орындау мақсатында орталық депозитарий қызметінің барлық бағыттары бойынша толық, дәйекті және уақтылы ақпаратты директорлар кеңесіне тұрақты негізде беруін қамтамасыз етеді.
Басқарушылық ақпарат жүйесінің жұмыс істеу тәртібі ақпаратты уақтылы және толық көлемде дайындауға және орталық депозитарийдің директорлар кеңесіне беруге жауапты орталық депозитарийдің тұлғаларын, құрылымдық бөлімшелерін, органдарын көрсете отырып, орталық депозитарийдің қызметі туралы басқарушылық ақпаратты орталық депозитарийдің директорлар кеңесіне ұсыну өлшемшарттарын, құрамын, қалыптастыру жиілігін және нысандарын қамтиды.
Басқа 6. Орталық депозитарийдің меншікті активтерінің есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Орталық депозитарийге арналған
тәуекелдерді басқару және ішкі
бақылау жүйесін қалыптастыру
қағидаларына 6-қосымша
Орталық депозитарийдің меншікті активтерінің есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Орталық депозитарийдің меншікті активтерін тиімді инвестициялауды қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерді басқару бөлімшесі кемінде бір тоқсанда 1 (бір) рет мыналарды жүргізеді:
Тармақша 1
1) эмитенттің қаржылық ахуалын талдауды қоса алғанда, эмитенттерді және олар шығарған (берген) қаржы құралдарына, оның активтері құнының одан әрі өсу әлеуетіне, қабылданған міндеттемелер бойынша жауап беру қабілетіне, осы эмитенттің қаржы құралдарына инвестициялауға және осы тәуекелдердің орталық депозитарийдің қаржылық жағдайына әсер етуіне байланысты тәуекелдерге талдау;
Тармақша 2
2) инвестициялау жүргізу болжанған қаржы құралдары айналымының және кірістілігінің талаптарын талдау;
Тармақша 3
3) портфельдің құрылымы, кірістіліктің өзгеру серпіні туралы мәліметтер, портфельдің құрылымын оңтайландыру жөніндегі шығынды позициялар мен ұсынымдарды талдау қамтылатын, меншікті активтер есебінен сатып алынған бағалы қағаздар портфеліне талдау.
Тармақ 2
2. Осы қосымшаның 1-тармағында көрсетілген талдамалық зерттеулер негізінде аталған ұсынымдарды беруге негіздеме болған факторлардың толық тізбесі қамтылған ұсынымдар әзірленеді.
Тармақ 3
3. Ұсынымдар:
Тармақша 1
1) меншікті активтерді инвестициялау саясатын әзірлеу, сондай-ақ көрсетілген құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу барысында;
Тармақша 2
2) инвестициялау лимиттерін анықтау мен қайта қарау барысында;
Тармақша 3
3) орталық депозитарийдің меншікті активтері есебінен мәмілелерді жасау туралы инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде беріледі.
Тармақ 4
4. Ұсынымда мынадай мәліметтер:
Тармақша 1
1) ұсынымның берілген күні және нөмірі;
Тармақша 2
2) орталық депозитарийдің ұсынымды дайындаған жауапты бөлімшесі немесе қызметкері туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпарат көздерінің тізбесі (сипаттамасы);
Тармақша 4
4) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижелері, мына ақпаратты қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей:
жасалатын мәміленің меншікті активтер бойынша кірістердің болжанатын өзгерісіне әсері туралы;
осы қаржы құралын сатып алумен байланысты тәуекелдер туралы;
Тармақша 5
5) инвестициялық шешімнің ұсынылатын нұсқалары;
Тармақша 6
6) қаржы құралының түрін, көлемін, бағалар диапазонын, осы құралдың кірістілік деңгейін және басқа сипаттамаларын (талаптарын) көрсететін сипаттамасы;
Тармақша 7
7) орталық депозитарийдің инвестициялау саясатына сәйкес мәміле жасауға ұсынылатын қорытындының мақсаты;
Тармақша 8
8) ұсыным берген тұлғалардың атқаратын лауазымдарын көрсете отырып, олардың қойған қолдары;
Тармақша 9
9) орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында белгіленген өзге де ақпарат қамтылады.
Тармақ 5
5. Ұсынымдар оларды дайындауға негіздеме болған барлық құжаттармен бірге сақталады.
