Об утверждении Правил проведения анализа целевого использования средств банками второго уровня, предоставленных в рамках механизма кредитования приоритетных проектов Күшін жойған
Басқа 0
Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларын бекіту туралы
Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауды және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың
1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Басым жобаларға кредит беру тетігінің
шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі
банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2019 жылғы 25 қаңтардағы
№ 10 бұйрығымен
бекітілген
Басым жобаларға кредит беру тетігінің
шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі
банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидалары (бұдан әрі – Талдау қағидалары) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) сәйкес әзірленді және басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде берілген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына талдау жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – қаржы агенттігі) Қаулы шеңберінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті мақсатты пайдалануын мониторингілеуді, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерге, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамына берілген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы және уақтылы игерілуі бойынша ақпарат жинауды және оны талдауды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Осы Талдау қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АНК) – Қаулымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі – Тетік) шеңберіндегі қатысушы, компания;
Тармақша 2
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарты
(бұдан әрі – АӨК субсидиялау шарты) – қарыз алушы, жұмыс органы мен қаржы институты арасында жасалатын, субсидияларды аударудың тәртібі мен талаптарын, тараптардың жауапкершілігін көздейтін қағаз және электрондық түрде жасалған жазбаша келісім;
Тармақша 3
3) банк (бұдан әрі – ЕДБ) – екінші деңгейдегі банк, Тетік шеңберіндегі қатысушы;
Тармақша 4
4) банктік қарыз шарты – ЕДБ мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша кәсіпкерге Тетік шеңберінде банк кредиті, сондай-ақ кредиттік желі ашу туралы келісім беріледі.
Аталған шарт ақпараттық банк жүйесінде сәйкестендірілуге жатады;
Тармақша 5
5) кәсіпкер – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, сондай – ақ өз қызметін Кодекске сәйкес Тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – ЖКС);
Тармақша 6
Тармақша 7
7) қаражат – Тетік шеңберінде АНК облигациялар шығару кезінде, ЕДБ алған ақша қаражаты;
Тармақша 8
8) қарыз шарты – оның талаптары бойынша кәсіпкерге кредит берілетін АНК мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, сондай-ақ Тетік шеңберінде кредиттік желі ашу туралы келісім.
Осы шарт АНК ақпараттық жүйесінде сәйкестендірілуге жатады;
Тармақша 9
9) кредит – ЕДБ банктік қарыз шартының негізінде, АНК қарыз шартының негізінде кәсіпкерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету және мақсатты пайдалану талаптарымен беретін ақша сомасы;
Тармақша 10
10) субсидиялау – кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын болашақта белгілі бір шарттарды орындауының орнына кәсіпкер кредиттер бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай қолдау нысаны;
Тармақша 11
11) субсидиялау шарты – қаржы агенттігі, ЕДБ және кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі ЕДБ берген кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;
Тармақша 12
12) уақытша бос қаражат – кәсіпкерлердің бұрын берілген кредиттерді өтеуден босатылатын қаражат сомасы.
Тарау 2. 2-тарау. Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына талдау жүргізу тәртібі
2-тарау. Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына талдау жүргізу тәртібі
Тармақ 4
4. Қаржы агенттігі ЕДБ, АНК берген ақпараттың негізінде ЕДБ, АНК ЖКС мақсатты және уақтылы қаржыландыруы бойынша деректерді жинауды және талдауды жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Деректердің талдауы Тетік шеңберіндегі ұсынылған ЕДБ, АНК лимиттері жөніндегі ақпаратты шоғырландыруды, ЕДБ, АНК және ЖКС тарапынан қаражаттың уақтылы және мақсатты пайдаланылуын, берілген кредиттердің жалпы көлеміндегі шағын және орта бизнестің үлесі жөніндегі ақпаратты, өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бағыттары, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу және өндіріс жөніндегі деректерді қамтиды.
