Об утверждении Порядка регистрации экспортных контрактов Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Экспорт контрактыларын тiркеу тәртiбiн бекiту туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.03.12. N 298 қаулысымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: "Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) экспорттау және импорттау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 1002 қаулысына 3 қосымшада "Олардың экспортталу контрактылары тіркелетiн стратегиялық маңызы бар тауарлардың Тiзбесiнде" белгiленген тауарлардың номенклатурасы бойынша қоса берiлiп отырған экспорттық контрактыларды тiркеу Тәртiбi бекiтiлсiн.
Басқа 1. Экспорттық контрактыларды тiркеу тәртiбi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 тамыздағы N 1190 қаулысымен Бекiтiлген Экспорттық контрактыларды тiркеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы экспорттық контрактыларды тiркеу тәртiбiнiң бұлжымас мәлiмдемелiк сипаты бар және ол "Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) экспорттау және импорттау тәртiбi туралы" (3 қосымша) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi қаулысымен белгiленген, олардың экспортталу контрактылары тiркелетiн Стратегиялық маңызы бар тауарлардың тiзбесiне ғана жүредi.
Тармақ 2
2. Экспорттық контрактыларды тiркеудi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi мен оның жергiлiктi органдары тек қана есепке алу мақсатында жүргiзедi, контрактыны тiркеген ұйымның мөртаңбасымен расталып, жауапты адамның қолы экспорттық контрактының түпнұсқасына тiкелей қойылады.
Тармақ 3
3. Экспорттық контрактыны тiркеу және мәлiметтердiң республикалық банкiн құру үшiн экспорттаушы Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне немесе оның жергiлiктi органына қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiш, экспорттық контрактының түпнұсқасы мен көшiрмесiн, ал биржалық тауарлар бойынша (стратегиялық маңызы бар деп саналатын) "Биржалық тауарлардың Тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1035 қаулысына сәйкес тауар биржалары беретiн куәлiктi тапсырады. Экспорттаушы аталған құжаттарды тапсырған мезеттен бiр тәулiк iшiнде контрактыларды тiркеу жүргiзiледi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнде немесе оның жергiлiктi органдарында экспорттық контрактының тiркелгенi туралы мөртаңба, ал, стратегиялық маңызы бар деп саналатын биржалық тауарлар бойынша тауар биржалары беретiн куәлiктер кеден органдарының тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға негiз болып табылады.
Тармақ 5
5. Экспорттық контрактының шарттары өзгерген жағдайда экспорттаушы оны қайта тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне немесе оның жергiлiктi органдарына тапсырады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнде немесе оның жергiлiктi органдарында экспорттық контрактылардың тiркелгенi үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген мөлшерде төлем ақы алынады және тиiсiнше республикалық немесе жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне есептеледi.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi экспорттық контрактыларды тiркеу негiзiнде стратегиялық маңызы бар тауарларды экспорттау бойынша мәлiметтердiң республикалық банкiн есептеудi жүргiзiп, тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тапсырады, ал, олардың сұрау салуы бойынша республикалық мәлiметтер банкiндегi ақпаратты Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiне тапсырады.
Басқа 9
Қосымша Экспорттық контрактыны тiркеуге Өтiнiш 1. Сатушы, оның мекен-жайы___________________________тiркеу коды ------------ |          | ------------ ----------------------------------------------------- 2. Тауарды жасаушы:__________________________________тiркеу коды ___________ |         | ----------- _____________________________________________________ 3. Жасаған елi:______________________________________ 4. Контрактының N ___________________________________күнi күшiндегi мерзiмi___________   ___________________ 5. Сатып алушы:______________________________________ _____________________________________________________ 6. Сатып алушының елi:_______________________________ 7. Тауар берудiң негiзi:_____________________________ 8. Төлемнiң шарты:___________________________________ 9. Есеп айырысу шарты _______________________________ 10. Төлем валютасы: _________________________________ 11. Тауардың атауы:__________________________________СЭК ТН коды ----------- |         | ----------- _____________________________________________________ 12. Өлшем бiрлiгi:   13. Саны:   14. Белгiлi бiрлiктiң бағасы --------------   ---------   ---------------------------- 15. Төлем валютасындағы сома, мың____________________________ 16. АҚШ долларындағы сомасы, мың_____________________________ 17. Сатушы ұйым басшысының аты-жөнi, тегi __________________________________________ Мөрдiң                             _________________ қолы орны                               _________________ күнi