О правах ребенка в Республике Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 📌 Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "заң актілеріне", "заң актілерінде", "заң актілерімен" деген сөздер тиісінше "заңдарына", "заңдарында", "заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Осы Заң баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi. Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 148-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арнаулы көрсетілетін әлеуметтік қызметтерге мұқтаж бала (балалар) – Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын бала (балалар);
Тармақша 1-1
1-1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-анасының ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-анасының хабарсыз кетті деп танылуына, қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемесінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала;
Тармақша 2
2) бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
Тармақша 3
3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – бұл балаларды әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету мен материалдық көмек көрсетуді, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды әлеуметтік оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабілетті жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйымдар;
Тармақша 4
4) баланы әлеуметтік оңалту – бала жоғалтқан әлеуметтік байланыстар мен функцияларды қалпына келтіру, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ету ортасын толықтыру, оған қамқорлық жасауды күшейту жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 4-1
4-1) баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе масс-медиа және (немесе) телекоммуникация желілері және (немесе) онлайн-платформалар пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллинг);
Тармақша 5
5) баланың әлеуметтік бейімделуі – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж баланың қоғамдағы құндылықтарды, мінез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтік ортаның жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, сондай-ақ басынан кешірген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесі;
Тармақша 6
6) баланың заңды өкілдері – ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші (баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер), патронат тәрбиеші және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;
Тармақша 7
7) баланы экономикалық жағынан қанау – бұл бала еңбегінің ең нашар нысандары, оның ішінде кәмелетке толмағандармен сауда жасау, оларды қылмыстық әрекетке немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға, жезөкшелікпен айналысуға, порнографиялық суреттер шығаруға немесе кәмелетке толмағандарды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуға тарту, сондай-ақ жұмысқа қабылдау үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төменгі жастан кіші балалардың еңбегі;
Тармақша 8
8) жетім бала – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала;
Тармақша 8-1
8-1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік (бұдан әрі – тәлімгерлік) – жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз бетінше өмір сүруге дайындауға жеке қолдау мен көмек көрсетуге бағытталған қызмет;
Тармақша 8-2
8-2) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәлімгері (бұдан әрі – тәлімгер) – тәлімгерлік туралы үлгілік шарт негізінде тәлімгерлікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы;
Тармақша 8-3
8-3) Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын, өзіне балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, балалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі функциялар жүктелетін адам;
Тармақша 8-4
8-4) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы – балалардың негізгі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы және оны ерте анықтау, оларды қалпына келтіру және қорғау жөніндегі шараларды қабылдау қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ мемлекеттің кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларын орындайтын жергілікті атқарушы орган;
Тармақша 8-5
8-5) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының қызметкері – кәсіптік білімі бар және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын адам;
Тармақша 8-6
8-6) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, балалардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 9
9) қамқоршылық – он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
Тармақша 10
10) қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
Тармақша 11
11) мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар – мемлекет белгілеген әлеуметтік қызметтер көрсетудің, нормалар мен нормативтердің ең төменгі көлемін қамтитын, балалар өмірінің сапасын қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіштер;
Тармақша 12
12) мүгедектігі бар бала – тіршілік етуінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организмінің функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығына зақым келген он сегіз жасқа дейінгі адам;
Тармақша 12-1
12-1) нысаналы активтер – нысаналы жинақтарды төлеуді қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де мақсаттарға арналған ақша;
Тармақша 12-2
12-2) нысаналы жинақтарды алушы – Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, нысаналы жинақтарды алуға құқығы бар азаматы;
Тармақша 12-3
12-3) нысаналы жинақтау шоты – нысаналы жинақтарды алушының осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған, нысаналы жинақтар есепке алынатын және нысаналы жинақтарды төлеу жүргізілетін жеке атаулы шоты;
Тармақша 12-4
12-4) нысаналы жинақ төлемдері – нысаналы жинақтарды алушыға, сондай-ақ мұрагерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы жинақтау шотынан төленетін нысаналы жинақтар сомасы;
Тармақша 12-5
12-5) нысаналы талаптарға қатысушы – Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толмаған, нысаналы талаптарға құқығы бар азаматы;
Тармақша 12-6
12-6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі – Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыратын өкілі, оған тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі функциялар жүктеледі;
Тармақша 13
13) патронат – жетім балаларды, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен баланы (балаларды) тәрбиелеуге алуға ниет білдірген адам жасасатын шарт бойынша отбасына патронаттық тәрбиелеуге берген кездегі тәрбие нысаны;
Тармақша 14
14) алып тасталды - ҚР 01.04.2019 № 240-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 15
15) алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 148-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 15-1
15-1) тәлімгерлік жөніндегі ұйым – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы, он жасқа толған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті ұйымдастыру жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының аумағында өтеусіз негізде жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 16
16) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақтар (бұдан әрі – нысаналы жинақтар) – нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтау шотында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірісінің және жыл сайын осы сомаға есепке жазылатын, есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташаланған инвестициялық кірістің елу пайызы есебінен жинақталған ақша;
Тармақша 17
17) уәкілетті операторлар – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры аударатын нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы; 📌 Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 01.04.2019 № 240-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.07.2023 № 19-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.02.2024 № 64-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 94-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 148-VIII (қолданысқа енгізілу тіртібін 2-б. қараңыз); 10.02.2025 № 163-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 246-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен
Бап 2. 2-бап. Осы Заңның қолданылуы
2-бап. Осы Заңның қолданылуы
Тармақ 1
1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын бала, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның баланың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін нормаларының күші кәмелетке толғанға дейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық әрекетке қабілеттілігін толық көлемінде алған балаларға қолданылады. 📌 Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 3. 3-бап. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары
3-бап. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттағы оны қолдану үшiн Қазақстан Республикасының заңын шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Бап 3-1. 3-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері
3-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, баланың құқықтарының негізгі кепілдіктерін нығайту және құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтіру болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып танылады:
Тармақша 1
1) балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау басымдығы;
Тармақша 2
2) балалардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту;
Тармақша 3
3) әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтары негізінде жоғары адамгершілік қасиеттерді, патриотизм мен азаматтық қасиеттерін дамыту, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру.
Тармақша 4
4) балаға қатысты кез келген әрекеттерді жасау кезінде баланың ең жақсы мүдделерінің басымдығы;
Тармақша 5
5) кемсітпеушілік.
Тармақ 3
3. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ баланың құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыру;
Тармақша 2
2) балалардың құқықтарын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 3
3) балалардың дене бiтiмi, зияткерлік, рухани және адамгершілік тұрғысынан дамуына, олардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, олардың бойында патриотизм, азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесі, Қазақстан халқының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткізуі үшін мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тиісті органдар мен ұйымдарды құру;
Тармақша 5
5) балалардың құқықтарын қорғау жүйесін қалыптастыру және оның тиімді жұмыс істеуін және оны жетілдіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) балалардың өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төмен әлеуметтік стандарттарды белгілеу. 📌 Ескерту. Заң 3-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2024 № 148-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2025 № 246-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен
Бап 4. 4-бап. Балалардың тең құқықтылығы
4-бап. Балалардың тең құқықтылығы
Тармақ 1
1. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие.
Тармақ 2
2. Некеден де және некесіз де туған балалар тең әрi жан-жақты қорғауды пайдаланады. 📌 Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 5. 5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу
5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, баланың құқықтарын шектеуге болмайды. 📌 Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 2. 2-тарау. БАЛАЛАР МҮДДЕСIН КӨЗДЕЙТIН МЕМЛЕКЕТТIК САЯСАТ
2-тарау. БАЛАЛАР МҮДДЕСIН КӨЗДЕЙТIН МЕМЛЕКЕТТIК САЯСАТ
Бап 6. 6-бап. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың мақсаттары
6-бап. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың мақсаттары 📌 Ескерту. 6-бап алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 148-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7. 7-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының, Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өкілеттіктері
7-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының, Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өкілеттіктері 📌 Ескерту. 7-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2024 № 148-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының өкілеттіктеріне:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
Тармақша 3
3) балалардың құқықтарын қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) баланың құқықтарын қорғау саласындағы басқа да мүдделі уәкілетті органдардың қызметін, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық саласында үйлестіру;
Тармақша 5
5) баланың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) балалардың өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төмен әлеуметтік стандарттарды белгілеу;
Тармақша 6-1
6-1) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 6-2
6-2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану;
Тармақша 7
7) осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 8
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
Тармақ 1-1
1-1. Орталық атқарушы органдардың баланың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өкілеттіктеріне:
Тармақша 1
1) балалардың құқықтарын қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
Тармақша 3
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
Тармақ 2
2. Алынып тасталды.
Тармақ 3
3. Жергiлiктi атқарушы органдардың бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі өкiлеттiктерiне:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 1-1
1-1) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) балаларға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 3
3) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi консультацияларды хабарлау мен өткiзу, iс-шараларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
Тармақша 4
4) тәрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласында балалар мүдделерiне орай Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы, орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 4-1
4-1) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады. 📌 Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 148-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2025 № 236-VIII (01.02.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 7-1. 7-1-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл институты
7-1-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл институты
Тармақ 1
1. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл институтын Қазақстан Республикасының Президенті құрады және ол өз қызметін балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып, балалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында қоғамдық негізде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Баланың құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі:
Тармақша 1
1) заңдылық;
Тармақша 2
2) тәуелсіздік;
Тармақша 3
3) балалар үшін қолжетімділік;
Тармақша 4
4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
Тармақша 5
5) объективтілік;
Тармақша 6
6) жариялылық қағидаттарына негізделеді.
Тармақ 3
3. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады. 📌 Ескерту. 2-тарау 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 7-2. 7-2-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл
7-2-бап. Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл Баланың құқықтары жөніндегі уәкіл балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақша 1
1) баланың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қатысты өтініштерді және баланың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, кәсіпорындардың, олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды;
Тармақша 2
2) баланың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін кедергісіз іске асыруға және қалпына келтіруге жәрдем көрсетеді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
Тармақша 4
4) білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйелерінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ұсталатын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне баруға кедергісіз қол жеткізеді;
Тармақша 5
5) баланың құқықтарымен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық институттардың құжаттарына кедергісіз қол жеткізеді;
Тармақша 6
6) өзіне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
Тармақша 7
7) отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111» байланыс орталығының қызметін және мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимылын ұйымдастыруды үйлестіреді. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі қызметінің тәртібін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді. 📌 Ескерту. 2-тарау 7-2-баппен толықтырылды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 7-3. 7-3-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері
7-3-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері
Тармақ 1
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры:
Тармақша 1
1) осы Заңға сәйкес нысаналы жинақтарды есепке алу және есепке жатқызу үшін нысаналы жинақтау шоттарын ашуды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шоттарына есепке алу мен есепке жатқызуды, нысаналы жинақтарды алушыға нысаналы жинақтау шотынан уәкілетті операторлардың шоттарына нысаналы жинақтарды төлеуді, нысаналы жинақтардың қайтарылуын есепке алуды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсы және (немесе) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мынадай: нысаналы талаптарға қатысушыға немесе оның заңды өкіліне нысаналы талаптардың сомасы; нысаналы жинақтарды алушының сұрау салуы бойынша осы Заңның 7-7-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, нысаналы жинақтау шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге нысаналы жинақтардың сомасы туралы мәліметтерді төлемақы алмай ұсынуға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтарды алушылардың уәкілетті операторда ашылған шоттарына, сондай-ақ қайтыс болған не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушылар немесе нысаналы жинақтарды алушылар мұрагерлерінің уәкілетті операторда ашылған банктік шоттарына АҚШ долларында төлеуді жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен нысаналы жинақтарды есепке алу, төлеу және қайтару мәселелері бойынша уәкілетті оператормен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) нысаналы жинақтарды алушы он сегіз жасқа толғаннан кейін он жыл ішінде пайдаланылмаған нысаналы жинақтарды алушының нысаналы жинақтарын нысаналы жинақтау шоттарынан ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударуды жүзеге асыруға міндетті. 📌 Ескерту. 2-тарау 7-3-баппен толықтырылды - ҚР 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7-4. 7-4-бап. Нысаналы талаптарға қатысушылар, нысаналы талаптар және нысаналы жинақтар
7-4-бап. Нысаналы талаптарға қатысушылар, нысаналы талаптар және нысаналы жинақтар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толмаған азаматтары ғана нысаналы талаптарға қатысушылар бола алады.
Тармақ 2
2. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, нысаналы талаптарға қатысушыларға нысаналы талаптарды есепке жазу олар он сегіз жасқа толғанға дейін жыл сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу АҚШ долларында жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Нысаналы талаптар нысаналы талаптарға қатысушы он сегіз жасқа толатын жылға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі инвестициялық қызмет шеңберінде қаржы құралдарына инвестицияланады.
Тармақ 5
5. Нысаналы жинақтарды нысаналы жинақтау шотына есепке алу және есепке жатқызу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында нысаналы жинақтау шоттарын ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Нысаналы талаптарды есепке жазу нысаналы талаптарға қатысушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда тоқтатылады.
Тармақ 7
7. Нысаналы жинақ төлемдері нысаналы жинақтарды алушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті операторларда АҚШ долларында өздері ашатын банктік шоттарына есепке жатқызылады.
