"Тіл мұраты - ел мұраты" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Тіл мұраты - ел мұраты" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық әкімдігінің 12.06.2008 № 03-4/1932 хаты. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген, тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес "Ақтөбе облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы туралы" облыс мәслихаты мен әкімиятының 2001 жылғы 14 желтоқсандағы № 5 шешімін жүзеғе асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысында 2002 жылдың мен - 30 қыркүйегі аралығында "Тіл мұраты - ел мұраты" облыстық тіл фестивалі өткізілсін.
Тармақ 2
2. Қоса бершіп отырған:
Тармақша 1
1) "Тіл мұраты - ел мұраты" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу жөніндегі облыстық комиссияның құрамы;
Тармақша 2
2) "Тіл мұраты - ел мұраты" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу жөніндегі жұмыс жоспары;
Тармақша 3
3) "Тіл мұраты - ел мұраты" облыстық тіл фестивалі жоспарына сәйкес өткізілетін байқаулардың қаржылық жоспары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдері, барлық деңгейдегі оқу орындары мен мемлекеттік мекемелер басшылары "Тіл мұраты - ел мұраты" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу жөнінде өз жоспарларын жасап, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасына (Ж. Қуанышәлі) тапсыратын болсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Есіркеповке жүктелсін.
Басқа 8. Мүшелері
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 03. 05. № 57 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН "Тіл мұраты - ел мұраты" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу жөніндегі облыстық комиссияның құрамы Есіркепов Иманкелді Қабашұлы - комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Қуанышәлі Жасарал Мінәжадинұлы - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы Мүшелері Ақдәулет Мейірхан Ақдәулетұлы - республикалық «Алтын Орда» газетінің редакторы Әлжанова Құралай Әнуарқызы - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Әбдірахманов Сырым Ізімғалиұлы - "Қазақстанның болашағы үшін" жастар қозғалысының төрағасы Қалиев Еркеш Әдиетұлы - облыстық телерадикомпанияның төрағасы Қуыс Ұзақбай Сағидоллаұлы - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Құдайбергенов Аманғали Алхатұлы облыстық білім баскармасының бастығы Құрманбеков Еркін Жолмырзаұлы облыстық мәдениет баскармасының бастығы Кенжебаев Кенжеғали Кенжебайұлы - Қ. Жүбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің ректоры Кәрімов Төленді Кәрімұлы - Кадрлар біліктшігін арттыру және қайта даярлау институтының директоры Лябин Андрей Борисович - Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Сарқұлова Хабиба Диярқызы - Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясы атқарушы хатшылығының меңгерушісі Төлеубай Кемейдолла - Халықаралық "Қазақ тілі" Қоғамы облыстық ұйымының төрағасы Тоқтаров Қайырбек Насырұлы - "Ана тіт" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серғалин Әкімгерей Бексұлтанұлы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқарма бастығы
Басқа 9
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 3 мамырдағы № 57 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН "Тіл мұраты — ел мұраты" облыстық тіл фестивалін дайындау және өткізу жөніндегі жұмыс жоспары
Тармақ 1
1. Облыстың барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына "Тіл мұраты - ел мұраты" облыстық тіл фестивалін өткізу барысын жан-жақты насихаттау ұсынылсын. Баспасөз беттерінде, телерадио бағдарламаларында "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Ақтөбе облысында тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасының орындалуы жөнінде мақалалар жариялау және хабарлар беру.
Тармақ 2
2. «Тіл мұраты - ел мұраты» облыстық тіл фестивалі кезінде телерадикомпаниялардың хабарларында белгілі ақын-жазушылармен, тарихшы-ғалымдармен, журналистермен, басшылармен, мәдениет және өнер қайраткерлерімен кездесулер, әңгімелер өткізу. Мерзімі: мамыр, қыркүйек. Орындаушылар: бұқаралық ақпарат құралдары.
Тармақ 3
3. Ақтөбе қаласы мен аудан орталықтарын ұлттық дәстүрлерді ескере отырып безендіру жұмысын жүргізу. Мерзімі: мамыр- қыркүйек. Орындаушылар: қала әкімшілігі, "Қалабезендіру" мемлекеттік мекемесі, облыстық құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аумақтарда құрылыс салу басқармасы
Тармақ 4
4. "Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы" атты Ақтөбе облысы жастарынвщ ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізу Мерзімі: мамыр. Орындаушылар: облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, облыстық білім басқармасы
Тармақ 5
5. Облыс ұлт диаспораларының тіл фестивалін өткізу. Мерзімі: мамыр, қыркүйек. Орындаушылар: Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясының атқарушы хатшылығы.
