Об утверждении схемы пастбищеоборотов на основании геоботанического обследования пастбищ по Теректинскому району Күшін жойған
Басқа 0
Теректі ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Теректі ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудан әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Е.Досмаковқа жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Теректі ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы
Теректі ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «7» ақпандағы № 19
қаулысына қосымша
Теректі ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы
ШЕКТЕСТІК СИПАТТАМАСЫ:
А-дан Б-ға дейін Орал қаласы жерлері
Б-дан В-ға дейін Зеленов ауданының жерлері
В-дан Г-ге дейін Бөрлі ауданының жерлері
Г-ден Д-ға дейін Сырым ауданының жерлері
Д-дан Е-ге дейін Ақжайық ауданының жерлері
Е-дан А-ге дейін Зеленов ауданының жерлері
ШАРТТЫ ТАҢБАЛАР ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕР:
Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:
а/о – ауылдық округ.