Тармақ 8
8. Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тармақ 9
9. Нысаналы жинақ төлемдерін нысаналы жинақтарды алушының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған нысаналы жинақтау шотына қайтару АҚШ долларында жүзеге асырылады. Бұл ретте айырбастауға байланысты шығыстарға төлем жасау, нысаналы жинақ төлемдерін нысаналы жинақтарды алушының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған нысаналы жинақтау шотына аударуға (қайтаруға) байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге төлем жасау нысаналы жинақтарды алушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. 2-тарау 7-4-баппен толықтырылды - ҚР 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7-5. 7-5-бап. Нысаналы талаптарға қатысушылардың, нысаналы жинақтарды алушылардың және олардың заңды өкілдерінің дербес деректерін жинау, өңдеу ерекшеліктері
7-5-бап. Нысаналы талаптарға қатысушылардың, нысаналы жинақтарды алушылардың және олардың заңды өкілдерінің дербес деректерін жинау, өңдеу ерекшеліктері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының осы Заңның 7-3-бабында көрсетілген міндеттерін орындау үшін нысаналы талаптарға қатысушылардың, нысаналы жинақтарды алушылардың және олардың заңды өкілдерінің дербес деректерін жинау, өңдеу олардың келісімінсіз жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. 2-тарау 7-5-баппен толықтырылды - ҚР 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7-6. 7-6-бап. Нысаналы жинақ төлемдері
7-6-бап. Нысаналы жинақ төлемдері
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақ төлемдеріне құқық нысаналы жинақтары бар нысаналы жинақтарды алушыларға беріледі.
Тармақ 2
2. Нысаналы жинақтары бар нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда, мұндай нысаналы жинақтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу үшін қайтыс болған не соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланған нысаналы талаптарға қатысушылардың немесе нысаналы жинақтарды алушылардың мұрагерлері уәкілетті операторда АҚШ долларында банктік шот ашады.
Тармақ 3
3. Нысаналы талаптарға қатысушының не нысаналы жинақтарды алушының Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы нысаналы жинақтарды төлеуден бас тартуға негіз болып табылады.
Тармақ 4
4. Білім беру ақысын төлеу нысаналы жинақтарды алушының өтінім беруі және өзі мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арасында шарт жасасу арқылы не «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру жинақтау сақтандыруы шартын немесе білім беру жинақтау салымы туралы шарт жасасу арқылы нысаналы жинақ төлемдері есебінен жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. 2-тарау 7-6-баппен толықтырылды - ҚР 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7-7. 7-7-бап. Нысаналы жинақтар құпиясы
7-7-бап. Нысаналы жинақтар құпиясы
Тармақ 1
1. Нысаналы жинақтар құпиясы нысаналы жинақтарды алушылардың нысаналы жинақтау шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді қамтиды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры нысаналы жинақтар құпиясына кепілдік береді. Нысаналы талаптарға қатысушылардың нысаналы талаптарының сомасы туралы мәліметтер құпия болып табылмайды.
Тармақ 2
2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерінің қызметтік және функционалдық міндеттерін жүзеге асыруға байланысты нысаналы жинақтар құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдары, жұмыскерлері нысаналы жинақтар құпиясын құрайтын мәліметтерді жария етуге құқылы емес және оларды жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган арасында ақпарат, оның ішінде нысаналы жинақтар құпиясын құрайтын мәліметтер алмасуды жүзеге асыру нысаналы жинақтар құпиясын жария ету болып табылмайды.
Тармақ 3
3. Нысаналы жинақтар құпиясы нысаналы жинақтарды алушыға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен ашылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Нысаналы жинақтау шоттарындағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтамалар:
Тармақша 1
1) соттарға – олардың іс жүргізуіндегі істер бойынша сот ұйғарымының негізінде;
Тармақша 2
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру шеңберінде;
Тармақша 3
3) прокурорға – оның қарауындағы материал бойынша өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулының негізінде;
Тармақша 4
4) нысаналы жинақтарды алушының өкілдеріне – нотариат куәландырған сенімхаттың немесе сот шешімінің негізінде;
Тармақша 5
5) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органға –нысаналы жинақтарды алушының өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша;
Тармақша 6
6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы міндетті аудитін жүргізетін аудиторлық ұйымдарға;
Тармақша 7
7) мұрагерлерге – нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда мұраға құқық туралы куәлік ұсыныла отырып, сұрау салу бойынша;
Тармақша 8
8) нотариустар мен шетелдік консулдық мекемелерге – нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда өздерінің іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша сұрау салу арқылы;
Тармақша 9
9) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық типтегі ұйымдардың басшыларына мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер және (немесе) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың осындай ұйымдарда болуын растайтын құжаттардың негізінде берілуі мүмкін. 📌 Ескерту. 2-тарау 7-7-баппен толықтырылды - ҚР 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7-8. 7-8-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтері
7-8-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтері
Тармақ 1
1. Нысаналы жинақтарды алушының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, уәкілетті операторлардың борыштары бойынша, оның ішінде санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда нысаналы активтерге, нысаналы жинақтарға және нысаналы жинақ төлемдеріне тыйым салуды немесе өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.
Тармақ 2
2. Нысаналы активтер:
Тармақша 1
1) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де жағдайларда нысаналы жинақ төлемдерін жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) қате есепке жатқызылған нысаналы жинақтарды және өзге де қате есепке жатқызылған ақшаны қайтаруға ғана пайдаланылады. 📌 Ескерту. 2-тарау 7-8-баппен толықтырылды - ҚР 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7-9. 7-9-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтерін сақтау және есепке алу
7-9-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтерін сақтау және есепке алу
Тармақ 1
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарда жалпы сомада сақталады және есепке алынады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтерін есепке алу және сақтау мақсатында шетелдік кастодиан-банктерде шоттар ашуға құқылы. 📌 Ескерту. 2-тарау 7-9-баппен толықтырылды - ҚР 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7-10. 7-10-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы талаптар, нысаналы жинақтар және нысаналы активтер бойынша есебі мен есептілігі және оларды бақылау
7-10-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы талаптар, нысаналы жинақтар және нысаналы активтер бойынша есебі мен есептілігі және оларды бақылау
Тармақ 1
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысаналы талаптар, нысаналы жинақтар және нысаналы активтер бойынша есепке алуды жүргізеді және есептілік жасайды. Нысаналы активтерді есепке алуды жүзеге асыру және ақпараттың сенімділігін, сақталуын және санкцияланбаған қол жеткізуден қорғалуын қамтамасыз ету үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бағдарламалық қамтылымы түріндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйелер пайдаланылады.
Тармақ 2
2. Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтар мен нысаналы активтерді есепке алуды жүргізу тәртібін бақылауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 2-тарау 7-10-баппен толықтырылды - ҚР 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7-11. 7-11-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына оның нысаналы активтері бойынша аудит жүргізу
7-11-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына оның нысаналы активтері бойынша аудит жүргізу Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті жыл сайынғы аудиті шеңберінде аудиторлық ұйым бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтері бойынша аудитті жүзеге асырады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы активтері бойынша міндетті жыл сайынғы аудит бойынша шығыстар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтері есебінен жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. 2-тарау 7-11-баппен толықтырылды - ҚР 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7-12. 7-12-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі
7-12-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі:
Тармақша 1
1) баланың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қатысты жолданымдарды және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының баланың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын шешімдеріне немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды;
Тармақша 2
2) баланың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кедергісіз іске асырылуына және олар бұзылған жағдайда қалпына келтірілуіне жәрдем көрсетеді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдарды әзірлейді және Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілге енгізеді;
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы органдарға және білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйелерінің ұйымдарына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ұсталатын қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне кедергісіз барады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте балалардың құқықтарымен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық институттардың құжаттарына сұрау салу бойынша қол жеткізуге құқылы;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді орындайды. 📌 Ескерту. 2-тарау 7-12-баппен толықтырылды - ҚР 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7-13. 7-13-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының өкілеттіктері
7-13-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының өкілеттіктеріне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) балалардың құқықтарын қамтамасыз етуді, олардың құқықтарын бұзушылық профилактикасын және оны ерте анықтауды үйлестіру, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдау;
Тармақша 3
3) тәрбие, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, әлеуметтік қызмет көрсету және отбасын әлеуметтік қорғау саласында балалар мүдделеріне орай Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындаған мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын бұзушылық профилактикасына және оны ерте анықтауға, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға бағытталған шаралардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) мемлекеттің кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) уәкілетті органдар мен ұйымдарды, оның ішінде отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарын тарта отырып, өз құзыреті шегінде отбасыларға және мынадай: орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог-психологтарында және әлеуметтік педагогтерінде тәуекел тобында тұрған балаларға, оның ішінде зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау туралы хабарлаған, суицидтік ниеті, суицид жасауға әрекет ету фактілері бар кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ педагогикалық қолдап отыру шеңберінде баса назар аударуды талап ететін балаларға; отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтары қолдап отырған; кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырыстарында қаралған; баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда құқықтарының бұзылуына байланысты (оның ішінде зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау салдарынан) бұрын болған; тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері анықталған, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтар анықтаған; кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналары, заңды өкілдері бар балаларға көмек ұйымдастыру және жеке профилактика шараларын қолдану;
Тармақша 7
7) осы тармақтың 6) тармақшасында аталған балаларға алты айда кемінде бір рет ұдайы бару және олардың жағдайын бағалау;
Тармақша 8
8) қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттағы, баланы қабылдайтын отбасылардағы, баланы қабылдайтын кәсіби отбасылардағы балалардың жай-күйін бағалау және оларға қажетті көмек көрсету мақсатында ұдайы бару арқылы алты айда кемінде бір рет балалардың жағдайын мониторингтеу және бағалау;
Тармақша 9
9) кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық процесс шеңберінде балаға көмек көрсетуді және оны қолдап отыруды ұйымдастырудың жеке жоспарын құру;
Тармақша 10
10) кәмелетке толмағандар болатын білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйелерінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарына кедергісіз бару;
Тармақша 11
11) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы және оны ерте анықтау мәселелері бойынша, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қабылданған шаралар туралы ақпарат сұрату;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 📌 Ескерту. 2-тарау 7-13-баппен толықтырылды - ҚР 30.12.2025 № 246-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7-14. 7-14-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы қызметкерінің мәртебесі
7-14-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы қызметкерінің мәртебесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы қызметкерінің балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын адам ретінде ерекше мәртебесі болады. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен балалардың құқықтарын қорғау саласында кәсіптік қызметті жүзеге асыру және тиісті мекемемен еңбек қатынастарында болу кезеңінде адам Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының қызметкері мәртебесіне ие болады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының қызметкерлері әрбір екі жыл сайын біліктілігін арттырудан өтуге міндетті. Біліктілікті арттырудан өту тәртібін, мерзімдерін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды. 📌 Ескерту. 2-тарау 7-14-баппен толықтырылды - ҚР 30.12.2025 № 246-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7-15. 7-15-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы қызметкерінің киімі
7-15-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органы қызметкерінің киімі Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органының қызметкері белгіленген үлгідегі киіммен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тегін қамтамасыз етіледі. Белгіленген үлгідегі киіммен қамтамасыз ету тәртібін және оны киіп жүру қағидаларын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды. 📌 Ескерту. 2-тарау 7-15-баппен толықтырылды - ҚР 30.12.2025 № 246-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7-16. 7-16-бап. Ішкі істер органдарының балалардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы, оны ерте анықтау, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдау шеңберіндегі өкілеттіктері
7-16-бап. Ішкі істер органдарының балалардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы, оны ерте анықтау, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдау шеңберіндегі өкілеттіктері Ішкі істер органдары балалардың құқықтарын қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктерді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 2-тарау 7-16-баппен толықтырылды - ҚР 30.12.2025 № 246-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7-17. 7-17-бап. Білім беру органдарының балалардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы, оны ерте анықтау, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдау шеңберіндегі өкілеттіктері
7-17-бап. Білім беру органдарының балалардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы, оны ерте анықтау, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдау шеңберіндегі өкілеттіктері Білім беру органдарының өкілеттіктеріне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға бармайтын, сондай-ақ осындай ұйымдардың педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтерінде тәуекел тобында тұрған кәмелетке толмағандарға, суицидтік ниеті, суицид жасауға әрекет ету фактілері бар кәмелетке толмағандарға, педагогикалық қолдап отыру шеңберінде баса назар аударуды талап ететін балаларға қатысты өз құзыреті шегінде оларды анықтауға қатысу, есепке алуды жүргізу және жеке профилактика шараларын жүргізу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органын осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген фактілер туралы дереу хабардар ету;
Тармақша 3
3) балалардың құқықтарын қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 📌 Ескерту. 2-тарау 7-17-баппен толықтырылды - ҚР 30.12.2025 № 246-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7-18. 7-18-бап. Денсаулық сақтау органдарының балалардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы, оны ерте анықтау, сондай-ақ балаларды қорғау жөніндегі шараларды қабылдау шеңберіндегі өкілеттіктері
7-18-бап. Денсаулық сақтау органдарының балалардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы, оны ерте анықтау, сондай-ақ балаларды қорғау жөніндегі шараларды қабылдау шеңберіндегі өкілеттіктері Денсаулық сақтау органдары өз құзыреті шегінде жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге және бес жасқа дейінгі балаларға патронаждық барудың әмбебап прогрессивті моделін жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органына отбасы мен балаға көмек көрсетуді ұйымдастыру, жеке профилактика шараларын жүргізу үшін әлеуметтік қауіп-қатердің анықталған жағдайлары туралы ақпарат береді. 📌 Ескерту. 2-тарау 7-18-баппен толықтырылды - ҚР 30.12.2025 № 246-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7-19. 7-19-бап. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының балалардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы, оны ерте анықтау, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдау шеңберіндегі өкілеттіктері
7-19-бап. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының балалардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы, оны ерте анықтау, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдау шеңберіндегі өкілеттіктері Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының өкілеттіктеріне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарға (отбасыларға) қатысты, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы ақпарат болған жағдайларда, оларды анықтау, есепке алуды жүргізу және жеке профилактика шараларын жүргізу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органын осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген фактілер туралы дереу хабардар ету;
Тармақша 3
3) балалардың құқықтарын қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 📌 Ескерту. 2-тарау 7-19-баппен толықтырылды - ҚР 30.12.2025 № 246-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7-20. 7-20-бап. Балалардың құқықтарын қорғауға қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың балалардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы, оны ерте анықтау, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдау шеңберіндегі өкілеттіктері
7-20-бап. Балалардың құқықтарын қорғауға қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың балалардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы, оны ерте анықтау, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды қабылдау шеңберіндегі өкілеттіктері Өзге де мемлекеттік органдардың өкілеттіктеріне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органын балалардың құқықтарын бұзушылық, балаларға қатысты әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау фактілері мен қауіп-қатері туралы дереу хабардар ету;
Тармақша 2
2) балалардың құқықтарын қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 📌 Ескерту. 2-тарау 7-20-баппен толықтырылды - ҚР 30.12.2025 № 246-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 3. 3-тарау. БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
3-тарау. БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
Бап 8. 8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы
Тармақ 1
1. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.
