Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқасандағы № 936 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 234 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 23 бұйрығының (2017 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 128 бұйрығының (2017 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 30 қантардағы
№ 55 бұйрығына
қосымша
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын қазандықтар мен жылу электр орталықтарынан басқа) жылумен жабдықтау саласында бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет ұйымдық-құқықтық нысаны мемлекеттік мекеме болып табылатын заңды тұлға, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Тармақ 5
5. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бекітеді, штат санының лимитін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің келісімі бойынша Министрлікің аппарат басшысы бекітеді.
Тармақ 8
8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – Республиканское государственное учреждение «Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан».
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Комитеттің міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) құқықтар:
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын қазандықтар мен жылу электр орталықтарынан басқа) жылумен жабдықтау саласындағы, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындауға міндетті құқықтық актілерді қабылдайды;
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сараптама комиссияларын құрады;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан және жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға олар қабылдаған, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын актілердің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен реттелетін саладағы қызметтің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасады;
Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) міндеттері:
өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтайды;
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер мен түсіндірмелер береді;
Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне және мемлекеттік органдарға бұл туралы ресми сауал жолдаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынады;
Комитет теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді;
белгіленген мерзімдерде бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасайды және Министрлікке ұсынады;
Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттарды толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізеді;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындау бөлігінде бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге бару;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында салынып жатқан (реконструкцияланатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) объектілердің мониторингін жүргізу;
Тармақша 4
4) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу;
Тармақша 5
5) бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізу;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
Тармақша 7
7) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға нұсқамалар беру және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
Тармақша 8
8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнаманың нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
Тармақша 9
9) мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттауды жүргізу;
Тармақша 10
10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялардың және аттестаттардың тізілімін жүргізу;
Тармақша 11
11) объектілер құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу;
Тармақша 12
12) жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу;
Тармақша 13
13) аккредиттелген сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізу;
Тармақша 14
14) жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аккредиттелген мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының тізілімін жүргізу;
Тармақша 15
15) жобалау және құрылыс процесіне қатысатын аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлердің тізілімін жүргізу;
Тармақша 16
16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізу;
Тармақша 17
17) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшылардың тізілімін жүргізу;
Тармақша 18
18) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын әзірлеу;
Тармақша 19
19) тиісті аядағы (саладағы) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу;
Тармақша 20
20) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның қызметін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 21
21) жобалау саласында қолданыстағы жаңа нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу және қолданыстағыларын қайта қарау бойынша ұсыныстарды енгізу;
Тармақша 22
22) құрылыста жобалау және баға белгілеу мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен ынтымақтастық жасау;
Тармақша 23
23) үлгілік жобалау құжаттамасын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру;
Тармақша 24
24) өз құзыреті шеңберінде жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қарау, келісу және бекітуге дайындау;
Тармақша 25
25) жобалардың мемлекеттік сараптамасына басшылықты жүзеге асыру;
Тармақша 26
26) ғимараттар мен құрылыстардың үлгілік жобалары және үлгілік жобалық шешімдерінің тізбесін қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 27
27) құрылыстағы баға белгілеу мен сметалық нормалар бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 28
28) құрылысқа енгізіліп жатқан жаңа технологияларды талдау арқылы қолданыстағы сметалық-нормативтік құжаттарды жаңарту;
Тармақша 29
29) сметалық-нормативтік базаның ағымдағы жағдайын, құрылыс ресурстарына арналған ағымдағы бағаларды мониторингілеу және баға белгілеу шеңберінде ағымдағы бағалардың жинақтарын бекіту;
Тармақша 30
30) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілердің құрылысы саласындағы баға белгілеу және экономика бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;
Тармақша 31
31) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру;
Тармақша 32
32) құрылыстағы жаңа технологиялардың Бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және жүйелі түрде жаңарту;
Тармақша 33
33) жұмыс жүргізу технологияларының тізбесін қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 34
34) құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар тізбесін қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 35
35) құрылыс материалдарының, бұйымдарының, жабдықтарының ағымдағы бағаларын мониторингілеу, өңдеу және талдау негізінде сметалық-нормативтік базаны жаңарту;
Тармақша 36
36) технологиялық карталарды әзiрлеу, бекіту және қолданысқа енгізу;
Тармақша 37
37) терможаңғыртуды ескере отырып, үлгілік көп пәтерлі үйлердің жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету.
Тармақша 38
38) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларының, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін өзге де қала құрылысы құжаттамаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 39
39) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және оның жүргізілуін бақылау;
Тармақша 40
40) аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу және келісу;
Тармақша 41
41) мемлекеттік және өңіраралық маңызы бар аумақтарды қала құрылысына игеру кезінде аумақтарды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізу.
Тармақша 42
42) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй-коммуналдық саласында ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
Тармақша 43
43) өз құзыреті шегінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және олардың іске асырылуын жүзеге асыру;
Тармақша 44
44) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй-коммуналдық саласында орындалған, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді бекіту;
Тармақша 45
45) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
Тармақша 46
46) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, тұрғын үй-коммуналдық саладағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді, бекітуді, қолданысқа енгізуді және жоюды ұйымдастыру;
Тармақша 47
47) техникалық регламенттердi және ұлттық стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 48
48) объектілерді жобалауға арналған техникалық арнайы шарттарды қарау және келісу;
Тармақша 49
49) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша техникалық регламенттердiң, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын жүргізу;
Тармақша 50
50) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзiрлеу жөнiндегi жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау мен iске асыру және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үндестiру;
Тармақша 51
51) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесін қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 52
52) құрылыс конструкцияларының, бұйымдарының және құрылыс материалдарының тізбесін қалыптастыру және жүргізу.
Тармақша 53
53) тұрғын үй бағдарламаларын іске асыруға қатысу;
Тармақша 54
54) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 55
55) тұрғын үй мәселелері бойынша мониторинг жүргізу, ақпарат жинау және оны қорытындылау;
Тармақша 56
56) тұрғын үй құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 57
57) үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттар туралы ақпаратты жинау;
Тармақша 58
58) салааралық үйлестіруді қалыптастыруға және жүргізуге қатысу, елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын қазандықтар мен жылу электр орталықтарынан басқа) саласында жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мониторинг және талдау жүргізу;
Тармақша 59
59) мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеуге және келісуге қатысу;
Тармақша 60
60) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне, су бұру жүйесіне сарқынды суларды қабылдауға, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалануға мониторинг жүргізу;
Тармақша 61
61) елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын қазандықтардан мен жылу электр орталықтарынан басқа) саласында әдістемелік қамтамасыз ету;
Тармақша 61-1
61-1) тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлеу;
Тармақша 61-2
61-2) кәріздік тазарту құрылыстарын салу, реконструкциялау, жаңғырту жобаларын іріктеу үшін әдістемелік қамтамасыз ету;
Тармақша 62
62) тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп, тарифтерді (бағаларды, алымдардың мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) бекіту;
Тармақша 63
63) ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғыларды реконструкциялау, салу мақсатында әзірленетін және бекітілетін сәулет-құрылыс және өзге жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 64
64) жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу мен субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 65
65) тұрғын үй қатынастары саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
Тармақша 66
66) тұрғын үй қорының жай-күйін мониторингілеуді жүзеге асыру;
Тармақша 67
67) тұрғын үй көмегін көрсету мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 68
68) кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді жеткізуші нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын әзірлеу;
Тармақша 69
69) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету.
Тарау 3. 3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Төрағаны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Төрағаның Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің келісімі бойынша Министрліктің аппарат басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындау;
Тармақша 2
2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту;
Тармақша 3
3) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ Комитеттің қызметкерлері орындау үшін міндетті нұсқаулар беру;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда Комитеттің өкілі болу;
Тармақша 5
5) Комитеттің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларына жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауды, персоналды басқару қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылау;
Тармақша 6
6) Комитеттің қызметін қамтамасыз ету және өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алу өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босату;
Тармақша 8
8) іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, үстемақы мен сыйақы төлеу мәселелерін шешу;
Тармақша 9
9) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың құзыретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешу;
Тармақша 10
10) Комитеттің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлейді және Министрлік басшылығына бекітуге ұсыну;
Тармақша 11
11) Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 12
12) өз құзыретіне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Комитеттің төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Комитетің төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген, мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6-тарау. Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
6-тарау. Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны» («Мемсараптама» РМК);
Тармақ 2
2. «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақ 3
3. «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамы;
Тармақ 4
4. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы.