О некоторых вопросах возмещения затрат сотрудников специальных государственных органов Республики Казахстан и членов их семей Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын
өтеудің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 36-1-бабының 2-тармағына, 73-бабының 5 және 7-тармақтарына, 77-бабының 4-тармағына және 78-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидалары;
Тармақша 2
2) Қызмет бабымен ауысқан және қызметтен шығарылған кезде арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары;
Тармақша 3
3) Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары;
Тармақша 4
4) Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1299 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1082-құжат);
Тармақша 2
2) «Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазанда № 1299 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 31 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 3, 15-құжат).
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 11 ақпандағы
№ 49 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 73-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) (бұдан әрі – қызметкерлер) шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Қызметкерлердің шығындарын өтеу тәртібі
2-тарау. Қызметкерлердің шығындарын өтеу тәртібі
Тармақ 2
2. Қызметкерлерге шығындар:
Тармақша 1
1) медициналық айғақтар бойынша стационарда емделуге жол жүру және кері қайту;
Тармақша 2
2) арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілеген тәртіппен берілген жолдама негізінде медициналық қарап-тексеруге (куәландыруға) жол жүру және кері қайту;
Тармақша 3
3) қызметі бойынша ауысу;
Тармақша 4
4) Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, қызметтен шығарылу кезінде өтеледі.
Тармақ 3
3. Қызметкерлерге шығындарды өтеу бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормаларға сәйкес жүргізіледі.
Болған оқиға фактісі бойынша осы Қағидалардың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда қызметкерлердің шығындарын өтеуді қызметкерлер штатында немесе қарамағында болатын арнаулы мемлекеттік органның мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) жүзеге асырады.
Қызметкер қызметтен шығарылған жағдайда шығындарды өтеуді:
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан шығарылған қызметкерлерге – таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық орган;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерлерге – шығарылғанға дейін өздері штатта тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.
Қызметкердің таңдаған тұрғылықты жері оның қызметтен босатылуы туралы бұйрықпен не тұрғылықты жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтермен расталады.
Тармақ 4
4. Қызметкердің қызмет орнынан немесе тұрғылықты жерінен оқиға өтетін жерге дейін және кері қайту жолы ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде төленуге тиіс.
Тармақ 5
5. Көлік уақтылы келмеген немесе жөнелтілмеген жағдайда, қызметкер жолаушының өтінішімен тасымалдаушы беретін көліктің кешіккені туралы куәландыратын құжатты көрсетеді.
Тармақ 6
6. Шығындарды өтетуді жүзеге асыру үшін қызметкерлер оқиға болғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде мекемеге осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мынадай құжаттар ұсынады:
Тармақша 1
1) қызметкерлер үшін – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;
Тармақша 2
2) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тармақша 3
3) қажет болған жағдайда – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери-дәрігерлік комиссияның (сараптаманың) стационарлық ем қабылдауы не медициналық қарап-тексерілуі (куәландырылуы) туралы стационарлық емделуге не медициналық қарап-тексерілуге (куәландыруға) жіберу үшін медициналық көрсетілімдер көрсетілген анықтамасы;
Тармақша 4
4) жол жүру құжаттары;
Тармақша 5
5) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банктік құжаттардың көшірмесі.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы қолжетімділік болса, аумақтық органдар тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді өздері алады;
Тармақша 6
6) қажет болған жағдайда – осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкеріне шығындарды өтеген жағдайда қызметтен шығарылған кезде тұрғылықты жері бойынша қызметкер таңдаған аумақтық орган қызметкердің қызмет өткеру орны бойынша мекемеден оның қызметтен шығарылғаны туралы бұйрықтан үзіндіні сұратады.
