Об утверждении Инструкции по организации эксплуатации военного имущества Вооруженных Сил Республики Казахстан (грузоподъемных механизмов, котлов и сосудов, работающих под давлением) Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженiң 21-тармағының 19-62) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор М.М. Алтынбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 28 қаңтардағы
№ 55 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын) (бұдан әрі – Нұсқаулық) жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды пайдалануды ұйымдастыруды нақтылайды.
Тармақ 3
3. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның заңды тұлғаның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды орындау құқығын ресми тануы;
Тармақша 2
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатқа басшылық жасауды және оны салааралық үйлестіруді, әзірлеуді және жүзеге асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 3
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары – өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген техникалық және әлеуметтік сипаттағы арнайы шарттар.
Тармақ 4
4. Жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды қауіпсіз пайдалану бойынша өндірістік бақылауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығының қазандықтарды қадағалау және көтеру механизмдері бөліміне (бұдан әрі – қазандықтарды қадағалау бөлімі) жүктеледі.
Тармақ 5
5. Қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланудың өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы өндірістік бақылауды ұйымдастыру, жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды техникалық куәландыруды уақтылы жүргізуді бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығының қазандықтарды қадағалау және көтеру механизмдері бөліміне (бұдан әрі – қазандықтарды қадағалау бөлімі) жүктеледі.
Тармақ 6
6. Қауіпті техникалық құрылғыларға:
Тармақша 1
1) жылу желілерін қоспағанда, 0,07 мега-Паскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан жоғары суды қыздыру температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;
Тармақша 2
2) жүк көтеру механизмдері, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер;
Тармақша 3
3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің 0,07 мега-Паскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары, 0,07 мега-Паскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, жүк көтеру механизмдері, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер жатады.
Тарау 2. 2-тарау. Қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануда өндірістік бақылауды ұйымдастыру
2-тарау. Қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануда өндірістік бақылауды ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінде (бұдан әрі – әскери бөлімдер) қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануға өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы өндірістік бақылау әскери бөлім командирінің бұйрығы және осы Нұсқаулық негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Әскери бөлімнің қауіпті техникалық құрылғыларын пайдалануға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау туралы бұйрықта:
Тармақша 1
1) қауіпті техникалық құрылғыларға қызмет көрсету және пайдалану үшін оқытылып үйретілген және аттестатталған жеке құрам (бұдан әрі – қызмет көрсетуші персонал);
Тармақша 2
2) әскери бөлімнің қауіпті техникалық құрылғыларының техникалық жай-күйі мен пайдаланылуын қадағалау жөніндегі жауапты лауазымды адам (бұдан әрі – қадағалау жөніндегі адам);
Тармақша 3
3) әрбір құрылғының паспортына тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күнін көрсетумен жазбаларды және тағайындалған адамның қолтаңбаларын енгізумен инженерлік-техникалық құрам қатарынан қауіпті техникалық құрылғылардың ақаусыз жай-күйіне және оларды қауіпсіз пайдалануға жауапты адам (бұдан әрі – пайдалануға жауапты адам);
Тармақша 4
4) крандармен (жүк көтеру механизмдерімен) жүктердің орнын ауыстыру жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін жауапты адам (бұдан әрі – жұмыс жетекшілері);
Тармақша 5
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік және басшылық құжаттар талаптарын білуін кезең-кезеңімен тексеру үшін әскери бөлім командирі орынбасарының (бас инженердің) төрағалық етуімен тұрақты әрекеттегі комиссия;
Тармақша 6
6) қауіпті техникалық құрылғыларды ақаусыз жай-күйде ұстауды қамтамасыз ететін профилактикалық қарап тексеру, жөндеу мен сынаулар мерзімдері;
Тармақша 7
7) қызмет көрсететін персоналды өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқытып үйрету және оның талаптарын білуін кезең-кезеңімен тексеру;
Тармақша 8
8) қауiптi техникалық құрылғыларға техникалық қызмет көрсетудің және куәландырудың жоспар-кестесін әзiрлеуге және орындауға жауапты;
Тармақша 9
9) қауiптi техникалық құрылғылардың түрлерi бойынша техникалық куәландыру жөніндегі жұмыстарды дайындау және жүргiзу үшiн қажеттi мерзімдер, қажеттi үй-жайлар (алаңдар), материалдар, жабдық және айла-бұйымдар;
Тармақша 10
10) қауiптi техникалық құрылғыларды пайдалану кезiнде авариялар мен қайғылы оқиғалардан сақтандыру жөнiндегi іс-шаралар айқындалады.
