Об утверждении Стандарта организации оказания токсикологической помощи в Республике Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 5 ақпандағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және химиялық заттармен улану (бұдан әрі - улану) кезінде пациенттерге токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруға жалпы қағидаттарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
Тармақша 1
1) антидот – нақты химиялық заттың уытты әсеріне (әсерлеріне) қарсы әсер ету үшін қолданылатын терапиялық зат;
Тармақша 2
2) детоксикация – организмнен эндоген немесе экзоген текті уытты заттарды шығаруға бағытталған медициналық іс-шаралар кешені;
Тармақша 3
3) ақпараттық – іздестірудің токсикологиялық жүйесі – бұл химиялық заттар, олардың адам ағзасына әсері, уланушыларды диагностикалау және емдеу туралы құрылымдалған ақпараттың үлкен ауқымын өңдеу, сақтау, іріктеу, сүзгілеу және іздеу үшін қолданбалы компьютерлік орта.
Тармақша 4
4) іріктеуші уыттылық – химиялық заттың белгілі бір ағзаларға (жасушаларға) – ағза нысанасына уыттылық әсер ету қабілеттілігі;
Тармақша 5
5) клиникалық токсикология – улануларды диагностикалау, профилактикалау және емдеу әдістерін ғылыми негіздеу мақсатында химиялық қосылыстардың уытты әсер ету салдарынан туындаған адам ауруларын зерттейтін токсикологиялық бөлім;
Тармақша 6
6) Халықаралық химиялық қауіпсіздік бағдарламасы – үш халықаралық ұйымның: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі - ДДҰ), Халықаралық еңбек ұйымы және Біріккен ұлттар ұйымының қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының бастамасы бойынша 1980 жылы халықаралық химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған халықаралық ұйым;
Тармақша 7
7) триаж-жүйесі бойынша медициналық іріктеу – шұғыл медициналық көмек көрсетудің бірінші кезектілігіне байланысты медициналық ұйымның қабылдау бөлімшесіне келіп түскен науқастарды топтарға бөлу;
Тармақша 8
8) улану – мекендеу ортасының химиялық, биологиялық және өзге де факторларының адамға қатты (бірмезгілде) немесе созылмалы (ұзақ) әсер етуі кезінде туындайтын ауру (жай-күй);
Тармақша 9
9) Токсикологиялық қызмет жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы (бұдан әрі - ТҚРҮО) – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын және Қазақстан Республикасының халқына токсикологиялық көмек көрсету бойынша медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаладағы медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 10
10) токсикант – белгілі бір мөлшерде организмнің тіршілік әрекетінің бұзылуына: улануға, ауруларға және патологиялық жай-күйлерге және өліммен аяқталуға әкелетін зат;
Тармақша 11
11) химиялық қауіпсіздік – құқықтық нормаларды және санитариялық қағидаларды, гигиеналық нормативтерді сақтау, технологиялық және инженерлік-техникалық талаптарды орындау, сондай-ақ тиісті ұйымдастырушылық және арнайы іс-шараларды өткізу арқылы химиялық зақымдану немесе адамдардың, ауыл шаруашылығы жануарларының және өсімдіктердің зақымдалуы, химиялық апат туындаған жағдайда қоршаған ортаның қауіпті химиялық заттармен ластануы үшін жағдайларды жоятын жай-күй;
Тармақша 12
12) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмекті ұйымдастырудың негізгі бағыттары
2-тарау. Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмекті ұйымдастырудың негізгі бағыттары
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізбесіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Уланулар кезінде медициналық көмек мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) амбулаториялық-емханалық (медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК), консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК);
Тармақша 2
2) стационарлық;
Тармақша 3
3) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация;
Тармақ 5
5. Уланулар кезінде медициналық көмек:
Тармақша 1
1) медициналық көмектің барлық деңгейлеріндегі МСАК медициналық ұйымдарымен;
Тармақша 2
2) жедел медициналық көмек станцияларымен (кіші станцияларымен), санитариялық авиация бөлімшелерімен;
Тармақша 3
3) аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың клиникалық бөлімшелеріндегі токсикологиялық төсектерде;
Тармақша 4
4) облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында көпбейінді ауруханалардың құрылымындағы (балалар, ересектер) токсикологиялық бөлімшелерде (орталықтарда) жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Токсикологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінің негізгі қызметтің бағыттары:
