«Ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі» республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ұсынымдарын іске асыру жөніндегі шаралары туралы Күшін жойған
Басқа 0
«Ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі» республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ұсынымдарын іске асыру жөніндегі шаралары туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңына сәйкес және Қызылорда қаласында 2002 жылдың 7 наурызында өткен «Ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру - азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі» республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ұсынымдарын іске асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қызылорда қаласында 2002 жылдың 7 наурызында өткен «Ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру - азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі» республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ұсынымдары мақұлданып және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, тиісті облыстық басқармалардың, ғылыми-зерттеу мекемелері мен оқу орындарының басшылары іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындалуына нақты шаралар қабылдасын, осы қаулының орындалуы жөнінде облыс әкіміне жыл сайын 10 шілдеге және 10 қаңтарға ақпарат берсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Нұртазаевқа жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімиятының
2002 жылғы 29 маусымдағы
№ 277 қаулысымен бекітілген
«Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн әртараптандыру - азық-түлiк қауiпсiздiгiнiң кепiлi» тақырыбы бойынша өткізілген республикалық ғылыми-практикалық конференциясының
ҰСЫНЫМДАРЫ
2002 жылы 7 наурызда Қызылорда қаласында облыс әкiмiнiң бастамасымен ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыруға арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының ұлттық Академиялық аграрлық зерттеулер орталығының, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғарғы оқу орындарының басшылары, ғалымдары, «LG Vending» (Алматы қаласы) компаниясының президенті, облыс ауыл шаруашылығы мекемелерінің, кәсіпорындардың, аудан, ауыл округтер әкімдері, ауылшаруашылық құрылымдарының басшылары қатысты.
Конференцияда облыс ауыл шаруашылығы өндірісінің қазiргi жағдайымен әртараптандырудың проблемалары және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудің жолдары талқыланды. Сонымен қатар әлемде қолданылып жүрген күрiш егудiң алдыңғы қатарлы жаңа технологиялары және суды аз талап ететiн, экономикалық тиiмдiлiгi жоғары ауылшаруашылық дақылдарын өндiрiске енгiзу мәселелері талқыланып, сарапталды.
Ауылда жүргiзiлген экономикалық реформалардан, жекешелендіруден туындаған проблемалар мен қиындықтар атап өтілді. Жекешелендiру - саяси, экономикалық үрдіс екендiгi, сондықтан оны мемлекеттiк тұрғыда көпшiлiктiң мұрат мүддесiн көздей отырып, бiрлесiп шешу қажеттiгi ашық айтылды.
Ауыл шаруашылығын реформалау және жекешелендiрудің алғашқы нәтижелерiн талдай отырып, осы кезеңде өмiрге келген жаңа шаруашылық құрылымдарын нарық заңының талабына сай қалыптастыру, дамыту бағытындағы жұмыстарды ғылыми негiзделген экономикалық тиiмдi дақылдарды енгiзу арқылы жаңа деңгейге көтеру мүмкiндігінің бар екендiгi дәлелдендi.
Сонымен қатар, әлемдік стандарттарға сай жоғары сапалы күрiш өңдейтiн орта қуатты жаңа жүйелердi енгізу тиiмдi екендiгi атап көрсетiлдi.
Конференцияда ауыл шаруашылығын әртараптандыру бүгiнгi күннiң өзектi мәселесi екендiгi, халықтың табыс көзiмен әл-аухатын көтерудің бiрден-бiр жолы екендiгi дәлелдендi.
«Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн әртараптандыру - азық-түлiк қауiпсiздiгiнiң кепiлi» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының қатысушылары төмендегi ұсынымдарды қабылдады:
Тармақ 1
1. Қызылорда облысы әкiмiнiң ғылыми негiзделген ауыл шаруашылығын әртараптандыру бағдарламасын іске асыруға бағытталған iс-шаралары мақұлдансын.
Тармақ 2
2. Жаңа технологияларды өндiрiске кеңiнен енгiзу мақсатында күрiштi көшеттеп және тұқымын өндiрiп егу әдістеріне арналған шетелдiк техникаларды сынақтан өткiзу.
Тармақ 3
3. Әртараптандыру бағдарламасын өндiрiске енгiзуде ғылыми басшылық жасау мақсатында Арал өңiрi агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жанынан облыстық ғылыми-кеңестік зерттеу орталығын ұйымдастыру және осы орталық жанында ғылымды қолдау қорын құру.
Тармақ 4
4. Ғылыми-практикалық конференция ұсынымдарын ескере отырып және ауылшаруашылық саласындағы соңғы ғылыми жетiстiктердi пайдаланып, «Қызылорда облысында ауыл шаруашылығын жүргiзу жүйесi жөніндегі ұсынымдар» жиынтығын ағымдағы жылы даярлау.
Тармақ 5
5. Қазақ тамақ өнеркәсiбi және Ауыл шаруашылығын механизациялау және электрификациялау ғылыми-зерттеу институттары бірлесіп шығарған, күрiштен крахмал алу технологиясын өндiрiске енгiзу.
Тармақ 6
6. Ауылшаруашылығы дақылдарының суару жүйесiн жетiлдiру, суару нормаларын нақтылау мақсатында Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына шаруашылық құрылымдарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу және оның нәтижелерін өндіріске енгізу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Айналымнан шығып қалған инженерлiк жүйеге келтiрiлген жерлерді қалпына келтiру үшiн «Қызылорда облысында ирригациялық-дренаж жүйесiн және су шаруашылығын жетiлдiру» жобасы жапон иендік несиесi есебiнен іске асыруды 2002 жылғы мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына енгiзу Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінен сұралсын.
Тармақ 8
8. Облыс халқын сапалы мал өнімдерімен қамтамасыз ету үшін мал тұқымын асылдандыру, аналық малға қолдан ұрықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру.
Тармақ 9
9. Асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтарды көбейту, сол малдардың генетикалық қасиеттерін жетілдіру жұмыстарын Республика ғылыми-зерттеу институттарының қауымдарымен бірлесіп жүргізу үшін Республика Үкіметі тарапынан қаржылай қолдау көрсетуді сұрау.
Тармақ 10
10. Қызылорда қаласы маңында сүт өндірісін дамыту мақсатында облыстық табиғи-климат жағдайына бейімделген сүт бағытындағы Әулиеата сиырының тұқымын және ет өнімдерін молайту мақсатында өнімділігі жоғары етті-майлы Атырау елтірі қойын өсірудің бағдарламалары дайындалып, өндіріске ұсынылсын.
Тармақ 11
11. Облыстың ауылшаруашылық құрылымдарының басшылары мен мамандардың, фермерлер мен кәсiпкерлердiң бiлiмiн жетiлдiру мақсатында, оларды оқыту және аттестациядан өткiзу ұйымдастырылсын.
Тармақ 12
12. Конференция ұсынымдары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым, Ауыл шаруашылығы, Экономика және сауда министрліктерінің назарына ұсынылсын.
Ұсынымдар 2002 жылғы 7 наурызда
Қызылорда қаласында өткен «Ауыл
шаруашылығы өндiрiсiн әртараптандыру
азық-түлiк қауiпсiздiгiнiң кепiлi» республикалық
ғылыми-практикалық конференцияда қабылданды.