Тармақ 2
2. Мемлекет денi сау бала тууды қамтамасыз ету үшiн ананың денсаулығын сақтау жөнiнде жағдайлар жасайды.
Тармақ 3
3. Баланың денсаулық сақтауға құқығы:
Тармақша 1
1) баланың денсаулығын сақтау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын қабылдау;
Тармақша 2
2) балалардың салауатты өмiр салтын насихаттау және ынталандыру;
Тармақша 3
3) балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердi мемлекеттiк қолдау;
Тармақша 4
4) баланың, оның ата-анасының денсаулық жағдайына бақылау жасау және балалар ауруларының алдын алу;
Тармақша 5
5) бiлiктi медициналық көмек көрсету;
Тармақша 6
6) баланың денi сау болып өсiп жетiлуiне қажеттi қолайлы қоршаған орта жасау;
Тармақша 7
7) балалар үшiн сапасы тиiстi деңгейдегі тағам өнiмдерiнің өндiрiлуiне және сатылуына бақылау жасау арқылы қамтамасыз етiледi.
Тармақ 4
4. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаларға тегiн медициналық көмектiң көлемiне кепілдiк бередi.
Тармақ 5
5. Баланың өмiрiне, денсаулығына және дене бітімі мен психикасының қалыпты өсiп-жетілуіне зиян келтiретiн кез келген ғылыми тәжiрибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйым салынады. 📌 Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 9. 9-бап. Баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға құқығы
9-бап. Баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға құқығы Әрбір бала туылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркелуге тиіс. Туылған кезінен бастап оның аты, әкесінің аты және тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқығы, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда оларды сақтауға құқығы бар. 📌 Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 10. 10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы
10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы
Тармақ 1
1. Әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны физикалық және (немесе) психикалық күш көрсетуден, адамның қадір-қасиетіне қатыгездікпен, дөрекілікпен қараудан немесе оны қорлаудан, баланы жәбірлеуден (буллингтен), жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 11. 11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы
11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы
Тармақ 1
1. Әрбiр баланың сөз бостандығына және өз пiкiрiн айтуға, ар-ождан бостандығына, өзiнiң қоғамдық белсендiлiгiн дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдардың нысандарына және Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген бейбiт жиналыстарға өз еркiмен қатысуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк органдар балалардың жеке адами тұлғасын, олардың шығармашылық бейiмдiлiгiн, әлеуметтiк белсендiлiгiн, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамытуды, олардың интеллектуалдық меншiгiн қорғауды, балалардың өмiрi мен денсаулығын сақтауды, қоршаған табиғи ортаны, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауды өзiне мақсат тұтатын, қайырымдылықты жүзеге асыратын, мәдени және спорттық өмiрге қатысуға тартатын, демалысты ұйымдастыратын қоғамдық ұйымдарға жәрдемдеседi. 📌 Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 12. 12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы
12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы
Тармақ 1
1. Әрбiр баланың дене бiтiмінің, психикасы мен жан дүниесiнің толымды дамуы үшiн қажеттi тұрмыс деңгейi мен жағдайы болуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Мемлекет бұл жағдайлардың жасалуын әлеуметтік және экономикалық шаралар жүйесi арқылы қамтамасыз етедi.
Бап 13. 13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары
13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары
Тармақ 1
1. Әрбiр баланың заңмен белгiленген тәртiппен және мөлшерде өз ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерiнен қаражат алуға құқығы бар. Балаға алименттер, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтiк төлемдер ретiндегi тиесiлi сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билiк етуiне келiп түседi және олар баланы күтiп-бағуға, оған бiлiм беруге және оны тәрбиелеуге жұмсалады.
Тармақ 2
2. Әрбiр баланың заңнамада белгiленген тәртiппен өз бетiнше немесе өзiнiң заңды өкілдері арқылы мәмiлелер жасауға, банктерде, Ұлттық пошта операторында салымдары болуға және жалақысына, стипендиясына немесе өзге де кiрiстерiне және зияткерлік меншiк құқығы объектiлерiне билiк етуге, өзге де мүлiктiк құқықтарды иемденуге және оларды жүзеге асыруға құқығы бар. Ата-аналар немесе заңды өкілдер баланың жәрдемақысы немесе материалдық көмек ретiнде мемлекет бөлетін ақшаны баланың атына банктерге және (немесе) Ұлттық пошта операторына салуға құқылы.
Тармақ 3
3. Әрбiр баланың өзi тапқан табысқа, өзi сыйға немесе мұра ретiнде алған мүлiкке, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлiкке меншiк құқығы бар. Өз еңбегiмен табыс табатын бала, егер ол ата-анасымен бiрге тұратын болса, отбасын асырауға жұмсалатын шығындарды бөлiсуге қатысуға құқылы. Баланың өзiне меншiк құқығымен тиесілі мүлiкке билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен айқындалады. 📌 Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 14. 14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы
14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы
Тармақ 1
1. Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Білім беру ұйымдарындағы, медициналық және басқа да ұйымдардағы, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдардағы, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттық тәрбиедегі жетiм бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұрғын үйге меншiк құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын caқтайды, ал құқығы болмаған жағдайда олардың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй алуға құқығы бар. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй жетiм балаларда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларда олар білім беру ұйымдарында, медициналық және басқа да ұйымдарда, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдарда, қорғаншылықта немесе қамқоршылықта, патронаттық тәрбиеде болған кезеңде олар кәмелетке толғанға дейін сақталады.
Тармақ 3
3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, оның iшiнде жетiм балаларды оларға басқа тұрғын үй берiлмейiнше, тұрып жатқан тұрғын үйінен шығаруға болмайды.
Тармақ 4
4. Осы баптың 2-тармағында аталған балалардың тұрғын үйге меншiк құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтауды жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз етедi.
Тармақ 5
5. Он төрт жасқа толмаған жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың тұрғын үйін иеліктен шығару, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту бойынша мәмілелер жасауға немесе олардың атынан кепілгерлік шартын, тұрғын үйді өтеусіз пайдалануға тапсыру немесе кепілге қою бойынша мәмілелер, заң жүзінде, өсиет бойынша оларға тиесілі мұрагерлік құқықтардан бас тартуына, олардың тұрғын үйін бөлуге немесе одан үлес бөліп алуға әкеп соқтыратын мәмілелер жасасуға жол берілмейді. 📌 Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 126-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 14-1. 14-1-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз ету
14-1-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Жергiлiктi атқарушы органдар:
Тармақша 1
1) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін есепке алуды жүргізеді және оның сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастырылғанға дейін олардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйіне қорғаншылық белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Баланың заңды өкілдері жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғынжайының сақталуын қамтамасыз етеді. Баланың заңды өкілдері қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімімен, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғынжайын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітетін үлгілік шарт негізінде жалдауға (қосымша жалдауға) бере алады. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған ақша жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың банктік шотына есепке жазылуға жатады. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғынжайының сақталу қағидаларын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.
Тармақ 3
3. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары және баланың заңды өкілдері жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады. 📌 Ескерту. Заң 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 126-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 15. 15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы
15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы
Тармақ 1
1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.
Тармақ 2
2. Тегiн жалпы орта бiлiм немесе техникалық және кәсіптік бiлiм алғанға дейiн баланы мемлекеттiк бiлiм беру мекемесiнен шығару, шығарудың жалпы тәртiбiн сақтаумен қатар тек қорғаншы және қамқоршы органдарды хабардар ете отырып қана жүргiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға сәйкес арнаулы педагогикалық тәрбиенi қажет ететiн мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекеттiк бюджеттен белгiленген стандарттар деңгейiнде олардың бiлiм алуына кепiлдiк беретiн қосымша қаражат бөлінеді.
Тармақ 4
4. Мемлекет балалардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк қорғауды қажет ететiндерiнің күтiп-бағу шығынын толық немесе iшiнара көтередi. Олардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк көмектің мөлшерлерi мен көздерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi. 📌 Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.07.2007 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.06.2021 № 56-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 16. 16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы
16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы
Тармақ 1
1. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсіп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметi мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары қамтамасыз етедi.
Тармақ 3
3. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шартын жасасу және оны бұзу тәртiбi және олардың еңбегін реттеудің басқа да ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленедi.
Тармақ 4
4. Баланы оның денсаулығына қауіп төндіруі немесе білім алуына кедергі келтіруі не оның денсаулығына және дене бітімі, ақыл-ойы, рухани, моральдық және әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген жұмысты орындауға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады. 📌 Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.05.15 № 253, 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 16-1. 16-1-бап. Баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы
16-1-бап. Баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы Әрбір баланың экономикалық қанаудан қорғалуға құқығы бар. 📌 Ескерту. Заң 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 17. 17-бап. Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы
17-бап. Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк көмек оны алуға құқығы бар әрбiр балаға тағайындалады. Мемлекеттiк көмектің мөлшерi және оны көрсетудің шарты мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Тармақ 2
2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оның iшiнде жетiм балалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық мемлекеттiк қамсыздандырылуда болады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк органдар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әрбiр балаға, қорғаншылық немесе қамқоршылық нысанына қарамастан, бiрдей материалдық және өзге де жағдайларды қамтамасыз етедi.
Бап 18. 18-бап. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу
18-бап. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу
Тармақ 1
1. Балалардың мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар әлеуметтiк қызмет көрсетулер бойынша белгiленген ең төменгi көлемде мыналарды:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес кепiлдiк берiлген, жалпыға бiрдей қолжетiмдi тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм мен конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм берудi;
Тармақша 2
2) балаларға тегiн медициналық қызмет көрсетудi, оларды тамақтандырудың ең төменгi нормаларына сәйкес тамақтандыруды қамтамасыз етудi;
Тармақша 3
3) он бес жасқа толған балалардың кәсiби бағдарлау, қызмет саласын таңдау, жұмысқа орналасу, еңбегiнің қорғалу, еңбегiне ақы төлену құқығын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кепілдi қамтамасыз етудi;
Тармақша 4
4) балаларға әлеуметтiк қызмет көрсету, оларды әлеуметтiк қорғау, соның iшiнде туылуы мен тәрбиеленуiне байланысты, балалары бар азаматтарға мемлекеттiк жәрдемақы төлеу жолымен кепiлдi материалдық қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды әлеуметтiк бейiмдеу және әлеуметтiк оңалту жөнiндегi шараларды;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес тұрғын үйге құқығын қамтамасыз етудi;
Тармақша 6
6) балаларды сауықтыру мен олардың демалысын ұйымдастыруды, соның iшiнде төтенше жағдайларда, сондай-ақ экологиялық жағынан қолайсыз және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сондай деп танылған аумақтарда тұратын балаларды сауықтыруды ұйымдастыруды;
Тармақша 7
7) бiлiктi заң көмегiн көрсетудi қамтиды.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар олардың өмiр сүру жағдайларындағы аймақтық айырмашылықтар ескерiле отырып айқындалады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың органдары қосымша әлеуметтiк стандарттар белгiлей алады.
Тармақ 4
4. Тиiстi бiлiм беру ұйымдарындағы, арнаулы оқу-тәрбие ұйымдарындағы, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қызмет көрсету ұйымдарындағы немесе өзге де мекемелер мен ұйымдардағы балалардың өздерiне ұсынылған қызмет көрсетулердiң мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарға сәйкестiгін мезгiл-мезгiл бағалап отыруға құқығы бар. 📌 Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 19. 19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы
19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы
Тармақ 1
1. Әрбiр бала өзiнiң жасына, денсаулығына және қажеттерiне қарай демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы.
Тармақ 2
2. Ата-анасы немесе олардың орнындағы адамдар өздерiнiң қабiлеттерi мен мүмкiндiктерiне сәйкес баланың күтiлуi мен жан-жақты дамуына қажеттi өмiрлiк жағдайларды қамтамасыз етедi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытын пайдаланатын өзге де ұйымдарын, лагерьлер мен санаторийлердi құрады және оларды қолдап отырады.
