О повышении ставок земельного налога Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге арттырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.