Об утверждении Правил государственной регистрации выпуска казахстанских депозитарных расписок, утверждения отчета об итогах размещения или погашения казахстанских депозитарных расписок, Правил составления и оформления проспекта выпуска казахстанских депозитарных расписок, изменений и (или) дополнений в проспект выпуска казахстанских депозитарных расписок, отчета об итогах размещения или погашения казахстанских депозитарных расписок, а также Требований, подлежащих соблюдению эмитентом казахстанск Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту қағидаларын, Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті сақтауға тиісті талаптарды бекіту туралы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту қағидалары;
Тармақша 2
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидалары;
Тармақша 3
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті сақтауға тиісті талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 322 қаулысына 1-қосымша Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу тәртібі
2-тарау. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу тәртібі
Тармақ 3
3. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін эмитент қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) мынадай құжаттарды қағаз тасымалдағышта ұсынады:
Тармақша 1
1) толық атауын және орналасқан жерін көрсете отырып қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды тіркеуге өтініш;
Тармақша 2
2) осы қаулымен бекітілген Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымы проспектісінің құрылымына сәйкес жасалған және ресімделген қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісі;
Тармақша 3
3) эмитент органының қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығару туралы шешімінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) шетелдік есеп ұйымындағы орталық депозитарийдің шотында базалық активтің болуын және оның қазақстандық депозитарийлік қолхаттар айналысының барлық кезеңіне бұғатталғанын растайтын құжаттар;
Тармақша 5
5) қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың базалық активі шығарылымының тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесін (бар болса) қоса бере отырып, қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың базалық активі шығарылымы проспектісінің көшірмесі (немесе оны ауыстыратын құжат);
Тармақша 6
6) базалық актив эмитентінің халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жасалған және аудиторлық есеппен расталған соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілігінің көшірмесі.
Тармақ 4
4. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісі қағаз тасымалдағышта қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данада және *pdf форматында электрондық көшірме түрінде қазақ және орыс тілдерінде 1 (бір) данада жасалады.
Тармақ 5
5. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу мақсатында эмитент ұсынатын құжаттардың көшірмелері көшірменің дұрыстығын көрсете отырып, эмитенттің атқарушы органы басшысының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен расталады.
Тармақ 6
6. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган мемлекеттік тіркеуге ұсынылған күнінен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 7
7. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін эмитент ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті береді және эмитентке қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымы проспектісінің бір данасын қайтарады.
Тармақ 8
8. Эмитент мыналар өзгерген жағдайда:
Тармақша 1
1) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтер – эмитент эмитенттің атауы мен оның орналасқан жерінің өзгергенін растайтын құжаттарды алған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
Тармақша 2
2) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтер – эмитенттің тиісті органдары шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оларды тіркеу үшін уәкілетті органға қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ұсынады.
Тармақ 9
9. Эмитент қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымы проспектісінің өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін құрылымдық бірліктерін көрсете отырып, еркін нысанда жасалған өтініш;
Тармақша 2
2) қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар;
Тармақша 3
3) *pdf форматында электрондық көшірме түрінде қазақ және орыс тілдерінде 1 (бір) данада өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріле отырып қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісі;
Тармақша 4
4) қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге негіз болған эмитент шешімінің (хаттаманың) көшірмесі.
Тармақ 10
10. Эмитент қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну талаптары мен тәртібін бұзған және құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда уәкілетті орган бас тарту себептерін көрсете отырып, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеуден бас тартады.
Тарау 3. 3-тарау. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту тәртібі
3-тарау. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту тәртібі
Тармақ 11
11. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар эмитенті қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды толық орналастыруға дейін қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастырудың әрбір есепті кезеңінің қорытындылары бойынша қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күннен кейін немесе оларды толық орналастырған күннен кейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ішінде ұсынады. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастырудың есепті кезеңі – қатарынан он екі күнтізбелік ай. Эмитенттің қазақстандық депозитарийлік қолхаттарын орналастырудың алғашқы есепті кезеңінің басталу күні – қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу күні. Эмитенттің қазақстандық депозитарийлік қолхаттарын орналастырудың келесі есепті кезеңінің басталу күні – алдыңғы он екі айлық есепті кезең аяқталған күннен кейінгі күн. Эмитенттің қазақстандық депозитарийлік қолхаттарын толық орналастыру күні – эмитенттің қазақстандық депозитарийлік қолхаттарын эмитенттің жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шотынан бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына есептен шығару бойынша соңғы операция күні, ол жүргізілгеннен кейін эмитенттің осы жеке шотында эмитенттің қазақстандық депозитарийлік қолхаттары қалмайды.
