О повышении базовых ставок земельного налога в десять раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения Майского района Павлодарской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы Май ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін он есеге жоғарылату туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 509-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Павлодар облысы Май ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
Тармақ 2
2. Май аудандық мәслихатының 2016 жылғы 03 наурыздағы «Павлодар облысы Май ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» № 2/59 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5019 болып тіркелген, 2016 жылғы 02 сәуірде «Шамшырақ» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Май аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі «Май аудандық мәслихатының 2016 жылғы 03 наурыздағы № 2/59 «Павлодар облысы Май ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» № 2/5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5200 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Май аудандық мәслихаты аппаратының басшысына және Май аудандық мәслихатының аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.