Тармақ 6
6. Көркем сөз оқу шеберлерінің облыстық байқауын өткізу. Мерзімі: қыркүйек. Орындаушылар: облыстық мәдениет басқармасы.
Тармақ 7
7. "Тіл мұраты - ел мұраты" тақырыбында жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік-техникалық лицейлерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында арнайы іс шаралар белгіленіп, ашық сабақтар өткізу мен шығармалар жазуды ұйымдастыру. Мерзімі: мамыр, қырқүйек. Орындаушылар: орлыстық білім басқармасы оқу орындарының басшылары.
Тармақ 8
8. "Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте" ұранымен мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді меңгеру байқауларын өткізу. Мерзімі: қыркүйек. Орындаушылар: мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар басшылары, облыстық кадрлар біліктілігін жетілдіру институты.
Тармақ 9
9. 22 қыркүйек - Қазақстан халықтары тілдерінің күніне арналған тіл жанашырларымен, ардагерлермен, маман-дармен кездесу және оларды марапаттау. Мерзімі: қыркүйек. Орындаушылар: облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, облыс әкімінің аппараты.
Басқа 19
Облыс әкімиятының 2002 жылдың 03.05 № 57 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН "Тіл мұраты - ел мұраты" облыстық тіл фестивалінің жоспарына сәйкес өткізілетін байқаулардың қаржылық жоспары:
Тармақ 1
1. "Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы" атты Ақтөбе облысы жастарының ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізу үшін: Мемлекеттік тілді игеру, дамыту және қолдану мақсатында жаңашыл, тың ұсыныстар мен әдістемелер ұсынған баяндамаларға бәйге: 1 орын (біреу) - 30 мың теңге; 2 орын (екеу-15 мың теңгеден) - 30 мың теңге; 3 орын (үшеу - 7мың теңгеден) - 21 мың теңге. _________________________________________________ Барлығы 81 мың теңге Техникалық қажеттіліктерге, ұрандар жазуға - 10 мың теңге. Шақыру билеттері мен бағдарламалар дайындауға баспа ақысы - 10 мың теңге. Бейнетаспаға түсіру және оны көбейту - 7 мың теңге. Баяндамаларды жинақтап, кітапша етіп шығаруға - 70 мың теңге. Барлығы 178 мың теңге Орындаушы: облыстық білім басқармасы (А. Құдайбергенов)
Тармақ 2
2. Көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауын өткізу үшін: I орын (біреу) - 15 мың теңге II орын (біреу) - 10 мың теңге III орын (екеу) - 7 мың теңге = 14 мың теңге Ынталандыру сыйы (үшеу) - 2 мың теңге = 6 мың теңге Көтермелеу сыйы (бесеу) - 1 мың теңге = 5 мың теңге Техникалық қажеттіліктер үшін: Белгілерге, қағаздарға, дипломдарға - 10 мың теңге Барлығы - 60 мың теңге: Орындаушы: облыстық мәдениет басқармасы (Е. Құрманбеков).
Тармақ 3
3. "Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте" ұраны мен мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді меңгеру байқауын өткізу үшін: 1 орын - 50 мың теңге 2 орын - 30 мың теңге 3 орын - 15 мың теңге 4 орын - 7 мың теңге Ынталандыру сыйы: 4x3 мың теңгеден =12 мың теңге - ұйымдастыру шаралары және кеңесшілер тобы үшін - 50 мың теңге (тіл мамандары, сазгерлер, көркем безендірушілер, мемлекеттік қызметкерлер); - техникалық қажеттіліктер үшін: белгілерге, қағаздарға, марапаттау қағаздарына, гүл шоқтарына - 36 мың теңге; Барлығы: 200 мың теңге Орындаушы: облыстық білім басқармасы (А. Құдайбергенов) Облыстық тілдер фестивалі кезінде тіл жанашырларын, ардагерлерді және мамандарды марапаттау үшін: Тіл ардагерлеріне - 50 мың теңге; ұстаздарға - 40 мың теңге; өндіріс орындары мен. мекемелерде тіл үйретушілерге — 30 мың теңге; дипломдар даярлауға және гүл шоқтарын алуға - 10 мың теңге; Барлығы: 130 мың теңге. Орындаушы: облыстық білім басқармасы (А. Құдайбергенов) Жалпы фестивалі өткізу жұмыстарына барлығы: 568 мың теңге қаражат қажет етіледі.