Об утверждении Положения о клинических базах высших медицинских организаций образования Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы Ереженi бекiту туралы Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007.05.11. N 302 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Келісілді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі 2002 ж. 3 шілде "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 шiлдедегi N 389-1 Заңына сәйкес және "Республикада медициналық бiлiм берудi одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi N 1469 қаулысын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының ректорлары, облыстардың және Астана, Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнiң) бастықтары осы бұйрыққа сәйкес белгiленген тәртiппен жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базаларын бекiтiп беру, пайдалану және жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Медициналық ғылым және бiлiм департаментi (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi А.Айдархановқа жүктелсiн.
Басқа 5. ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ БАЗАЛАРЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2002 жылғы 5 шілдедегі N 650 бұйрығымен бекiтiлдi ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ БАЗАЛАРЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базасы (университет, академия, дәрiгерлер бiлiмiн жетiлдiру институты) - бұл материалдық-техникалық базасының жоғары деңгейi бар, ұйымдастыру-әдiстемелiк, оқу, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарының қазiргi заманғы әдiстерiнiң негiзiнде дәрiгерлердi, ғылыми кадрларды даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын әрi барлық медициналық көмек түрлерiн көрсететiн көп бейiндi, мамандандырылған денсаулық сақтау ұйымы. Жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базалары болып денсаулық сақтауды басқаратын жергiлiктi мемлекеттiк органдардың ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдары белгiленуi мүмкiн. Жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдары базасында клиникалық базалар (бұдан әрi - клиникалар) жұмыс iстейтiн клиниканы иемдене алады.
Тармақ 2
2. Медициналық жоғары оқу орындары клиникалық базаларының тiзбесi "Республикадағы медициналық бiлiм берудi одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi N 1469 қаулысымен белгiленген. Клиниканың бас дәрiгерiн қызметке жоғары медициналық бiлiм беру ұйымының ректоры тағайындайды және қызметiнен босатады.
Тармақ 3
3. Жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымының базасында жұмыс iстейтiн клиникалық база бөлiмшесiнiң құрылымын, бейiнiн және қуаттылығын жоғары медициналық бiлiм беру ұйымының келiсiмi бойынша денсаулық сақтауды басқаратын жергiлiктi мемлекеттiк орган бекiтедi.
Тармақ 4
4. Клиникалық база бөлiмшесiнiң құрылымын, бейiнiн және қуаттылығын жоғары медициналық бiлiм беру ұйымы бекiтедi.
Тармақ 5
5. Клиникалық база бөлiмшелерiнiң бейiнiн өзгерту халықтың медициналық көмекке деген сұранысына орай, медициналық қызмет көрсетуге мемлекеттiк тапсырысты орналастыруға ашық конкурс нәтижелерi бойынша, сондай-ақ ерекше жағдайларда (соғыс уақыты жағдайы, эпидемиологиялық жағдай, зiлзала) жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Клиникалық базалардың қызметi осы Ережемен және жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдары мен денсаулық сақтауды басқаратын жергiлiктi мемлекеттiк органдар арасында жасасқан шарттармен, ал клиниканың қызметi осы Ережемен реттеледi.
Тармақ 7
7. Клиника медициналық жоғары оқу орындарының құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
Тармақ 2. 2. Жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдары клиникалық базаларының мiндеттерi
2. Жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдары клиникалық базаларының мiндеттерi
Тармақ 8
8. Жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базаларының негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк стандартқа сәйкес мамандарды үздiксiз көп деңгейлi (жоғары, қосымша және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм) даярлауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) халыққа жоғары бiлiктi медициналық көмек көрсету;
Тармақша 3
3) алдын алудың, диагностикалаудың, емдеудiң және науқастарды сауықтырудың тиiмдi әдiстерiн әзiрлеу және практикалық денсаулық сақтау жүйесiне енгiзу;
Тармақша 4
4) бiлiм беру ұйымдарына ғылыми зерттеулер жүргiзу және клиниканың жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдалана отырып, оқу процесiн қамтамасыз ету үшiн жағдай жасау;
Тармақша 5
5) халыққа медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсетуге мемлекеттiк тапсырысты орналастыру жөнiндегi конкурстарға қатысу болып табылады.