Тармақ 4
4. Мемлекет балалардың демалуға, сауығуға және бос уақытын пайдалануға құқығын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытты өткізетін өзге де ұйымдарында, лагерьлері мен санаторийлерінде құдайға құлшылық етуді, дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге, сондай-ақ діни ілімдерді таратуға бағытталған іс-әрекеттерге жол берілмейді. 📌 Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.10.11 № 484-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Бап 20. 20-бап. Баланың мiндеттерi
20-бап. Баланың мiндеттерi Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.
Тарау 4. 4-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ОТБАСЫ
4-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ОТБАСЫ
Бап 21. 21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы
21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы Баланың мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын және басқа да жақын туыстарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқығы бар. 📌 Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 22. 22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары
22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары Әрбір бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарға ие. 📌 Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 23. 23-бап. Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттiк қолдау
23-бап. Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттiк қолдау Мемлекет бала тәрбиелеп отырған отбасыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк көмек беру арқылы қолдау көрсетедi. 📌 Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 24. 24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және асырау жөніндегi мiндетi
24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және асырау жөніндегi мiндетi
Тармақ 1
1. Ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері баланың жан-жақты дамуы үшiн қажеттi өмір сүру жағдайын жасауға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Ата-анасы баланы тәрбиелеуге, оны күтiп-бағуды жүзеге асыруға, материалдық жағынан қолдап, оның әл-ауқатына қамқорлық жасауға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндеттi. 📌 Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 01.04.2019 № 240-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 25. 25-бап. Баланың ата-анасымен бiрге тұру құқығы
25-бап. Баланың ата-анасымен бiрге тұру құқығы
Тармақ 1
1. Баланың өз ата-анасымен немесе басқа да заңды өкілдерiмен бiрге тұруға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Баланың, ата-анасының немесе заңды өкілдерiнiң ықтиярынсыз баланы ата-анасынан немесе заңды өкілдерiнен айыруға тыйым салынады. Оларды айыру туралы шешiмдi ерекше жағдайларда және баланы қорғау мақсатында қандай дәрежеде қажет болуына қарай сот қана қабылдайды.
Тармақ 3
3. Ата-анасы бiр-бiрiнен бөлек тұрған жағдайда баланың тұратын жерi ата-анасының келiсiмiмен, ал ол болмаған жағдайда, ата-аналар арасындағы дау сот арқылы шешiледi. Бұл орайда сот бала ата-анасының жеке қасиеттерi мен жағдайларын, сондай-ақ баланың мүдделерi мен пiкiрiн ескередi.
Бап 26. 26-бап. Баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасымен қарым-қатынас жасау құқығы
26-бап. Баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасымен қарым-қатынас жасау құқығы
Тармақ 1
1. Баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайлардың болуын қоспағанда, баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасы туралы ақпарат алуға, олармен кездесiп, араласып тұруға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Бала құқығын шектеуге байланысты туындаған, осы бапта көзделген даулар сот тәртiбiмен шешiледi.
Тарау 5. 5-тарау. АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
5-тарау. АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Бап 27. 27-бап. Қорғаншылық, қамқоршылық, патронат баланы қабылдайтын және баланы қабылдайтын кәсіби отбасы
27-бап. Қорғаншылық, қамқоршылық, патронат баланы қабылдайтын және баланы қабылдайтын кәсіби отбасы 📌 Ескерту. 27-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2024 № 148-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаға қорғаншылық, қамқоршылық немесе патронат белгіленеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарының қорғалуы үшін ол баланы қабылдайтын және баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берілуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Жасы он төртке толмаған балаларға қорғаншылық белгіленеді, ал он төрттен бастап он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға қамқоршылық белгіленеді.
Тармақ 3
3. Жергілікті атқарушы органдар қорғаншылық және қамқоршылық органдары болып табылады.
Тармақ 4
4. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемедегі балаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес патронат белгіленуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Тәрбиелеу мекемесіндегі жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланы қабылдайтын және баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берілуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Бір отбасында тәрбиеленген туған ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілілерді (қарындастарды) әртүрлі адамдардың қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа алуына, осы мән-жайлар балалардың заңды мүдделеріне сай келетін жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді. 📌 Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 501-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2024 № 148-VIII (қолданысқа енгізілу тіртібін 2-б. қараңыз) заңдарымен.
Бап 28. 28-бап. Бала асырап алу
28-бап. Бала асырап алу Отбасында өсiріп-жетiлдiру мен тәрбиелеу үшiн жағдайлар жасау мақсатында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырап алуға берiлуi мүмкін.
Бап 28-1. 28-1-бап. Бала қонақтайтын отбасы
28-1-бап. Бала қонақтайтын отбасы Барлық үлгідегі (білім беру, медициналық және басқа да) ұйымдардағы жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар білім беру процесіне байланысты емес кезеңдерде (каникулдар, демалыс және мереке күндері) бала қонақтайтын отбасыларға берілуі мүмкін. 📌 Ескерту. 5-тарау 28-1-баппен толықтырылды - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 28-2. 28-2-бап. Тәлімгерлік
28-2-бап. Тәлімгерлік
Тармақ 1
1. Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлікті өтеусіз негізде жүзеге асыратын тәлімгер бекітілуі мүмкін. Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.
Тармақ 2
2. Тәлімгер жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға өз бетінше өмір сүруге дайындалуға жеке қолдау мен көмек көрсетеді.
Тармақ 3
3. Мыналар тәлімгер бола алмайды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ және кәмелетке толмаған адам;
Тармақша 2
2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам;
Тармақша 3
3) жұбайын (зайыбын) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп таныған адам;
Тармақша 4
4) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адам;
Тармақша 5
5) өзіне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерінен шеттетілген адам;
Тармақша 6
6) бұрынғы бала асырап алушы, егер оның кінәсінен сот бала асырап алудың күшін жойса;
Тармақша 7
7) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адам (адам бала асырап ала алмайтын, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдай алмайтын аурулардың тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi);
Тармақша 8
8) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адам;
Тармақша 9
9) дәстүрлi емес сексуалдық бағдарды ұстанатын адам;
Тармақша 10
10) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адам (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
Тармақша 11
11) тәлімгерлік белгіленген кезде өзін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін кірісі жоқ адам;
Тармақша 12
12) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық бақылаудағы адам;
Тармақша 13
13) алып тасталды – ҚР 04.12.2025 № 236-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 14
14) тәлімгерлік бойынша оқытудан өтпеген адам. Егер тәлімгер болып тағайындалатын адам некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) не өзге адамдармен бірге тұрып жатса, жұбайына (зайыбына) не бірге тұратын адамдарға осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) – 6), 10) және 12) тармақшаларында белгіленген талаптар қолданылады.
Тармақша 14
Тармақ 4
4. Тәлімгердің:
Тармақша 1
1) тәлімгерлік туралы шартта айқындалған талаптармен, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тұрып жатқан балаға баруға, сондай-ақ баланың және осы білім беру ұйымы басшысының келісімімен баламен тұрып жатқан жерінен тыс жерде қарым-қатынас жасауға;
Тармақша 2
2) білім беру процесіне байланысты емес кезеңдерде (каникулдар, демалыс және мереке күндері) баланың қосымша білім беру қызметтерін, тәрбиелік және медициналық қызметтерді алуына көмек көрсетуге құқығы бар.
Тармақ 5
5. Тәлімгердің:
Тармақша 1
1) баланы Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге әкетуге;
Тармақша 2
2) медициналық көмек көрсету үшін баланы медициналық ұйымға орналастыру немесе оны ішкі істер органдарына жеткізу жағдайларын қоспағанда, баламен оның тұрып жатқан жерінен тыс жерде қарым-қатынас жасаған кезде баланы үшінші тұлғалардың (жеке және (немесе) заңды тұлғалардың) қарауына қалдыруға;
Тармақша 3
3) тәлімгерлік туралы шарттың өзге де талаптарын бұзуға құқығы жоқ.
Тармақ 6
6. Тәлімгер:
Тармақша 1
1) баламен бірге болу кезеңінде оның өмірі мен денсаулығына жауапты болуға;
Тармақша 2
2) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға немесе жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған, бала тұрып жатқан білім беру ұйымына баланың өміріне және (немесе) денсаулығына қауіп төндіретін жағдайдың туындағаны, оның ауырып қалғаны, жарақат алғаны, медициналық көмек көрсету үшін баланың медициналық ұйымға орналастырылғаны немесе ішкі істер органдарына жеткізілгені туралы дереу хабарлауға;
Тармақша 3
3) тәлімгерлік туралы шарттың өзге де талаптарын сақтауға міндетті.
Тармақ 7
7. Тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытуды тәлімгерлік жөніндегі ұйымдар, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары аталған ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырады. Оқыту бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытуды ұйымдастыру тәртібін және осындай оқытудан өткені туралы сертификат нысанын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.
Тармақ 8
8. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган тәлімгерлік жөніндегі ұйыммен тәлімгерлік туралы шарт жасасады.
Тармақ 9
9. Тәлімгерлік жөніндегі ұйым:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындаған көлемде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратты олардың заңды өкілдерінің келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алуға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 10
10. Тәлімгерлік жөніндегі ұйым:
Тармақша 1
1) тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарға консультациялық көмек көрсетуге;
Тармақша 2
2) тәлімгер болуға ниет білдірген адамдарды оқытуды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлерді іріктеуді жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) тәлімгерлерге құқықтық және психологиялық көмек көрсетуге;
Тармақша 5
5) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға қызметі туралы тоқсан сайынғы есепті беруге;
Тармақша 6
6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ тәлімгерлердің дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз етуге;
Тармақша 7
7) бала орналасқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымын, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органды, ішкі істер органдарын тәлімгерлік жүзеге асырылатын баланың қайтыс болу, оған қатыгездікпен қарау, оның ішінде балаға қатысты күштеп немесе психикалық зорлық-зомбылықты жүзеге асыру, сондай-ақ баланың жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғу фактісі анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде хабардар етуге;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді сақтауға міндетті. 📌 Ескерту. Заң 28-2-баппен толықтырылды – ҚР 23.02.2024 № 64-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 10.02.2025 № 163-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2025 № 236-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 29. 29-бап. Баланы тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты өзге де мекемелерде күтiп-бағу мен тәрбиелеу
29-бап. Баланы тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты өзге де мекемелерде күтiп-бағу мен тәрбиелеу
Тармақ 1
1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, оны отбасында тәрбиелеуге беруге мүмкіндiк болмаған жағдайда, тәрбиелейтiн, емдейтiн немесе сол сияқты өзге де балалар мекемелерiне орналастырылуға тиiс.
Тармақ 2
2. Балаға тиесiн алимент, жәрдемақы және басқа әлеуметтiк төлемдер оның банк шотына аударылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен төленедi.
Тармақ 3
3. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты өзге де мекемелердегi балаға отбасылық тәрбиеге жақындатылған жағдай жасалады. Баланың күтіп-бағуды пайдалануға, тәрбие, бiлiм алуға, жан-жақты дамуға, ар-ожданы мен қадiр-қасиетінің құрметтелуiне, өз мүдделерiнің қамтамасыз етiлуiне, ана тiлінiң, мәдениетiнiң, ұлттық әдет-ғұрпы мен дәстүрiнің сақталуына құқығы бар.
Тармақ 4
4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетiн, емделетiн және сол сияқты өзге де мекемелердiң аталған мекемелердегi балаларға қатысты педагогикаға жат немесе азғындық әрекеттер жасаған қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Тармақ 5
5. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиелейтiн, емдейтiн және соған ұқсас басқа да мекемелердегi баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды, оның жұмысқа орналасуына жәрдемдесудi жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады. Ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айрылған жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес пайдалануға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беріледi. 📌 Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.11. № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 30. 30-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегi функцияны жүзеге асыратын ұйымдар
30-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегi функцияны жүзеге асыратын ұйымдар
Тармақ 1
1. Туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына туғаннан үш (төрт) жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында балаларды уақытша бағып-күту үшін арнаулы бөлімшелер ашылады. Арнаулы бiлiм беру ұйымдарына он бiр жастан он сегiз жасқа дейiнгi девиантты мiнез-құлықты балалар орналастырылады. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі, тәрбиелеудің, оқытудың ерекше жағдайларын қажет ететін және арнаулы педагогикалық тәсілді талап ететін балалар орналастырылады. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылын, жасөспірімдер үйін және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығын қоспағанда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына үш жастан он сегіз жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Жалпы үлгiдегi жалпы білiм беретiн мектеп-интернатқа жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ табысы аз және көп балалы отбасылардың алты жастан он сегiз жасқа дейiнгi, осы үлгiдегi ұйымдарда күтіп-бағуға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ балалар қабылданады. Медициналық-әлеуметтік мекемеге (ұйымға) күтімге, медициналық, тұрмыстық қызмет көрсетуге және әлеуметтік-еңбекке бейімдеуге мұқтаж, төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар қабылданады. Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылына он сегiз жасқа дейiнгi жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Балаларды отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарына қабылдау тәртібі мен оларды күтiп-бағу шарттары Қазақстан Республикасының отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары және жасөспірімдер үйлері туралы заңнамасында айқындалады. Жасөспірімдер үйінде балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат әкімшілігінің шешімі негізінде, психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімдеуден өте алады. Дербес заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін Жасөспірімдер үйінде жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде, психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімдеуден өте алады. Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарына ата-анасын немесе басқа да заңды өкілдерін анықтау және оларға беру үшін үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балалар, уақтылы орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балалар, өміріне немесе денсаулығына тікелей қатер төнген кезде қорғаншылық және қамқоршылық органы ата-анасынан (олардың біреуінен) немесе оларды қамқорлығына алған басқа да адамдардан алып қойған балалар, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар, сондай-ақ әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалар қабылданады. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарына үш жастан он сегіз жасқа дейінгі, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалар қабылданады. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтары Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды тәрбиелеуге қабылдаған отбасыларға жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес әлеуметтік, құқықтық, психологиялық, педагогикалық көмек көрсетуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған көмек көрсету жөніндегі ұйымдарға әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалар қабылданады.
