О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Ішкі істер органдарында кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 941 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12442 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған): 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының бастықтары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың полиция, көліктегі полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ведомстволық бағынысты мекемелері мен оқу орындарының бастықтары лауазымға тағайындау кезінде осы бұйрықтың талаптарын қатаң басшылыққа алсын.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарында кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтар тізбесі: «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменттерінің басшы құрамы» деген бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің басшы құрамы»; мынадай мазмұндағы «Қалалық, аудандық (қалалардағы аудандардың) төтенше жағдайлар басқармалары, бөлімдері бойынша» деген бөліммен толықтырылсын: « Қалалық, аудандық (қалалардағы аудандардың) төтенше жағдайлар басқармалары, бөлімдері бойынша 100100 Өрт қауіпсіздігі 072900 Құрылыс 073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларды өндіру 071800 Электр энергетикасы 071700 Жылу энергетикасы 071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар 073100 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау 060300 Механика 070400 Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету 070800 Мұнай-газ ісі 070200 Автоматтандыру және басқару 103100 Төтенше жағдайларда қорғау 071300 Көлік, көлік техникасы және технологиялар 090900 Логистика (салалар бойынша) 073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология Әскери мамандықтар »; «Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесі бойынша» деген бөлім мынадай мазмұндағы «жоспарлау, үйлестіру және бақылау бөліністері бойынша» кіші бөліммен толықтырылсын: « жоспарлау, үйлестіру және бақылау бөліністері бойынша 100100 Өрт қауіпсіздігі 051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару 071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар 073100 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау 070400 Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету 070300 Ақпараттық жүйелер 100200 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері 103100 Төтенше жағдайларда қорғау 030100 Заңтану 030300 Құқық қорғау қызметі Әскери мамандықтар »; «Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесі бойынша» деген бөлімдегі «оқу-әдістемелік бөлімі бойынша» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын: « білім сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімі бойынша 100100 Өрт қауіпсіздігі 072900 Құрылыс 073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларды өндіру 071800 Электр энергетикасы 071700 Жылу энергетикасы 071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар 073100 Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау 060300 Механика 070400 Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету 070800 Мұнай-газ ісі 070200 Автоматтандыру және басқару 073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология 075100 Информатика, есептеуіш техника және басқару 010300 Педагогика және психология 020100 Философия 020300 Тарих 020400 Мәдениеттану 020500 Филология 012000 Кәсіби оқыту 103100 Төтенше жағдайларда қорғау 103200 Азаматтық қорғаныстың командалық-тактикалық күштері »; «Техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын: « Техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар Мамандық коды Мамандық атауы Жол полициясы бөліністері 0201023 Заң кеңесшісі 0202013 Заңгер Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану 1201023 Автомобиль көлігінің диспетчері 1201113 Электромеханик 1201123 Техник-механик Тасымалдауларды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша) 1202063 Техник Техникалық қызмет бөліністері 0201023 Заң кеңесшісі 0202013 Заңгер Телекоммуникациялық жабдықты және тұрмыстық техниканы жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша) 0502033 Жабдықты пайдалану және жөндеу жөніндегі техник 0502043 Техник-механик Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) 1304033 Техник 1304043 Техник-бағдарламашы 1304053 Ақпаратты қорғау жөніндегі техник 1304063 Компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі техник 1304073 Техник-электроник Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша) 1306083 Техник 1306093 