Тармақ 6
6. ЕДБ-нің, АНК-нің Тетік шеңберінде қаражатты уақтылы игеру және мақсатты пайдалану талаптарын орындауы туралы ақпаратты жинау және талдау үшін, қаржы агенттігі мынадай іс-шараларды жүргізеді:
ЖКС берген кредиттер бойынша ЕДБ-нің және АНК-нің есептерін жинау және талдау;
уақытша бос қаражаттың қалдықтары бойынша ЕДБ-нің және АНК-нің есептерін жинау және талдау;
Тетік шеңберінде ЖКС қаржыландырудың әлеуметтік-экономикалық әсері бойынша ЕДБ-нің және АНК-нің есептерін жинау және талдау;
қаражатты игеру кезеңі бойынша ЕДБ-нің және АНК-нің есептерін жинау және талдау;
ЕДБ-нің және АНК-нің қаражатты мақсатты пайдалануы, оның ішінде ЕДБ және АНК-нің Тетік шеңберінде ЖКС қаржыландыру талаптарын сақтауы бойынша деректерді жинау және талдау;
Тетік шеңберінде олармен субсидиялау шарты жасалған ЖКС-нің кредитті мақсатты пайдалануына талдауды жүзеге асыру.
Тармақ 7
7. Аванстық қорландыруды алған жағдайда облигацияларды орналастырудан алынған ЕДБ, АНК қаражатын игеру кезеңі орналастырылған облигациялардың әрбір траншы бойынша олар ЕДБ, АНК шотына түскен күннен бастап 12 (он екі) айдан аспауға тиіс.
ЕДБ, АНК қаражатты игеру кезеңінің басталу күні қаражат ЕДБ, АНК шотына келіп түскен күннен бастап айқындалады.
Қаражатты уақтылы игеру қаражатты игеру кезеңі аяқталған күннен кешіктірмей Тетік шеңберінде ЖКС-пен банктік қарыз шартын, қарыз шартын жасасу болып табылады.
Тармақ 8
8. ЕДБ, өнеркәсіпті дамыту қоры, лизингтік компаниялар қаржы лизингі бойынша және АНК қаржы агенттігіне осы Талдау қағидаларына 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерде берілген кредиттер бойынша есептерді:
Тармақша 1
1) осы Талдау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тетік шеңберінде бөлінген қаражатты мақсатты пайдалану туралы есепті;
Тармақша 2
2) осы Талдау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тетік шеңберіндегі уақытша бос қаражат туралы есепті;
Тармақша 3
3) осы Талдау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөлінген қаражаттың игерілуі жөніндегі есепті ұсынады.
Тармақ 9
9. ЕДБ, АНК қаражаттың игерілуі және мақсатты пайдаланылуы туралы ақпарат бермеген жағдайда қаржы агенттігі осы Талдау қағидаларына 1-қосымшада көзделген мерзім өткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ЕДБ-ға, АНК-ге ақпарат беруі қажеттігі туралы хабарлама жолдайды.
ЕДБ, АНК хабарлама түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қажетті ақпаратты қаржы агенттігіне жолдайды.
Ұсынылған ақпаратқа ескертулер анықталған жағдайда 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, қаржы агенттігі электрондық сұрату/ресми хат түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ЕДБ-нің, АНК-нің анықталған ескертулерді жою бойынша ақпарат беру қажеттігі туралы талаппен ЕДБ-ға, АНК-ге электрондық поштамен сұрату және ресми хат жолдайды.
Тармақ 10
10. Қаржы агенттігі Тетіктің 9-тармағына сәйкес Тетік шеңберінде субсидиялау шарты жасалған ЖКС-нің жаңа кредитінің мақсатты пайдаланылуын мониторингтеуді жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Тетік шеңберінде АӨК субсидиялау шарты жасалған агроөнеркәсіптік кешенінде өндіру және қайта өңдеу бойынша іске асырылатын жобаларды мониторингтеу Тетіктің 11-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 12
Басқа 1. Берілген кредиттер бойынша есептерді ұсыну мерзімдері
Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларына
1-қосымша
Берілген кредиттер бойынша есептерді ұсыну мерзімдері
Р/с
№
Есеп нысанының атауы
Екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ), Өнеркәсіпті дамыту қоры (бұдан әрі – ӨДҚ) лизингтік компаниялар бойынша қаржылық лизингі (бұдан әрі – ЛК), «Аграрлық несиелік корпорация» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – АНК)
1
______________________________
(екінші деңгейдегі банк/өнекәсіпті дамыту
қоры/лизингтік компания/ «Аграрлық несиелік
корпорация» акционерлік қоғамының атауы)
Тетік шеңберінде бөлінген қаражатты
мақсатты пайдалануы туралы есеп
Тетіктің қолданылу мерзімі ішінде ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей (Талдау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша)
2
______________________________
(екінші деңгейдегі банк/өнекәсіпті дамыту
қоры/лизингтік компания/ «Аграрлық несиелік
корпорация» акционерлік қоғамының атауы)
______________________________
(күн.ай.жыл)
жағдай бойынша
Тетік шеңберіндегі уақытша бос
қаражаты туралы есеп
Тетіктің қолданылу мерзімі ішінде тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-шы күнінен кешіктірмей (Талдау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша), игеру кезеңі өткеннен кейін
3
______________________________
(екінші деңгейдегі банк/өнекәсіпті дамыту
қоры/лизингтік компания/ «Аграрлық несиелік
корпорация» акционерлік қоғамының атауы)
Тетік шеңберінде бөлінген қаражатты
игеруі бойынша есеп
Игеру кезеңі аяқталғаннан кейін (Талдау қағидаларының 2-тарауының 7-тармағы) игеру кезеңі аяқталғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде (Талдау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша)
Басқа 2. Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі
шеңберінде бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы есеп
Басым жобаларға кредит
беру тетігі шеңберінде
ұсынылған қаражатты екінші
деңгейдегі банктердің мақсатты
пайдалануын талдау
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Ұсынылады: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамына.