Тармақ 6
6. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:
Тармақша 1
1) қаржы құралдарымен операциялар бойынша, оның ішінде қаржы құралдары нарығында («stop-loss» лимиттері) бағалардың күрт ауытқуымен байланысты шамадан тыс шығыстарды болдырмау жөніндегі шұғыл рәсімдерді, сондай-ақ қаржы құралдары бойынша тиісті кірістілік бағаларының шекті деңгейлерін белгілейді, ол деңгейлерге жеткеннен кейін қаржы құралының нарықтық құнының («take-profit» лимиттері) төмендеу ықтималдығы артады. Белсенді нарық орын алған қаржы құралдары үшін, сондай-ақ тізбесін инвестициялық комитет анықтайтын өзге де қаржы құралдары үшін «stop-loss» және «take-profit» лимиттері белгіленеді;
Тармақша 2
2) қаржы құралдары нарығының ауқымы мен серпініне және қаржы құралының өтімділігіне сәйкес лимиттерді қайта қарауға бастамашы болады;
Тармақша 3
3) меншікті активтер бойынша өтімділікті жоғалту тәуекелдеріне ұшырайтындығы туралы қорытынды дайындайды және осы қорытындыны директорлар кеңесіне береді;
Тармақша 4
4) меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру барысында алынатын ақпарат негізінде инвестициялық портфельдің кредиттік, пайыздық, валюталық және баға тәуекелдеріне ұшырағыштығы туралы қорытынды дайындайды және осы қорытындыны инвестициялық комитетке ұсынады;
Тармақша 5
5) тәуекелді бағалау моделі және ағымдағы бағаларды нарықтық бағаларға келтіру негізінде қаржы құралдарының құнын бағалауды жүргізеді, оның ішінде орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша баға тәуекелі бойынша стресс-тестингті жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) бэк-тестинг жүргізеді, атап айтқанда орталық депозитарий жөніндегі тарихи деректерді пайдалана отырып және стресс-тестинг жүргізу нәтижесінде есептелген нәтижелерді қаржы құралдарымен операциялар жасасудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстырып, тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеруді жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) стресс-тестингтің және бэк-тестингтің нәтижелерін директорлар кеңесіне және тәуекелдерді бағалау мен жүйелі түрдегі стресс-тестингтердің нәтижелерін қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде пайдаланатын инвестициялық комитетке береді.
Тармақ 7
7. Тәуекелдерді басқару бөлімшесінің осы қосымшаның 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес дайындаған қорытындысында мыналармен шектелмей, төмендегі:
Тармақша 1
1) инвестициялық комитет белгілеген лимиттердің сақталуына жасалатын мәміленің әсері туралы;
Тармақша 2
2) осы қаржы құралын сатып алумен байланысты тәуекелдер туралы мәліметтер қамтылады.
Тармақ 8
8. Ұсынымдар мен қорытындылар негізінде директорлар кеңесі инвестициялаудың басым бағыттарын айқындайды, ал инвестициялық комитет инвестициялық шешімдерді қабылдайды, бір жылда кем дегенде 1 (бір) рет мынадай инвестициялау лимиттерін:
Тармақша 1
1) қаржы құралдарының түрлері бойынша инвестициялау лимиттерін;
Тармақша 2
2) негізгі қызмет түрі экономиканың белгілі бір секторымен байланысты эмитенттердің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттерін;
Тармақша 3
3) қаржы құралдарына арналған «stop-loss» лимиттерін;
Тармақша 4
4) қаржы құралдарына арналған «take-profit» лимиттерін белгілейді және қайта қарайды.
Тармақ 9
9. Инвестициялық комитет отырысын өткізу қорытындысы бойынша міндетті түрде мыналарды:
Тармақша 1
1) отырыста қаралатын мәселелер тізбесін;
Тармақша 2
2) инвестициялық шешімді қабылдау үшін инвестициялық комитетке ұсынылған құжаттар тізбесін;
Тармақша 3
3) қаржы құралдарының атауын, сондай-ақ олармен мәмілелер жасау талаптарын көрсете отырып, осы отырыста қабылданған инвестициялық шешімдердің параметрлерін;
Тармақша 4
4) отырыста қаралатын әрбір мәселе бойынша дауыс беру қорытындыларын;
Тармақша 5
5) инвестициялық комитет мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген және ерекше пікірі болған жағдайда, олардың негіздемелері мен күтілетін тиімділігі бар пікірлерін көрсете отырып, хаттама жасалады.
