Об утверждении Положений государственных учреждений «Комитет гражданской авиации Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан» и «Межрегиональная инспекция по безопасности полетов Комитета гражданской авиации Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» және «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы» мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 448 бұйрығының (2018 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 581 бұйрығының (2018 жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіпптен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 70 бұйрығына 1-қосымша «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) реттеуші, іске асырушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Комитет заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитет құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комитеттiң орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты.
Тармақ 9
9. Комитеттiң толық атауы: мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi» республикалық мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде - республиканское государственное учреждение «Комитет гражданской авиации Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан».
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитет кәсіпкерлік субъектілерімен Комитет функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады. Егер Комитет заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметін мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылау және қадағалау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін оны пайдаланушылардың қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету, адамдардың өмірі немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекет мүдделеріне қауіп төндірмей ұшуды орындау;
Тармақша 4
4) әуе кеңістігін пайдалану және ұшуды орындаумен байланысты қызметті жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілеу;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының экономика және азаматтардың авиациялық қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Тармақ 14
14. Құқықтары мен міндеттері: құқықтары:
Тармақша 1
1) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдарынан және пайдаланушылардан ақпаратты, құжаттарды, сондай-ақ оларды ұсыну мерзімдерін белгілей отырып, өз функцияларын орындау үшін қажетті түсіндірмелер мен материалдарды сұратуға;
Тармақша 2
2) әуе кеңістігін пайдалану, әуе қозғалысы мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметін ұйымдастыру мәселелерін реттейтін жаңа және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) азаматтық авиацияны дамыту, оларды іске асырудың ұйымдастыру және қаржылық механизмдері, азаматтық авиация саласының дамуына инвестициялар тарту үшін жағдайлар мен басымдықтарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 4
4) Комитеттің және оның аумақтық органының ұшуға рұқсаты бар азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адамдары қызметтік міндеттерін орындаған кезде әуе кемесінің кабинасында, мұндай рұқсаты жоқ адамдар - бос орын болған кезде әуе кемесінің пайдаланушыларымен келісім бойынша әуе кемесінің жолаушылар салонында болуға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды асыруға құқылы. Міндеттеріне:
Тармақша 1
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, құқықтары мен заңда қорғалатын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін сақтау;
Тармақша 3
3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде ол туралы Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдар ресми сұрау салған жағдайда қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
Тармақша 5
5) Комитеттің теңгерімінде тұрған мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу;
Тармақша 7
7) белгіленген мерзімде Министрлікке бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау және ұсыну;
Тармақша 8
8) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттың толық, уақтылы және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кіреді.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) ведомствоның құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;
Тармақша 2
2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
Тармақша 3
3) өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) шет мемлекеттердің авиациялық биліктерімен және мамандандырылған халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ынтымақтастық, азаматтық авиацияға қатысты ақпаратпен және тәжірибемен алмасу туралы екіжақты келісімдер жасасу арқылы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
Тармақша 5
5) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;
Тармақша 7
7) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіпте Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 3-тармағында көзделген, әзірленетін құжаттардың жобаларына қатысты реттеушілік әсерге талдау жүргізу;
Тармақша 9
9) жүргізілген реттеушілік әсерді талдаудың нәтижесін Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін мәніне бақылауды және тексеруді жүзеге асыру;
Тармақша 11
11) әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу;
Тармақша 13
13) мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүргізу;
Тармақша 14
14) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;
Тармақша 18
18) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;
Тармақша 19
19) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру;
Тармақша 20
20) әуе көлігін пайдалануға қатысты тасымалдаушының жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығынан мiндеттi сақтандыру шартын жасауын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес нұсқамалық материалдарды бекіту, сондай-ақ ұшуға жарамдылық жөніндегі директиваларды шығару;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлайтын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеуді және аккредиттеу туралы куәлікті беруді, сондай-ақ ондай куәлікті беруден бас тартуды жүзеге асыру; 23) халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыруын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 24
24) халықаралық рейстердi қамтамасыз етуге рұқсат етiлмеген әуежайлардан (әуежайларға) халықаралық ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелерiн қабылдауға, ұшуға шығаруға және оларға қызмет көрсетуге уақытша рұқсаттарды беру;
Тармақша 25
25) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін ескере отырып, азаматтық әуе кемелерiнiң халықаралық тұрақты емес (бiр жолғы) ұшуларды орындауына рұқсаттар беру;
Тармақша 26
26) iшкi әуе трассалары, жергiлiктi әуе желiлерi, ұшу маршруттары бойынша және әуе трассаларынан тыс халықаралық ұшуды орындауды келiсу;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары арасында тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыру үшін халықаралық және субсидияланатын (облыс ішіндегілерді қоспағанда) авиамаршруттарға куәлiктер беру;
Тармақша 28