Тармақ 12
12. Егер есепті кезең ішінде қазақстандық депозитарийлік қолхаттар орналастырылмаған жағдайда, есепті кезеңнің қорытындылары бойынша эмитенттің қазақстандық депозитарийлік қолхаттарын орналастыру қорытындылары туралы есеп уәкілетті органға ұсынылмайды.
Тармақ 13
13. Эмитент қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есепті уәкілетті органға өтеу мерзімі аяқталған соң бір ай ішінде ұсынылады.
Тармақ 14
14. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту үшін уәкілетті органға қағаз тасымалдағышта мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) еркін нысанда жасалған өтініш;
Тармақша 2
2) осы қаулымен бекітілген Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есептің құрылымына сәйкес жасалған және ресімделген қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есеп;
Тармақша 3
3) орналастыру аяқталған күннен кейінгі күнге эмитенттің жеке шоты бойынша орналастырылған және орналастырылмаған қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың саны туралы орталық депозитарий берген анықтаманың көшірмесі.
Тармақ 15
15. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) еркін нысанда жасалған өтініш;
Тармақша 2
2) осы қаулымен бекітілген Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есептің құрылымына сәйкес жасалған және ресімделген қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есеп;
Тармақша 3
3) есепті күнге өтелген қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың саны туралы орталық депозитарий берген анықтаманың көшірмесі.
Тармақ 16
16. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау үшін уәкілетті органға ұсынған құжаттарды уәкілетті орган оны алған күннен кейін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 17
17. Берілген құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келсе, уәкілетті орган эмитентке қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есептің немесе қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есептің бір данасын жібереді.
Тармақ 18
18. Егер құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілері анықталатын болса, уәкілетті орган қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есепті бекітуден бас тартады. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есепті бекітуден бас тартылған жағдайда, эмитент бас тарту алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға пысықталған есепті қайталап ұсынады.
Басқа 1.1
Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту қағидаларына қосымша Нысан 20 __ жылғы «___»_________ № ______ Алматы қаласы _________________________________________________________________ (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның толық атауы) ________________________________________________________ тіркелген (тіркеуші органның атауы және эмитентті мемлекеттік тіркеу күні) _______________________________________________________________ (базалық актив эмитентінің атауы және орналасқан жері, __________________________________________________________________ базалық актив эмитентінің бағалы қағаздарының түрін көрсету) __________________________________________________________________ __________________________________________________ бағалы қағаздарға (эмитенттің толық атауы және орналасқан жері) _________________________________________________________ тіркелген (эмитенттің бизнес сәйкестендіру нөмірі) __________________________________________________________________ (эмитенттің толық атауы және орналасқан жері) қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге алды. Шығарылым _________________________________________ халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) берілген ________________________________________________________________ (санмен және жазумен) қазақстандық депозитарийлік қолхаттарға бөлінген. Бір қазақстандық депозитарийлік қолхатқа _______________________ (санмен және жазумен) __________________________________________________________________ (базалық актив болып табылатын бағалы қағаздардың түрін көрсету, халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) дана тиесілі. Төрағаның орынбасары ____________ _____________________________ (қолы) (аты-жөні) Мөр орны
Басқа 2. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 322 қаулысына 2-қосымша Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу тәртібін белгілейді.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу тәртібі
2-тарау. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жасау және ресімдеу тәртібі
Тармақ 3
3. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісі Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымы проспектісінің құрылымына сай жасалады және ресімделеді.