Тармақ 10
10. Хаттамаға инвестициялық комитеттің отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері қол қояды және ол инвестициялық комитет қабылдаған инвестициялық шешімдермен бірге сақталады.
Тармақ 11
11. Инвестициялық шешім қаржы құралдарымен жасалатын бір, сол сияқты бірнеше мәмілелерге қатысты қабылданады.
Тармақ 12
12. Инвестициялық комитет отырысының қорытындысы бойынша қабылданған қаржы құралдарымен мәміле жасау үшін инвестициялық шешімде:
Тармақша 1
1) инвестициялық шешімді қабылдау күні мен нөмірі;
Тармақша 2
2) инвестициялық шешім қабылдауға негіз болған ұсынымды беру күні және нөмірі;
Тармақша 3
3) жасалуы тиіс мәміле түрі;
Тармақша 4
4) мәміле жасалатын қаржы құралын сәйкестендіргіш;
Тармақша 5
5) жасалуы тиіс мәміленің көлемі, бағасы және сомасы (көлемінің, бағасының және сомасының ауқымы);
Тармақша 6
6) мәміле жасау мерзімдері;
Тармақша 7
7) мәміле жасау болжанып отырған нарықтың түріне сілтеме (алғашқы немесе қайталама, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған, халықаралық нарықтар);
Тармақша 8
8) мәміле жасау болжанатын делдалдың (брокердің) (мұндай бар болса) атауы;
Тармақша 9
9) инвестициялық комитет мүшелерінің біреуінде инвестициялық шешімді қабылдауға (қабылдамауға) қатысты ерекше пікірінің болуына нұсқау;
Тармақша 10
10) инвестициялық шешімді қабылдаған адамдардың атқаратын лауазымдарын көрсете отырып қойған қолдары қамтылады.
Тармақ 13
13. Хеджирлеу құралдарымен мәміле жасау үшін инвестициялық шешім осы қосымшаның 12-тармағының 1), 2), 3), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген мәліметтермен басқа мыналарды:
Тармақша 1
1) хеджирлеу құралының түрін, оны жасасу мерзімін, көлемін, құнын (сыйлықақысын) көрсете отырып, хеджирлеу операциясының жасалуы жоспарланатын нарықты және осы құралдың басқа сипаттамаларын (талаптарын) жан-жақты сипаттауды;
Тармақша 2
2) осы хеджирлеу құралын қолданудан күтілетін нәтижелерді;
Тармақша 3
3) хеджирлеу объектісі (базистік актив) тәуекелінің түрін (пайыздық, баға, валюталық және басқа да), сондай-ақ оны бағалау әдісін көрсете отырып бағалауды;
Тармақша 4
4) қажетті деректемелері (ұлттық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды), саны, құны, көлемі, валютасы) көрсетілген хеджирлеу объектісін;
Тармақша 5
5) осы операцияны жасау хеджирлеу объектісі бойынша ықтимал шығындардың (алынбаған кіріс) мөлшерін төмендетуге әкеп соғатынын растайтын есеп айырысуды қамтиды.
Тармақ 14
14. Инвестициялық комитет отырысының қорытындысы бойынша қабылданған инвестициялық шешім қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу үшін орындауға беріледі.
Басқа 7. Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 318 қаулысына
қосымша
Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 276 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7993 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 27 желтоқсандағы 852-856 (27927) жарияланған) 1-қосымша.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 168 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9796 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 қарашада жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 15-тармағы.
Тармақ 3
3. «Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 276 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 55 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11749 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 тамызда жарияланған).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 224 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12970 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 1 наурызда жарияланған) 1-тармағы.
Тармақ 5
5. «Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы бойынша талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 253 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12996 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 16 наурызда жарияланған).
Тармақ 6
6. «Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 254 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12957 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 30 наурызда жарияланған) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 183 қаулысымен («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 қыркүйекте жарияланған) бекітілген Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтері тізбесінің 23-тармағы.
Тармақ 8
8. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 259 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14525 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 желтоқсанда жарияланған) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.