Тармақша 1
1) улануларды диагностикалау мен емдеуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (аурулар мен денсаулыққа байланысты мәселелердің халықаралық статистикалық жіктемесі бойынша коды Т36-Т65);
Тармақша 2
2) емдеудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, уланулармен пациенттерге медициналық көмек көрсету;
Тармақша 3
3) ақпараттық-іздестірудің токсикологиялық жүйелерін пайдалана отырып, халыққа және денсаулық сақтау субъектілеріне улану мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 4
4) халықтың арасында уланулардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 5
5) клиникалық токсикология мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 6
6) қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мәні бар ұлттық және халықаралық деңгейлерде апаттық-қауіпті химиялық заттардың бөлініп шығуына байланысты қауіп және/немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылға;
Тармақша 7
7) емдеу-диагностикалық жұмыстардың сапасын арттыруға және уланулардан болатын өлімді төмендетуге бағытталған іс-шараларды өткізу;
Тармақша 8
8) токсикологиялық қызметті дамыту мен жаңғырту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, тұжырымдамаларды, республикалық және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 9
9) клиникалық токсикология саласындағы ғылыми-зерттеу қызметтеріне қатысу және өткізу болып табылады.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасында токсикологиялық қызметтің жұмысын үйлестіруді ТҚРҮО жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Уланулар кезінде мамандандырылған медициналық көмекті бейінді маман көрсетеді.
Тармақ 9
9. Уланулармен пациенттерге жедел медициналық көмекті ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15473 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Уланулармен пациенттерге санитариялық авиация нысанында медициналық көмекті ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 933 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16245 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. ТҚРҮО:
Тармақша 1
1) республика бойынша токсикологиялық бөлімшелердің/төсектердің қызметін үйлестіруді;
Тармақша 2
2) химиялық заттардың бөлініп шығуымен және халықтың жаппай улануымен байланысты төтенше жағдайлар кезінде, сондай-ақ химиялық заттармен уланулардың профилактикасы кезінде сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды;
Тармақша 3
3) ақпараттық-іздестірудің токсикологиялық жүйелерін пайдалана отырып, халыққа және денсаулық сақтау субъектілеріне клиникалық токсикология мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық көмекті;
Тармақша 4
4) клиникалық токсикология мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмекті;
Тармақша 5
5) республика бойынша улануларға, токсикологиялық жағдайларға талдауды, бақылауды және мониторингті;
Тармақша 6
6) жеке тұлғалар мен медициналық ұйымдарға улануларды диагностикалау, болжамдау, емдеу және профилактикалау, сондай-ақ химиялық заттардың уыттылығы және олармен байланысты уыттылық мәселелері бойынша ақпараттар мен ұсынымдарды ұсынуды;
Тармақша 7
7) халыққа токсикологиялық көмекті жақсарту және токсикологиялық қызметтің жұмысын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді өзекті ету бойынша уәкілетті органға ұсыныстар енгізуді жүзеге асырады және қамтамасыз етеді.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының халқына токсикологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
Тармақ 13
13. Бастапқы медициналық құжаттарды әзірлеу және жүргізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Өндірістік уланулардың профилактикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 239 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13896 болып тіркелген) бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес талаптарды ұйымдастыру және сақтау жолымен өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуді көздейді.
Тармақ 15
15. Химиялық сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі болған немесе туындаған кезде іс-шараларды ұйымдастыру «Азаматтарды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде медициналық көмек ұсыну қағидаларын, оның түрлері мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 608 қаулысына, «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10983 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны тұрмыстық улануларды профилактикалауды және саламатты өмір салтын насихаттауды жүргізеді.