Тармақ 4
4. Қаржылық есептілікке сәйкес көрсетілетін эмитенттің қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты қоспағанда, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіндегі мәліметтер құжаттарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынған күннің алдындағы айдың соңғы жұмыс күніне келтіріледі.
Тармақ 5
5. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымы проспектісінің титул парағында:
Тармақша 1
1) құжаттың атауы: «Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісі»;
Тармақша 2
2) эмитенттің толық және қысқаша атауы;
Тармақша 3
3) базалық актив болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың түрін және санатын көрсету, заңды тұлғаның тіркелгенін растайтын құжатқа сәйкес базалық актив эмитентінің толық атауы;
Тармақша 4
4) «Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымын мемлекеттік тіркеу инвесторларға проспектіде жазылған қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды сатып алуға қатысты қандай да болмасын ұсыныстар беруді білдірмейді және осы құжаттағы ақпараттың шынайылығын растамайды. Эмитенттің лауазымды тұлғалары онда берілген барлық ақпараттың дәйектілігін және эмитент пен оның орналастырылатын мемлекеттік емес облигацияларына қатысты инвесторларды жаңылдыруға әкеп соқтырмайтынын растайды.» деген жазба болуы керек.
Тармақ 6
6. Эмитент уәкілетті органға ұсынатын қағаз тасымалдағыштағы қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне эмитенттің атқарушы органының басшысы не қол қоюға уәкілетті тұлға қол қояды (растаушы құжаттың көшірмесін ұсына отырып).
Тармақ 7
7. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісі нөмірленіп, тігіліп, тігілген парақ санын көрсете отырып тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген соңғы парақтың артқы жағында эмитенттің атқарушы органының басшысы не қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолымен расталған (растаушы құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қағаз тасымалдағышта (қазақ және орыс тілдерінде) ұсынылады.
Тармақ 8
8. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың титул парағында:
Тармақша 1
1) құжаттың атауы: «Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар»;
Тармақша 2
2) эмитенттің толық және қысқаша атауы;
Тармақша 3
3) «Эмитенттің лауазымды тұлғалары қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерде және (немесе) толықтыруларда берілген барлық ақпараттың шынайылығын және эмитент пен оның орналастырылатын мемлекеттік емес облигацияларына қатысты инвесторларды жаңылдыруға әкеп соқтырмайтынын растайды.» деген жазба болуы керек.
Тармақ 9
9. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымы проспектісінің тиісті тармақтары жаңа редакцияда жазылады.
Тармақ 10
10. Эмитент уәкілетті органға ұсынатын қағаз тасымалдағыштағы қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға эмитенттің атқарушы органының басшысы не қол қоюға уәкілетті тұлға қол қояды (растаушы құжаттың көшірмесін ұсына отырып).
Тармақ 11
11. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар қазақ және орыс тілдерінде қағаз тасымалдағышта 2 (екі) данада жасалады. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріліп қазақ және орыс тілдерінде жасалған қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісі электрондық көшірме түрінде *pdf форматында ұсынылады; Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар нөмірленіп, тігіліп, тігілген парақ санын көрсете отырып тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген соңғы парақтың артқы жағында эмитенттің атқарушы органының басшысы не қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолымен расталған (растаушы құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қағаз тасымалдағышта қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
Тарау 3. 3-тарау. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу тәртібі
3-тарау. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу тәртібі
Тармақ 12
12. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есеп Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есептің құрылымына сай жасалады және ресімделеді. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есеп Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есептің құрылымына сай жасалады және ресімделеді. Эмитент уәкілетті органға ұсынатын қағаз тасымалдағыштағы қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру туралы есепке, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есепке эмитенттің атқарушы органының басшысы не қол қоюға уәкілетті тұлға қол қояды (растаушы құжаттың көшірмесін ұсына отырып).
