Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах Абайского района Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Абай ауданының елді-мекендеріндегі салық салу обьектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 17847 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Абай ауданының елді-мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Абай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 4
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Абай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсына орналасуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Еділбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қ. Оспанов «____»___________20___ жыл
Басқа 9. Абай ауданының елді-мекендеріндегі салық салу обьектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
Абай аудандық әкімдігінің 2019 жылғы «07» ақпандағы № 15 қаулысына қосымша Абай ауданының елді-мекендеріндегі салық салу обьектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері № Елді-мекен Аймаққа бөлу коэффициенті 1 Қарауыл 1,37 2 Құндызды 1,05 3 Медеу 1,15 4 Тоқтамыс 0,95 5 Архат 0,95 6 Кеңгірбай би 1,25 7 Саржал 0,95 8 Қасқабұлақ 0,95 9 Көкбай 1,25 10 Орда 1,05 11 Бөрлі 0,95