Нысан әкімшілік деректерді жинауға арналған.
Әкімшілік деректер нысаны орналастырылған интернет ресурс: www.economy.gov.kz.
____________________________________________________________________________________________
(екінші деңгейдегі банк/өнеркәсіпті дамыту қоры/лизингтік компания/«Аграрлық несиелік корпорация» акционерлік қоғамы атауы)
Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі
шеңберінде бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы есеп
Есептік кезең: 20 _____ж. _____ бастап _____ қоса алғандағы кезең.
Әкімшілік деректер нысаны индексі: ИВС-1.
Кезеңділігі: айлық.
Ақпарат ұсынатын тұлғалар: Екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ), өнеркәсіпті дамыту қоры (бұдан әрі – ӨДҚ) лизингтік компаниялар бойынша қаржылық лизингі (бұдан әрі – ЛК) және «Аграрлық несиелік корпорация» акционерлік қоғамы» (бұдан әрі – АНК).
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінің (бұдан әрі – Тетік) қолданылу мерзімі ішінде есепті кезеңнен кейінгі айдың 20 (жиырма) күнінен кешіктірмей «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамына.
Р/с №
Банк атауы
Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана
Қарыз алушының атауы
Заңдық мәртебесі (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жеке кәсіпкер, шаруа қожалығы, өндірістік кооператив)
Берілген күні
Қарыздың мерзімі, айлар
Қарыз
сомасы
Тетік қаражаты есебінен мақұлданған қарыз сомасы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Кестенің жалғасы
ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК қаражаты есебінен мақұлданған қарыз сомасы
Нақты берілген қаражат сомасы
Тетік қаражаты есебінен нақты берілетін сома
ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК қаражаты есебінен нақты берілетін сома
Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік берілген кезең
Сыйақы төлеу бойынша жеңілдік берілген кезең
Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі
Кредит бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесі
10
11
12
13
14
15
16
17
Кестенің жалғасы
Кредит беру объектісі
Қарызға алынған қаражаттың мақсаты (қарызға алынған қаражаттың әр бағытының атауы мен сомасын көрсете отырып)
Өткізілген жері (аудан, қала)
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша секция (бұдан әрі – ЭҚЖЖ)
ЭҚЖЖ бойынша төрт таңбалы сынып
ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК уәкілетті органының № шешімі
ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК уәкілетті органы шешім қабылдаған күн
18
19
20
21
22
23
24
Кестенің жалғасы
Банктік қарыз шартының/Кредиттікжелі
ашу туралы келісімнің/қарыз шартының №
Банктік қарыз шартының/Кредиттік желі ашу туралы келісімнің/қарыз шартының күні
Қарыз алушының жеке сәйкестендірме нөмірі/ Бизнес-сәйкестендірме нөмірі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысуы (иә/жоқ)
Тетік шеңберіндегі бағыт
Жеке кәсіпкерлік субъектінің санаты (шағын бизнес/орта бизнес/ірі бизнес)
25
26
27
28
29
30
Лауазымды тұлға _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда))
Жауапты жұмыскер ____________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда))
Басқа 2-1. «Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
«Басым жобаларға кредит
беру және қаржылық лизинг
тетігі шеңберінде бөлінген
қаражаттың мақсатты
пайдаланылуы туралы есеп»
нысанына қосымша
«Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
(индексі – ИВС-1, мерзімділігі: ай сайынғы)
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ), өнеркәсіпті дамыту қоры (бұдан әрі – ӨДҚ), лизингтік компаниялар бойынша қаржылық лизингі (бұдан әрі – ЛК) және «Аграрлық несиелік корпорация» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АНК) ай сайын жасайды. Егер өзгеше көрсетілмесе, нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам және орындаушы қол қояды.