Тармақ 9
9. Қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануда өндірістік бақылауды сапалы ұйымдастыру, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуді және куәландыруды жоспарлау мақсатында әскери бөлімдерде жыл сайын қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық қызмет көрсетудің және куәландырудың жоспар-кестесі әзірленеді, оларда мыналар көзделеді:
Тармақша 1
1) әскери бөлімнің қауіпті техникалық құрылғыларының өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптамалар жүргізу;
Тармақша 2
2) жоғары қысымды бу қазандығын ішкі тексеру және жұмыс қысымымен гидравликалық сынау – ішкі жылыту қабаттарын немесе қазандықтың элементтерін тазалағаннан кейін;
Тармақша 3
3) қазандыққа және қосалқы жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу – жасаушы зауыт көздеген мерзімдерде, бірақ кемінде жылына бір реттен сиретпей;
Тармақша 4
4) жұмыс жағдайындағы қазандықты кезең-кезеңімен тексеру – айына бір рет;
Тармақша 5
5) қазандықты бастапқы және мерзімдік техникалық куәландыру (монтаждаудан кейінгі ішкі тексеру және одан әрі – төрт жылда бір рет);
Тармақша 6
6) монтаждаудан кейінгі және одан әрі сынау қысымымен қазандықты гидравликалық сынау – сегіз жылда бір рет;
Тармақша 7
7) жұмыс күйінде қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды кезең-кезеңімен тексеру – екі айда бір рет;
Тармақша 8
8) тат баспайтын ортада жұмыс істейтін ыдыстарды ішкі қарап тексеру –екі жылда бір реттен сиретпей, ал металды таттандыратын ортада – жылына бір реттен сиретпей;
Тармақша 9
9) жоғары қысымды ыдыстарды бастапқы және кезең-кезеңімен техникалық куәландыру (жұмысқа кірісер алдында және одан әрі ішкі қарап тексеру – төрт жылда бір рет, жұмысқа кірісер алдында және одан әрі сынау қысымымен гидравликалық сынау – сегіз жылда бір рет);
Тармақша 10
10) ыдыстарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу – жылына бір реттен сиретпей;
Тармақша 11
11) жоғары қысымды баллондардың техникалық жай-күйін, сақтау шарттарын, толтырылуын, тасымалдануын, куәландырылуын және пайдаланылуын кезең-кезеңімен тексеру – екі айда бір реттен сиретпей;
Тармақша 12
12) сынау учаскелерiнде баллондарды куәландыру – баллондардың паспорттарында көрсетiлген мерзiмдерде, бiрақ «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген) көрсетілген мерзiмдерден сиретпей (бұдан әрі – Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары);
Тармақша 13
13) толық техникалық куәландыру – лифтіні орнату және реконструкциялау кезінде, пайдалануға берілгенге дейін;
Тармақша 14
14) лифтілер мен көтергiштердi кезең-кезеңімен техникалық куәландыру – жылына бiр реттен сиретпей;
Тармақша 15
15) лифтілер мен көтергiштердi ішінара техникалық куәландыру – жаңадан орнатылған және жөнделген элементтердi ауыстыру жөніндегі жұмыстарды орындағаннан кейiн;
Тармақша 16
16) лифтілер мен көтергiштердiң қорғаныш және бұғаттаушы құрылғыларының жұмысын тексеру – алты айда бiр рет;
Тармақша 17
17) жүк көтеру машиналарын кезең-кезеңімен қарап тексеру – айына бiр рет;
Тармақша 18
18) жүк көтеру машиналарын ішінара куәландыру – жылына бір рет;
Тармақша 19
19) жүк көтеру машиналарын толық техникалық куәландыру – үш жылда бір рет;
Тармақша 20
20) жүк көтеру механизмдеріне техникалық қызмет көрсету – жасаушы зауыттың нұсқаулығында және «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10332 болып тіркелген) көзделген мерзiмдерде (бұдан әрі – жүк көтеру механизмдерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары);
Тармақша 21
21) электр жабдығының, электр желiлерiнің оқшаулау кедергісін, жерге түйістіру кедергiсiн өлшеу – көпiр, тіреуіш крандар, аспалы крандар, электр көтергiштерi үшiн жылына бiр рет;
Тармақша 22
22) сыртқы қарап тексеру, бу және ыстық су құбырларының арматурасы мен металл конструкцияларын жөндеу – жылына бір реттен сиретпей;
Тармақша 23
23) бу және ыстық су құбырларын техникалық куәландыру – үш жылда бір реттен сиретпей;
Тармақша 24
24) бу және ыстық су құбырларын сыртқы қарап тексеру және гидравликалық сынау – ол екі жылдан астам уақыт сақтауда болғаннан кейін монтаждаудан, дәнекерлеуді қолданумен жөндегеннен кейін пайдалануға беру алдында;
Тармақша 25
25) қауіпті техникалық құрылғыларға қызмет көрсетуге (жөндеуге) арналған техникалық шарттардың (цехтың технологиялық және техникалық мүмкіндіктері, сынаулар пункті) орындалуын тексеру – екі айда бір реттен сиретпей. Баллондарды сынауға арналған пункт жабдықтарының, айла-бұйымдарының, құрылғылары мен құжаттарының тізбесі осы Нұсқаулықтқа 1-қосымшада көрсетілген;
Тармақша 26
26) өлшеу техникасының зертханасында бақылау-өлшеу құралдарын тексеру – жылына бір реттен сиретпей;
Тармақша 27
27) барокамераны сыртқы қарап тексеру, қолданылуда тексеру, қызмет көрсету – жылына бір реттен сиретпей;
Тармақша 28
28) барокамераны техникалық куәландыру – екі жылда бір реттен сиретпей.
Тармақ 9
9. Әскери бөлімдер жыл сайын 30 қарашаға дейін талдау жүргізеді және қауіпті техникалық құрылғыларды күтіп-ұстау және пайдалану туралы жеткізілімдерді осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазандықтарды қадағалау бөліміне жолдайды.
Тарау 3. 3-тарау. Жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды пайдалануды ұйымдастыру
3-тарау. Жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды пайдалануды ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Қауіпті техникалық құрылғыларға жататын жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру үшін қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланушы лауазымды адамдар мен жеке құрам оқудан және «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12479 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай үлгідегі куәліктерді алғаннан кейін жұмыс істеуге жіберіледі.
Тармақ 11
11. Қауіпті техникалық құрылғыларда жұмыс істеуге тартылатын мамандарды оқыту және білімін тексеру өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді оқыту, қайта даярлау үшін аттестатталған оқу ұйымдарында жүргізіледі.
Тармақ 12
12. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының талаптарына сәйкес қауіпті техникалық құрылғылар өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптауға жатады.
Тармақ 13
13. Стационарлық қазандықтардың жоғары қысымды бу қазандарын пайдалану кезінде:
Тармақша 1
1) жасаушы зауыттың (мамандандырылған ұйымның) ұсынымдарын ескере отырып үрлеудің, құнарландырылған судың нормасы мен сапасын, қазандарды тазалауға және жууға тоқтату мерзімдерін көрсетумен режимдік карталарды әзірлеу;
Тармақша 2
2) бастықтар мен ауысым инженерлерін (тиісті біліктілігі бар лауазымды адамдар) тағайындау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығымен бекітілген қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес стационарлық қазандықтардың жоғары қысымды бу қазандарының ақаусыз жай-күйіне және қауіпсіз пайдалануға қадағалауды жүзеге асыратын адамдар үшін технологиялық регламент әзірлеу және бекіту қажет.
Тармақ 14
14. Жүк көтеру механизмдері мен лифттерді пайдалану кезінде:
Тармақша 1
1) жүк көтеру механизмдерін пайдалануға жарамды қосалқы жүкқармауыш механизмдермен және айлабұйымдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес жүк көтеру механизмдерін бақылау жүктерімен тексеру және техникалық куәландыру үшін алаңдарды жабдықтау (бір гарнизонда бір алаң жабдықтауға рұқсат етіледі);
Тармақша 3
3) электрлік ток соғудан қорғауды қамтамасыз ететін құралдарды (резеңке кілемшелер, диэлектрлік қолғаптар, электрлік ток соғудан қорғау автоматтары) тексеру мен сынауды ұйымдастыру қажет.