Тармақ 8
8. Осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген құжаттар ұсынылғанда шығындарды өтеу:
Тармақша 1
1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында қаражат болса – ақшалай ризықты бір уақытта төлеп;
Тармақша 2
2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында қаражат болмаса – міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Басқа 1-1. Шығындарды өтеуге арналған баянат
Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша көлікте жүргені үшін
арнаулы мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің (курсанттардан,
тыңдаушылардан басқа) шығындарын
өтеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге: ___________________________
(шығындарды өтеуді жүзеге асыратын
арнаулы мемлекеттік органның
(мекеменің) басшысына не уәкілетті
лауазымды адамға)
Шығындарды өтеуге арналған баянат
Сізден ________________________________________________________
___________________________________________________________________
(оқиғаның түрі мен оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)
__________________________ маған жол жүру шығындарын өтеуді сұраймын.
Баянатқа мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
...__________________________________________________________________
_________________________________________________ _____________
(лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса) қолы
______ жылғы «______» ______
(жылы) (күні) (айы)
Бастық: ________________ _____________ _______________________________
(бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
Басқа 1-2. Шығындарды өтеуге арналған өтініш
Қазақстан Республикасының аумағы
бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы
мемлекеттік органдар қызметкерлерінің
(курсанттардан, тыңдаушылардан басқа)
шығындарын өтеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Кімге: _________________________
(шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің) басшысына не
уәкілетті лауазымды адамға)
кімнен: _______________________,
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің
аты (құжатта бар болса)
______________________ тұрады
тел. ______________________
Шығындарды өтеуге арналған өтініш
Сізден _______________________________________________________ жол
(оқиғаның түрі және оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)
жүргенім үшін шығындарды өтеуді сұраймын.
Тиесілі соманы ________________________________________________
___________________________________________________ аударуды сұраймын
___________________ банктің № _____________________________ филиалы
Дербес немесе карт-шот ______________________________________________
Алушының ЖСН _____________________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
...___________________________________________________________________
____ жылғы «____» _______ Өтініш беруші ______ ______________________
(күні) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(құжатта бар болса)
Бастық: ________________ __________ __________________________________
(бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
Басқа 1-3. Анықтама
Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша көлікте жүргені
үшін арнаулы мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің (курсанттардан,
тыңдаушылардан басқа)
шығындарын өтеу қағидаларына
3-қосымша
Анықтама
____________________________________________________________ берілді,
(атағы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
оған ________________________________________________________________
(емдеу мекемесі және оның орналасқан жері көрсетіледі)
____________________________________________________________________
(медициналық айғақтары көрсетіледі)
___________________________________ медициналық айғақтары бойынша
______ жылғы «____» _________ _____ жылғы «____» _________ аралығында
________________________________________ көрсетілді.
(медициналық қызметтің түрі көрсетіледі)
Анықтама Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру
шығындарын өтеу үшін берілді.
М.О.
Әскери-дәрігерлік комиссияның (сараптаманың)
төрағасы ________ ___________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты
(құжатта бар болса)
Басқа 2. Қызмет бабымен ауысқан және қызметтен шығарылған кезде арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 11 ақпандағы
№ 49 қаулысымен
бекітілген
Қызмет бабымен ауысқан және қызметтен шығарылған кезде арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қызмет бабымен ауысқан және қызметтен шығарылған кезде арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу қағидалары «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 36-1-бабының 2-тармағына және 73-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және қызмет бабымен ауысқан және қызметтен шығарылған кезде арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) (бұдан әрі – қызметкерлер) жеке мүлкін тасымалдау шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Қызметкерлердің шығындарын өтеу тәртібі
2-тарау. Қызметкерлердің шығындарын өтеу тәртібі
Тармақ 2
2. Қызметкерлер қызмет бабымен ауысқан, сондай-ақ қызметтен шығарылған кезде Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, оларға бұрынғы қызмет орнынан (тұрғылықты жерінен) жаңа қызмет орнына (тұрғылықты жеріне) жеке мүлкін тасымалдау шығындары автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтеледі.
Тармақ 3
3. Қызметкерлер қызметі бойынша ауысқан кезде шығындарды өтеуді қызметкер қызметін одан әрі өткеру үшін келген арнаулы мемлекеттік органның мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) жүргізеді.