Тармақ 5
5. «Р/с №» деген нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі. Кейінгі ақпаратты жазғанда, нөмірлену реті үзілмеуге тиіс.
Тармақ 6
6. «Банктің атауы» деген нысанның 2-бағанында есепті ұсынатын ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК атауы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. «Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана» деген нысанның 3-бағанында кәсіпкердің тіркелген орнына сәйкес келетін облыс немесе республикалық маңызы бар қала немесе астана көрсетіледі.
Тармақ 8
8. «Қарыз алушының атауы» деген нысанның 4-бағанында Тетік шеңберінде қаржыландырылған кәсіпкердің атауы көрсетіледі.
Тармақ 9
9. «Заңдық мәртебесі (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, дара кәсіпкер, шаруа қожалығы, өндірістік кооператив)» деген нысанның 5-бағанында бағанда көрсетілген анықтамаға сәйкес кәсіпкердің заңды мәртебесінің рұқсат берілетін анықтамасы көрсетіледі.
Тармақ 10
10. «Берілген күні» деген нысанның 6-бағанында Қарыз алушыға ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК кредит қаражатының іс жүзінде берілген күні көрсетіледі.
Тармақ 11
11. «Қарыздың мерзімі, айлар» деген нысанның 7-бағанында айлармен есептелген кредит берілген мерзім көрсетіледі.
Тармақ 12
12. «Қарыздың сомасы» деген нысанның 8-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде берілген кредит сомасы теңгемен көрсетіледі.
Тармақ 13
13. «Тетік қаражаты есебінен мақұлданған қарыздың сомасы» деген нысанның 9-бағанында Тетік қаражаты есебінен ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК мақұлдаған кредит сомасы көрсетіледі.
Тармақ 14
14. «ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК қаражаты есебінен мақұлданған қарыз сомасы» деген нысанның10-бағанында ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК өз қаражаты есебінен мақұлдаған кредит сомасы көрсетіледі.
Тармақ 15
15. «Нақты берілген қаражат сомасы» деген нысанның 11-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде қарыз алушыға нақты берілген кредит қаражатының сомасы көрсетіледі.
Тармақ 16
16. «Тетік қаражаты есебінен нақты берілген сома» деген нысанның 12-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде Тетік қаражаты есебінен қарыз алушыға нақты берілген кредит қаражатының сомасы көрсетіледі.
Тармақ 17
17. «ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК қаражаты есебінен нақты берілген сома» деген нысанның13-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК өз қаражаты есебінен қарыз алушыға нақты берілген кредит қаражатының сомасы көрсетіледі.
Тармақ 18
18. «Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең» деген нысанның 14-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде айқындалған негізгі борышты өтеу бойынша айларға бөлінген жеңілдікті кезеңнің мерзімі көрсетіледі.
Тармақ 19
19. «Сыйақы төлеу бойынша жеңілдікті кезең» деген нысанның 15-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде айқындалған сыйақыны өтеу жөніндегі айларға бөлінген жеңілдікпен берілетін кезеңнің мерзімі көрсетіледі.
Тармақ 20
20. «Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі» деген нысанның 16-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде кредит бойынша белгіленген сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі.
Тармақ 21
21. «Кредит бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесі» деген нысанның 17-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде кредит бойынша белгіленген тиімді сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі.
Тармақ 22
22. «Кредит беру объектісі» деген нысанның 18-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісімге/банктік қарыз шартына сәйкес айқындалған кредиттің нысаналы мақсаты (айналым қаражатын толықтыру/инвестициялар/қайта қаржыландыру) көрсетіледі.
Тармақ 23
23. «Қарыз қаражатының нысаналы мақсаты (қарыз қаражатының әрбір бағытының атауы мен сомасын көрсете отырып)» деген нысанның 19-бағанында кредит қаражатының нысаналы мақсаты көрсетіледі.