Тармақ 15
15. Жоғары қысымды ыдыстарды пайдалану кезінде:
Тармақша 1
1) ыдыстарды жарамды жай-күйде ұстауды және оларды сақтаудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) техникалық қызмет көрсету мен техникалық куәландыруды сапалы және уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес ыдыстардың ақаусыз жай-күйіне және қауіпсіз пайдалануға қадағалауды жүзеге асыратын адамдар үшін технологиялық регламент әзірлеу және бекіту қажет.
Тармақ 16
16. Адам өмірі мен денсаулығына қатер, ақаулықтар немесе жүк көтеру механизмдерінің, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстардың апаттық жай-күйі, сондай-ақ осы Нұсқаулыққа 4-қосымшада көзделген жағдайлар туындаған кезде әскери бөлімнің лауазымды адамдары қауіпті техникалық құрылғылардың жұмысын дереу тоқтатады.
Тарау 4. 4-тарау. Жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды есепке алу, жұмысқа жіберуге рұқсат алу
4-тарау. Жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды есепке алу, жұмысқа жіберуге рұқсат алу
Тармақ 17
17. Жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды есепке алу, жұмысқа жіберуге рұқсат алу «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Жүк көтеру механизмдері, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстар осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес әскери бөлімдерде есепке алынуға тиіс.
Тармақ 19
19. Әскери бөлiм осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды қауіпсіз пайдалануға бақылауды жүзеге асыру үшін қауiптi техникалық құрылғылар туралы мәліметті қазандықтарды қадағалау бөліміне жолдайды.
Тармақ 20
20. Жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды есепке қойғаннан (тіркелгеннен) кейін паспортта (формулярда) мынадай ақпарат көрсетіледі:
Тармақша 1
1) есепке алу (тіркеу) нөмірі;
Тармақша 2
2) техникалық куәландыру нәтижелері.
Тармақ 21
Тарау 5. 5-тарау. Қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландыруды ұйымдастыру
5-тарау. Қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландыруды ұйымдастыру
Тармақ 22
22. Жасаушы зауыттың пайдалану жөніндегі нұсқаулығының талаптарына сәйкес, сондай-ақ Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының, Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының, «Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 360 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 ақпанда № 10251 тіркелген) талаптарына сәйкес әрбір жүк көтеру механизмі, қысыммен жұмыс істейтін қазандық және ыдыс техникалық куәландыруға тартылады:
Тармақша 1
1) бастапқы – пайдалануға беру алдында;
Тармақша 2
2) мерзімдік – пайдалану процесінде;
Тармақша 3
3) кезектен тыс (мерзімінен бұрын) – жөндеуден кейін.
Тармақ 23
23. Арсеналдарда, базалар мен қоймаларда жұмсалмайтын қорда сақтауда тұрған қауіпті техникалық құрылғылар, егер жасаушы зауыттың пайдалану жөніндегі нұсқаулығында қосымша талаптар болмаса, сақтау процесінде мерзімдік техникалық куәландыруға тартылмайды.
Тармақ 24
24. Қауiптi техникалық құрылғыны техникалық куәландыру:
Тармақша 1
1) қауіпті техникалық құрылғының өзінің паспорттық деректеріне сәйкес келуін;
Тармақша 2
2) оның қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қауіпті техникалық құрылғының ақаусыздығын;
Тармақша 3
3) қауіпті техникалық құрылғыны қауіпсіз пайдалануды ұйымдастырудың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуін белгілейді.
Тармақ 25
25. Жасаушы зауыттың пайдалану жөніндегі нұсқаулығында қауіпті техникалық құрылғыға техникалық куәландыру жүргізу тәртібі болмаған кезде техникалық куәландыру Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының, Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының және Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 26
26. Қауіпті техникалық құрылғыны пайдалануға беру алдында техникалық куәландыру, мерзімдік және кезектен тыс техникалық куәландыру Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының, Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының және Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 27
27. Баллондарды, ыдыстарды техникалық куәландыру Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының және Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес баллондарды, ыдыстарды сынау пунктінде жүргізіледі. Баллондарды, ыдыстарды техникалық куәландыру нәтижелері осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баллондарды сынауды есепке алу журналында жазылады.
Тармақ 28
28. Паспортта көрсетілген техникалық куәландырудың белгіленген мерзімі болған кезде қауіпті техникалық құрылғыны пайдалануға жол берілмейді. Белгіленген қызмет мерзімдерінің, техникалық куәландыру мерзімдерінің өтуін қоса алғанда, қауіпті техникалық құрылғыны пайдаланудан шығарудың барлық жағдайлары, оны жөндеу, тіркеуден алу, сақтауға қою әскери бөлім командирінің бұйрығымен жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Қауіпті техникалық құрылғы, егер:
Тармақша 1
1) оны қауіпсіз пайдалануға ықпал ететін қауіпті ақаулар немесе зақымданулар болмаса;
Тармақша 2
2) жұмыстар жүргізу үшін техникалық куәландыру құралдары бар және ақаусыз жай-күйде болса;
Тармақша 3
3) қажетті шығыс материалдары дайындалса;
Тармақша 4
4) қауіпті техникалық құрылғыларға қызмет көрсететін аттестатталған жеке құрамның (есептоптар, экипаждар нөмірлері) болуын растайтын құжаттар болса, техникалық куәландыруға дайын болып саналады.
Тармақ 30
30. Қауіпті техникалық құрылғыға техникалық куәландыру жүргізу кезінде пайдалануға жауапты адам қатысады.
Тармақ 31
31. Қауіпті техникалық құрылғы бекітіліп берілген лауазымды адам техникалық куәландыру кезінде жұмыс жетекшісі болып табылады. Жұмыс жетекшісі Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының, Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының, Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес қызмет көрсету персоналының технологиялық операцияларды орындауын және қауіпті техникалық құрылғыны техникалық куәландыру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ұйымдастырады.
Тармақ 32
32. Техникалық куәландыру процесінде қауіпті техникалық құрылғыда ақаулық нормаларынан шығатын ақаулар анықталған немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бұзылған кезде қадағалау жөніндегі адам әскери бөлім командиріне қауіпті техникалық құрылғыны пайдалануды тоқтата тұру туралы баяндайды.
Тармақ 33
33. Қауіпті техникалық құрылғыны техникалық куәландыруды қару-жарақ пен әскери техникаға (бұдан әрі – ҚӘТ) жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді және оны жөндеуді жүргізумен үйлестіру мақсатқа сәйкес. Қауіпті техникалық құрылғыны техникалық куәландыруға қажеттілік жауынгерлік даярлық жоспарларын ескере отырып, ҚӘТ-ны пайдаланудың перспективалық, жылдық және айлық жоспарларында жоспарланады.