Тармақ 13
13. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есеп қазақ және орыс тілдерінде қағаз тасымалдағышта 2 (екі) данада және қазақ және орыс тілдерінде *pdf форматында электрондық түрде 1 (бір) данада жасалады. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есеп нөмірленіп, тігіліп, тігілген парақ санын көрсете отырып тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген соңғы парақтың артқы жағында эмитенттің атқарушы органының басшысы не қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолымен расталған (растаушы құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қағаз тасымалдағышта қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
Басқа 2.1. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымы проспектісінің құрылымы
Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидаларына 1-қосымша Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымы проспектісінің құрылымы
Тарау 1. 1-тарау. Эмитенттің атауы және оның орналасқан жері туралы ақпарат
1-тарау. Эмитенттің атауы және оның орналасқан жері туралы ақпарат
Тармақ 1
1. Құрылтай құжаттарына сәйкес қазақстандық депозитарийлік қолхаттар эмитенті туралы ақпарат:
Тармақша 1
1) эмитентті бастапқы мемлекеттік тіркеу күні;
Тармақша 2
2) эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;
Тармақша 3
3) эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын (болған жағдайда) тілдеріндегі толық және қысқаша атауы;
Тармақша 4
4) эмитенттің атауы өзгерген жағдайда оның барлық бұрынғы толық және қысқартылған атаулары, сондай-ақ олардың өзгерген күндері көрсетіледі;
Тармақша 5
5) егер эмитент заңды тұлғаны (заңды тұлғаларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған болса, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға және (немесе) эмитентке қатысты құқық мирасқорлығы туралы мәліметтер көрсетіледі;
Тармақша 6
6) эмитенттің филиалдары мен өкілдіктері болған жағдайда олардың атаулары, заңды тұлғалардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу туралы анықтамаға сәйкес есептік тіркелген (қайта тіркелген) күндері, орналасқан жерлері мен пошта мекенжайлары көрсетіледі;
Тармақша 7
7) эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 8
8) ISO 17442 халықаралық стандартына сәйкес Legal Entity Identifier коды «Financial services – Legal Entity Identifier» (LEI) (бар болса).
Тармақ 2
2. Байланыс телефондарының, факстың нөмірлерін және электрондық поштасының мекенжайын, сондай-ақ егер эмитенттің нақты мекенжайы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген эмитенттің тұрғылықты мекенжайынан өзгеше болған жағдайда, нақты мекенжайын көрсете отырып заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес эмитенттің орналасқан жері.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар туралы, оларды төлеу тәсілдері және олар бойынша кіріс алу әдісі туралы мәлімет
2-тарау. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар туралы, оларды төлеу тәсілдері және олар бойынша кіріс алу әдісі туралы мәлімет
Тармақ 3
3. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымы туралы мәліметтер:
Тармақша 1
1) Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар саны;
Тармақша 2
2) бір Қазақстандық депозитарийлік қолхатқа келетін бағалы қағаздар саны;
Тармақша 3
3) Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды төлеу тәсілі – бағалы қағаздармен (базалық активтер эмитентінің атауын, халықаралық сәйкестендіру нөмірін (ISIN коды) көрсету);
Тармақша 4
4) Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар бойынша дивидендтердің немесе сыйлықақылардың көлемін, есептеуін және төлемін айқындау тәртібі.
Тарау 3. 3-тарау. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру шарттары мен тәртібі
3-тарау. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру шарттары мен тәртібі
Тармақ 4
4. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру туралы ақпарат:
Тармақша 1
1) Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру жоспарланатын нарық;
Тармақша 2
2) Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру басы жоспарланған күн.
Тарау 4. 4-тарау. Эмитенттің орналастырылған (акционерлік қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) он және одан да көп пайыз акцияларына ие эмитенттің ірі акционерлері туралы мәліметтер
4-тарау. Эмитенттің орналастырылған (акционерлік қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) он және одан да көп пайыз акцияларына ие эмитенттің ірі акционерлері туралы мәліметтер
Тармақ 5
5. Эмитенттің орналастырылған (акционерлік қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) он және одан да көп пайыз акцияларына ие ірі акционерлері туралы мәліметтер:
Тармақша 1
1) ірі акционерлердің (жеке тұлғалар үшін) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
Тармақша 2
2) ірі акционердің (заңды тұлғалар үшін) толық атауы, орналасқан жері;
Тармақша 3
3) ірі акционердің иелігіндегі эмитенттің жарғылық капиталындағы дауыс беруші акцияларының эмитенттің дауыс беруші акцияларының жалпы санына пайыздық ара қатынасы;
Тармақша 4
4) ірі акционер эмитенттің дауыс беруші он және одан да көп пайыз акцияларына иелік ете бастаған күні.