Тармақ 2
2. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға балаларды қабылдау және оларды күтiп-бағу талаптары, осы Заңмен белгiленбеген бөлiгiнде, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген орган бекiткен осы ұйымдар туралы ережемен айқындалады.
Тармақ 3
3. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуына байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды. 📌 Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.26 № 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 148-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 246-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 6. 6-тарау. Мүгедектігі бар баланың құқықтары
6-тарау. Мүгедектігі бар баланың құқықтары 📌 Ескерту. 6-тарау жаңа редакцияда - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 31. 31-бап. Мүгедектігі бар баланың толыққанды өмірге құқықтары
31-бап. Мүгедектігі бар баланың толыққанды өмірге құқықтары
Тармақ 1
1. Мүгедектігі бар баланың өз қадір-қасиетін қамтамасыз ететін, қоғам өміріне белсене араласуына ықпал ететін жағдайдағы толыққанды өмірге дені сау балалармен бірдей құқықтары бар.
Тармақ 2
2. Мүгедектігі бар бала өзінің дене бітіміне, ақыл-ес қабілетіне және тілегіне сай білім алуға, қызмет түрі мен кәсіпті таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметке қатысуға құқылы.
Тармақ 3
3. Ақыл-есінің немесе дене бітімінің дамуында кемістігі бар балаларды қоса алғанда, мүгедектігі бар балалардың ата-анасының (заңды өкілдерінің), сондай-ақ бала мен отбасының жеке талаптарына сәйкес әлеуметтік қызметкердің және басқа да мамандардың басшылығымен жасалған баланың жеке даму жоспарына сай медициналық-әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Бап 32. 32-бап. Мүгедектігі бар баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
32-бап. Мүгедектігі бар баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүгедектігі бар баланың денсаулық жағдайын, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оны оқытуға, кәсіптік даярлауға, лайықты жұмысты таңдап беруге және жұмысқа орналастыруға қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
Тармақ 2
2. Мүгедектігі бар балалардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, оларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында жеңілдіктер белгіленуі мүмкін.
Бап 33. 33-бап. Мүгедектігі бар балаларға мемлекеттік көмек
33-бап. Мүгедектігі бар балаларға мемлекеттік көмек
Тармақ 1
1. Мемлекет мүгедектігі бар балаларды қолдауға бағытталған медициналық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық шаралар кешенін жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мүгедектігі бар балаларға көрсетілетін мемлекеттік көмек Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Тармақ 3
3. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған және оның күтімін жүзеге асыратын ата-ананың және басқа да заңды өкілдердің мемлекеттік көмек алуға құқығы бар.
Тарау 7. 7-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ҚОҒАМ
7-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Бап 34. 34-бап. Ұлттық және әлемдiк мәдениетке баулу
34-бап. Ұлттық және әлемдiк мәдениетке баулу
Тармақ 1
1. Мемлекет балалардың Қазақстан халқының тарихымен, дәстүрлерiмен, рухани қазыналарымен және әлемдік мәдениет жетiстiктерiмен танысуына мүмкіндiк жасайды.
Тармақ 2
2. Мемлекет балалардың шығармашылық және ғылыми қабiлетiн дамыту үшiн ұйымдар құруды, кино және бейнефильмдер, теледидар және радио хабарларын шығаруды, балаларға арналған газеттер, журналдар, кiтаптар басып шығаруды көтермелейдi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi.
Тармақ 3
3. Порнографияны, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты дәрiптейтiн, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны насихаттайтын, адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын, балаларға зиянды әсер ететiн және құқық бұзушылыққа ықпал ететiн масс-медианы, телекоммуникация желілерін, онлайн-платформаларды, әдебиеттi, ойын-сауық және басқа iс-шараларды пайдалану заң бойынша қудаланады. 📌 Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.06.2024 № 94-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 248-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 35. 35-бап. Бала және дiн
35-бап. Бала және дiн
Тармақ 1
1. Мемлекет баланың ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың дiни дүниетанымына негiзделген тәрбиеге араласпауға, бiлiм беру, тәрбиелеу, емдеу ұйымдарының және өзге де сол сияқты мекемелердiң шегiнен тыс жерлерде баланың қатысуымен дiни жоралардың жасалуына, аталған әрекеттер баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн, оның құқығын бұзатын және жауапкершiлiгiн шектейтiн жағдайларды қоспағанда, кепiлдiк бередi.
Тармақ 2
2. Кәмелеттiк жасқа толмаған балаларға қатысты дiни жоралар ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келiсiмiмен жасалады. Балаларды дiнге тарту жөнiндегi мәжбүрлеу шараларына жол берiлмейдi.
Бап 36. 36-бап. Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау
36-бап. Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтiретiн әлеуметтiк ортаның, ақпараттың, насихат пен үгiттiң терiс ықпалынан қорғауға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Салауатты өмiр салтын насихаттау мен балаға құқықтық бiлiм берудi мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бiрi деп таниды.
Тармақ 3
3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің салдарынан тән немесе жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтiк бейiмделу үшiн қажеттi көмек көрсетiлуге тиiс.
Тармақ 4
4. Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген баланың тұрғын жайынан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуына тыйым салынады. 📌 Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 176-IV, 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 37. 37-бап. Баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау
37-бап. Баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау
Тармақ 1
1. Баланың ата-анасы, басқа да заңды өкілдері, мемлекеттiк органдар, сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен оған бiлiм беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмiр салтын және алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды екенiн насихаттауға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Балаға алкоголь өнімін, темекiнi және темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарын өндiруде немесе сатуда бала еңбегiн пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Балалар тауарларын сататын сауда ұйымдарында және мәдениет мекемелерiнде, сондай-ақ балаларға арналған iс-шараларды жүргiзу кезiнде шылым шегуге, темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында алкоголь өнiмiн сақтауға және өткізуге тыйым салынады. 📌 Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 38. 38-бап. Баланы психикаға белсенді әсер ететін заттардан, күштi әсер ететiн немесе улы заттардан қорғау
38-бап. Баланы психикаға белсенді әсер ететін заттардан, күштi әсер ететiн немесе улы заттардан қорғау
Тармақ 1
1. Бала психикаға белсенді әсер ететін заттарды, күштi әсер ететiн немесе улы заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудан, оларды дайындаудан, сатудан немесе өзге де таратудан қорғалуға тиiс.
Тармақ 2
2. Баланы психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуға тартқаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады. 📌 Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 39. 39-бап. Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау
39-бап. Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау 📌 Ескерту. 39-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Балаларға арнап нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік және діни өшпенділікті қоздыруға бағытталған, тектік-топтық ерекшелікті, соғысты, терроризмді насихаттайтын, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге және аумақтық тұтастығын бұзуға шақыру, порнография бар, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны насихаттайтын, балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін, сондай-ақ баланың рухани және имандылық тұрғысынан дамуына өзгеше түрде нұқсан келтіретін ойыншықтарды және ақпараттық өнімді көрсетуді, сатуды, сыйға тартуды, көбейтуді, прокаттауды және таратуды жүзеге асыруға тыйым салынады.»; Педофилияны насихаттау деп қоғамдық оң пікірді қалыптастыру мақсатында жария түрде немесе масс-медиа, телекоммуникация желілері немесе онлайн-платформалар пайдаланыла отырып жасалған, оның ішінде адамдардың белгісіз тобы үшін әдейі бұрмаланған педофилия және (немесе) оған бейілділік туралы ақпаратты тарату түсініледі. Дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды насихаттау деп қоғамдық оң пікірді қалыптастыру мақсатында жария түрде немесе масс-медиа, телекоммуникация желілері немесе онлайн-платформалар пайдаланыла отырып жасалған, оның ішінде адамдардың белгісіз тобы үшін әдейі бұрмаланған дәстүрлі емес сексуалдық бағдар және (немесе) оған бейілділік туралы ақпаратты тарату түсініледі.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында аталған әрекеттердiң жасалғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады. 📌 Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 23.11.2010 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2025 № 248-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 39-1. 39-1-бап. Балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімнің таратылуын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін мемлекеттік бақылау
39-1-бап. Балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімнің таратылуын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімнің таратылуын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін мемлекеттік бақылау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімнің таратылуын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ішкі істер органдары) лауазымды адамдары бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Тексеру бұзушылықтардың жолын кесу және (немесе) олардың жасалу мән-жайларын анықтау қажеттілігімен (демалыс, мереке күндері немесе тәуліктің түнгі уақытында) байланысты болатын жағдайларды қоспағанда, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру бақылау субъектісінің (объектісінің) ішкі еңбек тәртібі қағидаларында белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді тарату фактілері бойынша, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібі бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу:
Тармақша 1
1) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарынан белгілі болған бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
Тармақша 2
2) ішкі істер органдары жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралар;
Тармақша 3
3) ішкі істер органдары қызметкерлерінің бұзушылықты тікелей көріп-білуі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру бақылау субъектілерін (объектілерін) алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Ішкі істер органдары лауазымды адамдарының бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1) бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптарын сақтай отырып, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру материалдарына қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға;
Тармақша 3
3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағыныстағы және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Ішкі істер органдарының лауазымды адамдары бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1) қызметтік куәлікті көрсетуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
Тармақша 3
3) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезеңінде бақылау субъектілерінің (объектілерінің) белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
Тармақша 4
4) бақылау субъектісіне не оның уәкілетті өкіліне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде қатысуға кедергі келтірмеуге, тексеру нысанына жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
Тармақша 5
5) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде бақылау субъектісіне тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты ұсынуға міндетті.
Тармақ 8
8. Бақылау субъектілері:
Тармақша 1
1) егер мәліметтер жүргізілетін бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нысанасына немесе тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезеңдерге жатпаса, оларды ұсынбауға;
Тармақша 2
2) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
Тармақша 3
3) қызметтік куәлігі болмаған жағдайда, тексеру жүргізу үшін келген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерін (қызметкерлерін) тексеруге жібермеуге;
Тармақша 4
4) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ оның қызметіне кедергі келтірместен ішкі істер органдары лауазымды адамының жекелеген іс-әрекеттерін аудио-, фото- және бейнетүсіруді жүзеге асыруы мақсатында тексеруге қатысуға үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.
Тармақ 9
9. Бақылау субъектілері:
Тармақша 1
1) ішкі істер органдары лауазымды адамдарының бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу үшін өз аумағына және үй-жайларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптарын сақтай отырып, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру материалдарына қоса тіркеу үшін ішкі істер органдарының лауазымды адамдарына қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға;
Тармақша 3
3) тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы актіні алғандығы туралы белгі қоюға міндетті.
Тармақ 10
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері бойынша балаларға, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімнің таралу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін бұзу фактісі расталған кезде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы акт жасалады, бақылау субъектісіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
Тармақ 11
11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тапсырылады, екінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) қолын қойғыза отырып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда беріледі, үшіншісі ішкі істер органдарында қалады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы акті табыс етілген күннен бастап бұзушылықты жою мерзімі есептеледі.
Тармақ 12
12. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы акт мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол – актіде алынғандығы туралы белгі қойылған күннен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – ішкі істер органы, егер бақылау субъектісі бұрын мұндай мекенжайды ұсынған болса, бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Тармақ 13
13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемін, қойылған міндеттерді ескере отырып белгіленеді және бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тармақ 14
14. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мән-жайларды ескере отырып, бірақ табыс етілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен асырылмай айқындалады.
Тармақ 15
15. Бақылау субъектісі қабылдаған шаралар туралы хабарламаған және (немесе) анықталған бузушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдамаған жағдайда, ішкі істер органдарының лауазымды адамы өкілеттіктері шегінде бақылау субъектісін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 16
16. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
Тармақша 2
2) ішкі істер органдарының бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізген лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 3
3) бақылау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде қатысқан уәкілетті адамның лауазымы (бар болған кезде);
Тармақша 4
4) тұрған жері көрсетілген бақылау объектісі;
Тармақша 5
5) анықталған бұзушылықтардың тізбесі және анықталған бұзушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, оларды жою туралы талаптар;
Тармақша 6
6) бақылау субъектісінің немесе оның уәкілетті адамының актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
Тармақша 7
7) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізген ішкі істер органдарының лауазымды адамының қолтаңбасы.