Тармақ 34
34. Техникалық куәландыру материалдары қауіпті техникалық құрылғының паспортына (формулярына) қоса беріледі. Егер қауіпті техникалық құрылғы әскери бөлімге жөндеуден кейін жүргізілген толық техникалық куәландырумен келіп түссе, онда қауіпті техникалық құрылғы пайдалануға берілгенге дейін техникалық куәландыру жөніндегі маман қауіпті техникалық құрылғыны механизмдердің, жабдықтың және қауіпсіздік аспаптарының жұмыс істеуіне тексеруді жүргізеді және бақылап тексеру нәтижелерін қауіпті техникалық құрылғының паспортына жазады.
Тармақ 35
35. Арсеналдарда, базаларда, қоймаларда жұмсалмайтын қорда сақтауда тұрғандардан алынған қауіпті техникалық құрылғылар пайдалануға берілгенге дейін кезектен тыс техникалық куәландыруға жатады.
Тармақ 36
36. Техникалық куәландыруды жүргізген маман қауіпті техникалық құрылғының паспортына (формулярына) қауіпті техникалық құрылғыны техникалық куәландыру нәтижелері, рұқсат етілген техникалық сипаттамаларымен және жұмыстың параметрлерімен оны одан әрі пайдалану мүмкіндіктері, кезекті техникалық куәландыру мерзімдері, анықталған ақаулар және техникалық талаптарды бұзушылықтар туралы жазбаларды жасайды.
Тармақ 37
37. Белгіленген мерзімдері өткен қауіпті техникалық құрылғыларды қолдану мерзімдерін ұзартуды Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында, Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында және Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында белгіленген тәртіппен осы қызмет түрімен айналысуға құқығы бар аттестатталған ұйым жүзеге асырады.
Тармақ 38
38. Қауiптi техникалық құрылғыларды техникалық куәландыру қорытындылары бойынша әскери бөлiмнiң қадағалау жөнiндегi лауазымды адамы осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауiптi техникалық құрылғыларды куәландыруды және қарап-тексеруді есепке алу журналында жазба жасайды және осы Нұсқаулықтың 9-тармағына сәйкес қазандықты қадағалау бөліміне жеткізілімді жолдайды.
Басқа 1. Баллондарды сынау пунктінде жабдықтың, айла-бұйымдардың, құрылғылар мен құжаттардың
тізбесі
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)
1-қосымша
Баллондарды сынау пунктінде жабдықтың, айла-бұйымдардың, құрылғылар мен құжаттардың
тізбесі
Атауы
Саны
(дана)
Ескертпе
1
Гидравликалық нығыздағыш (сорғы)
1-2
2
Баллондарды сынау орнын биіктігі кемінде 2 м металл қоршау
1
Қалыңдығы кемінде 2 мм кем болат табақтан дайындалады
3
Аспаптар мен керек-жарақтарға арналған шкаф
1
4
Пневмосынақтар үшін (су құйылған ыдысқа батыру арқылы герметикалылыққа тексеру бойынша жұмыстарды жүргізу үшін) ауа жүргізілген суы бар ыдыс (металл ванна)
1
5
Шұраларды бұрау үшін станок (тұғыр)
1
6
Баллондардың ішіндегі беткі қабтын тазалау үшін станок (тұғырық)
1
7
Ұстаның жұмыс үстелі
1
8
Сынақтан өткізілген және сынақтан өткізілуге тиіс баллондарға арналған сөрелер (немесе тік қалпында сақтаған кезде баллонадардың құлауын болдырмайтын құрылғылармен жабдықталған орындар)
1
9
100 кг-ға дейін өлшеу дәлдігімен 150 кг-дық таразы
1
10
Куәландыру жүргізу кезінде баллондарды (арбалар, қармаулар, ілмектер) тасымалдау үшін айла-бұйымдар (құрылғылар)
Бір уақытта сыналатын баллондар саны бойынша
11
Баллондардың ішін қарап тексеру үшін 12 В тасымалданатын лампа
1
12
Пневмошлангілер (металл түтіктер) және сыналатын баллондарды гидронығыздағышқа қосуға арналған ауыстырғыштар
1 жиынтық
13
Баллондарды жуу және оларды сумен толтыру үшін ұштықтары бар резеңке шлангілер
1
14
Ұста аспабының жиынтығы (сомындық және газдық кілттер, балға, қашау, крейцмейсель)
1 жиынтық
15
Ұзындығы 1500 мм өлшеу сызғышы
1
16
Белгілер жинағы:
1) шеңбер ішінде шифр берумен диаметрі 12 мм дөңгелек формасында және белгі соғу белгілерінің биіктігі 6 мм (сыйымдылығы шағын баллондар үшін);
2) белгі соғу белгілерінің биіктігі 8 мм (сыйымдылығы үлкен баллондар үшін);
3) шеңбер ішінде крест бейнеленген диаметрі 12 мм ақаулық белгісі
2-3
2-3
2-3
17
Биіктігі 6 және 8 мм болат цифрлар жинағы
1-2 жинақ бойынша
18
Дәлдік класы 1,5 тексеру манометрі
2
19
Қосындыларды тығыздау үшін төсемелер жинағы
1
20
Баллондарды сынауды есепке алу журналы
1
осы нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі
21
Сынау пунктінде қауіпті техникалық құрылғыларды куәландыру құқына жазбаша рұқсат беру қағазы
1
22
Баллондарды сынақтан өткізу кезінде қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық
1
Басқа 2. ________ жай-күй бойынша 20 __ жылға арналған 00000 әскери бөлімінің қауіпті
техникалық құрылғыларды техникалық куәландыру қорытындылары бойынша
ЖЕТКІЗІЛІМ
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)
2-қосымша
Нысан
ҚР ҚМ Метрологиялық
қамтамасыз ету және
стандарттау орталығының
бастығына
____________________________
Астана қаласы, Манас көшесі, 15
________ жай-күй бойынша 20 __ жылға арналған 00000 әскери бөлімінің қауіпті
техникалық құрылғыларды техникалық куәландыру қорытындылары бойынша
ЖЕТКІЗІЛІМ
Р/с
№
Қазандықтарды қадағалау объектілерінің атауы
Жалпы саны
Техникалық куәландыру
Объектілердің саны
Ішкі тексеру және ішінара куәландыру
Толық куәландыру
Техникалық куәландырумен мерзімі өткен
Есепті жылда пайдалануға тыйым салынған
Жоспар бойынша
Нақты орындалғаны
Жоспар бойынша
Нақты орындалғаны
1
Бу қазандықтары
2
Сауыттар
3
Жүк көтергіш машиналар
4
Лифтілер
5
Баллондар
6
Баллондарды толтыру және сынау станциялары (пункттері)
Жиыны
Ескертпе:
Тармақ 1
1. «Баллондар» және «Баллондарды толтыру және сынау станциялары (пункттері)» жолдарын қоспағанда, жеткізілімнің әрбір бағаны бөлшекпен толтырылады, мұнда алымында – қазандықтарды қадағалау жөніндегі бөлімде тіркелетін объектілер, бөлімінде – тіркелмейтін объектілер (әскери бөлімде есепке алынуға ) көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Жеткізілімге еркін нысандағы қысқаша түсіндірме жазба қоса беріледі.
Тармақ 3
3. Жеткізілімге қазандықтарды қадағалау жөніндегі бөлім жүргізген жұмыстар қосылмайды.
Басқа 3. Өздігінен жүретін жүк көтергіш (көпірлік, тіреулік және мұнаралықтан басқа) крандарды техникалық куәландыруды жүргізуге арналған алаңның техникалық
сипаттамасы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)
3-қосымша
Өздігінен жүретін жүк көтергіш (көпірлік, тіреулік және мұнаралықтан басқа) крандарды техникалық куәландыруды жүргізуге арналған алаңның техникалық
сипаттамасы
Тармақ 1
1. Өздігінен жүретін жүк көтергіш крандарды техникалық куәландыруды жүргізуге арналған алаң мынадай талаптарға сүйене отырып жабдықталады:
Тармақша 1
1) алаңның аумағы еркін түрде кіруді және шығуды қамтамасыз етуге тиіс;
Тармақша 2
2) алаңның жабыны қатты (бетондалған, асфальтталған, қиыршық-құмтасты), еңіс 30 –тан аспауға тиіс;
Тармақша 3
3) жаңбыр және еріген су үшін суағарлардың бар болуы;
Тармақша 4
4) алаңда крандарды куәландыру жөніндегі жұмыстар жүргізілмейтін кезеңде алаңға әртүрлі көлік құралдарының кіру мүмкіндігін болдырмайтын периметр бойынша қоршау.
Тармақ 2
2. Алаңның жабдықталуы:
Тармақша 1
1) әскери бөлімде бар барлық автомобиль крандарын сынауды жүргізуді қамтамасыз ететін крандарды статикалық және динамикалық сынауларға арналған жүктер жинағы.
Мынадай жүктер жинағы болуға тиіс: 25 кг – 1 дана; 50 кг – 1 дана; 100 кг – 1 дана; 250 кг – 1 дана; 500 кг – 1 дана; 750 кг – 1 дана; 1000 кг – 1 дана; 2500 кг – 2 дана; 5000 кг – 2 дана; 10 000 кг – 1 дана. Жүктерде оларды тиеу мүмкіндігіне арналған айла-бұйымдар болуға тиіс;
Тармақша 2
2) жүктерді жиынтықтауға, оларды бекітуге және стандартты төрт тармақты арқанның көмегімен жүк көтергіш машинаның ілмегіне бекітуге және ілуге арналған рама;
Тармақша 3
3) крандардың шығарылатын тіректерінің астына төсемелер жинағы;
Тармақша 4
4) төрт және екі тармақты арқан – 2 дана;
Тармақша 5
5) қауіпсіздік техникасы жөнінде, статикалық және динамикалық сынақтардың тәртібі, тежегіштер мен қауіпсіздік аспаптарын тексеру туралы нұсқаулықтары, жүктерді тиеу схемалары, белгілік дабылдаманы бейнелеуі, арқандарды ақаулы деп тану нормалары бар металл қалқандар.
Басқа 4. Олардың кезінде жүк көтеру механизмдерінің, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстардың жұмыс істеуіне жол берілмейтін және олар тоқтатылуға тиіс ақаулықтар мен жағдайлардың
тізілімі
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)
4-қосымша
Олардың кезінде жүк көтеру механизмдерінің, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстардың жұмыс істеуіне жол берілмейтін және олар тоқтатылуға тиіс ақаулықтар мен жағдайлардың
тізілімі
Тармақ 1
1. Жүк көтергіш машиналар үшін:
Тармақша 1
1) жүк көтергіш машина өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесінде және қазандықты қадағалау жөніндегі бөлімде тіркелмеген;
Тармақша 2
2) талап етілетін техникалық құжаттама жоқ;
Тармақша 3
3) жүк көтергіш машинаны аттестатталмаған кран жүргізушілер, тиеушілер пайдаланған, сондай-ақ іс-әрекет қауіпсіздігі үшін жауапты адамдар немесе жүктерді қауіпсіз тасымалдау бойынша жұмыс жетекшілері тағайындалмаған;
Тармақша 4
4) жүк көтергiш машинаның техникалық жай-күйiне бақылаудың жоқтығын куәландыратын көптеген ақаулар;
Тармақша 5
5) жебелі немесе жүк арқанының жібі үзілген, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен бекітілген жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының «болат арқандарды ақаулы деп тану нормаларында» көрсетілген шамадан асатын жергілікті бүліну, таттану немесе сымның үзілуі бар;
Тармақша 6
6) жебе, жүк көтеру және бұру механизмдерінің тежегіш бөлшектері зақымдалған, тежегіш шкивтеріне май құйылуы;
Тармақша 7
7) кранның металл конструкциялары мен механизмдерінде жарықтар, майысулар мен сынулар анықталған;
Тармақша 8
8) жүкті, жебені көтеру механизмдері мен көтеру шектегіші жоқ немесе олардың ақауы бар;
Тармақша 9
9) қосымша тіректері зақымдалған немесе жиынтықталмаған, мұнаралы және теміржол крандарының рельстік қармағыштары мен автомобильдік крандардың тұрақтандырғыштары зақымдалған немесе жоқ;
Тармақша 10
10) қауіпсіздік аспаптары мен сигналдық аспаптардың болмауы немесе олар ақаулы болса;
Тармақша 11
11) кранның жұмыс орындары жеткілікті жарықтандырылмаған, қардың қалың жаууы немесе тұман, сондай-ақ машинист тіркеушінің сигналдарын немесе тасымалданатын жүктерді нашар ажыратады;
Тармақша 12
12) алынбалы-салынбалы жүк қармағыш айла-бұйымдардың (шынжырлы арқандар, тізбектер, траверсілер, ілмектер, ыдыстар) ақаулығы бар және оларда и бирка-таңбасы жоқ;
Тармақша 13