Қызметкер қызметтен шығарылған жағдайда шығындарын өтеуді:
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан шығарылған қызметкерлерге – таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық орган;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған қызметкерлерге – шығарылғанға дейін өздері штатында тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.
Қызметкердің таңдаған тұрғылықты жері оның қызметтен босатылуы туралы бұйрықпен не тұрғылықты жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтермен расталады.
Тармақ 4
4. Шығындары өтету үшін уәкілетті басшыға ауыстыру не қызметтен босату туралы бұйрық шығарылған сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) қызметкер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;
Тармақша 2
2) қызметтен шығарылған қызметкер Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесімен, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банктік құжаттардың көшірмесімен қоса осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы қолжетімділік болса, аумақтық органдар тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді өздері алады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жеке мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу туралы мүлікті тасымалдау маршруты және оның қашықтығы, төлем мөлшері көрсетілген бұйрықты:
Тармақша 1
1) қызмет өткеру орны бойынша қызметін одан әрі өткеру үшін келген қызметкерге уәкілетті басшы;
Тармақша 2
2) қызметтен шығарылған қызметкерге қызметтен шығару туралы бұйрықтан үзінді көшірменің негізінде қызметтен шығарылған қызметкер таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық органның уәкілетті басшысы;
Тармақша 3
3) қызметтен шығарылғанға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің штатында тұрған, одан шығарылған қызметкерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің уәкілетті басшысы шығарады.
Тармақ 5
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкеріне шығындарды өтеген жағдайда қызметтен шығарылған кезде тұрғылықты жері бойынша қызметкер таңдаған аумақтық орган қызметкердің
қызмет өткеру орны бойынша мекемеден оның қызметтен шығарылғаны туралы бұйрықтан үзіндіні сұратады.
Тармақ 6-1
6-1. Бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде автомобиль жолының әр 20 километріне төлем мөлшері мына формула бойынша есептеледі:
мұнда: L – кету пунктінен белгіленген пунктке дейін километрмен автомобиль жолының ұзындығы;
20 км – тұрақты шама;
1 АЕК – тиісті қаржы жылына арналып бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшері.
Кету пунктінен белгіленген пунктке дейін километрмен автомобиль жолының ұзындығын 20 километрге бөлу нәтижесі дөңгелектелмей 1 АЕК-ке көбейтіледі.
Алынған сомаға соманы бір теңгеге дейін арифметикалық дөңгелектеу әдісі қолданылады (50 тиынға жетпесе, азайту жағына дөңгелектенеді; 50 тиын және одан жоғары болса, ұлғайту жағына дөңгелектенеді).
Тармақ 7
7. Шығындарды өтеу:
Тармақша 1
1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында бюджеттік қаражат болған кезде – ақшалай үлесті бір уақытта төлей отырып;
Тармақша 2
2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында бюджеттік қаражат болмаған кезде – міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Басқа 2-1. Шығындарды өтеуге баянат
Арнаулы мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің (курсанттардан,
тыңдаушылардан басқа) қызмет
бабымен ауысқан және қызметтен
шығарылған кезде жеке мүлкін
тасымалдау шығындарын
өтеу қағидалары
1-қосымша
Нысан
Кімге:_________________________
(шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің)
басшысына не уәкілетті
лауазымды адамға)
Шығындарды өтеуге баянат
Маған _____________________________________________________
(оқиғаның түрі, тасымалдау маршруты және қашықтығы көрсетіледі)
______________________________________________ шығындарын өтеуді
сұраймын.
_______________ ______________ _____________________________
(лауазымы, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
______ жылғы «______» _____________
(жылы) (күні) (айы)
Бастық: _______________________________________________________.
(бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
__________________________________________
Басқа 2-2. Шығындарды өтеуге өтініш
Арнаулы мемлекеттік органдар
қызметкерлерінің (курсанттардан,
тыңдаушылардан басқа) қызмет
бабымен ауысқан және қызметтен
шығарылған кезде жеке мүлкін
тасымалдау шығындарын
өтеу қағидалары
2-қосымша
Нысан
Кімге: ___________________
шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің) басшысына
не уәкілетті лауазымды адамға)
кімнен: ___________________
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (құжатта бар болса)
__________________ тұрады
Шығындарды өтеуге өтініш
Маған _________________________________________________________
(оқиғаның түрі, тасымалдау маршруты және қашықтығы көрсетіледі)
шығындарын өтеуді сұраймын.