Тармақ 24
24. «Іске асыру орны (аудан, қала)» деген нысанның 20-бағанында жобаны іске асыру орнына сәйкес келетін облыс немесе республикалық маңызы бар қала немесе астана көрсетіледі.
Тармақ 25
25. «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – ЭҚЖЖ)» бойынша секция деген 21-бағанында кәсіпкердің жобасы іске асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша секциясы көрсетіледі.
Тармақ 26
26. «ЭҚЖЖ бойынша төрт таңбалы сынып» деген нысанның 22-бағанында төрт таңбалы цифрлық кодпен белгіленген ЭҚЖЖ сыныптамасының төртінші деңгейі көрсетіледі.
Тармақ 27
27. «ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК уәкілетті органы қабылдаған шешім № » деген нысанның 23-бағанында кәсіпкердің жобасын қаржыландыру туралы ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК уәкілетті органы қабылдаған шешімнің нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 28
28. «ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК уәкілетті органы шешім қабылдаған күн» деген нысанның24-бағанында кәсіпкердің жобасын қаржыландыру туралы ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК уәкілетті органы шешім қабылдаған күн көрсетіледі.
Тармақ 29
29. «Банктік қарыз шартының/кредиттік желі ашу туралы келісімнің №» деген нысанның 25-бағанында ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК және қарыз алушы арасында жасалған банктік қарыз шартының/ кредиттік желі ашу туралы келісімнің нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 30
30. «Банктік қарыз шартының/кредиттік желі ашу туралы келісімнің күні» деген нысанның 26-бағанында ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК мен қарыз алушы арасында жасалған банктік қарыз шартының/кредиттік желі ашу туралы келісімнің күні көрсетіледі.
Тармақ 31
31. «Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі» деген нысанның 27-бағанында кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға) немесе болған жағдайда бизнес сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға) көрсетіледі.
Тармақ 32
32. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысуы (иә/жоқ)» деген нысанның 28-бағанында қаржыландырылған жобаның Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысуы туралы ақпарат «иә» немесе «жоқ» деген белгі қойылып көрсетіледі.
Тармақ 33
33. «Тетік шеңберіндегі бағыт» деген нысанның 29-бағанында:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсіптік кешендегі (бұдан әрі – АӨК) қайта өңдеу;
Тармақша 2
2) АӨК-тегі өндіріс;
Тармақша 3
3) өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бағыты көрсетіледі.
Тармақ 34
34. «Жеке кәсіпкерлік субъектісінің санаты (шағын бизнес/орта бизнес/ірі бизнес)» деген нысанның 30-бағанында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісінің санаты көрсетіледі.
Басқа 3. ______________________________________________________
(екінші деңгейдегі банк/өнеркәсіпті дамыту қоры/лизингтік компания/
«Аграрлық несиелік корпорация» акционерлік қоғамының атауы)
_______________________ жағдай бойынша
(күн.ай.жыл)
Тетік шеңберіндегі уақытша бос қаражаты туралы есеп
Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Қайда ұсынылады: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы.
Нысан әкімшілік деректерді жинауға арналған
Әкімшілік деректер нысаны орналастырылған интернет ресурс: www.economy.gov.kz
______________________________________________________
(екінші деңгейдегі банк/өнеркәсіпті дамыту қоры/лизингтік компания/
«Аграрлық несиелік корпорация» акционерлік қоғамының атауы)
_______________________ жағдай бойынша
(күн.ай.жыл)
Тетік шеңберіндегі уақытша бос қаражаты туралы есеп
Есепті кезең 20_____ ж.
Әкімшілік деректер формасының индексі: ОВСС-1
Мерзімділігі: тоқсандық
Әкімшілік деректер ұсыну мерзімі: екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ), өнеркәсіпті дамыту қоры (бұдан әрі – ӨДҚ) лизингтік компаниялар бойынша қаржылық лизингі (бұдан әрі – ЛК) және «Аграрлық несиелік корпорация» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АНК) ай сайын.
Әкімшілік деректер ұсыну мерзімі: ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК Тетіктің қолданылу мерзімі ішінде тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-шы күнінен кешіктірмей.