13) сигнал берушілер жоқ (қызмет көрсету аймағы кабинадан толық байқалмайды және машинист пен тіркеуші немесе ілуші арасында қандай да байланыс болмаған);
Тармақша 14
14) жебелі крандарда теңестіру салмағының немесе балласттың жетіспеушілігі;
Тармақша 15
15) механизмдерді және электр жабдықтардың ашық ток жүргізу бөліктерін қоршаудың жоқтығы;
Тармақша 16
16) жебені ілу элементтерінде (сырғаларда, тартқыштарда) сіргелер жоқ, арқандарды бекіту немесе бекітуді босаңсыту орындарында қысқыштардың қажетті саны жоқ;
Тармақша 17
17) артқы ілмектің алдыңғы бөлігі мен сыртқы бөлігінде жарықтар мен қылшықтардың, сондай-ақ ілмектегі тұйықтау құрылғысының ақаулығы;
Тармақша 18
18) найзағай біліне бастаса, жылдамдығы кранның жұмыс істеуі кезінде жол берілетін шамадан асатын қатты жел пайда болса; бұл ретте кранды жел ұшыруының алдын алу жөнінде жасаушы зауыттың нұсқаулығындағы нұсқаулар орындалуға тиіс;
Тармақша 19
19) барынша жоғары ток немесе жылу қорғанысы жиі іске қосылған, сондай-ақ сақтандырғыштардың балқымалы жапсырмасы жиі күйіп кеткен;
Тармақша 20
20) электр сымын оқшаулау кедергісін, электр қозғалтқыштарының орамдарын және дұрыс орналастырылмаған, бірақ электр тогының кернеуі астында болуы мүмкін электр қондырғыларының металл бөлшектерін жерге тұйықтау кедергісін тексеру мерзімі аяқталған,
Тармақша 21
21) жүк полиспастының арқандары бұралған;
Тармақша 22
22) кранды бұрған кезде теңестіру салмағы ғимараттың, ормандардың және басқа да құрылыстардың шығыңқы бөліктеріне тиіп кетуі мүмкін;
Тармақша 23
23) кран асты жол отыра бастайды.
Басқа да жағдайларда және кранның қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етпейтін ақаулар болған кезде кранның жұмыс істеуіне жол берілмейді немесе оның жұмысы тоқтатылады (габариттердің жетіспеушілігі, кранның электр берілісі желілерінің, еңістер мен жыралардың жанында жұмыс істеуі кезінде нормалардың, разрядтық жүктерді тасымалдау тәртібі жөніндегі қағидалар талаптарының сақталмауы).
Тармақ 2
2. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар үшін:
Тармақша 1
1) қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген барлық талаптардың сақталуына қарамастан, қысымның рұқсат етілгеннен жоғары көтерілуі;
Тармақша 2
2) сақтандырғыш клапандарында ақаулардың болуы, ыдыстардың беттерінде жол берілмейтін таттану мен қуыстардың анықталуы ;
Тармақша 3
3) тойтарыла байланысқан жерлерде ағулар мен төсемдердің үзілулері пайда болуы;
Тармақша 4
4) кемшіліктерді, ақауларды жоюға қойылатын нұсқамалардың орындалмауы;
Тармақша 5
5) ақаулығы бар манометрлер анықталуы;
Тармақша 6
6) қақпақтар мен люктардың бекітпе бөлшектерінің толық емес саны немесе олардың ақаулығы анықталуы;
Тармақша 7
7) қысыммен тұрған ыдысқа өрт қаупі бар;
Тармақша 8
8) оқытып-үйретілген және аттестатталған қызмет көрсетуші персонал жоқ;
Тармақша 9
9) ыдыстың беткі қабаттарында жарықтар, тесіктер, жол берілмейтін таттану, дөңестер мен ойықтар, сондай-ақ дәнекерлеу жіктерінде дефектілер табылуы.
Тармақ 3
3. Цистерна мен бөшкелер үшін:
Тармақша 1
1) белгіленген немесе кезекті куәландыру мерзімінің аяқталуы;
Тармақша 2
2) корпусы немесе түбі зақымдалған (жарықтар, нысанының байқалатындай өзгеруі, қатты таттануы, тесіктердің болуы);
Тармақша 3
3) цистернаның төлқұжаты жоқ немесе цистерналар мен бөшкелерде белгіленген таңбалар мен жазулар жоқ;
Тармақша 4
4) талап етілетін арматура жоқ немесе олардың ақауы бар, герметикалылығы бұзылуы;
Тармақша 5
5) тиісті бояуы жоқ;
Тармақша 6
6) цистерналар мен бөшкелердің олар үшін арналмаған басқа газбен толтырылуы немесе цистерналар мен бөшкелер бөгде заттармен немесе нәрселермен ластануы;
Тармақша 7
7) цистернаның жүріс бөлігі ақаулықты;
Тармақша 8
8) цистернаны немесе бөшкені толтыру кезінде газдың шығуы;
Тармақша 9
9) оқытып-үйретілген және аттестатталған персоналдың жоқтығы.
Тармақ 4
4. Сығылған, сұйытылған және ерітілген газы бар баллондар үшін:
Тармақша 1
1) кезеңдік куәландыру мерзiмi аяқталған;
Тармақша 2
2) баллонның цилиндр бөлігіне таңба түсірілуі немесе олардың болмауы;
Тармақша 3
3) баллондарға бөлім командирінің бұйрығымен тағайындалмаған адамдардың қызмет көрсетуі;
Тармақша 4
4) шұралар ақаулықты;
Тармақша 5
5) корпус зақымдалған: жарықтар, шырмаулар, ойықтар, майысулар, тесіктер, баллонның цилиндр бөлігі майысқан, баллон қабырғасының номинальды қалыңдығының 10% астам тереңдікте қуыстар мен тәуекелдер, қылта мойын бұрандасында тесіктер мен кертіктердің болуы;
Тармақша 6
6) тіректер зақымдалған, қисық немесе нашар орнатылған;
Тармақша 7
7) баллон қылта мойнына шығыршықтың тығыз кигізілмеуі;
Тармақша 8
8) бояулар мен жазулардың қазандықты қадағалау қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі.