Байланыс технигі 1306103 Техник-радиомеханик 1306113 Техник-электроник 1306123 Техник-радиотехник 1306133 Техник-механик Электр байланысының және сымдық хабар таратудың желілік құрылыстарын пайдалану 1307053 Техник 1307063 Байланыстың желілік құрылыстары мен абоненттік құрылғыларының электромеханигі Автоматтандырылған байланыс жүйелерін пайдалану 1308033 Техник 1308043 Электромеханик 1308053 Техник-электроник Оптикалық және электрондық жабдық (түрлері бойынша) 1309023 Техник 1309043 Байланыс технигі 1309053 Байланыс электромеханигі 1309063 Техник-электроник Ақпараттық-аналитикалық бөліністер 0201023 Заң кеңесшісі 0202013 Заңгер 1304043 Техник-бағдарламашы 1304053 Ақпаратты қорғау жөніндегі техник 1304063 Компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі техник 1304073 Техник-электроник 1306133 Техник-механик Тылдық қамтамасыз ету бөліністері 0201023 Заң кеңесшісі 0202013 Заңгер Телекоммуникациялық жабдықты және тұрмыстық техниканы жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша) 0502033 Жабдықты пайдалану және жөндеу жөніндегі техник 0502043 Техник-механик Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану 1201023 Автомобиль көлігінің диспетчері 1201113 Электромеханик 1201123 Техник-механик Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану 1401213 Техник-құрылысшы 1403093 Техник-сантехник Әскери және арнайы жабдықтау бөліністері 0201023 Заң кеңесшісі 0202013 Заңгер 1516013 Инспектор-өрт сөндіруші 1517033 Техник (төтенше жағдайларда қорғау) Екінші арнайы бөліністер 0201023 Заң кеңесшісі 0202013 Заңгер Телекоммуникациялық жабдықты және тұрмыстық техниканы жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша) 0502033 Жабдықты пайдалану және жөндеу жөніндегі техник 0502043 Техник-механик Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) 1304033 Техник 1304043 Техник-бағдарламашы 1304053 Ақпаратты қорғау жөніндегі техник 1304073 Техник-электроник Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша) 1306083 Техник 1306093 Байланыс жөніндегі техник 1306103 Техник-радиомеханик 1306113 Техник-электроник 1306123 Техник-радиотехник 1306133 Техник-механик Әкімшілік полиция бөліністері 0201023 Заң кеңесшісі 0202013 Заңгер Саптық бөліністер 0201023 Заң кеңесшісі 0202013 Заңгер 0103013 Жүзу, дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы 0103023 Дене шынықтыру және спорт мұғалімі 0103033 Жаттықтырушы-оқытушы Тасымалдауларды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша) 1202063 Техник Патрульдік полиция бөліністері 0201023 Заң кеңесшісі 0202013 Заңгер Күзет қызметі бөліністері 0201023 Заң кеңесшісі 0202013 Заңгер 0103013 Жүзу, дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы 0103023 Дене шынықтыру және спорт мұғалімі 0103033 Жаттықтырушы-оқытушы Телекоммуникациялық жабдықты және тұрмыстық техниканы жөндеу және қызмет көрсету (салалар бойынша) 0502033 Жабдықты пайдалану және жөндеу жөніндегі техник 0502043 Техник-механик Электр станцияларының, кіші станциялар мен желілердің (түрлері бойынша) электр жабдығы 0901043 Техник-электрик Электрмен жабдықтау 0902043 Техник-электрик Электр энергетикасы 0903033 Техник-энергетик Электротехникалық жүйелерді электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу 0904033 Электромеханик Энергетикалық көлік қондырғыларын пайдалану 0905013 Электромеханик Электр және электрмеханикалық жабдықтар 0910043 Электромеханик 0910053 Техник-электрик Электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу 0911013 Электромеханик Электр технологиясы 0912013 Техник-технолог Электрондық аспаптар мен құрылғылар 1301013 Техник Автоматтандыру және басқару 1302033 Электромеханик Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару 1303043 Электромеханик Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) 1304033 Техник 1304043 Техник-бағдарламашы 1304053 Ақпаратты қорғау жөніндегі техник 1304063 Компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі техник 1304073 Техник-электроник Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша) 1306083 Техник 1306093 Байланыс технигі 1306103 Техник-радиомеханик 1306113 Техник-электроник 1306123 Техник-радиотехник 1306133 Техник-механик Электр байланысының және сымдық хабар таратудың желілік құрылыстарын пайдалану 1307053 Техник Автоматтандырылған байланыс жүйелерін пайдалану 1308033 Техник 1308043 Электромеханик 1308053 Техник-электроник Көліктік радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану 1310013 Жабдықты пайдалану және жөндеу жөніндегі