Облыстық ішкі істер басқармасының бюджеттік бағдарламасы паспортын бекіту жөнінде кейбір мәселелер туралы Қолданыста
Басқа 0
Облыстық ішкі істер басқармасының бюджеттік бағдарламасы паспортын бекіту жөнінде кейбір мәселелер туралы
Қазақстан Республикасы «Бюджет жүйесі туралы» 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес, Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаның паспортын жасау ережесін бекіту туралы» № 1743 қаулысын және 2002 жылғы 12 маусымдағы Облыс мәслихатының XII кезектен тыс сессиясының «2001 жылғы 21 желтоқсандағы Облыс мәслихаты «2002 жылға арналған облыстык бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімін басшылыққа ала отырып, облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180 «Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту мәселесі бойынша облыс әкімиятының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының 1 тармағының 19 тармақшасына төмендегідей өзгерістер мен толықгырулар енгізілсін:
қосымшада 8000000 (сегіз миллион) деген сөздер, 8500000 (сегіз миллион бес жүз мың) деген сөздермен ауыстырылсын;
қосымшада 33224000 (отыз үш миллион екі жүз жиырма төрт мың) деген сөздер, 34804000 (отыз төрт миллион сегіз жүз төрт мың) деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған 2002 жылға арналған бюджеттік программа паспорты бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар жөніндегі бөліміне тапсырылсын.
Басқа 4
Облыс әкімиятының
2002 жылдың 10 шілде
№ 282 қаулысымен бекітілген
№ 11 ҚОСЫМША
Қызылорда облыстык ішкі істер баскармасы
ПАСПОРТЫ
Ішкі істер органдары обьектілері қүрылыстарын салу
2002 жылға
Тармақ 1
1. Құны: 31000000 (отыз бір миллион) теңге
Тармақ 2
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негіздері:
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 21 желтоқсанындағы Заң күші бар Жарлығы, Облыс мәслихатының 2002 жылдың 12 маусымындағы XII кезектен тыс сессиясының «Облыс мәслихаты IX сессиясынын «2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі
Тармақ 3
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
Облыстық бюджет
Тармақ 4
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
Облыстық ішкі істер басқармасы қызметтік бөлмелері көлемін ұлғайту мақсатында күрылыстар жүргізу
Тармақ 5
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
Облыстың криминогендік жағдайын бәсеңсіту қылмыспен күресті күшейту, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қызметкерлерге тиісті жағдай жасау мақсатында Облыстық ішкі басқармасы қызметтік ғимаратын кеңейту
Тармақ 6
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
р
е
ті
Бағдарлама коды
Кіші бағдарлама коды
Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы
Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс- шаралар
Іске асыру мерзімі
Жауапты орындаушылар
1.
35.
00.
Ішкі істер органдары объектілері құрылыстарын салу
Техникалық талапқа сай сапалы, құрылыс жұмыстарын жүргізу
2002 жыл
Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасы
Тармақ 7
7. Бюджет бағдарламасының орындалуынан күтілетін нәтижелер:
Азаматтардың өміріне, денсаулығына, дүние-мүлкіне қылмыскерлер тарапынан келетін қауіптен сақтау және қоғамдық тәртіпті қорғау істерінде, жауынгерлік-қызметтік дайындықта қызметкерлерге лайықты жағдай жасау үшін Облыстық ішкі істер басқармасы ғимаратына қосымша құрылыс жүргізуді бастау