Р/с
№
Бағдарлама
атауы
Жеке кәсіпкерлік субъектісінің ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК алдындағы негізгі боышының қалдығы
ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК-ның Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі/ Қазақстанның орнықтылық қоры алдындағы негізгі боышының қалдығы
ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК бағдарламаға қатысатын қаражат қалдықтары
Бағдарлама бойынша ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК ең жақын өтейтін негізгі борышының сомасы
Бос қаражат қалдығы
Барлығы
Оның ішінде ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК-ның баланстан тыс шотында резервке қойылғаны
1
2
3
4
5
6
7
8
Лауазымды тұлға _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)
Жауапты жұмыскер _______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)
Басқа 80. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
«Тетік шеңберіндегі уақытша бос
қаражат туралы есеп» нысанына
қосымша.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тетік шеңберіндегі уақытша бос қаражат туралы есеп
(Индексі-ОВСС-1, мерзімділігі: тоқсандық)
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) әкімшілік деректерді жинауға арналған «Тетік шеңберіндегі уақытша бос қаражат туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ), өнеркәсіпті дамыту қоры (бұдан әрі – ӨДҚ), лизингтік компаниялар бойынша қаржылық лизингі (бұдан әрі – ЛК) және «Аграрлық несиелік корпорация» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АНК) ай сайын жасайды. Егер өзгеше көрсетілмесе, нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.
Тармақ 5
5. Нысанның «Р/с №» деген 1-бағанында реті бойынша реттік нөмір көрсетіледі. Кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуге тиіс.
Тармақ 6
6. Нысанның «Бағдарламаның атауы» деген 2-бағанында қаржыландыру бағдарламасының атауы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның «Жеке кәсіпкерлік субьектісінің (бұдан әрі – ЖКС) ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК алдындағы негізгі борышының қалдығы» деген 3-бағанында жеке кәсіпкерлік субъектісінің (бұдан әрі – ЖКС) ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК берген кредиті бойынша негізгі борыш қалдығының сомасы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның «ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі/Қазақстаннның орнықтылық қоры алдындағы негізгі борышының қалдығы» деген 4-бағанында ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК сатып алынған облигациялары бойынша негізгі борыш сомасының қалдығы көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның «ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК бағдарламаға қатысатын қаражат қалдығы» деген 5-бағанында Тетік шеңберінде тартылған ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК қаражатының қалдығы көрсетіледі (осы баған игеру сомасына өтеу кестесі болған кезде толтырылады).
Тармақ 10
10. Нысанның «Бағдарлама бойынша ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК ең жақын өтейтін негізгі борышының сомасы» деген 6-бағанында өтеу кестесіне сәйкес ең жақын өтелетін негізгі борыш сомасы көрсетіледі (осы баған игеру сомасына өтеу кестесі болған кезде толтырылады).
Тармақ 11
11. Нысанның «Бос қаражат қалдығы, барлығы» деген 7-бағанында бастапқы игеру шеңберінде бөлінген, ЖКС кредиттік қаражатты өтеу есебінен босаған есепті күнгі ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК уақытша бос қаражатының қалдығы көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның «Бос қаражат қалдығы, оның ішінде ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК баланстан тыс шотында резервке қойылған» деген 8-бағанында ЖКС кредит беру үшін ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК баланстан тыс шотында резервке қойылған уақытша бос қаражат қалдығының сомасы көрсетіледі.
Басқа 4. Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі
шеңберінде бөлінген қаражаттың игерілуі туралы есеп
Басым жобаларға кредит беру
тетігі шеңберінде ұсынылған
қаражатты екінші деңгейдегі
банктердің мақсатты
пайдалануын талдау
қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Ұсынылады: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамына.
Нысан әкімшілік деректерді жинауға арналған.
Әкімшілік деректер нысаны орналастырылған интернет ресурс: www.economy.gov.kz.
___________________________________________________________________________________
(екінші деңгейдегі банк/өнеркәсіпті дамыту қоры/лизингтік компания/ «Аграрлық несиелік корпорация» акционерлік қоғамы атауы)
Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі
шеңберінде бөлінген қаражаттың игерілуі туралы есеп
Есептік кезең 20_____ жыл.
Әкімшілік деректер нысанының индексі: ОАОО-1.
Кезеңділігі: бөлінген қаражатты игеру кезеңі аяқталғаннан кейін.
Ақпарат ұсынатын тұлғалар шеңбері: екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ), өнеркәсіпті дамыту қоры (бұдан әрі – ӨДҚ), қаржылық лизинг бойынша лизингтік компаниялар (бұдан әрі – ЛК) және «Аграрлық кредиттік корпорация» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АКК).