28) Шетел пайдаланушының Қазақстан Республикасының әуеайлақтарында қонумен халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру
Тармақша 29
29) Қазақстан Республикасының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестелері бекіту;
Тармақша 30
30) Қазақстан Республикасы аумағы арқылы қонбастан шетелдік авиатасымалдаушылардың тұрақты рейстерінің кестесін бекіту
Тармақша 31
31) шет мемлекеттердiң әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ қосарлы мақсатта пайдаланылатын өнiмдердi тасымалдау үшiн азаматтық әуе кемесiн пайдаланушының халықаралық ұшуын келiсу және өз құзыреті шегінде осы ұшуды сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын органмен келісу;
Тармақша 32
32) авиакомпанияға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру туралы шешім қабылдау, рұқсат беруден бас тарту, бұрын берілген рұқсатты тоқтата тұру немесе қайтарып алу;
Тармақша 33
33) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және (немесе) халықаралық стандарттарды сақтауына мемлекеттiк реттеуді, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 34
34) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 35
35) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар салаларында қызметін жүзеге асыратын субъектілерді табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу не одан алып тастау қажеттілігі туралы қорытындыны қалыптастыру және осындай қорытындыны табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарауына енгізу;
Тармақша 36
36) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарауына халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне енгізу туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 37
37) тиісті табиғи монополиялар салаларын тарифтік реттеу әдісін белгілеу;
Тармақша 38
38) тиісті ішкі нарықты талдау негізінде мұндай нарықтың табиғи монополия жағдайында тұрғандығы анықталған жағдайларда реттеуді енгізу;
Тармақша 39
39) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсететін қызметтеріне тұтынушылармен шарттар жасасу, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізу;
Тармақша 40
40) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілері, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзған жағдайларда оларға орындалуы міндетті нұсқамалар, оның ішінде әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыру және (немесе) мүлікті иеліктен шығару туралы нұсқамалар енгізу;
Тармақша 41
41) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларын өзгертуге бастамашылық жасау;
Тармақша 42
42) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұрату және алу;
Тармақша 43
43) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) төмендетуге бастамашылық жасау;
Тармақша 44
44) тағайындалатын оңалтуды басқарушының кандидатурасын және әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісін оңалту жоспарын келiсу;
Тармақша 45
45) өз құзыреті шегінде белгіленген сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып, әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту;
Тармақша 46
46) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісі келтірген залалдарды тұтынушыларға өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдау;
Тармақша 47
47) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектісінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге немесе өзгертуге арналған өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартуды өтінімнің берілу нысанына қарай жазбаша не электрондық құжат түрінде негіздеу;
Тармақша 48
48) тұтынушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитындардан басқа, әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу мәселелері бойынша қабылданған шешімдермен таныстыру;
Тармақша 49
49) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың өсетіні туралы хабарламаларын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу;
Тармақша 50
50) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 51
51) шығындары әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін сатып алуды бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 52
52) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзу жағдайлары мен кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарту фактілері туралы ақпарат беру;
Тармақша 53
53) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізілетіні туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақша 54
54) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелер) және тарифтік сметалар туралы ақпаратты олар бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақша 55
55) бағаларды мемлекеттік реттеуді және баға белгілеу тәртібі мен қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері міндеттерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 56
56) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері бағаларының мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 57
57) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды келісу;
Тармақша 58
58) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілеріне Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген міндеттемелерді орындау туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізу;
Тармақша 59
59) қоғамдық маңызы бар нарық субъектiсi нұсқаманы орындамаған жағдайда iшкi рейстерде әуежайлар қызметтерiн көрсету саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектiсiн нұсқамада көрсетiлген әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу туралы сотқа талап қою;
Тармақша 60
60) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде айқындалатын тәртiппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау және қарау, сондай-ақ әкiмшiлiк жаза қолдану;
Тармақша 61
61) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Тармақша 62
62) аэронавигация мен әуежайлардың көрсететін қызметтері бойынша табиғи монополиялар салаларына табиғи монополиялар субъектілері осы салалар шеңберінде ұсынатын көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттелетіндерге жатқызу тұрғысынан талдау жүргізу және талдау қорытындылары бойынша табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару (енгізу) туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 63
63) азаматтық авиация саласындағы табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобаның) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу;
Тармақша 64
64) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, азаматтық әуе кемелерінің әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзуын тоқтату жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 65
65) азаматтық және эксперименттік авиацияның әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзушылықтарын есепке алуды жүргізу, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзушылықтың барлық жағдайлары бойынша мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
Тармақша 66
66) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргiзу қағидаларын әзiрлеу;
Тармақша 67
67) табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын бекіту.