Тарау 5. 5-тарау. Эмитенттің басқару органы және атқару органы туралы мәліметтер
5-тарау. Эмитенттің басқару органы және атқару органы туралы мәліметтер
Тармақ 6
6. Эмитенттің басқару органы туралы мәліметтер:
Тармақша 1
1) директорлар кеңесі төрағасының және мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
Тармақша 2
2) директорлар кеңесі мүшелерінің сайланған күні және хронологиялық тәртіпте олардың соңғы 3 (үш) жылдағы және осы уақыттағы еңбек қызметі туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) эмитенттің директорлар кеңесі мүшелерінің әрқайсысының иелігіндегі эмитенттің дауыс беруші акцияларының дауыс беруші эмитент акцияларының жалпы санына пайыздық ара қатынасы.
Тармақ 7
7. Эмитенттің алқалық органы:
Тармақша 1
1) атқару алқалық органы төрағасының және мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
Тармақша 2
2) атқару алқалық органы мүшелерінің сайланған күні және хронологиялық тәртіпте олардың соңғы 3 (үш) жылдағы және осы уақыттағы еңбек қызметі туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) эмитенттің атқару алқалық органы мүшелерінің әрқайсысының иелігіндегі эмитенттің дауыс беруші акцияларының дауыс беруші эмитент акцияларының жалпы санына пайыздық ара қатынасы.
Тарау 6. 6-тарау. Эмитент қызметінің негізгі түрлерін көрсете отырып, эмитенттің қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметінің көрсеткіштері
6-тарау. Эмитент қызметінің негізгі түрлерін көрсете отырып, эмитенттің қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметінің көрсеткіштері
Тармақ 8
8. Эмитент қызметінің түрлері:
Тармақша 1
1) қызметінің негізгі түрлері;
Тармақша 2
2) эмитенттің қызмет түрлерінің қысқаша сипаттамасы және олардың эмитенттің жалпы кірісіндегі үлесі;
Тармақша 3
3) эмитенттің бәсекелесі болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) эмитент қызметінің негізгі түрлері бойынша кірістілігіне оң және теріс әсер ететін факторлар;
Тармақша 5
5) эмитентте бар лицензиялар және олардың қолданыс мерзімі туралы ақпарат;
Тармақша 6
6) оның қатысуымен сот процесстерінің мәнісін көрсете отырып, эмитент қызметінің тоқтау немесе өзгеру, одан эмитент активтерінің жалпы көлемінен 10 (он) және одан көп пайыз көлемінде ақшалай немесе өзге міндеттемелерді өндіріп алу тәуекеліне байланысты эмитенттің сот процесстеріне қатысуы туралы мәліметтер;
Тармақша 7
7) қоғамның қызметіне әсері тиетін басқа тәуекел факторлары.
Тармақ 9
9. Әр активтің тиісті баланстық құны көрсетілген эмитент активтерінің жалпы көлемінен 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын эмитент активтері.
Тармақ 10
10. Эмитент активтерінің жалпы көлемінен 10 (он) және одан көп пайыз көлеміндегі дебиторлық берешек:
Тармақша 1
1) эмитент алдындағы берешегі эмитент активтерінің баланстық құнынан 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын эмитент дебиторларының атауы;
Тармақша 2
2) өтеуге тиісті сомалар (жуық арадағы 12 (ай) ішінде сома тоқсанға бөлінеді, қалған сома өтеу күні көрсетіліп жыл бойынша бөлініп көрсетіледі) және оны өтеу мерзімі.
Тармақ 11
11. Эмитент міндеттемелерінің баланстық құнынан 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын эмитенттің кредиторлық берешегі:
Тармақша 1
1) эмитент кредиторларының атауы;
Тармақша 2
2) өтеуге тиісті сомалар (жуық арадағы 12 (ай) ішінде сома тоқсанға бөлінеді, қалған сома өтеу күні көрсетіліп жыл бойынша бөлініп көрсетіледі) және оны өтеу мерзімі.
Тарау 7. 7-тарау. Эмитент туралы қосымша мәліметтер
7-тарау. Эмитент туралы қосымша мәліметтер
Тармақ 12
12. Базалық актив эмитентінің атауы (эмитенттің елі, орналасқан жері, ұйымдастыру-құқықтық нысаны).
Тармақ 13
13. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың базалық активі болып табылатын бағалы қағаздардың түрі, санаты, халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды);
Тармақ 14
14. Базалық активтің айналыс мерзімдері.
Тармақ 15
15. Базалық активті ұстаушылардың құқықтары.
Тармақ 16
16. Базалық актив бойынша дивидендтердің немесе сыйақылардың мөлшерін белгілеу, есептеудің және төлеудің тәртібі, оларды төлеу кезеңділігі мен мерзімі.
Тармақ 17
17. Листингінің санатын көрсете отырып, листингінде базалық актив бар, шет мемлекеттің аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасының атауы.
Тармақ 18
18. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығару туралы шешім қабылданған күнге базалық активтің нарықтық бағасы.
Тармақ 19
19. Құқықтарын жүзеге асыру тәртібінің сипаттамасы берілген қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды ұстаушыларға ұсынылатын құқықтар.
Тармақ 20
20. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды ұстаушылардың базалық актив эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беру тәртібі.
Тармақ 21
21. Базалық актив күшін жойған жағдайда қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды ұстаушыларға залалды өтеу тәртібі.
Тармақ 22
22. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитентіне ұсынылатын ақпаратты қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды ұстаушыларға, қор биржасына және уәкілетті органға беру тәртібі.
Басқа 2.2. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есептің құрылымы
Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидаларына 2-қосымша Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есептің құрылымы
Тармақ 1
1. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есептің негізгі парағы мынадай ақпаратты қамтиды:
Тармақша 1
1) құжаттың атауы: «_________ ___________ кезеңдегі қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есеп».
Тармақша 2
2) қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитентінің толық және қысқартылған атауы;
Тармақша 3
3) жазба: «Уәкілетті органның қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуі инвесторларға қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есепте жазылған акцияларды сатып алуға қатысты қандай да бір ұсынымдарды беруді білдірмейді және осы құжаттағы ақпараттың шынайылығын растамайды. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар эмитентінің лауазымды тұлғалары қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есепте ұсынылған барлық ақпараттың шынайы болып табылатындығын және қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті мен оның орналастырылатын бағалы қағаздарына қатысты инвесторларды жаңылдыруға әкеп соқпайтындығын растайды.
Тармақ 2
2. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру қорытындылары туралы есептің мазмұны:
Тармақша 1
1) қазақстандық депозитарийлік қолхаттар эмитентінің толық атауы және оның орналасқан жері;
Тармақша 2
2) қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні;
Тармақша 3
3) қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды);
Тармақша 4
4) қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың жалпы саны (дана);
Тармақша 5
5) қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру туралы мәліметтер: орналастыру басталған күн; алғашқы және соңғы сауда-саттық күні, есепті кезең ішіндегі қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастырудың ең төмен және ең жоғары бағасы; қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастырудың есепті кезеңінің аяқталған күніндегі орналастырылған және орналастырылмаған қазақстандық депозитарийлік қолхаттар саны; орналастырудың есепті кезеңі ішіндегі орналастырылған қазақстандық депозитарийлік қолхаттар саны;
Басқа 2.3. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есептің құрылымы
Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісін, қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидаларына 3-қосымша Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу қорытындылары туралы есептің құрылымы
Тармақ 1
1. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар эмитентінің атауы.
Тармақ 2
2. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні.
Тармақ 3
3. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды).
Тармақ 4
4. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың жалпы саны (дана).
Тармақ 5
5. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу туралы мәліметтер:
Тармақша 1
1) қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу күні;
Тармақша 2
2) қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу күніндегі жағдай бойынша эмитент сатып алған қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың саны туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) оларды өтеу күнінде айналыста болып табылған қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың саны туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды өтеу тәсілі;
Тармақша 5
5) айналыс басталған күннен бастап өтелген қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың жалпы саны.