Тарау 3. 3-тарау. Емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
3-тарау. Емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Уланғанда немесе улануға күдігі болған кезде жедел медициналық көмек көрсету осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жіті улануды диагностикалау мен емдеудің алгоритмі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Уланғанда немесе улануға күдігі болған кезде амбулаториялық-емханалық деңгейде медициналық көмек көрсету осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жіті улануды диагностикалау мен емдеудің алгоритмі бойынша жүзеге асырылады және мыналарды:
Тармақша 1
1) пациенттің жай-күйінің ауырлығын бағалау мақсатында МСАК мамандарының тексеруін және анамез жинауы мен алдын ала диагноз қоюын;
Тармақша 2
2) дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде уланудың белгілерін ерте анықтау мен симптоматикалық ем көрсетуді, қанға удың түсуін тоқтату бойынша іс-шаралар жүргізуді (асқазанды шаю, теріден, шырышты қабықтардан удың күшін жою), уланған науқастарда көрсетілім болған кезде антидот енгізуді;
Тармақша 3
3) көмек көрсету тәсілі мен көлемін анықтау үшін бейінді мамандармен телекоммуникациялық жабдықтар арқылы консультациялар өткізуді;
Тармақша 4
4) улануған пациентті (көрсетілім бойынша) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация желісі бойынша стационарға жіберуді;
Тармақша 5
5) Бастан өткерген уланудан кейін пациенттерде асқынулар дамыған жағдайда пациенттерді диспансерлік байқау мен есепке алуды;
Тармақша 6
6) стационардан шығарғаннан кейін пациенттерге қалпына келтіру емін және медициналық оңалтуды ұйымдастыру мен жүргізуді;
Тармақша 7
7) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізуді;
Тармақша 8
8) мүгедектікке әкеп соқтыратын химиялық улану салдары бар науқастарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға уақтылы жіберуді қамтиды.
Тарау 4. 4-тарау. Стационар деңгейінде токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
4-тарау. Стационар деңгейінде токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
Тармақ 19
19. Уланған пациентті МСАК ұйымы жібереді, өз бетінше жүгінеді, жедел медициналық көмек және санитариялық авиация желісі бойынша медициналық ұйымдарға жеткізіледі.
Тармақ 20
20. Стационарға уланған пациент түскен кезде қабылдау бөлімшесінде триаж-жүйесі бойынша сұрыптау жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) организмнің өмірлік маңызды функциясының бұзылу белгілері бар болған кезде уланған пациенттер реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі/қарқынды терапия палатасына (бұдан әрі - РҚТБ/ҚТП) (қызыл аймақ) жатқызылады;
Тармақша 2
2) организмнің өмірлік маңызды функциясының бұзылу белгілері болмаған кезде уланған пациенттер токсикологиялық бөлімшеге (орталыққа) немесе токсикологиялық төсектері бар клиникалық бөлімшелерге (сары аймақ) жатқызылады;
Тармақша 3
3) уланған немесе улануға күдігі бар пациенттердің клиникалық белгілері болмаған кезде диагнозды нақтылауға және саралауға дейін қабылдау бөлімшесінің диагностикалық палаталар жағдайында (жасыл аймақ) бақыланады.
Тармақ 21
21. Уланғанда немесе улануға күдігі болған кезде қабылдау бөлімшесінде медициналық көмек көрсету осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жіті улануды диагностикалау және емдеудің алгоритмі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Уланған пациенттерге стационарлық деңгейдегі токсикологиялық көмек:
Тармақша 1
1) уақтылы диагностикалауды және клиникалық хаттамаларға сәйкес қажетті диагностикалық зерттеулерді және емдеу (уытсыздандыру) әдістерін қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;
Тармақша 2
2) клиникалық хаттамаларға сәйкес емдеуші дәрігердің пациенттерді күнделікті қарап-тексеруді, диагностикалау (зертханалық және аспаптық зерттеп-қарау) және емдеу (уытсыздандыру) жүргізуін;
Тармақша 3
3) бөлімше меңгерушісінің пациенттерді қарап-тексеруін;
Тармақша 4
4) РҚТБ/ҚТП жатқан уланған пациенттерді қарап-тексеруді, емдеу мен енгізуді;
Тармақша 5
5) басқа бейін мамандарының көрсетілімдері бойынша пациенттерге консультациялар ұйымдастыру және өткізуді;
Тармақша 6
6) консилиумдар ұйымдастыруды;
Тармақша 7
7) мамандандырылған медициналық көмекті талап ететін уланған пациентте асқынулар дамыған жағдайда құрамында бөлім меңгерушісі, ординатор дәрігер және бейінді мамандар бар консилиум ұйымдастырылады және одан әрі пациент бейінді бөлімшеге немесе бейіні бойынша басқа медициналық ұйымға ауыстырылады;
Тармақша 8
8) сапалы медициналық көмек көрсету үшін ресурстар болмаған/жеткіліксіз болған жағдайда деңгейі жоғары медициналық ұйымға пациентті ауыстыруды;
Тармақша 9
9) телемедициналық консультациялар өткізуді;
Тармақша 10
10) ақпараттық-іздестірудің токсикологиялық жүйелерін пайдалана отырып, улану мәселелері бойынша халыққа және медицина қызметкерлеріне ақпараттық-консультациялық көмекті;
Тармақша 11
11) медициналық ғылым практикалық жетістіктеріне негізделген емдеудің диагностика мен профилактикалық заманауи әдістерін тәжірибеге енгізуді;
Тармақша 12
12) көрсетілетін емдеу-диагностикалық көмектің сапасын арттыруды;
Тармақша 13
13) емдеу-қорғау режимін құру, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуді және ауруханаішілік инфекциялардың профилактикасын;
Тармақша 14
14) Сырқаттанушылықтың (уланулардың) талдауын жүргізуді және оларды төмендету жөніндегі іс-шаралар әзірлеуді;
Тармақша 15
15) уланулар бойынша статистикалық деректер жинауды және талдауды, уланулар жағдайларын тіркеу динамикасының мониторингін жүргізуді;
Тармақша 16
16) жалпы жағдайы тұрақтанған кезде пациенттерді шығаруды;
Тармақша 17
17) еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтаманы ресімдеуді және беруді көздейді;
Тармақ 23
23. Пациентке кәсіби аурулар диагнозы белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1032 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13386 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында кәсіби патология бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандартына сәйкес медициналық көмек ұсынылады.
