Об утверждении типового договора временного возмездного землепользования (аренды) земельного участка сельскохозяйственного назначения для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства Қолданыста
Басқа 0
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРAМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 5
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың)
үлгі шарты
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 30 қаңтардағы
№ 41 бұйрығымен
бекітілген
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың)
үлгі шарты
_____________ қаласы (кенті, ауылы) 20__ жылғы «__» ________№ ____
Біз, төменде қол қойғандар, бұдан әрі «Жалға беруші» деп аталатын
_____________________________________________________________ атынан
(жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган)
____________________________________________________________________
(тұлғаның өкілдігін белгілейтін құжаттың ережесі, атауы және деректемелері)
негізінде әрекет ететін ________________________________________________
(басшының немесе уәкілетті
____________________________________________________________________
тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
бір тараптан және бұдан әрі «Жалға алушы» деп аталатын __________________
____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы жоқ мемлекеттік емес заңды
____________________________________________________________________
тұлғалары үшін – атауы, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін –
____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
атынан ______________________________________________________________
(тұлғаның өкілдігін белгілейтін құжаттың
________________________________________________ негізінде әрекет ететін
жарғысы (ережесі), атауы және деректемелері)
____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының шетелдік қатысуы жоқ мемлекеттік емес заңды тұлғалар
____________________________________________________________________
үшін – басшының немесе уәкілетті тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
екінші тараптан төмендегілер туралы осы Шартты жасастық:
Тарау 1. 1-тарау. Шарттың нысанасы
1-тарау. Шарттың нысанасы
Тармақ 1
1. Жалға беруші өзіне тиесілі мемлекеттік меншік құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін әкімдіктің ______жылғы «___»______ №______ қаулысы негізінде _____ жыл мерзімге ______жылғы «__» ______ дейін Жалға алушыға жер учаскелерін пайдалану үшін ақылы жалға береді (ұсынады).
Тармақ 2
2. Жер учаскесінің орналасқан жері және оның деректері:
Кадастрлық нөмірі (код) ________. Алаңы ____ гектар (бұдан әрі – га), олардың ішінде: ауыл шаруашылығы алқаптары _____ га (көп жылдық екпелер _____га, шабындық ___ га, жайылымдар _____га, егістіктер ___ га, оның ішінде суармалы __ га және өзгелері ___ га).
Нысаналы мақсаты: _____________________________________________
Пайдаланудағы шектеулер және (немесе) ауыртпалықтар: _____________
_______________________________________________________________
Бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі: _______________________________
Тарау 2. 2-тарау. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
2-тарау. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
Тармақ 3
3. Жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы сомасы _________ жылы ______________ (___________________) теңгені құрайды.
Тармақ 4
4. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы сомасы белгіленген болып табылмайды және оны Шарт талаптары өзгерген жағдайларда, сондай-ақ жерге салық және өзге де төлемдер есептеу тәртібін регламенттейтін заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға сәйкес Жалға беруші өзгертуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы Қазақстан Республикасының салық және жер заңнамаларына сәйкес айқындалады және Жалға алушы төлемдерді Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде және одан әрі жыл сайын Қазақстан Республикасының салық және жер заңнамаларына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына
_______________________________________________,
(атауы көрсетілсін)
бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________, жеке сәйкестендіру коды
________________, бюджеттік сәйкестендіру коды _________________, төлемді
тағайындау коды _____________, бенефициар коды _______________,
бенефициар-банктың коды _______________, банктің сәйкестендіру коды
_______________ аудару жолымен төлеуі тиіс.
Тарау 3. 3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 6
6. Жалға алушы мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) жер учаскесiн оның нысанасынан туындайтын мақсатта пайдалана отырып, жерде дербес шаруашылық жүргiзу;
Тармақша 2
2) жер учаскесін пайдалану нәтижесінде алынған ауыл шаруашылығы және өзге дақылдар мен көшеттердің егісі мен екпелерін, ауыл шаруашылығы өнімі мен өзге де өнімді және оны өткізуден алынған табысты меншіктеуге;
Тармақша 3
3) жер учаскесін мемлекет мұқтаждықтары үшін алып қойғанда шығындардың толық көлемде өтелуі;
Тармақша 4
4) Жалға берушінің келісуімен белгіленген құрылыс, экологиялық, санитариялық-гигиеналық және өзге де арнайы талаптарға сәйкес суландыру, құрғату және өзге де мелиоративтік жұмыстар жүргізуге, тоғандар мен өзге де су қоймаларын салу;
Тармақша 5
5) өз шаруашылығының мұқтажы үшiн жер учаскесiнде немесе өзіне тиесілі жер учаскелеріндегі жер қойнауында бар кең таралған пайдалы қазбаларды, екпелердi, жерүстi және жерасты суларын кейiннен мәмiлелер жасау ниетiнсіз, белгiленген тәртiппен пайдалану, сондай-ақ жердiң өзге де пайдалы қасиеттерiн пайдалану;
Тармақша 6
6) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына азық қажеттілігінен асатын жағдайларда, азықты дайындау мақсатында шөп шабуды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) меншік құқығын, уақытша ұзақ мерзімге өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына салым ретiнде, акционерлiк қоғам акцияларының төлемiне немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 33-бабы 1-тармағы алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген тәртіппен және шарттарда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердегі жер пайдалану құқығын иеліктен шығару.
Тармақ 7
7. Жалға алушы:
Тармақша 1
1) жерді оның нысаналы мақсатына сәйкес және осы Шартта көзделген тәртіппен пайдалануға;
Тармақша 2
2) Шарттың мерзімін ұзартқан кезде, жер учаскесінің орналасқан орны бойынша жергілікті атқарушы органға осы Шарттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 1 (бір) ай бұрын тиісті өтінішпен жүгінуге;
Тармақша 3
3) қажет болған жағдайда Жер кодексінде көзделген тәртіппен сервитуттар беруді қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) жерді пайдаланушының мекенжайы өзгерген кезде бір ай ішінде Жалға берушіге хабарлауға;
Тармақша 5
5) Жер кодексінің 140-бабында көзделген жерді қорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жердің жай-күйі мен оны пайдалану туралы мәліметтерді мемлекеттік органдарға уақтылы ұсынуға;
Тармақша 7
7) басқа меншік иелерінің және жерді пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;
Тармақша 8
8) топыраққа агрохимиялық зерттеп-қарауды жүргізу үшін жер учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзуға жол бермеуге міндетті.
Тармақ 8
8. Жалға беруші:
Тармақша 1
1) осы Шарттың талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) Шарттың қолданыс мерзімі аяқталуына қарай жер учаскесінің жай-күйін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортына сәйкес бағалауға және оны қабылдап-алу беру актісі бойынша қабылдауға;
Тармақша 4
4) Жалға алушы Шартта көзделген міндеттемелерін орындамаған жағдайда, жер учаскесіне жаңа мерзімге Шарт жасаспауға;
Тармақша 5
5) осы Шарттың 4-тармағында көзделген жағдайларда жер учаскесін пайдаланған үшін төламақы сомасы бөлігінде Шартқа өзгерістер енгізуге;
Тармақша 6
6) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесі пайдаланбау фактісі алғаш рет анықталған кезден бастап бір жыл бойы мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайларда, мұндай жер учаскесi Жер кодексінiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады;
Тармақша 7
7) заңнамада белгіленген тәртіппен жер учаскесін резервке қоюға құқылы.
Тармақ 9
9. Жалға беруші:
Тармақша 1
1) Жалға алушыға жер учаскесін Шарт талаптарына сәйкес келетін жай-күйде беруге (ұсынуға);
Тармақша 2
2) Жалға алушының жер учаскесін мемлекеттің мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қойған жағдайда, шығындарын өтеуге, сондай-ақ оның қалауы бойынша басқа жер учаскесін ұсынуға;
Тармақша 3
3) Шартты өзінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, Жалға алушының шығындарын толық көлемде өтеуге;
Тармақша 4
4) Жалға алушыны жер учаскесіне қатысты барлық ауыртпалықтары мен құқықтарын шектеулер туралы хабардар етуге міндетті;
5) Жалға алушы өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Жалға алушының суару, құрғату және өзге де мелиорациялық жұмыстарды жүргізуін, тоғандар мен өзге де су айдындарын салуын келісуге.
Тарау 4. 4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 10
10. Жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 622-бабында айтылған мерзімдерде төленбеген жағдайда, Жалға алушы өсiмпұл төлейді. Өсімпұл Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 85-бабы және 5-бабының 2) тармақшасына сәйкес бюджетке төленетін төлем мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындаудың мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мерзімі өткен әрбір күнге базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептелінеді.
Тармақ 11
11. Тұрақсыздық айыбын төлеу Жалға алушыны осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.
Тармақ 12
Тарау 5. 5-тарау. Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны бұзу тәртібі
5-тарау. Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны бұзу тәртібі
Тармақ 13
13. Осы Шарт екі жақты келісім бойынша кез келген уақытта бұзылуы мүмкін.
Тармақ 14
14. Шартқа тараптардың келісімі бойынша енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар Шарттың ережелеріне қайшы келмеуі тиіс, олар қосымша келісім түрінде ресімделеді, тараптардың уәкілетті өкілдері қол қояды және заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделеді.
Тарау 6. 6-тарау. Қорытынды ережелер
6-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 15
15. Шарт бойынша немесе оның қолданылуына байланысты туындауы мүмкін кез келген келіспеушіліктер немесе наразылықтар тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.
Тармақ 16
16. Шарттан туындайтын, келіссөздер арқылы шешілмейтін барлық келіспеушіліктер сот тәртібінде қаралады.
Тармақ 17
17. Осы Шарт жасасқан сәттен бастап күшіне енеді, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында міндетті тіркеуге жатады және 20___жылғы «______» бастап 20___жылғы «______» дейін кемінде бір жыл қолданыста болады.
Тармақ 18. Тараптардың мекенжайлары және деректемелері:
18. Шарт екі данада жасалды, бір данасы Жалға алушыға беріледі, екіншісі Жалға берушіде қалады.
Тараптардың мекенжайлары және деректемелері:
«Жалға беруші»
«Жалға алушы»
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
_______________________
(қолы, мөрі)
(қолы, мөрі (бар болса))