Тармақ 5
5. Лифтілер үшін:
Тармақша 1
1) белгіленген техникалық куәландыру мерзімі аяқталған;
Тармақша 2
2) шахта қоршауы зақымдалған;
Тармақша 3
3) шахта есіктерінің құлыптары, сондай-ақ шахта мен кабина есіктерінің түйісулері, шеткі ажыратқыштар, арналы түйісулер, арқандарды және басқа да сақтандырғыш бұғаттағыш құрылғыларды босаңсыту үшін түйісулер жоқ немесе олар ақаулықты;
Тармақша 4
4) шахтада кабина есіктері жағында көлемдері қағидаларға сәйкес келмейтін қуыстар мен текшелердің болуы;
Тармақша 5
5) жолаушылар лифтілері шахтасы есіктерінің төменгі бөлігінде жылжымалы кабина едені бар қапсырмалардың болмауы;
Тармақша 6
6) сигналдық шамның күйіп кетуі;
Тармақша 7
7) жарық және дыбыстық дабылдама ақаулықты;
Тармақша 8
8) сымдар мен аппаратура оқшаулау кедергісі төмендеген;
Тармақша 9
9) кабинаның өздігінен қозғалу жағдайы байқалады;
Тармақша 10
10) оқытып-үйретілген және аттестатталған электромеханиктер мен лифтерлер жоқ;
Тармақша 11
11) арқандар белгіленген нормадан артық пайдаланған;
Тармақша 12
12) кабина бағытталған қабатта автоматты түрде тоқтамайды;
Тармақша 13
13) кабина лифтінің ашық шахта есігімен іске қосылуы кезінде, ал кабинада адамдар болған кезде – кабинаның ашық есігімен қозғалысқа түскен;
Тармақша 14
14) лифт статистикалық және динамикалық сынауға шыдамаған;
Тармақша 15
15) машина үй-жайында, шахтада және кабинада, сондай-ақ шахта есіктерінің алдында жарық жоқ;
Тармақша 16
16) қадағалау және қызмет көрсету үшін қажет оқытып-үйретілген және аттестатталған персонал жоқ;
Тармақша 17
17) жылжымалы едені бар лифтілерде кабинада жолаушылар болған кезде, сондай-ақ шахтаның есігі жабылмаған жағдайда барлық жолаушылардың кабинадан шығуы кезінде сигналдық шам сөнеді;
Тармақша 18
18) осы қабатта кабина болмаған жағдайда шахта есігі сыртынан ашылады;
Тармақша 19
19) лифт сымдарының немесе электр апараттарының электр оқшаулауының нашар жай-күйі анықталды («ток соғады»), лифтінің металл бөліктерімен жанасу кезінде оқшаулаудың жанған иісі сезіледі;
Тармақша 20
20) ТОҚТА батырмасы жарамсыз;
Тармақша 21
21) лифтінің басқа да ақаулықтары (ерекше шу, тарсыл, сықыр, кабинаның қозғалысы уақытында жұлқулар немесе соғулар, арқанның үзілуі, бағыттаушылардан теңестіру салмағының шығуы, кабинаның қабат алаңдарына дәл тоқтамауы).
Тармақ 6
6. Қазандықтар үшін:
Тармақша 1
1) кезекті техникалық куәландыру мерзімі аяқталған, сондай-ақ оқытып-үйретілген және аттестатталған персонал жоқ;
Тармақша 2
2) қайнату және экрандық құбырлардың жарылуы бар;
Тармақша 3
3) барлық қоректендіру құрылғылары ақаулықты немесе жұмыс істемейді;
Тармақша 4
4) су көрсеткіш әйнектердің екеуі де ақаулықты немесе істен шыққан;
Тармақша 5
5) сақтандырғыш клапанның ең болмаса біреуінің ақаулығы немесе істен шығуы анықталған;
Тармақша 6
6) бу құбыры немесе ондағы арматура зақымдалған;
Тармақша 7
7) манометр ақаулықты және оны ауыстыру мүмкіндігі жоқ;
Тармақша 8
8) қазаннан судың ағуы;
Тармақша 9
9) қазан қуатын күшейтуге қарамастан, су деңгейі тез төмендеген;
Тармақша 10
10) су деңгейі су көрсеткіш аспаптың (әйнектің) ең жоғарғы көрінетін жиегінен аса көтерілген және оны үрлеу арқылы төмендету мүмкін болмаған;
Тармақша 11
11) тартуды, үрлеуді азайтуға және қазандықты қуаттандыруды күшейтуге қарамастан, қазандықтағы қысым қалыптыдан жоғары көтерілген және көтерілу жалғасқан;
Тармақша 12
12) бақылау тығындары балқыған;
Тармақша 13
13) қаптамада опырылу қатері бар жарықтар бар;
Тармақша 14
14) газ жолдарындағы бөлінулер мен күйе жанған;
Тармақша 15
15) қазандық жұмысында ерекше шу, соққылар, тарсыл байқалған;
Тармақша 16
16) қазандыққа өрт қаупі төнген;
Тармақша 17
17) қазанның негізгі элементтерінде (барабанда, коллекторда, камерада, қыздыру құбырында, жану қорабында, от жанатын мойын қаптамасында, құбыр торында, сыртқы сепараторда, бу құбырында) жарықтар, қаңсулар, ағулар және олардың дәнекерленген жіктерінде шығарулар анықталған, екі немесе одан артық қатар тұрған байланысқан жерлерде үзіктер болған;
Тармақша 18
18) жасанды тарту кезінде электр энергиясын беру тоқтатылды, сондай-ақ қызмет көрсететін персонал үшін қауіп тудыратын немесе қазанның жарылу қатерін туындататын қазан элементтері мен оның қаптамалары зақымдалған.
Басқа 5. Жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды есепке алу журналы _______________________________
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)
5-қосымша
Нысан
Жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды есепке алу журналы _______________________________
Тіркеу нөмірі
Объект туралы мәлімет
Зауыттық құжаттамаға сәйкес техникалық куәландыру (ТК) кезеңділігі (жылдармен)
1. Агрегат индексі.
2. Объектінің атауы, зауыттық нөмірі.
3. Объектіні жасаушы, жасалған күні.
4. Талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды нөмірі, кім берді, берілген күні.
5. Жұмыс істеу параметрлері: жүк көтергіштігі/қысымы (рұқсат етілген/жұмыс күйдегі)
6. Көтеру механизмдерінің, ыдыстардың қызмет мерзімі.