Тармақ 24
24. Суицид мақсатында уланған жағдайларда пациенттерге мамандандырылған психиатриялық көмек көрсетіледі.
Тармақ 25
25. Токсикологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Халықаралық химиялық қауіпсіздік бағдарламасы қызметінің шеңберінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған антидоттар тізбесінің негізінде формулярлық комиссиямен бекіткен антидоттармен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 26
26. Уланудың зертханалық диагностикасын медициналық ұйымдардың клиникалық-диагностикалық зертханалары және медициналық қызметке лицензиясы бар меншік нысанына қарамастан басқа да зертханалармен жүзеге асырады.
Тарау 5. 5-тарау. Созылмалы уыттану кезінде токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
5-тарау. Созылмалы уыттану кезінде токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
Тармақ 27
27. МСАК дәрігерлері:
Тармақша 1
1) МСАК медициналық ұйымына пациенттердің алғашқы жүгінуі;
Тармақша 2
2) міндетті медициналық қарап-тексеруден өткізу;
Тармақша 3
3) скринингтік зерттеп-қарауларды өткізу;
Тармақша 4
4) халыққа сауалнама жүргізу кезінде созылмалы уыттануды анықтауды жүзеге асырады.
Тармақ 28
28. Қауіп тобынан адамдарға (жиі және ұзақ ауыратын, сондай-ақ тиімсіз немесе тиімділігі аз стандартты терапия кезінде) медициналық көмек көрсету кезінде созылмалы уыттанған пациенттерде анықталуы мүмкін.
Тармақ 29
29. Созылмалы уыттану диагностикасы мынадай деректерге негізделген:
Тармақша 1
1) клиникалық диагностика нақты заттардың немесе олардың «іріктеуші уыттылық» қағидаты бойынша физикалық-химиялық немесе биологиялық қасиеттері ұқсас топтардың организмге әсер етуі үшін тән белгілі бір симптомдарды анықтауды қамтиды.
Тармақша 2
2) Тән емес зертханалық диагностика көрсеткіштердің нормадан ауытқуын анықтау үшін пайдаланылады;
Тармақша 3
3) аспаптық диагностика;
Тармақ 30
30. Пациентте созылмалы уыттану анықталған кезде емдеу және оңалту іс-шараларының жоспары әзірленеді.
Тармақ 31
31. Зерттеп-қарау нәтижелерінің негізінде (нормадан ауытқулар анықталған, бірақ уыттану себебі анықталмаған), сондай-ақ өмір сапасын (көрсеткіштерінің төмендеуі) бағалау сауалнамасын жүргізу кезінде тереңдетілген зерттеуді қажет ететін пациенттердің қауіп тобы көрсетіледі.
Тармақ 32
32. Тереңдетілген зерттеу өзіне дәрілік препараттарды (дәрілік уытқұмарлықты анықтау), спирттерді, психобелсенді және ұшпа заттардың (нашақорлық пен уытқұмарлықты немесе тәуелділік симптомдарын анықтау), кәсіби зияндарын, тұрмыстық токсиканттарды анықтау үшін организмнің биологиялық орталарын токсикологиялық-химиялық зерханалық зерттеулерді жүргізуді қамтиды.
