О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения в Илийском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Іле ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Іле ауданында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.