көтеру құрылғылары
ыдыстар
ішінара (ІТК)
Толық (ТТК)
Ішкі тексеру (ІТ)
Гидросынаулар (ГС)
Толтыру үлгісі
15/С
1. 15.Г95
2. Цистерна, № 18347
3. «Вымпел» ЖШҚ, 2010 ж. 14.05.
4. № В 01-000, ҚР ҚМ МҚСО, 2018 ж. 11.07.
5. Жұмыс қысымы 5 кгс/см2
6. 20 жыл
-
-
4
8
9/Г
1. 8Т028
2. Траверс, № 3856
3. «Салют» ЖШҚ, 2012 ж.17.09.
4. № В 01-001, ҚР ҚМ МҚСО, 2018 ж. 04.11.
5. Жүк көтергіштігі 300 кг
6. 25 жыл
1
3
-
-
кестенің жалғасы
Жүргізілген ТК айы мен жылы және тағайындалған мерзімі
көтеру құрылғылары
ыдыстар
ІТК
ТТК
ІТ
ГС
жүргізілген
тағайындалған
жүргізілген
тағайындалған
жүргізілген
тағайындалған
жүргізілген
тағайындалған
Толтыру үлгісі
-
-
-
-
05.2010
05.2014
05.2010
05.2018
11.2012
11.2013
11.2012
11.2015
-
-
-
-
Басқа 6
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)
6-қосымша
Нысан
ҚР ҚМ Метрологиялық
қамтамасыз ету және
стандарттау орталығының
бастығына
____________________________
Нұр-Сұлтан қ., Манас көшесі, 15
Әскери бөлімнің қауіпті техникалық құрылғылары жөніндегі мәліметті ұсынамын:
Объектінің атауы (индексі)
Зауыттық нөмірі
Шығарылған жылы
Соңғы
куәландыру күні
1
2
3
4
5
Бөлім командирінің 20 __ ж. «__________» № _____ бұйрығымен мынадай жауапты адамдар тағайындалды:
көрсетілген объектілерге қызмет көрсету үшін мынадай жеке құрам (қызмет көрсетуші персонал) тағайындалды:
Әскери атағы,
Т.А.Ә. (болған кезде)
Лауазымы
Оқу орнының атауы. Куәлік берілген күн
Білімін соңғы тексеру күні
1
2
3
4
5
_____________________ жарамды және Өнеркәсіп қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келеді.
Хатқа қоса беріледі:
1. Іс жүргізуде куәландырылған қауіпті техникалық құрылғыларға паспорттардың көшірмелері.
Басқа 7. Баллондарды сынауларды тіркеу журналы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)
7-қосымша
Нысан
Баллондарды сынауларды тіркеу журналы
Р/с №
Жасаушы зауыт және баллонның типі
Баллонның зауыттық №
Күні (айы, жылы)
Сыртынан және ішкі қарап тексеру нәтижелері
Салмағы, кг
жасалған
өндірістік және тағайындалған куәландыру
белгіленген
нақты
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенің жалғасы
Сыйымдылығы, л.
Қысымы,
кгс/см2
жарамды, төмен топқа ауыстырылды, ақаулыққа жатқызылған
Инспектордың қолы
Әскери бөлім өкілінің қолы
Ескертпе
белгіленген
нақты
жұмыс (Ж)
сынамақ (С)
9
10
11
12
13
14
15
16
Р/с №
Толтырылған күні
Баллон нөмірі
Куәландырылған күні
Баллон
сыйымдылығы
Толтыру кезіндегі газдың соңғы қысымы
Газ салмағы (баллондағы сұйытылған)
Баллонды толтырған адамның қолы
1
2
3
4
5
6
7
8
Басқа 8. _____________ әскери бөлімінің қауіпті техникалық құрылғыларын
куәландыру мен қарап тексерулерді есепке алу журналы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа (жүк көтеру механизмдерін, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарын)
8-қосымша
Нысан
_____________ әскери бөлімінің қауіпті техникалық құрылғыларын
куәландыру мен қарап тексерулерді есепке алу журналы
Тармақ 1
Әскери бөлімнің (қазандықтарды қадағалау органының) есебі бойынша тіркеу нөмірі
Жүк көтеру машинасының, құрылғының, алмалы-салмалы жүк қармағыш айла-бұйымының атауы (индексі)
Орнатылатын орын
Зауыттық нөмірі мен жасалған жылы
Жүк көтергіштігі, кг
Қадағалау жөніндегі адамның крандарды қарап тексерген күні мен нәтижесі
Техникалық куәландыру
есептелген
рұқсат етілген
жүргізілді
тағайындалды
өткізілді
тағайындалды
Тармақ 2
Тармақша а
Объектінің атауы және оның сипаттамасы (типі, маркасы, арналуы, ортасы)
Орнатылатын орын
Зауыттық нөмірі мен жасалған жылы. Бөлімнің есебі бойынша нөмірі
Қысымы, кгс/см2
Сыйымдылығы, л
Қадағалау жөніндегі адамның қарап тексерген күні мен нәтижесі
есептелген
рұқсат етілген
кестенің жалғасы
Жүргізілген және тағайындалған техникалық куәландырулар
объект иесі – әскери бөлім
Қазандықтарды қадағалау инспекциясы
Ішкі қарап тексеру
Гидросынаулар
Ішкі қарап тексеру
Гидросынаулар
жүргізілді (айы, жылы)
тағайындалды
жүргізілді
тағайындалды
жүргізілді
тағайындалды
жүргізілді
тағайындалды
Тармақша б
Объектінің атауы және оның сипаттамасы (типі, маркасы, арналуы, ортасы)
Орнатылатын орын
Зауыттық нөмірі мен жасалған жылы. Бөлімнің есебі бойынша нөмірі
Қысымы, кгс/см2
Сыйымдылығы, л
Қадағалау жөніндегі адамның тексерген күні мен нәтижесі
Объект иесі – әскери бөлім жүргізген және тағайындаған техникалық куәландырулар
есептелген
рұқсат етілген
Ішкі қарап тексеру
Гидросынаулар
өткізілді
тағайындалды
өткізілді
тағайындалды
Тармақ 3
Р/с №
Станция атауы
Орнатылатын орын
Зауыттық нөмірі мен жасалған жылы
Қысымы, кгс/см2
Қадағалау жөніндегі адамның тексерген күні мен нәтижесі
есептелген
рұқсат етілген
Ескертпе: Станциялардың ыдыстары мен баллондарын есепке алу журналдың 2-бөлімінде жүргізіледі.