Тармақ 33
33. Тереңдетілген зерттеу нәтижелері бойынша және себептерін (немесе токсикант түрін) белгілеу кезінде мынадай тәсілдер анықталады: психобелсенді заттарға тәуелді адамдар нарколог дәрігерге емделуге жіберіледі; өндіріс жағдайында химиялық заттардың әсерін алған адамдар профпатолог дәрігерге жіберіледі; тұрмыстық жағдайларда химиялық заттардың әсерін алған, нәтижесінде экологиялық тепе-теңсіздік бұзылған адамдар токсиколог дәрігерге консультацияға жіберіледі.
Тармақ 34
34. Созылмалы кәсіби ауру (уыттану) күдігі кезінде пациент профпатолог дәрігерге немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1032 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13386 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында кәсіби патология бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандартына сәйкес халыққа кәсіби патология бойынша медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына (кәсіби аурулар клиникасына) жіберіледі.
Басқа 0-1. Жіті улануларды диагностикалау және емдеу алгоритмі
Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 1-қосымша Жіті улануларды диагностикалау және емдеу алгоритмі Жіті уланулар кезіндегі негізгі симптомдар
Басқа 0-2. Антидоттардың тізбесі
Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 2-қосымша Антидоттардың тізбесі № рс АХЖ ко­ды Ан­ти­дот­тар­дың ата­уы АХЖ ко­ды Ула­ну­ды ту­дыр­ған уыт­ты заттар АХЖ ко­ды Қол­да­ну­дың бас­қа мүм­кін жағ­дай­ла­ры 1. R05CB01 Аце­тил­ци­сте­ин N02BE01 Па­ра­це­та­мол (В1) 2. M01CC01 N-аце­тил пе­ни­цил­ла­ми­ны (Пе­ни­цил­амин) Сы­нап (ор­га­ни­ка­лық емес және бу­лар) 3. Амил­нит­рит Ци­а­нид­тер 4. J01CE01 Бен­зил­пе­ни­цил­лин Ама­ни­т­ин­дер (са­сық са­ңы­ра­у­құ­лақ­пен улан­ған кез­де) 5. C07 В-бло­ка­тор­тар (бе­та-1 және бе­та-2, қы­сқа мер­зім­де әсер ете­ді) В- ад­ре­нер­ги­я­лық ке­ра­ғар R03DA04 Тео­фил­лин 6. A12AA03 Каль­ций глю­ка­на­ты неме­се бар­лық бас­қа ері­гіш каль­ций тұз­да­ры Фтор, фтор­лық қо­сы­лы­стар, ок­са­лат­тар Каль­ций ан­та­го­ни­стер 7. Дан­тро­лен Есірт­кі­ні қол­да­ну­дың нәти­же­сін­де­гі ги­пер­тер­мия Қа­тер­лі ней­ро­леп­ти­ка­лық син­дром 8. Де­фе­рок­са­мин V03AC Без пре­па­рат­та­ры Алю­ми­ния қо­сы­лы­ста­ры 9. N05BA01 Ди­азе­пам Фос­фор­ор­га­ни­ка­лық бі­рік­ті­ру Хло­ро­хин 10. Ко­бальт эти­лен­ди­амин­тет­ра­аце­та­ті Ци­а­нид­тер 11. Ди­гок­син-спе­ци­фи­ка­лық ан­ти­дене (ФАБ-фраг­мен­ты) Ди­гок­син, ди­ги­ток­син, ой­мақ­гүл­дің бас­қа пре­па­рат­та­ры 12. Ди­мер­ка­прол Кү­ша­ла Ал­тын, ор­га­ни­ка­лық емес сы­нап 13. 