Тармақ 17
17. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нәтижелері туралы актінің бақылау субъектісіне табыс етілген күні бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі. 📌 Ескерту. Заң 39-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 40. 40-бап. Баланы жезөкшелiктен қорғау
40-бап. Баланы жезөкшелiктен қорғау Баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. 📌 Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 40-1. 40-1-бап. Баланы денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін өнімдер айналымына тарту жөніндегі әрекеттерден қорғау
40-1-бап. Баланы денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін өнімдер айналымына тарту жөніндегі әрекеттерден қорғау 📌 Ескерту. 40-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Баланы порнографиялық сипаттағы, және (немесе) эротикалық мазмұндағы, баланың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, бейнелерді, өзге де заттарды не материалдарды дайындауға, жарнамалауға, көпшілік алдында көрсетуге немесе таратуға тарту, сол сияқты оларды балаға сату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Ескерту. Заң 40-1-баппен толықтырылды - ҚР 23.11.2010 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 41. 41-бап. Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу
41-бап. Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу Баланы соғыс қимылдарына, қарулы жанжалдарға тартуға, балалардың әскерилендiрiлген құрамаларын құруға тыйым салынады.
Бап 41-1. 41-1-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау
41-1-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау Қазақстан Республикасы, орындалу мақсаттарына, нысандары мен әдістеріне қарамастан, балаларды заңсыз алып кетудің, ұрлап әкетудің, олармен сауда жасаудың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ оларды тұрақты тұратын еліне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды. 📌 Ескерту. Заң 41-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 8. 8-тарау. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖӘНЕ ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАТЫН МYДДЕЛЕРIН ҚОРҒАУ
8-тарау. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖӘНЕ ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАТЫН МYДДЕЛЕРIН ҚОРҒАУ 📌 Ескерту. 8-тарауда «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл», «Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің», «Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 05.11.2022 № 157-VІI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 42. 42-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау
42-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау 📌 Ескерту. 42-бап алынып тасталды - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 43. 43-бап. Баланың заңды өкілдерi
43-бап. Баланың заңды өкілдерi
Тармақ 1
1. Баланың заңды өкілдерi барлық мемлекеттiк органдарда және меншік нысанына қарамастан, барлық ұйымдарда, оның iшiнде соттарда кез келген тұлғамен қарым-қатынаста, арнаулы өкiлеттiксiз баланың туу туралы куәлiгi, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаты негiзiнде балаларға өкілдiк етудi және олардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңдарында кәмелетке толмағандардың дербес азаматтық, неке-отбасылық, еңбек және өзге де құқықтық қатынастарға түсу және өз құқықтары мен мүдделерiн қорғау құқығы көзделген жағдайларды қоспағанда, он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн олардың заңды өкілдерi қорғайды.
Тармақ 3
3. Тәрбиелеу, емдеу ұйымдарындағы, халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарындағы балаларға өкілдiк ету мен олардың мүдделерiн қорғауды осы ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға өкілдік ету мен оның құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау уақытша, баланы отбасына немесе балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияны жүзеге асырушы ұйымға орналастырғанға дейiн қорғаншылық, және қамқоршылық органына жүктеледi. 📌 Ескерту. 43-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 148-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 44. 44-бап. Мемлекеттiк органдар және баланың құқықтарын қорғау
44-бап. Мемлекеттiк органдар және баланың құқықтарын қорғау Балалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауды өздерiнiң өкiлеттiктерiне сәйкес мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
Бап 45. 45-бап. Осы Заңды орындау кезiнде дауларды шешу тәртiбi
45-бап. Осы Заңды орындау кезiнде дауларды шешу тәртiбi 📌 Ескерту. 45-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ата-аналар (олардың орнындағы адамдар), сондай-ақ балаға бiлiм беру, оны тәрбиелеу, дамыту, оның денсаулығын сақтау, оны әлеуметтiк қорғау мен оған әлеуметтiк қызмет көрсету, оның әлеуметтiк бейiмделуіне, әлеуметтiк оңалуына жәрдемдесу жөніндегі қызметті және (немесе) ол қатысатын өзге де қызметті жүзеге асыратын адамдар Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiпте, баланың денсаулығына, мүлкiне келтiрiлген зиянды, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгiнуге құқылы. Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 46. 46-бап. Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы мемлекеттiк баяндама
46-бап. Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы мемлекеттiк баяндама Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттiк баяндаманы балаларды қорғау саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады және ол ресми баспа басылымдарында жарияланады. 📌 Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 47. 47-бап. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың құқықтарын қорғау
47-бап. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың құқықтарын қорғау
Тармақ 1
1. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың өз мүдделерiнiң қорғалуына құқығы бар.
Тармақ 2
2. Баланың тұрып жатқан жерiндегі қорғаншы және қамқоршы органдар, босқындар мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерi ата-анасының не өзге де заңды өкілдерiнiң бар-жоқ екендігі және тұратын жерi туралы мәлiметтер алуға жәрдемдеседi, қажет болған жағдайда баланы емдеу-профилактикалық немесе бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға орналастырады. 📌 Ескерту. 47-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 47-1. 47-1-бап. Ұлттық алдын алу тетігі
47-1-бап. Ұлттық алдын алу тетігі
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетiгi ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiнiң алдын алу жүйесі түрінде қолданылады.
Тармақ 2
2. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары өз қызметі шеңберінде баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын ұйымдарға және осы қатысушылардың баруы (бұдан әрі – алдын ала бару) үшін Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын өзге де ұйымдарға барады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін, азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық байқаушы комиссиялардың және қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары болып табылады.
Тармақ 4
4. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметін үйлестіреді, ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қажетті әлеуеті мен кәсіптік білімін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.
Тармақ 5
5. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражатынан жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. Заң 47-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 01.04.2019 № 240-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 47-2. 47-2-бап. Үйлестіру кеңесі
47-2-бап. Үйлестіру кеңесі
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанынан Үйлестіру кеңесі құрылады. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді қоспағанда, Үйлестіру кеңесінің мүшелерін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл құратын комиссия Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан сайлайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл: Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені; ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларын іріктеу тәртібін; алдын ала болу үшін ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларынан топтар құру тәртібін; алдын ала болу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды; алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау тәртібін бекітеді.
Тармақ 3
3. Үйлестіру кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің Азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі кіші комитетімен өзара іс-қимыл жасайды. 📌 Ескерту. Заң 47-2-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 47-3. 47-3-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар
47-3-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Мынадай:
Тармақша 1
1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар;
Тармақша 2
2) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған;
Тармақша 3
3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;
Тармақша 4
4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар, азаматтық қорғау органдары қызметкерлері;
Тармақша 5
5) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық бақылаудағы адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.
Тармақ 2
2. Қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік немесе әскери қызметтен, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды. 📌 Ескерту. Заң 47-3-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 01.04.2019 № 240-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2025 № 236-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 47-4. 47-4-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары
47-4-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушысы:
Тармақша 1
1) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдардың саны, осындай ұйымдардың саны және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алуға;
Тармақша 2
2) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ оларды ұстау жағдайларына қатысты ақпаратқа қол жеткізе алуға;
Тармақша 3
3) алдын ала болуды құрылған топтардың құрамында белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен куәларсыз, жеке өзі немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының пiкiрi бойынша тиiстi ақпарат бере алатын кез келген басқа адаммен әңгімелесулер өткiзуге;
Тармақша 5
5) алдын ала болуға жататын ұйымдарды кедергісіз таңдауға және оларда болуға;
Тармақша 6
6) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы хабарламалар мен шағымдарды қабылдауға құқылы.
Тармақ 2
2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы заңды қызметін жүзеге асырған кезде тәуелсіз болып табылады. 📌 Ескерту. Заң 47-4-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 47-5. 47-5-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері
47-5-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары өз өкілеттіктерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.
Тармақ 2
2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болуға жататын ұйымдардың қызметіне араласуына жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Алдын ала болу жөніндегі топқа кіретін ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының турашылдығына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде, ол алдын ала болуға қатысудан бас тартуға міндетті.
Тармақ 4
4. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы қабылданатын хабарламалар мен шағымдарды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл айқындайтын тәртіппен тіркеуге міндетті. Қабылданған хабарламалар мен шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің қарауына беріледі. Қабылданған және берілген хабарламалар мен шағымдар туралы ақпарат алдын ала болу нәтижелері жөніндегі есепке енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы Заңның ережелерін бұзған ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 📌 Ескерту. Заң 47-5-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 47-6. 47-6-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату
47-6-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) осы Заңның ережелері бұзылған;
Тармақша 2
2) өз өкілеттіктерін доғару туралы жазбаша өтініш берілген;
Тармақша 3
3) ол қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
Тармақша 6
6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады. 📌 Ескерту. Заң 47-6-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 47-7. 47-7-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі
47-7-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болуы мыналарға бөлінеді:
Тармақша 1
1) төрт жылда кемінде бір рет, ұдайы негізде жүргізілетін кезеңдік алдын ала болу;
Тармақша 2
2) алдыңғы кезеңдік алдын ала болу нәтижелері бойынша ұсынымдарды іске асыру мониторингі, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары әңгімелесулер өткізген адамдарды алдын ала болуға жататын ұйымдардың әкімшіліктері тарапынан қудалаудың алдын алу мақсатында кезеңдік алдын ала болулар аралығындағы кезеңде жүргізілетін аралық алдын ала болу;
Тармақша 3
3) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы келіп түскен хабарламалардың негізінде жүргізілетін арнаулы алдын ала болу.
Тармақ 2
2. Үйлестіру кеңесі бөлінген бюджет қаражаты шегінде алдын ала болу мерзімдерін және алдын ала болуға жататын ұйымдардың тізбесін айқындайды. 📌 Ескерту. Заң 47-7-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 47-8. 47-8-бап. Алдын ала болу тәртібі
47-8-бап. Алдын ала болу тәртібі
Тармақ 1
1. Алдын ала болуды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің келісуі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құратын топтар жүргізеді.
Тармақ 2
2. Алдын ала болу үшін топтар құру кезінде ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының ешқайсысын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қатысты себептер бойынша немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітуге болмайды.
Тармақ 3
3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын ала болуға жататын ұйымдардың әкімшілігіне жүктеледі. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының құқыққа сыйымсыз әрекеттері орын алған жағдайда, алдын ала болуға жататын ұйымдар әкімшілігінің басшысы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 4
4. Әрбір алдын ала болудың нәтижелері бойынша топтың атынан Үйлестіру кеңесі бекіткен нысанда жазбаша есеп жасалады, оған алдын ала болуды жүзеге асырған топтың барлық мүшелері қол қояды. Ерекше пікірі бар топ мүшесі оны жазбаша түрде ресімдейді және есепке қоса береді. 📌 Ескерту. Заң 47-8-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 47-9. 47-9-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы
47-9-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы
Тармақ 1
1. Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын олардың алдын ала болу нәтижелері бойынша есептерін ескере отырып дайындайды.
Тармақ 2
2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына: уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту және азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу бойынша ұсынымдар; Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар да енгізіледі. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына өткен жылғы алдын ала болу жөніндегі қаржылық есеп қоса беріледі.
Тармақ 3
3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі және оны Үйлестіру кеңесі бекіткен күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсында орналастырылады. 📌 Ескерту. Заң 47-9-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 47-10. 47-10-бап. Құпиялылық
47-10-бап. Құпиялылық
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісуінсіз жария етуге құқылы емес.
Тармақ 2
2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісуінсіз жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 📌 Ескерту. Заң 47-10-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 47-11. 47-11-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы
47-11-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына өздерінің заңды қызметін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді. Бірде-бір мемлекеттік орган немесе лауазымды адам азаптауды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн қолдану фактілері туралы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына хабарлағаны үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге құқылы емес. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының заңды қызметіне кедергі келтіретін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті мемлекеттік органдар ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын алған күннен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді алынған баяндамаларды қарау нәтижелері бойынша қолданылған шаралар туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
Тармақ 3
3. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу нәтижелері бойынша есептері негізінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді не қылмыстық істі қозғау туралы өтінішхат беруге құқығы бар. 📌 Ескерту. Заң 47-11-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 111-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тарау 9. 9-тарау. БАЛА ЖАУАПКЕРШIЛIГIНIҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ МIНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ӘСЕР ЕТУДЕН ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
9-тарау. БАЛА ЖАУАПКЕРШIЛIГIНIҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ МIНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ӘСЕР ЕТУДЕН ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
Бап 48. 48-бап. Бала жауапкершiлігінің ерекшелiктерi
48-бап. Бала жауапкершiлігінің ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Құқыққа қарсы әрекет жасаған бала Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар жаза түрiн белгiлеу кезiнде баланың өмiр сүру мен тәрбиелену жағдайын, психикалық даму деңгейiн, жеке басының өзге де ерекшелiктерiн, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалын ескеруге тиiс.
Бап 49. 49-бап. Баланың мiнез-құлқына әсер етудің ерекшелiктерi
49-бап. Баланың мiнез-құлқына әсер етудің ерекшелiктерi Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтiруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсiлдерiнде баланың адамдық қадiр-қасиетiне менсiнбей, қатал, дөрекi қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиiс.
Тарау 10. 10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 50. 50-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершілік
50-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершілік
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 2
2. Ата-аналардың (олардың орнындағы адамдардың) міндеттерін орындаудан жалтаруы, сондай-ақ міндеттерін тиісінше орындамауы, ата-ананың перзентханадағы (оның бөлiмшесiндегі) немесе балаларды емдеу мекемесiндегi баласынан бас тартуы, балаларды қадағалаусыз қалдыруы, оларға қатыгездiкпен қарауы, оларды қанауы ата-аналық құқықтарынан айыруға немесе оларды ата-аналардың орнындағы адамдардан шектеуге әкеп соғады. Баланы алып қойған кезден бастап балаға арналған жәрдемақы төлеу, сондай-ақ өзге де төлемдер соттың шешiмi бойынша тоқтатылады.