техник 1310023 Электромеханик 1310033 Техник 1310043 Радионавигация, радиолокация және байланыс жөніндегі техник 1310053 Техник-электрик 1310063 Техник-электроник Қылмыстық-атқару жүйесінің жедел бөліністері 0201023 Заң кеңесшісі 0202013 Заңгер 0202012 Қылмыстық-атқару қызметінің заңгері Қылмыстық-атқару жүйесінің режим, қадағалау және күзет бөліністері 0201023 Заң кеңесшісі 0202013 Заңгер 0202012 Қылмыстық-атқару қызметінің заңгері Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) 1304033 Техник 1304043 Техник-бағдарламашы 1304053 Ақпаратты қорғау жөніндегі техник 1304063 Компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі техник 1304073 Техник-электроник Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша) 1306083 Техник 1306093 Байланыс технигі 1306103 Техник-радиомеханик 1306113 Техник-электроник 1306123 Техник-радиотехник 1306133 Техник-механик Электр байланысының және сымдық хабар таратудың желілік құрылыстарын пайдалану 1307053 Техник 1307063 Байланыстың желілік құрылыстары мен абоненттік құрылғылардың электромеханигі Автоматтандырылған байланыс жүйелерін пайдалану 1308033 Техник 1308043 Электромеханик 1308053 Техник-электроник Оптикалық және электрондық жабдық (түрлері бойынша) 1309023 Техник 1309043 Байланыс технигі 1309053 Байланыс электромеханигі 1309063 Техник-электроник Қылмыстық-атқару жүйесінің арнайы есепке алу бөліністері 0201023 Заң кеңесшісі 0202013 Заңгер 0202012 Қылмыстық-атқару қызметінің заңгері Қылмыстық-атқару жүйесінің медициналық қызмет бөліністері 0301013 Жалпы практика фельдшері 0302033 Жалпы практика медбикесі 0302043 Мамандандырылған медбике Азаматтық қорғау органдары бойынша Төтенше жағдайлардың алдын алу бөліністері 1401213 Техник-құрылысшы 1517042 Құтқарушы 1517033 Техник Төтенше жағдайларды жою бөліністері 1401213 Техник-құрылысшы 1517042 Құтқарушы 1517033 Техник Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет бөліністері 1304033 Техник 1401213 Техник-құрылысшы 0601013 Стандарттау технигі 1310013 Жабдықты пайдалану және жөндеу технигі 1418023 Техник-жобалаушы 1516013 Өрт сөндіруші инспектор 1517042 Құтқарушы 1517033 Техник Өрт сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі бөліністер 1401213 Техник-құрылысшы 0601013 Стандарттау технигі 1110033 Техник-механик (өрт сөндіру техникасы және жабдық бөлімдерінде (бөлімшелерінде, топтарында) көзделген лауазымдарды алмастыру үшін) 0103023 Дене шынықтыру және спорт мұғалімі (жауынгерлік және қызметтік даярлау функцияларын жүзеге асыратын лауазымдарды алмастыру үшін) 0103033 Спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушысы (жауынгерлік және қызметтік даярлау функцияларын жүзеге асыратын лауазымдарды алмастыру үшін) 1516013 Өрт сөндіруші инспектор 1517042 Құтқарушы 1517033 Техник Әскери-жұмылдыру жұмысы жөніндегі бөліністер 1401213 Техник-құрылысшы 1301013 Техник Техникалық қызмет және құлақтандыру жөніндегі бөліністер 1304033 Техник 1304043 Техник-бағдарламашы 1304053 Ақпаратты қорғау жөніндегі техник Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөліністер 1304033 Техник 1304043 Техник-бағдарламашы 1304053 Ақпаратты қорғау жөніндегі техник Кадр жұмысы бөліністері 0201013 Заңгер 0201023 Заң кеңесшісі 0103033 Спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушысы (жауынгерлік және қызметтік даярлау функцияларын жүзеге асыратын лауазымдарды алмастыру үшін) Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы, кәсіби даярлау мектебі, өрт сынақ зертханасы, жасақтар (мамандандырылған), өрт сөндіру бөлімдері (мамандандырылған, оқу), өрт сөндіру бекеттері бойынша 1401213 Техник-құрылысшы 0601013 Стандарттау технигі 1517033 Техник 1517042 Құтқарушы 1516013 Өрт сөндіруші инспектор «Фельдшер» лауазымдары бойынша Фельдшер лауазымдары педиатрияны, гинекологияны, стоматологияны қоспағанда медициналық білімі бар адамдармен жасақталады Ескертпе: техникалық, кәсіби және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды алмастыруға жататын қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарын нақты лауазым жұмысының бейініне сәйкес келетін мамандықтар бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандармен алмастыруға болады.»;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14305 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 қазанда жарияланған): 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының бастықтары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың полиция, көліктегі полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ведомстволық бағынысты мекемелері мен оқу орындарының бастықтары Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке кандидаттарды қабылдау кезінде осы бұйрықты қатаң басшылыққа алсын.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін он жұмыс күні iшiнде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы ____________ А. Шпекбаев 2018 жылғы «____» ___________
