Об утверждении Правил стимулирования государством за внесение значительного вклада в оказание комплексной социальной юридической помощи Күшін жойған
Басқа 0
Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге
елеулі үлес қосуды мемлекеттің
ынталандыруы қағидаларын бекіту туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 3. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы
қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 8 ақпандағы
№ 45 қаулысымен
бекітілген
Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы
қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Медальдар, төсбелгілер (бұдан әрі – наградалар) беру кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы шарасы болып табылады.
Тарау 2. 2. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы тәртібі
2. Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосуды мемлекеттің ынталандыруы тәртібі
Тармақ 3
3. Мына:
Тармақша 1
1) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуде клиенттердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау кезінде жоғары кәсіптік шеберлігімен;
Тармақша 2
2) кешенді әлеуметтік заң көмегінің дамуына елеулі үлес қосуымен ерекшеленген адвокаттың, заң консультантының кәсіптік қызметіндегі жетістіктер ынталандыру шараларымен атап өтіледі.
Адвокаттардың, заң консультанттарының жоғары кәсіптік шеберлігі мен кешенді әлеуметтік заң көмегінің дамуына қосқан елеулі үлесін Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы, заң консультанттары палатасының алқалы басқару органы айқындайды.
Тармақ 4
4. Адвокаттарды, заң консультанттарын марапаттау туралы ұсыныстарға Республикалық адвокаттар алқасы, заң консультанттарының палаталары бастамашылық етеді, олар заң көмегін көрсету саласындағы уәкілетті орталық мемлекеттік органның кадр қызметіне тиісті ұсыныстар (бұдан әрі – марапаттау туралы ұсыныс, уәкілетті орган) жібереді.
Тармақ 5
5. Марапаттау туралы ұсыныстар уәкілетті органға мемлекеттік, кәсіби, өзге де мерекелер мен мерейтой күндерін мерекелеуге дейін кемінде 2 ай қалғанда ұсынылады.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган марапаттау туралы мәселені қарайды, қажетті құжаттарды дайындайды және күнтізбелік 10 күн ішінде марапаттау туралы бұйрық қабылдайды.
Тармақ 7
7. Наградалар салтанатты жағдайда марапатталушының жеке өзіне тапсырылады.
Тармақ 8
8. Наградалардың тізбесі мен сипаттамасын, марапаттау парағының нысанын уәкілетті орган бекітеді.