Тармақ 3
3. Ата-ана (олардың орнындағы адамдар) балаларға арналған жәрдемақыларды және өзге де төлемдердi мақсатсыз пайдаланған жағдайда, егер бұл баланың мүдделерiне елеулi нұқсан келтiрсе, әлеуметтiк қорғау органдары, қорғаншы және қамқоршы органдар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар немесе прокурор бала мүдделерiне орай оған негiзсiз жұмсалған қаражатты өтеу туралы талап қояды. Сот арқылы өндiрiлген қаражат баланың банк шотына аударылады.
Тармақ 4
4. Ата-аналық құқықтарынан айырылған ата-ана ата-аналық құқықтарынан айырылуына қатысты балаларға алименттер төлеу жөнiндегi мiндеттерден босатылмайды. 📌 Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.11. № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.11.23 № 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 51. 51-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының сақталуын iске асыруды үйлестiруi
51-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының сақталуын iске асыруды үйлестiруi 📌 Ескерту. 51-бап алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 148-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 52. 52-бап. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
52-бап. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталады және оны уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Баланың құқықтарын іске асыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың қызметі баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау объектісі болып табылады. 3. Меншік түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдары және баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады. 4. Осы Заңға сәйкес баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жоспарлы және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады. 5. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Тармақ 7
7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және отбасына қабылдауға ниет білдірген адамдардың республикалық деректер банкіндегі, білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесіндегі деректерді, сұрау салу арқылы уәкілетті ұйымдар мен мемлекеттік органдардан түскен мәліметтерді және бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзге де ашық дереккөздерден, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарынан алынған мәліметтерді өзара салыстыру арқылы жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша бақылау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәсілін міндетті түрде түсіндіре отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай, бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным (бұдан әрі – ұсыным) жасалады.
Тармақ 9
9. Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – тапсырысты хатпен;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті мемлекеттік органдар жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Тармақ 10
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Тармақ 11
11. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті мемлекеттік органға ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Тармақ 12
12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
Тармақ 13
13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізудің еселілігі – ай сайын, 25-і күнінен кешіктірмей, айына бір реттен асырылмайды. 📌 Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2025 № 236-VIII (01.02.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 52-1. 52-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау
52-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдары қызметінің Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған және оны Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарына мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі және осы тексерілетін органдардың қызметіне қойылатын талаптар осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Тексеру мынадай әрекеттердің бірін жасау:
Тармақша 1
1) мемлекеттік бақылау субъектісіне бару;
Тармақша 2
2) тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты сұрату;
Тармақша 3
3) мемлекеттік бақылау субъектісін Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпаратты алу мақсатында шақыру арқылы жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік бақылау субъектілерінің осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленген талаптарды сақтауы тексеру нысанасы болып табылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік бақылау субъектісіне қатысты жоспарлы тексеру осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды сақтау мәселелерінің кешені бойынша үш жылда бір рет жүргізіледі. Мемлекеттік бақылау субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеру осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша тағайындалады.
Тармақ 6
6. Білім беру саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы бекіткен және құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жоспарлы тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейін жіберілген жыл сайынғы тізбе мемлекеттік бақылау субъектісіне жоспарлы тексеруді тағайындауға негіз болып табылады. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жоспарлы тексерулер тізбесін жоспарлы тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде өз интернет-ресурстарына орналастырады. Жоспарлы тексерулер тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бақылау субъектілері таратылған, қайта ұйымдастырылған, атаулары өзгертілген, олардың арасында өкілеттіктер қайта бөлінген жағдайларда, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың таралуының және соған байланысты шектеулердің пайда болуы немесе олардың пайда болу қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады. Жоғарыда аталған жағдайлар туындаған кезде жоспарлы тексеру ұзартылуы, тоқтатыла тұруы және қайта басталуы мүмкін. Жоспарлы тексерулер тізбесі өзгертілген жағдайда жоспарлы тексерулердің өзгертілген тізбесі де құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік бақылау субъектілерін жоспардан тыс тексерудің негіздері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) білім беру саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының бірінші басшысының тапсырмасы;
Тармақша 2
2) прокурор талабы немесе қылмыстық қудалау органының тапсырмасы;
Тармақша 3
3) тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
Тармақша 4
4) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жолданымдары;
Тармақша 6
6) бұқаралық ақпарат құралдарындағы Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының бұзушылықтары туралы жарияланымдар мен хабарламалар. Жоспардан тыс тексерулер анонимдік жолданымдар түскен жағдайларда жүргізілмейді. 📌 Ескерту. Заң 52-1-баппен толықтырылды - ҚР 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 52-2. 52-2-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының қызметіне қойылатын талаптар
52-2-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының қызметіне қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Облыстың білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау;
Тармақша 2
2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасауды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестеріне жәрдем көрсету;
Тармақша 5
5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) білім беру ұйымдарындағы, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметке әдiстемелiк басшылық етуді қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытты өткізуін және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға қатысу;
Тармақша 8
8) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға, оларға адамгершілік және саламатты өмір салты негіздерін дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және білім беру ұйымдарының жұмыс істеу практикасына ендіру;
Тармақша 9
9) дамуында немесе мінез-құлқында ауытқулары бар кәмелетке толмағандарды анықтайтын, оларды кешенді тексеріп-қарауды жүргізетін және оларды одан әрі оқыту және тәрбиелеу нысандарын айқындау жөнінде ұсынымдар дайындайтын психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиялар құру;
Тармақша 10
10) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат әрекеттердің алдын алу, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
Тармақша 11
11) террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалтумен қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының білім беру саласында қызметін жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмнен қорғаудың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету.
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) білім беру ұйымдарында білім алу, білім беру ұйымдары ғимараттарының, құрылысжайлары мен үй-жайларының қолжетімді болуы үшін арнаулы жағдайлар жасау;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды қамтамасыз ету және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 15
15) жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату тәртібін сақтау;
Тармақша 16
16) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді арнаулы білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 17
17) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қамсыздандыруды жүзеге асыру;
Тармақша 18
18) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
Тармақша 19
19) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке және шарттарға сәйкес кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) тиiстi кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру.
Тармақ 2
2. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау;
Тармақша 2
2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасауды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестеріне жәрдем көрсету;
Тармақша 5
5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметке әдістемелік басшылық етуді қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) мемлекеттің кәмелетке толмағандарға қорғаншылық немесе қамқоршылық ету жөніндегі функцияларын іске асыру;
Тармақша 8
8) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат әрекеттердің алдын алу, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
Тармақша 9
9) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытты өткізуін және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) жалпы білім беретін оқу орындарына дәлелсіз себептермен бармайтын кәмелетке толмағандарды анықтау және есепке алу, олармен және олардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен жеке профилактика шараларын жүргізу;
Тармақша 11
11) дамуында немесе мінез-құлқында ауытқулары бар кәмелетке толмағандарды анықтайтын, оларды кешенді тексеріп-қарауды жүргізетін және оларды одан әрі оқыту және тәрбиелеу нысандарын айқындау жөнінде ұсынымдар дайындайтын психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиялар құру;
Тармақша 12
12) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға, оларға адамгершілік және саламатты өмір салты негіздерін дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және білім беру ұйымдарының жұмыс істеу практикасына ендіру;
Тармақша 13
13) девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандарды, жағдайы нашар отбасыларды анықтауға, оларды ішкі істер органдарына есепке қоюға қатысу және олармен жеке профилактика шараларын жүргізу;
Тармақша 14
14) жалпы білім беретін оқу орындарында қолжетімді спорт секцияларының, техникалық және өзге де үйірмелердің, клубтардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету және оларға кәмелетке толмағандарды тарту;
Тармақша 15
15) баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 16
16) террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалтумен қамтамасыз ету;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының білім беру саласында қызметін жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмнен қорғаудың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету.
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) білім беру ұйымдарында білім алу, білім беру ұйымдары ғимараттарының, құрылысжайлары мен үй-жайларының қолжетімді болуы үшін арнаулы жағдайлар жасау;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды қамтамасыз ету және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 20
20) жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату тәртібін сақтау;
Тармақша 21
21) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді арнаулы білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 22
22) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қамсыздандыруды жүзеге асыру;
Тармақша 23
23) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
Тармақша 24
24) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке және шарттарға сәйкес кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 25
25) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті түрде жұмысқа орналастыруды жүзеге асыру және тұрғынжаймен қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) аудандық ауқымдағы (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау;
Тармақша 2
2) аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарының психологиялық қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) мемлекеттің кәмелетке толмағандарға қорғаншылық немесе қамқоршылық ету жөніндегі функцияларын іске асыру;
Тармақша 5
5) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат әрекеттердің алдын алу, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
Тармақша 6
6) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытты өткізуін және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) жалпы білім беретін оқу орындарына дәлелсіз себептермен бармайтын кәмелетке толмағандарды анықтау және есепке алу, олармен және олардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен жеке профилактика шараларын жүргізу;
Тармақша 8
8) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға, оларға адамгершілік және саламатты өмір салты негіздерін дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және білім беру ұйымдарының жұмыс істеу практикасына ендіру;
Тармақша 9
9) девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмағандарды, жағдайы нашар отбасыларды анықтауға, оларды ішкі істер органдарына есепке қоюға қатысу және олармен жеке профилактика шараларын жүргізу;
Тармақша 10
10) жалпы білім беретін оқу орындарында қолжетімді спорт секцияларының, техникалық және өзге де үйірмелердің, клубтардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету және оларға кәмелетке толмағандарды тарту;
Тармақша 11
11) террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалтумен қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының білім беру саласында қызметін жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмнен қорғаудың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету.
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) білім беру ұйымдарында білім алу, білім беру ұйымдары ғимараттарының, құрылысжайлары мен үй-жайларының қолжетімді болуы үшін арнаулы жағдайлар жасау;
Тармақша 15
15) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қамсыздандыруды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
Тармақша 17
17) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті түрде жұмысқа орналастыруды жүзеге асыру және тұрғынжаймен қамтамасыз ету. 📌 Ескерту. 52-2-баппен толықтырылды – ҚР 01.07.2024 № 104-VIII ("Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 10-тармағының 6) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 04.12.2025 № 236-VIII (01.02.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 52-3. 52-3-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі
52-3-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі
Тармақ 1
1. Тексерулер жүргізу кезінде тексерудің басталатын күнін көрсете отырып, ол басталардан кемінде бір тәулік бұрын бақылау субъектісін тексерудің тағайындалғаны туралы алдын ала хабардар ету талап етіледі.
Тармақ 2
2. Бақылау субъектісіне тексеру жүргізу мерзімдері мен нысанасы көрсетіле отырып тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі. Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) актінің күні мен нөмірі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 4
4) тексеру жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) бақылау субъектісінің атауы;
Тармақша 6
6) тағайындалған тексерудің түрі мен нысанасы;
Тармақша 7
7) тексеру жүргізу мерзімі;
Тармақша 8
8) тексеру жүргізу негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге жататын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
Тармақша 9
9) тексеру жүргізілетін кезең;
Тармақша 10
10) бақылау субъектісінің осы баптың 15 және 16-тармақтарында көзделген құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 11
11) бақылау субъектісі басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
Тармақша 12
12) актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және мемлекеттік органның мөрі.
Тармақ 3
3. Тексеру жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және олар:
Тармақша 1
1) жоспардан тыс тексерулер жүргізілген кезде – бес жұмыс күнінен аспауға тиіс және бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін;
Тармақша 2
2) жоспарлы тексерулер жүргізілген кезде – он жұмыс күнінен аспауға тиіс және он жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін. Мемлекеттік органдарға сұрау салуды жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексерудің елеулі көлеміне байланысты тексеру жүргізу мерзімін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының басшысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерге бір рет қана ұзарта алады. Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы міндетті түрде тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді және бұл туралы бақылау субъектісін тексеру ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын хабардар етеді.
Тармақ 4
4. Тексерулер бақылау субъектісінің жұмыс регламентінде белгіленген бақылау субъектісінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамы тексеру нәтижелері туралы қорытынды жасайды.
Тармақ 6
6. Тексеру нәтижелері туралы қорытындыда мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) қорытындының жасалған күні, уақыты және орны;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
Тармақша 4
4) тексеру жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 5
5) бақылау субъектісінің атауы;
Тармақша 6
6) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі;
Тармақша 7
7) тексерудің түрі мен нысанасы;
Тармақша 8
8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер;
Тармақша 9
9) талаптарды орындау және бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау мерзімі көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
Тармақша 10
10) бақылау субъектісі өкілінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың қорытындымен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
Тармақша 11
11) тексеру жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы.
Тармақ 7
7. Тексеру нәтижелері туралы қорытындыға тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттардың көшірмелері (олар болған кезде) қоса беріледі.
Тармақ 8
8. Қосымшалардың көшірмелері бар тексеру нәтижелері туралы қорытындының бірінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау үшін бақылау субъектісіне (басшыға не оның уәкілетті адамына) қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етіледі, екінші данасы өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырылады, үшінші данасы Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органында қалады.