Басқа 11. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 28 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының және ведомстволарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының: экстремизмге қарсы күрес бөлінісінің жедел уәкілі, жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу бөлінісінің жедел уәкілі;
Тармақша 2
2) Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының: криминалисі, инженері;
Тармақша 3
3) азаматтық қорғау органдарының бас: маман-психологы, маман-полиграфологы;
Тармақша 4
4) қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, көліктегі) аумақтық органдарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, тіркеу-емтихан жұмысы бөлімінің бастығы;
Тармақша 2
2) азаматтық қорғау органдарының бас: маман-психологы, маман-полиграфологы;
Тармақша 3
3) экстремизмге қарсы күрес бөлінісінің аға жедел уәкілі, жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу бөлінісінің аға жедел уәкілі;
Тармақша 4
4) криминалист, ревизор, психолог, полиграфолог, барлық атаудағы инженер және инспектор;
Тармақша 5
5) жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист, ревизор, психолог, полиграфолог, барлық атаудағы инженер және инспектор;
Тармақша 6
6) қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қалалық, аудандық (қалалардағы аудандардың) аумақтық органдарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы, тіркеу-емтихан жұмысы бөлімшесінің бастығы;
Тармақша 2
2) аға: жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист, психолог, полиграфолог, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспектор, маман, барлық атаудағы инженер және инспектор;
Тармақша 3
3) жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист, психолог, полиграфолог, учаскелік полиция инспекторы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, маман, барлық атаудағы инженер және инспектор;
Тармақша 4
4) қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі оқу орындарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) аға: ғылыми қызметкер, оқытушы, оқытушы-әдіскер, барлық атаудағы инженер және инспектор;
Тармақша 2
2) профессор, доцент, оқу орталығы бастығының көмекшісі, бас маман, ғылыми қызметкер, оқытушы, оқытушы-әдіскер, маман, үрмелі аспаптар оркестрінің жетекшісі, рота командирінің орынбасары, барлық атаудағы инженер және инспектор;
Тармақша 3
3) рота командирі, взвод командирі;
Тармақша 4
4) қарауыл бастығы, клуб бастығы, тир бастығы, кабинет бастығы, цикл бастығы;
Тармақша 5
5) қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөліністерінің лауазымдары:
Тармақша 1
1) шабуылшы, жару технигі, мерген;
Тармақша 2
2) барлық атаудағы инженер және инспектор;
Тармақша 3
3) барлық атаудағы маман;
Тармақша 4
4) қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі саптық бөліністерінің лауазымдары:
Тармақша 1
1) барлық атаудағы инженер және инспектор;
Тармақша 2
2) қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жол-патрульдік полициясы саптық бөліністерінің лауазымдары:
Тармақша 1
1) барлық атаудағы аға инспектор;
Тармақша 2
2) барлық атаудағы инженер және инспектор;
Тармақша 3
3) қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мемлекеттік мекемелерінің лауазымдары:
Тармақша 1
1) азаматтық қорғау органдарының бас: маман-психологы, маман-полиграфологы;
Тармақша 2
2) аға: жедел уәкіл, диспетчер, барлық атаудағы инженер және инспектор;
Тармақша 3
3) сотталғандарға арналған аурухана бастығы – дәрігер, жасақ бастығы, учаске бастығы, медициналық бөлімнің бастығы – дәрігер, медициналық бөлімшенің бастығы, медициналық кабинеттің бастығы – дәрігер;
Тармақша 4
4) сотталғандарға арналған аурухана бастығының орынбасары – дәрігер, мекеме бастығы кезекші көмекшісінің орынбасары;
Тармақша 5
5) кәсіби даярлау мектебінің оқытушысы, Өңірлік оқу орталығының оқытушысы;
Тармақша 6
6) жедел уәкіл, дәрігер, фельдшер, барлық атаудағы инженер және инспектор;
Тармақша 7
7) қатардағы және кіші басшы құрамның лауазымдары. Ескертпе: ішкі істер органдары өзіндік қауіпсіздік, «Р» және жетінші бөліністерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізілмейді.