Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет по инвестициям Министерства иностранных дел Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті» және «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті – «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 24 қазандағы № 100 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9841 тіркелген, 2014 жылғы 18 қарашадағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң сараптама басқармасына осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Б. Көшербаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік
мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2019 жылғы 30 қаңтардағы
№ 11-1-4/33 бұйрығына
қосымша
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік
мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ инвестицияларды тарту жөнінде мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру салаларында Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысушы ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағызаңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі менмөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтың қатынастарға түседі.
Тармақ 5
5. Комитет егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 31.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы:
мемлекеттік тілде - «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілде - реcпубликанское государственное учреждение «Комитет по инвестициям Министерства иностранных дел Республики Казахстан».
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Комитет кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түспейді.
Егер Комитетке кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы заңнамалық актілерде берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтарымен міндеттемелері
2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтарымен міндеттемелері
Тармақ 13
13. Міндеті:инвестицияларды тарту жөнінде мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру, инвестициялық жобалардың іске асыру және мониторинг шаралардың қамтамасыз ету.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) инвестицияларды мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) қолданыстағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша инвесторларды немесе олардың өкілдерін қабылдау және оларға консультация беру бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 3
Тармақша 4
Тармақша 5
5) «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларды сүйемелдеу жөніндегі қызметті үйлестіру мен мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) инвестициялық келiсiмшартты тіркеуді жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзіміне, бірақ инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап бес жылдан аспайтын мерзімге берілетін технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезінде кедендік баждар салудан босату туралы хабарламаны кеден органына жіберу;
Тармақша 8
Тармақша 9
9) инвестициялық омбудсменнің қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) уәкiлеттi орган мен инвестор арасында жасалған инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес мүдделiзаңды тұлғалар тарапынан кепiлдендiрiлген тапсырысты қамтамасыз етуде инвесторларға жәрдемдесу;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен және (немесе) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша мемлекеттік заттай гранттарды инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейіннен меншіке не жер пайдалануға өтеусіз беру;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 293-бабында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылдау және өтiнiм берушiге жазбаша нысанда жауап жiберу;
Тармақша 13
13) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiмдердi қабылдау, тiркеу және қарау тәртібін айқындау;
Тармақша 14
14) инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жiберу және бұзушылықтарды жою үшiн үш ай мерзiм белгiлеу;
Тармақша 16
16) инвестициялық келiсiмшарттар жасасу, тiркеу және оларды мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау;
Тармақша 17
17) инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу тәртібін салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу;
Тармақша 18
18) инвестициялық салық кредитін беру туралы келісімдер жасасу.
Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:
Комитет:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарды шығарады;
Тармақша 2
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан белгіленген заңнамалық тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізеді;
Тармақша 5
5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 6
6) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды таратады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады
Комитеттің міндеттеріне:
Тармақша 1
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
Тармақша 3
3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелерге қатысу;
Тармақша 4
4) сауал жолданған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
Тармақша 5
5) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) Министрлікке бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау және ұсыну;
Тармақша 7
7) Комитетке бөлінетін бюджетті қаражаттың толық, уақытылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыруы кіреді.
Тарау 3. 3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитетіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Комитет Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасыМинистрліктің жауапты хатшымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасы Комитеттің құрылымдық және штат кестесі бойынша ұсыныстарды Министрліктің басшылығына ұсынады.
Тармақ 20
20. Комитет төрағасының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері
басшыларының міндеттемелері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) өз құзыреті бұйрықтарды шығарады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің мүддесін қорғайды;
Тармақша 4
4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 5
5) республикалық бюджеттік бағдарламалар іске асыру үшін жауапкершілік арқалайды;
Тармақша 6
6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Комитеттің төрағасы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Комитет төрағасының орынбасары;
Тармақша 1
1) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері қызметін өз құзыреті шегінде үйлестіреді;
Тармақша 2
2) Комитеттің төрағасы оған жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 22
22. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.
Комитет мүлкі оған меншік иесі берген, мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығармайды немесе оған өзге де жолмен билік етпейді.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.