О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 75
- Қабылданған күні
- 20.02.2019
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2022 129169_602280.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1900000075
- ЭКБ идентификаторы
- 129169
- Редакция идентификаторы
- 129169_602280
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:03
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 20 ақпандағы
№ 75 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 294-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мыналар Қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын:
1) өңірлердің индустриялық-инновациялық дамуын, салалық және интеграциялық аспектілерді қоса алғанда, экономиканың басым секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсету;
2) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасын әзiрлеу мен өзектілендіру бойынша қызметтер көрсету;
3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустрияландыру картасын сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету;
4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсету;
5) аумақтық кластерлерді дамытуда мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсету;
6) аумақтық кластерлерді дамыту процестерін сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өнеркәсіптік даму саласындағы консультативтік-кеңесші органның қызметін талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету;
8) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардан алынған статистикалық ақпарат пен деректерге талдау жүргізуді, сондай-ақ ұсыныстар мен сараптамалық қорытындылар әзірлеуді көздейтін индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды басқару бойынша қызметтер көрсету;
9) технологиялық болжау процесіне қатысу;
10) инновацияларды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсету;
11) технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын құруға, басқаруға және үйлестіруге қатысу;
12) экономиканың басым секторларын технологиялық дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату;
13) іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалар, енгізілген технологиялар, технологиялық болжау бойынша жүргізілген талдамалық зерттеулердің нәтижелері туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
14) технологиялар трансферті, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кадрлық, басқарушылық және өндірістік әлеуетін күшейту бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыруға қатысу;
15) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсынымдар беру;
16) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар беру бойынша қызметтер көрсету;
17) технологиялық даму саласындағы ақпаратты жинауды жүзеге асыру және индустриялық-инновациялық жүйенің тиімділігін талдау;
18) сыртқы нарықтарға талдау жүргізу;
19) әлеуетті экспорттық нарықтарды іздеу және олардың тауарларын, көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарыққа ілгерілету мәселелері бойынша отандық экспорттаушыларға ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсету;
20) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша қызметтер көрсету.».
2 2. «Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қазандағы № 1092 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында:
«Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастырудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері» деген 2-бөлімде:
«Кластерлік бастамаларды мемлекеттік қолдау» деген кіші бөлімде:
«Өнімділік – 2020», «Экспорттаушы-2020» деген сөздер алып тасталсын;
«ТДҰА» деген аббревиатура «ҚИДИ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
3
4 4. «Даму институттарын басқару жүйесін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 830 қаулысында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы қаулының 1-тармағын орындағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамын «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы деп қайта атауды;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне, соның ішінде «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы қызметінің нысанасын айқындауды көздейтін шешімдеріне тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерде:
3-тармақ алып тасталсын.