Тиесілі соманы _________________________________________________
____________________банкінің №__________филиалына аударуды сұраймын.
Дербес немесе карт-шот _________________________________________
Алушының ЖСН_______________________________________________
____ жылғы «____» _______
Өтініш беруші ___________________________________________________
(күні) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
Бастық: __________ ____ __________________________________________
(бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
_________________________________________
Басқа 3. Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 11 ақпандағы
№ 49 қаулысымен
бекітілген
Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 77-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және көлікте жол жүргені үшін әскери, арнаулы оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының (бұдан әрі – курсанттар, тыңдаушылар) шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Курсанттардың, тыңдаушылардың шығындарын өтеу тәртібі
2-тарау. Курсанттардың, тыңдаушылардың шығындарын өтеу тәртібі
Тармақ 2
2. Курсанттарға, тыңдаушыларға:
Тармақша 1
1) стационарлық емделуге барған кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, әуе, су және автомобиль көлігімен;
Тармақша 2
2) Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған, сондай-ақ демалысқа және тағылымдамадан өтуге барған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, су және автомобиль көлігімен жол жүруге (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері) жұмсалған шығындары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормаларға сәйкес өтеледі.
Тармақ 3
3. Әскери, арнаулы оқу орындарында және шет мемлекеттің білім беру ұйымдарында білім алып жатқан курсанттарға, тыңдаушыларға шығындарды өтеуді курсанттар, тыңдаушылар штатында немесе қарамағында болатын арнаулы мемлекеттік органның мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме), ал курсант, тыңдаушы қызметтен шығарылған жағдайда – таңдаған тұрғылықты жері бойынша арнаулы мемлекеттік органның аумақтық органы (бұдан әрі – аумақтық орган) жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Курсанттардың, тыңдаушылардың жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері қайту жолының ақысы ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде төленуге тиіс.
Тармақ 5
5. Көлік уақтылы келмеген және (немесе) жөнелтілмеген жағдайларда, курсанттар, тыңдаушылар жолаушының өтінішімен тасымалдаушы беретін көліктің кешіккені туралы куәландыратын құжатты ұсынады.
Тармақ 6
6. Шығындарды өтеуді жүзеге асыру үшін отыз жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мекемеге немесе аумақтық органға мынадай құжаттар ұсынылады:
Тармақша 1
1) курсанттар, тыңдаушылар үшін – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;
Тармақша 2
2) қызметтен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар үшін – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тармақша 3
3) жол жүру құжаттары;
Тармақша 4
4) қызметтен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банктік құжаттардың көшірмесі.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы қолжетімділік болса, аумақтық органдар тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді өздері алады;
Тармақша 5
5) қажет болған жағдайда – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери-дәрігерлік комиссияның (сараптаманың) стационарлық ем қабылдауы не медициналық қарап-тексерілуі (куәландырылуы) туралы стационарлық емделуге не медициналық қарап-тексерілуге (куәландыруға) жіберу үшін медициналық көрсетілімдер көрсетілген анықтамасы;
Тармақша 6
6) қажет болған жағдайда – осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжат;
Тармақша 7
7) құжаттарды өкіл арқылы берген жағдайда нотариат куәландырған сенімхат.
Тармақ 7
7. Ұлттық қауіпсіздік органдарының курсанттары, тыңдаушылары қызметтен шығарылған кезде шығындарды өтеген жағдайда, тұрғылықты жері бойынша курсант, тыңдаушы таңдаған аумақтық орган курсанттың, тыңдаушының қызмет өткеру орны бойынша мекемеден оның қызметтен шығарылғандығы туралы бұйрықтан үзінді сұратады.