Тармақ 9
9. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, бақылау субъектісінің басшысы оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізу нәтижелері туралы қорытындыға қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады. Тексеру нәтижелері туралы қорытындыны қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар және бақылау субъектісінің басшысы не оның уәкілетті өкілі қол қояды. Бақылау субъектісі бас тарту себебі туралы жазбаша түсіндірме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.
Тармақ 10
10. Бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамымен келісілетін мерзімдерді көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат береді. Тексеру нәтижелері туралы қорытындыны орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып айқындалады, бірақ қорытынды табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кем болмайды. Тексеру нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі осы қорытындыда белгіленген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті. Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы берілген ақпаратқа бақылау субъектісі (қажет болған кезде) бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді. Бұл жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргізу талап етілмейді. Бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы екі жұмыс күні ішінде бақылау субъектісіне қорытындының орындалуы туралы ақпарат беру қажеттігі туралы сұрау салуды жібереді. Тексеру нәтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы ақпарат қайта берілмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.
Тармақ 11
11. Тексеру жүргізу кезінде осы Заңның 52-2-бабында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы қорытындыда тиісті жазба жасалады.
Тармақ 12
12. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей бақылау субъектісіне табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбеген тексерудің өзге де түрлерін жүргізуге тыйым салынады.
Тармақ 14
14. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамдары:
Тармақша 1
1) осы Заңның 52-2-бабында белгіленбеген талаптардың орындалуын, сондай-ақ егер мұндай талаптар Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының құзыретіне жатпаса, тексеруге;
Тармақша 2
2) егер құжаттар, ақпараттар тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
Тармақша 4
4) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімінен асыруға;
Тармақша 5
5) мемлекеттік бақылау мақсатында шығынды сипаттағы іс-шараларды бақылау субъектілері есебінен жүргізуге құқылы емес.
Тармақ 15
15. Бақылау субъектілері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының объектіге тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын: жоспарлы тексеру тағайындалған кезде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралықтары сақталмаған; осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеру мерзімдерін тағайындау туралы актіде (болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген мерзімдерден асып кеткен не өтіп кеткен; тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тапсырылған; тексеру мерзімдері осы бапта белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған; тексеруді тағайындау туралы акт, қызметтік куәлігі (сәйкестендіру картасы) болмаған жағдайларда, тексеруге жібермеуге;
Тармақша 2
2) егер мәліметтер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының тексеру нәтижелері туралы қорытындысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
Тармақша 4
4) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы лауазымды адамының тексеру шеңберінде жасайтын жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, аудио-және бейнетехника құралдарының көмегімен, сондай-ақ оның хабарламасы арқылы тіркеп-белгілеуге құқылы.
Тармақ 16
16. Бақылау субъектілері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы лауазымды адамдарының тексерілетін объектінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының сұрау салуы бойынша ақпарат беруге;
Тармақша 4
4) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы қорытындыға қосу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;
Тармақша 5
5) тексеру аяқталған күні оның нәтижелері туралы қорытындыны алғаны туралы белгі қоюға;
Тармақша 6
6) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуіне жол бермеуге;
Тармақша 7
7) тексеруді тағайындау туралы актіні алған жағдайда бақылау субъектісі басшысының не оны алмастыратын адамның тексерудің тағайындалған мерзімдерінде бақылау объектісі тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 17
17. Бақылау субъектілері Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы мен оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы. 📌 Ескерту. 52-2-баппен толықтырылды – ҚР 01.07.2024 № 104-VIII ("Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 10-тармағының 6) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 52-4. 52-4-бап. Балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарына және баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі
52-4-бап. Балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарына және баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі
Тармақ 1
1. Балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарына және баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау субъектілері (объектілері) қатысты баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мыналарды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес баланың құқықтарын қорғау саласындағы алдыңғы мемлекеттік бақылауды;
Тармақша 2
2) мемлекеттік бақылау субъектілері, оның ішінде «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесі және Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтердің мониторингін;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының және баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың интернет-ресурстарының және өзге де ашық дереккөздердің деректерін;
Тармақша 4
4) күнтізбелік бір жыл ішінде жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен, расталған жолданымдардың санын талдау нәтижелері бойынша тәуекелдерді бағалау мен басқару жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы мемлекеттік бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты тағайындайтын тексеру жоспарлы тексеру болып табылады. Тәуекелдерді бағалау мен басқару жүйесі тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып жүргізіледі. Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі осындай мемлекеттік бақылау субъектілері (объектілері) жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін жоспарлы тексеру нысанындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:
Тармақша 1
1) жоғары тәуекел;
Тармақша 2
2) орташа тәуекел;
Тармақша 3
3) төмен тәуекел. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған субъектілер (объектілер) үшін жоспарлы тексеруді жүргізу жиілігі жылына бір реттен жиілетпей айқындалады. Тәуекелдің орташа дәрежесіне жатқызылған субъектілер (объектілер) үшін жоспарлы тексеруді жүргізу жиілігі екі жылда бір реттен жиілетпей айқындалады. Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған субъектілер (объектілер) үшін жоспарлы тексеруді жүргізу жиілігі үш жылда бір реттен жиілетпей айқындалады. Жоспарлы тексеруді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді және өзінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 4
4. Жоспарлы тексерулердің жылдық тізімі (бұдан әрі – тексерулердің жылдық тізімі) мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) жоспарлы тексеруді тағайындау үшін негіз болып табылады. Тексерулердің жылдық тізімі тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесінде автоматты режимде қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы тексерулердің жылдық тізімін өзінің интернет-ресурсында жоспарлы тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде орналастырады. Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болмаған кезде тексерулердің жылдық тізімін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының бірінші басшысы осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде бекітеді. Жоспарлы тексерулер тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемлекеттік бақылау субъектілері таратылған, қайта ұйымдастырылған, атауы өзгертілген, олардың арасында өкілеттіктер қайта бөлінген, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың таралуы және оларға байланысты шектеулер туындаған немесе туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген жағдайлар басталған кезде жоспарлы тексеру ұзартылуы, тоқтатыла тұруы және қайта басталуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Жоспарлы тексерулер тексерулердің жылдық тізіміне сәйкес тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік бақылау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеруге мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) егер мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп бермесе және (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, мемлекеттік бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша прокурордың талаптары;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша масс-медиадағы жарияланымдар мен хабарлар;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы. Анонимдік жолданымдар берілген жағдайларда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы мемлекеттік бақылау субъектісін тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын оның басталған күнін көрсете отырып, жоспарлы тексеру жүргізудің басталғаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Жоспардан тыс тексеру мемлекеттік бақылау субъектісіне хабарламастан жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Тексеру жүргiзудің мерзiмдерi мен нысанасын көрсете отырып, мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тiркелген тексерудi тағайындау туралы акт мемлекеттік бақылау субъектiсіне табыс етілген күн тексерудiң басталуы болып есептеледі. Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады. Хаттамаға Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы және мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды. Мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам бас тартудың себебіне жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексерудің күшін жою үшін негіз болып табылмайды. Тексеруді тағайындау туралы актіде аталған лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргізе алады.
Тармақ 9
9. Тексеруді тағайындау туралы акт, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт мемлекеттік бақылау субъектісінің (объектісінің) тұрған жері бойынша мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық органына оларды электрондық нысанда ұсыну арқылы тексеру басталғанға дейін тіркеледі. Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) актінің күні мен нөмірі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 4
4) тексеруді жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) мемлекеттік бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы, тұрған жері;
Тармақша 6
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
Тармақша 7
7) тексеру жүргізу мерзімі;
Тармақша 8
8) тексеру жүргізу негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге жататын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
Тармақша 9
9) тексеру жүргізілетін кезең;
Тармақша 10
10) тексеру субъектісінің осы баптың 21-тармағында көзделген құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 11
11) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және мемлекеттік органның мөрі;
Тармақша 12
12) мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамның тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны туралы немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы. Тексеруді тағайындау туралы актiлерді, тексеру мерзiмдерiн ұзарту туралы қосымша актiлердi тіркеудің, тiркеуден бас тартудың және олардың күшін жоюдың, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламалар жасау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
Тармақ 10
10. Тексерулер жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ алға қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және: жоспарлы тексерулер жүргізу кезінде – он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс және он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады; жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде – он жұмыс күнінен аспауға тиіс және он жұмыс күніне дейінгі мерзімге ұзартылады. Мемлекеттік органдарға сұрау салуды жіберу қажет болған кезде, сондай-ақ тексерудің елеулі көлеміне байланысты тексеру жүргізу мерзімін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының басшысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімге бір рет қана ұзарта алады. Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркей отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні мен нөмірі және оларды ұзарту себебі көрсетіледі. Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні міндетті түрде ресімдейді және бұл туралы мемлекеттік бақылау субъектісін тексеру ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын хабардар етеді. Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлама табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не егер мемлекеттік бақылау субъектісі Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына электрондық пошта мекенжайын бұрын ұсынған болса, осы мемлекеттік бақылау субъектісінің осындай мекенжайы бойынша электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат арқылы немесе өзге де қолжетімді тәсілмен жіберіледі.
Тармақ 11
11. Тексерулер мемлекеттік бақылау субъектілерінің (объектілерінің) жұмыс регламентінде белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының тексеруге келген лауазымды адамдары мемлекеттік бақылау субъектісіне:
Тармақша 1
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
Тармақша 2
2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсетуге міндетті.
Тармақ 12
12. Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамы:
Тармақша 1
1) тексеру нәтижелері туралы акт;
Тармақша 2
2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды. Тексеру нәтижелері туралы актіге қажет болған кезде тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Тармақ 13
13. Тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
Тармақша 4
4) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 5
5) мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы;
Тармақша 6
6) тексеруді жүргізу күні, орны және кезеңі;
Тармақша 7
7) тексерудің түрі мен нысанасы;
Тармақша 8
8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер;
Тармақша 9
9) талаптарды орындау және бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау мерзімі көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
Тармақша 10
10) мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамның, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
Тармақша 11
11) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы.
Тармақ 14
14. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) нұсқаманың жасалған күні, уақыты және орны;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 4
4) мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы, сондай-ақ мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, ал ол болмаған жағдайда тексеруді жүргізу кезінде қатысқан оны алмастыратын адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
Тармақша 5
5) тексеруді жүргізу күні, орны және кезеңі;
Тармақша 6
6) анықталған бұзушылықтардың тізбесі;
Тармақша 7
7) анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою бойынша нұсқаулар;
Тармақша 8
8) мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамның нұсқамамен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер;
Тармақша 9
9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы.
Тармақ 15
15. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады. Тексеру нәтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар және мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды. Мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам бас тартудың себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасы қосымшаларының көшірмелерімен қоса, мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамға танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау үшін қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етіледі, екінші данасы мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырылады, үшінші данасы Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органында қалады.
Тармақ 16
16. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады. Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген бұзушылықтар бойынша ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, олар бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат береді.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін нұсқамада белгіленген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті. Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтар мерзімінен бұрын жойылған жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті. Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы берілген ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы мемлекеттік бақылау субъектісіне нұсқаманы орындау жөнінде ақпарат беру қажеттілігі туралы сұрау салуды екі жұмыс күні ішінде жібереді. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау туралы ақпарат қайта берілмеген жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы.
Тармақ 19
19. Жоспарлы немесе жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы акт мемлекеттік бақылау субъектісіне жоспарлы немесе жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
Тармақ 20
20. Осы бапта белгіленбеген өзге де тексеру түрлерін жүргізуге тыйым салынады.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік бақылау субъектілері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының объектіге тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын: жоспарлы тексеру тағайындалған кезде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралықтары сақталмаған; осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде (болған кезде) көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен; тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тапсырылған; тексеру мерзімдері осы бапта белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған; тексеруді тағайындау туралы акт болмаған жағдайларда, тексеруге жібермеуге;
Тармақша 2
2) егер мәліметтер жүргізілетін тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының тексеру нәтижелері туралы актісіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
Тармақша 4
4) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы лауазымды адамының тексеру шеңберінде жасайтын жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, оны хабардар ете отырып, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік бақылау субъектілері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылау субъектісінің аумағы мен үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органының сұратуы бойынша материалдарды ұсынуға;
Тармақша 4
4) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;
Тармақша 5
5) тексеру аяқталған күні оның нәтижелері туралы актіні алғаны туралы белгі қоюға;
Тармақша 6
6) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
Тармақша 7
7) тексеруді тағайындау туралы актіні алған жағдайда мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамның тексерудің белгіленген мерзімінде мемлекеттік бақылау субъектісі тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексерулер, егер олар мынадай бұзушылықтардың бірімен жүргізілсе, жарамсыз деп танылады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексеруді жүргізу негіздерінің болмауы;
Тармақша 2
2) тексеруді жүргізудің басталғаны туралы немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаның болмауы, сол сияқты хабарлама мерзімдерінің сақталмауы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау туралы актінің немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актінің болмауы;
Тармақша 4
4) мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексеруді жүргізу кезеңділігінің бұзылуы;
Тармақша 5
5) мемлекеттік бақылау субъектісіне мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау туралы актінің ұсынылмауы;
Тармақша 6
6) мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерудің тағайындалуы;
Тармақша 7
7) мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексерудің мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы акт белгіленген мерзімдерде жіберілмей жүргізілуі. 📌 Ескерту. 52-4-баппен толықтырылды – ҚР 04.12.2025 № 236-VIII (01.02.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 53. 53-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру
53-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.