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: бір рет, игеру кезеңі аяқталғанда, игеру мерзімі аяқталғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қаржы агенттігі).
РР/с №
Жеке кәсіпкерлік субъектінің (бұдан әрі –ЖКС) атауы
Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана
Жеке сәйкестендіру нөмірі/ Бизнес-сәйкестендіру нөмір
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы
жіктеуіші
Нақты қарыз беру сомасы
Сала (секция)
кіші сала (бөлім)
Оның ішінде «Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі» (бұдан әрі – Тетік) қаражаты есебінен
оның ішінде ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК қаражаты есебінен
1
2
3
4
5
6
7
8
Кестенің жалғасы
Қарыз мерзімі, ай
Қарыз валютасы
номиналды
сыйақы мөлшерлемесі
Кредит келісімінің № және күні
Нысаналы мақсаты
Инвестициялар
Айналым қаражатын толтыру
Сомасы
Үлес салмағы, %
Сомасы
Үлес салмағы, %
9
10
11
12
13
14
15
16
17
Кестенің жалғасы
Тетік шеңберінде бағыт
ЖКС санаты (шағын бизнес/орта бизнес/ірі бизнес)
18
19
Тармақша 1
1) Тетік шеңберіндегі қаражатты ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК игеруі бойынша қаржы агенттігінің қысқаша талдауы мен тұжырымдары. (қаражатты игеру ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК бөлінісінде берілген қарыздар, ЖКС санаттары бойынша, қызметі түрлері бойынша, бағыттары бойынша, нысаналы мақсаты бойынша, жобаны іске асыру орны бойынша бөлу, қысқаша тұжырымдарымен және талдауымен бірге өңірлер бөлінісіндегі ақпарат).
Лауазымды тұлға _____________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)
Жауапты жұмыскер _______________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)
Басқа 4-1. «Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде бөлінген қаражаттың игерілуі туралы есеп»
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
«Басым жобаларға кредит
беру және қаржылық лизинг
тетігі шеңберінде бөлінген
қаражаттың игерілуі туралы
есеп» нысанына
қосымша
«Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде бөлінген қаражаттың игерілуі туралы есеп»
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
(Индексі – ОАОО-1, кезеңділігі: бөлінген қаражатты игеру кезеңі аяқталғаннан кейін)
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде бөлінген қаражаттың игерілуі туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ)/өнеркәсіпті дамыту қоры (бұдан әрі – ӨДҚ)/қаржылық лизинг бойынша лизингтік компаниялар (бұдан әрі – ЛК)/«Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ (бұдан әрі – АКК) жасайды. Егер өзгеше көрсетілмесе, Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.
Тармақ 5
5. «Р/с №» деген Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі. Кейінгі ақпаратты жазғанда, нөмірлену реті үзілмеуі тиіс.
Тармақ 6
6. Нысанның «Жеке кәсіпкерлік субъектісінің (бұдан әрі – ЖКС) атауы» деген 2-бағанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысушының – ЖКС толық атауы заңды мәртебесі көрсетіле отырып, жазылады.
Тармақ 7
7. Нысанның «Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана» деген 3-бағанында кәсіпкердің тіркелген орнына сәйкес келетін облыс немесе республикалық маңызы бар қала немесе астана көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның «Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі» деген 4-бағанында жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлға үшін кәсіпкердің бизнес сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда) көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» «Сала (секция)» деген 5-бағанында кәсіпкердің жобасы іске асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша секция көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» «Кіші сала (бөлім)» деген 6-бағанында төрт таңбалы цифрлық кодпен белгіленген ЭҚЖЖ сыныптамасының төртінші деңгейі көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның «Нақты қарыз беру сомасы» «Оның ішінде «Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі – Тетік)» қаражаты есебінен» деген 7-бағанында Тетік қаражаты есебінен кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде қарыз алушыға нақты берілген кредиттік қаражат сомасы көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның «Нақты қарызды беру сомасы» «Оның ішінде ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АКК қаражаты есебінен» деген 8-бағанында ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АКК меншікті қаражаты есебінен кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде қарыз алушыға іс жүзінде берілген кредиттік қаражат сомасы көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысанның «Қарыз мерзімі, ай» деген 9-бағанында айлармен есептелген кредит беру мерзімі көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Нысанның «Қарыз валютасы» деген 10-бағанында кредит валютасы көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Нысанның «Номиналды сыйақы мөлшерлемесі» деген 11-бағанында кредиттік желі ашу туралы келісім/банктік қарыз шарты шеңберінде кредит бойынша белгіленген номиналды сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Нысанның «Кредиттік келісімнің нөмірі және күні» деген 12 және 13-бағандарында ЕДБ/ӨДҚ/ЛК/АНК мен қарыз алушы арасында жасалған банктік қарыз шартының/кредиттік желі ашу туралы келісімнің нөмірі мен күні көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Нысанның «Нысаналы мақсаты» деген бағанының «Инвестициялар» деген кіші бағанының «Сомасы» деген 14-бағанында инвестициялық мақсаттарға бағытталған кредит қаражатының сомасы көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Нысанның «Үлес салмағы %» деген 15-бағанында пайыздық мәнде инвестициялық мақсаттарға бағытталған кредит қаражатының үлесі көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Нысанның «Сомасы» 16-бағанының «Айналым қаражатын толықтыру» деген кіші бағанында айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит қаражатының сомасы көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Нысанның «Үлес салмағы %» деген 17-бағанында айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит қаражатының үлесі көрсетіледі.