Тармақ 8
8. Шығындарды өтеу Қағидалардың 6-тармағында белгіленген құжаттар ұсынылған кезде:
Тармақша 1
1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болған кезде – ақшалай үлесті бір уақытта төлеумен;
Тармақша 2
2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болмаған кезде – міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Басқа 1.1. Шығындарды өтеуге арналған баянат
Көлікте жол
жүргені үшін әскери, арнаулы
оқу орындары курсанттарының,
тыңдаушыларының
шығындарын өтеу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге: _____________________
(шығындарды өтеуді жүзеге асыратын
арнаулы мемлекеттік органның
(мекеменің) басшысына не уәкілетті
лауазымды адамға)
Шығындарды өтеуге арналған баянат
Сізден ________________________________________________________
______________________________________________________________
(оқиғаның түрі мен оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)
__________________________ маған жол жүру шығындарын өтеуді сұраймын.
Баянатқа мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1. ______________________________________________________________
2. ______________________________________________________________
3. ______________________________________________________________
4. ______________________________________________________________
______________________________________________________________
_____________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса) (қолы)
______ жылғы «______» ______(жылы) (күні) (айы)
Бастық: ________________ _____________ ___________________
(бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
____________________________
Басқа 1.2. Шығындарды өтеуге арналған өтініш
Көлікте жол
жүргені үшін әскери, арнаулы
оқу орындары курсанттарының,
тыңдаушыларының
шығындарын өтеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Кімге: ______________________
(шығындарды өтеуді жүзеге
асыратын арнаулы мемлекеттік
органның (мекеменің) басшысына не
уәкілетті лауазымды адамға)
кімнен: ____________________,
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (құжатта бар болса)
___________________ тұрады
телефоны _________________
Шығындарды өтеуге арналған өтініш
Сізден ____________________________________________________ жол
(оқиғаның түрі және оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)
жүргенім үшін шығындарды өтеуді сұраймын.
Тиесілі соманы ________________________________________________
_____________________________________________ аударуды сұраймын.
_________________ банктің № _____________________________ филиалы
Дербес немесе карт-шот _________________________________________
Алушының ЖСН _________________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1. ______________________________________________________________
2. ______________________________________________________________
3. ______________________________________________________________
4. ______________________________________________________________
..._______________________________________________________________
____ жылғы «____» _______ Өтініш беруші ______ _________________
(күні) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса) қолы)
Бастық: ________________ __________ _________________________
(бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
_______________________
Басқа 1.3. Анықтама
Көлікте жол
жүргені үшін әскери, арнаулы оқу
орындары курсанттарының,
тыңдаушыларының шығындарын
өтеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Анықтама
____________________________________________________________
берілді, (атағы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
оған ___________________________________________________________
(емдеу мекемесі және оның орналасқан жері көрсетіледі)
________________________________________________________________
(медициналық айғақтары көрсетіледі)
___________________________________ медициналық айғақтары бойынша
______ жылғы «____» _________ бастап _____ жылғы «____» _________
аралығында ________________________________________ көрсетілді.
(медициналық қызметтің түрі көрсетіледі)
Анықтама көлікпен жол жүру шығындарын өтеу үшін берілді.
М.О.
Әскери-дәрігерлік комиссияның (сараптаманың)
төрағасы ______________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
_____________________
Басқа 4. Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 11 ақпандағы
№ 49 қаулысымен
бекітілген
Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 78-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) (бұдан әрі – қызметкерлер), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Қызметкерлердің отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу тәртібі
2-тарау. Қызметкерлердің отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу тәртібі
Тармақ 2
2. Қызметкерлердің отбасы мүшелеріне шығындарды өтеу:
Тармақша 1
1) қызметкер қызмет бойынша ауысқан;
Тармақша 2
2) Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа қызметкер қызметтен шығарылған кезде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Қызметкерлердің отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу болған оқиға фактісі бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормаларға сәйкес жүзеге асырылады және қызметкерлер штатында немесе қарамағында болатын арнаулы мемлекеттік органның мекемесі (бұдан әрі – мекеме) жүргізеді.
