Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка Күшін жойған
Басқа 0
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы», 2010 жылғы 29 сәуірдегі «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1243 «Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Нұра ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мұратбек Дәлелханұлы Тұраровқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Нұра ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз
етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi,
сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi
Нұра ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «25» қаңтардағы
№ 03/02 қаулысына
қосымша
Нұра ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз
етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi,
сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi
Тарау 1. 1-тарау. Көтермелеудiң түрлерi
1-тарау. Көтермелеудiң түрлерi
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) грамотамен марапаттау;
Тармақша 3
3) ақшалай сыйлықақы беру.
Тарау 2. 2-тарау. Көтермелеудiң тәртiбi
2-тарау. Көтермелеудiң тәртiбi
Тармақ 2
2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Нұра ауданы әкiмдiгiмен құрылатын қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қарайды.
Тармақ 3
3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Нұра ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ПБ) енгiзедi.
Тармақ 4
4. Комиссия қабылдаған шешiм, көтермелеу үшiн негiз болып табылады.
Тармақ 5
5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін Комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес, қосымшаПБ бастығының бұйрығы шығарылады.
Тармақ 6
6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.
Тармақ 7
7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды көтермелеу ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшерi
3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшерi
Тармақ 8
8. 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.
Тармақ 9
9. ПБ ақшалай сыйақыны төлеудi облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.