Басқа 3. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті сақтауға тиіс талаптар
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 322 қаулысына 3-қосымша Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті сақтауға тиіс талаптар
Тармақ 1
1. Осы қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті сақтауға тиісті талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті сақтауға тиісті талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың базалық активі (бұдан әрі – базалық актив) базалық актив шығарылымы елінің заңнамасына сәйкес сақталуға және есептелуге тиіс.
Тармақ 3
3. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттармен мәмілелер жасау, сондай-ақ базалық актив бойынша дивидендтерді немесе сыйақыны аудару жөніндегі есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады;
Тармақ 4
4. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттар құжаттамалық емес нысанда шығарылады.
Тармақ 5
5. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру және айналысқа шығару қор биржасының қағидаларына сәйкес ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Орталық депозитарий қазақстандық депозитарийлік қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есептеуді және растауды жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Базалық активпен жасалатын мәмілелерді тіркеу тоқтатыла тұрған жағдайда қазақстандық депозитарийлік қолхаттармен жасалатын мәмілелерді тіркеу тоқтатыла тұрады. Базалық активпен жасалатын мәмілелерді тіркеу жаңартылған жағдайда қазақстандық депозитарийлік қолхаттармен жасалатын мәмілелерді тіркеу жаңартылады.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызмет ететін қор биржасы ресми тізімінің «Негізгі» алаңы «акциялар» секторының «премиум» немесе «стандарт» санаттарына енгізілген Қазақстан Республикасының резиденттері-заңды тұлғалар қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығарады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттің аумағында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысымен бекітілген Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесіне енгізілген аумақта тіркелген заңды тұлға не осындай заңды тұлғаның үлестес тұлғасы болып табылатын заңды тұлға базалық активтің эмитенті болып табылмайды.
Тармақ 10
10. Базалық актив эмитентінің немесе қазақстандық депозитарийлік қолхаттар шығарылымы жүзеге асырылатын базалық активтің «ВВ-»-дан төмен емес (Standard & Poor's немесе Fitch халықаралық рейтингтік агенттіктердің жіктемесі бойынша) немесе «ВаЗ» (Moody`s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттігінің жіктемесі бойынша) рейтингтік бағасы бар.
Тармақ 11
11. Эмитент қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығару және айналысқа шығару барысында:
Тармақша 1
1) орталық депозитарийді қазақстандық депозитарийлік қолхаттарға қатысты меншік құқықтарын есептеу және растау жөніндегі өз функцияларын жүзеге асыру үшін оған қажет ақпаратпен қамтамасыз етуді;
Тармақша 2
2) базалық актив эмитентінің қызметін мониторингілеуді және қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын және оларға ықпал етуге қабілетті ақпаратты қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды ұстаушыларға, қор биржасына және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті органға) ұсынуды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті уәкілетті органға, орталық депозитарийге және қор биржасына базалық активтің күшін жою, базалық активпен жасалатын мәмілелердің тіркелуін тоқтату немесе тоқтата тұру туралы хабарлайды.
Басқа 4. Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 322 қаулысына 4-қосымша Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі
Тармақ 1
1.«Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару, орналастыру, айналысы және өтеу, олардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді беру, сондай-ақ қазақстан депозитарлық қолхаттарының эмитенті сақтауға жататын талаптар туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 430 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2646 болып тіркелген, 2004 жылғы 3 ақпанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 25 (23663) жарияланған).
Тармақ 2
2.«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 болып тіркелген, 2007 жылғы мамырда-шілдеде Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 7-тармағы.
Тармақ 3
3.«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 10 маусымда № 8505 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда «Заң газеті» газетінде № 115 (2316) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 5-тармағы.
Тармақ 4
4.«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 109 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 2 қыркүйекте № 9712 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 қазанда «Заң газеті» газетінде № 162 (2556) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.
Тармақ 5
5.«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 250 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 3 ақпанда № 13001 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.