Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Карагандинской области Күшін жойған
Басқа 0
Қарағанды облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қарағанды облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарағанды облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қарағанды облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ж.А.Әбішевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Қарағанды облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
Қарағанды облысының
әкімідігінің 2019 жылғы « »
№ қаулысына
Қосымша
Қарағанды облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) грамотамен марапаттау;
Тармақша 3
3) ақшалай сыйлықақы.
Тармақ 2
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Ішкі істер органдарының ұсынысы бойынша Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының әкімдіктері құратын комиссиялар қарайды.
Тармақ 3
3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды ақшалай сыйақымен көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына Қарағанды облысы полиция департаментінің полиция басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары енгізеді.
Тармақ 4
4. Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Қарағанды облысы полиция департаментінің полиция басқармалары мен бөлімдері бастықтарының бұйрықтары көтермелеу төлеу үшін негіздеме болып табылады, көтермелеу үшін комиссия қабылдаған шешім негіздеме болып табылады..
Тармақ 5
5. Ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен белгiленеді және ол, әдетте, 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.
Тармақ 6
6. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен Қарағанды облысының полиция департаментімен жүргiзіледі.