4- ди­ме­тил­ами­но­фе­нол (4-DMAP) Ци­а­нид 14. Ди­на­трий тұ­зы эти­лен­ди­амин­тет­ра­аце­та­ты­ның каль­цийі (CaNa2-EDTA) Қор­ға­сын тұ­зы 15. D08AX08 Эта­нол Ме­та­нол, эти­лен­гли­коль 16. Флу­ма­зе­нил N05 Бен­зо­ди­азе­пин­дер 17. Фо­лий қыш­қы­лы Ан­та­го­ни­ст­тер фо­лий қыш­қы­лы Ме­та­нол 18. H04AA01 Глю­ка­гон C07 Бе­та-бло­ка­тор­лар 19. B05CX01 Глю­ко­за(ги­пер­то­ния) A01A Ин­су­лин 20. Гид­рок­си­ко­бо­ла­мин Ци­а­нид­тер 21. Изо­пре­на­лин C07 Бе­та-бло­ка­тор­лар 22. Ме­ти­о­нин N02BE01 Па­ра­це­та­мол 23. 4-ме­тил­пи­ра­зол Эти­лен­гли­коль N07BB01 Ме­та­нол, ко­прин, ди­суль­фи­рам 24. Ме­ти­л­ти­о­нин­хло­рид (ме­ти­лен­ді көк) Мет­ге­мо­гло­би­не­мия 25. V03AB15 На­лок­сон N02A Апиын­дар 26. N07AA01 Неостиг­ми­на бро­мид Ней­ро­бұл­шық ет бло­ка­да­сы (ку­рар тә­р­із­ді), пе­ри­фе­ри­я­лық ан­ти­хо­ли­нер­ги­я­лық әсер­лер 27. Оби­док­сим Фос­фор­ор­га­ни­ка­лық ин­сек­ти­цид­тер 28. От­те­гі Ци­а­нид, кө­мір­те­гі то­тығы, кү­кірт­су­те­гі 29. Ги­пер­ба­ри­я­лық от­те­гі Кө­мір­те­гі то­тығы Ци­а­нид, кү­кірт­су­те­гі, кө­мір­те­гі­нің тет­ра­хло­ри­ді 30. M01CC01 Пе­ни­цил­ла­мин Мыс (Виль­сон ауы­руы) Қор­ға­сын, сы­нап (ор­га­ни­ка­лық емес) 31. Пен­тет қыш­қы­лы (DTPA) Ко­бальт Ра­дио­ак­тив­тік ме­тал­дар 32. Фен­то­ла­мин Аль­фа-ад­ре­нер­ги­я­лық ула­ну­лар 33. Физо­стиг­мин Атро­пин­мен және оның туын­ды­ла­ры­нан туын­да­ған ор­та­лық ан­ти­хо­ли­нер­ги­я­лық син­дром Бас­қа дә­рі­лік заттар­мен қоз­ды­ры­л­ған ор­та­лық ан­ти­хо­ли­нер­ги­я­лық син­дром 34. B02BA01 Фи­то­ме­на­ди­он (ви­та­мин К) ку­ма­рин туын­ды­ла­ры 35. Ка­лий гек­са­ци­а­но­фер­ро­аты (бер­лин ла­зу­рьі С177520) Тал­лий 36. Пра­ли­док­син Фос­фор­ор­га­ни­ка­лық бай­ла­ны­стар 37. Пре­нал­те­рол C07 Бе­та-бло­ка­тор­лар 38. Про­па­но­лол C07 Бе­та-бло­ка­тор­лар 39 V03AB14 Про­та­мин суль­фа­ты B01AB Ге­па­рин 40 A11HA02 Пи­ри­док­син J04AC01 Изо­ни­а­зид, гид­ра­зин­дер Эти­лен­гли­коль, ги­ро­мет­рин 41 Си­ли­би­нин Ама­ни­тин (са­сық са­ңы­ра­у­құ­лақ­пен улан­ған кез­де) 42 На­трий нит­ри­ті Ци­а­нид 43 На­трий нит­ро­прус­си­ді Эр­го­тизм 44 V03AB06 На­трий тио­суль­фа­ты Ци­а­нид Бро­мат, хло­рат, йо­дат 45 Сук­ци­мер (DMSA) Сүр­ме, кү­ш­ән, вис­мут, кад­мий, ко­бальт, мыс, ал­тын, қор­ға­сын, сы­нап (ор­га­ни­ка­лық және ор­га­ни­ка­лық емес) сы­нап эле­мен­ті, пла­ти­на, кү­міс 46 Три­ен­тин (три­этилен­тет­ра­мин) Мыс (Виль­сон-Ко­но­ва­лов ау­руы) 47 Уни­тиол (DMPS) Ко­бальт, ал­тын, қор­ға­сын, ни­кель, сы­нап (ор­га­ни­ка­лық емес) Кад­мий, сы­нап (ор­га­ни­ка­лық) 48 S01FA01 Атро­пин Фос­фор­дың және кар­ба­мид­тің ор­га­ни­ка­лық қо­сы­лы­ста­ры