Об определении единого организатора для заказчиков Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12590 нөмірімен тіркелген) сәйкесАрал ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Арал ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Арал ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.