Тармақ 9
9. Клиникалық базалардың басшылығы:
Тармақша 1
1) қажеттi оқу үй-жайлары мен клиниканың құрал-жабдықтарын пайдалану мүмкiндiктерiн бере отырып, студенттердiң (курсанттар) даярлануы үшiн жағдай жасауды және клиниканы оқу процесiнде жарақтандыруды;
Тармақша 2
2) кафедра қызметкерлерiнiң емдеу процесiне толыққанды қатысуы үшiн жағдай жасауды;
Тармақша 3
3) медициналық бiлiм беру ұйымдарының ғылыми зерттеу жұмысының жоспарына сәйкес науқастарды 15%-ға дейiн жатқызуды қамтамасыз етедi.
Тармақ 3. 3. Клиникалық базаны басқару
3. Клиникалық базаны басқару
Тармақ 10
10. Клиникалық базаны жалпы басқару мен басшылық жасауды бас дәрiгер жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Клиникалық базаның бас дәрiгерi:
Тармақша 1
1) өз жұмысында қолданыстағы заңнаманы, басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi және осы Ереженi басшылыққа алады;
Тармақша 2
2) шаруашылық-әкiмшiлiк функцияларды атқарады;
Тармақша 3
3) жоғары медициналық бiлiм беру ұйымының клиникалық кеңесiнiң мүшесi, сондай-ақ негiзгi қызметiмен қоса қызметкерi бола алады.
Тармақ 12
12. Бас дәрiгердiң клиникалық жұмыс жөнiндегi орынбасары кафедра меңгерушiсiмен қатар емдеу-диагностикалық және оқу процесiн ұйымдастыруға тiкелей жауапты болады.
Тармақ 13
13. Клиникалық база бөлiмшелерiнiң меңгерушiлерi жоғары медициналық оқу орны ректорының келiсiмi бойынша жоғары және бiрiншi бiлiктiлiк санаты бар дәрiгерлер мен кафедра қызметкерлерiнен бас дәрiгердiң бұйрығымен тағайындалады.
Тармақ 14
14. Клиникалық базаның жоғары немесе бiрiншi бiлiктiлiк санатты дәрiгерлерi бiлiм беру ұйымдарында оқытушылық қызметпен айналысуға және негiзгi жұмысымен қатар бiлiм беру ұйымдарында жұмыс iстеуге құқылы.
Тармақ 15
15. Кафедра меңгерушiсi (профессор немесе доцент):
Тармақша 1
1) өз жұмысында азаматтардың денсаулығын сақтау және бiлiм беру саласындағы нормативтiк-құқықтық кесiмдердi, жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының жарғысын, осы Ереженi және лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады;
Тармақша 2
2) емдеу-диагностикалық, консультативтiк көмек көрсету және оқу процесiн ұйымдастыру мәселелерi бойынша бас дәрiгермен және бас дәрiгердiң клиникалық жұмыс жөнiндегi орынбасарымен өзара iс-қимыл жасайды;
Тармақша 3
3) базалық бөлiмшенiң қызметiн бақылайды және кафедраның емдеу жұмысына дербес жауапты болады.
Тармақ 16
16. Кафедраның ассистентi педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар:
Тармақша 1
1) дәрiгер-ординатордың 0,5 төлем бәсi көлемiнде емдеу және консультация беру жұмыстарын атқарады және өз жұмысында клиниканың iшкi тәртiп ережелерiн басшылыққа алады;
Тармақша 2
2) өндiрiстiк қажеттiлiк кезiнде кафедра меңгерушiсi мен бас дәрiгердiң келiсiмi бойынша клиниканың еңбекақы қорынан төлемақы ала отырып, қосымша дәрiгерлiк жұмысты атқара алады;
Тармақша 3
3) клиниканың басқа да қызметкерлерiмен қатар емдеу жұмысының сапасына және бекiтiлген оқу үй-жайлары мен жабдықтардың сақталуына жауапты болады.
Тармақ 17
17. Докторанттар, аспиранттар мен клиникалық ординаторлар "Жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм туралы" қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 6 желтоқсандағы N 1134 Ережесiне сәйкес емдеу жұмысын атқарады.