Об определении вида и порядка поощрения, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Каражал Күшін жойған
Басқа 0
Қаражал қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен
тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін
айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1243 " Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Қаражал қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қаражал қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаражал қаласының әкімінің орынбасары Д. Джакуповқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қаражал қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға
ақшалай сыйақының мөлшері
Қаражал қаласының әкімдігінің
201___ жылғы «_____»_______
№_________қаулысының
қосымшасы
Қаражал қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға
ақшалай сыйақының мөлшері
Тарау 1. 1 тарау. Көтермелеу түрлерi
1 тарау. Көтермелеу түрлерi
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлерi:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) грамотамен марапаттау;
Тармақша 3
3) ақшалай сыйлықақы беру.
Тарау 2. 2 тарау. Көтермелеу тәртiбi
2 тарау. Көтермелеу тәртiбi
Тармақ 2
2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қаражал қаласы әкiмдiгiмен құрылатын қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қарайды.
Тармақ 3
3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссия қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының полиция департаменті Қаражал қаласы полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі енгiзедi.
Тармақ 4
4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.
Тармақ 5
5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін Комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес, қосымша "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының полиция департаменті Қаражал қаласы полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының бұйрығы шығарылады.
Тармақ 6
6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.
Тармақ 7
7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды көтермелеу "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының полиция департаменті Қаражал қаласы полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі салтанатты жағдайда жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3 тарау. Ақшалай сыйақының мөлшерi
3 тарау. Ақшалай сыйақының мөлшерi
Тармақ 8
8. 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.
Тармақ 9
9. Ақшалай сыйақы бюджеттік заңнамаға сәйкес төленеді.