Қызметкер қызмет бойынша ауысқан кезде оның отбасы мүшелерінің шығындарын өтеуді қызметкер әрі қарай қызмет өткеру үшін келген мекеме жүзеге асырады.
Қызметкер қызметтен шығарылған жағдайда отбасы мүшелерінің шығындарын өтеуді:
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан шығарылған болса – таңдаған тұрғылықты жері бойынша аумақтық орган;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен шығарылған болса – шығарылғанға дейін өзі штатында тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.
Қызметкердің таңдаған тұрғылықты жері оның қызметтен босатылуы туралы бұйрықпен не тұрғылықты жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтермен расталады.
Тармақ 4
4. Қызметкердің қызмет орнынан немесе тұратын жерінен оқиғаның өткізілетін жеріне дейінгі және кері қайту жолының ақысы ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде төленуге жатады.
Тармақ 5
5. Қызметкерлер шығындарды өтетуді жүзеге асыру үшін оқиға болғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) қызмет бабымен ауысатын қызметкерлер үшін – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;
Тармақша 2
2) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тармақша 3
3) жол жүру құжаттары;
Тармақша 4
4) мекеменің кадр бөлімшесінің қызметкерлердің отбасы құрамы туралы анықтамасы;
Тармақша 5
5) қызметтен шығарылған қызметкерлер үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банктік құжаттардың көшірмесі.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы қолжетімділік болса, аумақтық органдар тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді өздері алады.
Тармақ 6
6. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері қызметтен шығарылған кезде қызметкердің отбасы мүшелерінің шығындарын өтеген жағдайда тұрғылықты жері бойынша аталған тұлға таңдаған аумақтық орган қызметкердің қызмет өткеру орны бойынша мекемеден оның қызметтен шығарылғандығы туралы бұйрықтан үзінді сұратады.
Тармақ 7
7. Осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған құжаттар ұсынылғанда және таңдаған тұрғылықты жерде тіркелгені расталғанда шығындарды өтеу:
Тармақша 1
1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында қаражат болса – ақшалай ризықты бір уақытта төлеп;
Тармақша 2
2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында қаражат болмаса – міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Басқа 4-1. Шығындарды өтеуге баянат
Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен
шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Кімге:___________________________
(шығындарды өтеуді жүзеге асыратын
арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің)
басшысына не уәкілетті лауазымды адамға)
Шығындарды өтеуге баянат
Сізден_________________________________________________________
__________________________________________________________________
(оқиғаның түрі мен оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)
____________ маған отбасы мүшелерімнің жол жүру шығындарын өтеуді сұраймын.
Баянатқа мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
4. ____________________________________________________________
___________________________________________________________
__________________________________________ _________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты, (құжатта бар болса) (қолы)
________ жылғы«____»___________
(жылы) (күні) (айы)
Бастық: ________________ _____________ _______________________________
(бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
Басқа 4-2. Шығындарды өтеуге өтініш
Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Кімге: ___________________________________
(шығындарды өтеуді жүзеге асыратын
арнаулы мемлекеттік органның
(мекеменің) басшысына
не уәкілетті лауазымды адамға)
кімнен: __________________________,
(өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (құжатта бар болса)
_________________________ тұрады
тел. _____________________________
Шығындарды өтеуге өтініш
Сізден_____________________________________________________үшін
(оқиғаның түрі және оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)
маған отбасы мүшелерімнің жол жүру шығындарын өтеуді сұраймын.
Тиесілі соманы___________________________________________________
___________________________________________________аударуды сұраймын
______________________________ банктің №____________________ филиалы
Дербес немесе карт-шот________________________________________________
Алушының ЖСН_____________________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1. ____________________________________________
2. ____________________________________________
3. ____________________________________________
____ жылғы «____» _______ Өтініш беруші ______ ______________________
(жылы) (күні) (айы) қолы (тегі, аты, әкесінің аты
(құжатта бар болса)
Бастық: ________________ _____________ _______________________________
(бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)