Тармақ 21
21. Нысанның «Тетік шеңберіндегі бағыт» деген 18-бағанында:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсіптік кешендегі (бұдан әрі – АӨК) қайта өңдеу;
Тармақша 2
2) АӨК өндірісі;
Тармақша 3
3) өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтер бағыты көрсетіледі.
Тармақ 22
22. Нысанның «ЖКС санаты (шағын бизнес/орта бизнес/ірі бизнес)» деген 19-бағанында ЖКС санаты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес көрсетіледі.
Басқа 0.5. Бөлінген қаражатты «______________» акционерлік қоғамының игеруі туралы есеп (ЕДБ/АНК қаржы агенттігіне ұсынады, қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынады (мың теңге)
Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің, мақсатты пайдалануына талдау жүргізу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Бөлінген қаражатты «______________» акционерлік қоғамының игеруі туралы есеп (ЕДБ/АНК қаржы агенттігіне ұсынады, қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынады (мың теңге)
Р/с №
Жеке кәсіпкерлік субъектінің (әрі қарай –ЖКС) атауы
Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана
Жеке сәйкестендірме нөмірі/ Бизнес-сәйкестендірме нөмірі
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы
жіктеуіші
Іс жүзінде қарыз беру сомасы
Сала (секция)
кіші сала (бөлім)
оның ішінде Тетік қаражаты есебінен
оның ішінде ЕДБ/АНК қаражаты есебінен
1
2
3
4
5
6
7
8
Кестенің жалғасы
Қарыз мерзімі, ай
Қарыз валютасы
Сыйақының номиналды мөлшерлемесі
Кредит келісімінің № және күні
нысаналы мақсаты
Инвестициялар
Айналым қаражатын толтыру
Сомасы
Үлес салмағы, %
Сомасы
Үлес салмағы, %
9
10
11
12
13
14
15
16
17
Кестенің жалғасы
Тетік шеңберіндегі бағыт*
ЖКС санаты (шағын бизнес/орта бизнес/ірі бизнес)
Бағдарлама/Тетік шарттарына ЖКС сәйестігі (сәйкес келеді/сәйкес келмейді)
Бағдарлама/Тетік шарттарына ЖКС жобасының сәйестігі (сәйкес келеді/сәйкес келмейді)
18
19
20
21
Тармақша 1
1) Тетік шеңберіндегі қаражатты екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ), «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның (бұдан әрі – АНК) игеруі бойынша қаржы агенттігінің қысқаша талдауы мен тұжырымдары.
(қаражатты игеру/ЕДБ/АНК бөлінісінде берілген қарыздар, ЖКС санаттары бойынша, қызметітүрлері бойынша, бағыттары бойынша, нысаналы мақсаты бойынша, жоба іске асырылатын орын бойынша бөлу, қысқаша тұжырымдарымен және талдауымен бірге өңірлер бөлінісіндегі ақпарат).
Лауазымды тұлға __________________________Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)
Жауапты жұмыскер ____________________ Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) (қолы, мөр (болған жағдайда)
* Бағытын көрсету қажет:
1) Агроөнеркәсіптік кешендегі (әрі қарай – АӨК) өңдеу;
2) АӨК-дегі өндіріс;
3) өңдеуші өнеркәсіп және қызметтер.