О доплатах к пособиям и стипендиям, выплачиваемым безработным Күшін жойған
Басқа 0
Жұмыссыздарға төленетiн жәрдемақы мен стипендияға қосымша төлем туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.02.2005 № 124 қаулысымен.
Тармақ 1
1. Жұмыссыздарды әлеуметтiк қолдауды күшейту мақсатында және Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiнiң займын беру шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Заңына белгiленген тәртiппен өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн жұмыссыздарға төленетiн жәрдемақы мен стипендияға қосымша төлем мынадай деңгейде белгiленсiн:
Тармақша а
а) кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың қайта құрылуына немесе қызметкерлер санының (штаттың) қысқаруына байланысты жұмыстан босаған адамдарға - заңмен белгiленген есептiк көрсеткiштiң алты есе мөлшерiнде;
Тармақша б
б) жұмыссыздардың басқа санаттарына - есептiк көрсеткiштiң үш есе мөлшерiнде.
Бұл қосымша төлемдер жәрдемақы (стипендия) мөлшерi "а" және "б" тармақшаларында көрсетiлгендегiмен бiрдей немесе одан асатын жұмыссыздарға төленбейдi.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Үкіметінiң 1996.08.09. N 987 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Жұмыссыздарға төленетiн жәрдемақы мен стипендияға қосымша төлем Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қорының қаржысы есебiнен жасалсын.
Тармақ 3
3. Бұл қаулы 1995 жылдың 1 қыркүйегiнен күшiне енедi.