Тарау 3. 3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның төрағасының мәртебесі мен өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты төраға жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде бұйрықтарды шығарады;
Тармақша 3
3) еңбек қатынастарының мәселесі жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің және оның аумақтық органының қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 4
4) іссапарлар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау) біліктілікті арттыру, көтермелеу, үстемақылар төлеу және сыйақылар беру, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитеттің және оның аумақтық органының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
Тармақша 5
5) Комитеттің атынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда өкілдік етеді;
Тармақша 6
6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 7
7) Комитеттің заң қызметіне жетекшілік етеді;
Тармақша 8
8) Комитеттің қызметкерлеріне мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына себеп болатын іс-қимылдар белгіленген жағдайда бұл туралы Министрліктің басшылығын хабардар етеді;
Тармақша 10
10) Комитет қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
Тармақша 12
12) республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына және мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
Тармақша 13
13) оның құзыретіне кіретін басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. Комитет төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 20
20. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитет заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет, өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы» мемлекеттік мекемесі. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 2
2) «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы.
Басқа 2. «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 70 бұйрығына 2-қосымша «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Өңіраралық инспекция) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады және Комитеттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында ұшу қауіпсіздігі саласындағы функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Өңіраралық инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілеріне, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және Комитеттің бұйрықтарына, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес қызметiн жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Өңіраралық инспекция мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Өңіраралық инспекция азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Өңіраралық инспекция заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Өңіраралық инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Өңіраралық инспекция басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Өңіраралық инспекция құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Өңіраралық инспекцияның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050039, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Майлин көш., 38 «А».
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы» мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде – государственное учреждение «Межрегиональная инспекция по безопасности полетов Комитета гражданской авиации Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан».
Тармақ 10
10. Осы Ереже Өңіраралық инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Өңіраралық инспекцияның қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Өңіраралық инспекцияға кәсіпкерлік субъектілерімен Өңіраралық инспекцияның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады. Егер Өңіраралық инспекцияға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Өңіраралық инспекцияның мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Өңіраралық инспекцияның мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау;
Тармақша 2
2) әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру болып табылады.
Тармақ 14
14. Құқықтары мен міндеттері: құқықтары:
Тармақша 1
1) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдарынан және пайдаланушылардан ақпаратты, құжаттарды сұратуға, сондай-ақ оларды ұсыну мерзімдерін белгілей отырып, өз функцияларын орындау үшін қажетті түсіндіру мен материалдарды талап ету;
Тармақша 2
2) әуе кеңістігін пайдалану, әуе қозғалысын және азаматтық және эксперименттік авиация қызметін ұйымдастыру мәселелерін реттейтін жаңа және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) азаматтық авиацияны дамыту, оларды іске асырудың ұйымдастыру және қаржылық механизмдері, азаматтық авиация саласының дамуына инвестициялар тарту үшін жағдайлар мен басымдықтар қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 4
4) Өңіраралық инспекцияның мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ұшуға рұқсаты бар лауазымды тұлғалары өз қызметтік міндеттерін орындаған кезде әуе кемесінің кабинасында, ондай рұқсаты жоқ адамдар - бос орын болған кезде әуе кемесінің пайдаланушыларымен келісім бойынша әуе кемесінің жолаушылар салонында болуға құқылы;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге құқықтарға ие болу. Міндеттері:
Тармақша 1
1) оған жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, заңды және жеке тұлғалардың заңда қорғалатын мүдделерін және құқықтарын сақтау;
Тармақша 3
3) өз құзыреті және заңнама шеңберінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және мемлекеттік органдарынан ресми сұрау салу болған жағдайда қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
Тармақша 4
4) оның теңгеріміндегі мемлекеттік жеке меншіктің сақталуын қамтамасыз ету.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және (немесе) халықаралық стандарттарды сақтауын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде айқындалатын тәртiппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау және қарау, сондай-ақ әкiмшiлiк жаза қолдану;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Өңіраралық инспекцияның қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
3-тарау. Өңіраралық инспекцияның қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Өңіраралық инспекцияны басқаруды Өңіраралық инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Өңіраралық инспекция басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Өңіраралық инспекция басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Өңіраралық инспекция қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;
Тармақша 2
2) Комитеттің төрағасына Өңіраралық инспекцияның қызметкерлерін лауазымға тағайындау және одан босату, көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін кандидаттарды ұсынады;
Тармақша 3
3) Комитет басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын орындайды;
Тармақша 4
4) өз өкілеттігі шегінде Өңіраралық инспекцияның мүдделерін мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда білдіреді;
Тармақша 5
5) Өңіраралық инспекцияның қызметін үйлестіреді және бақылайды;
Тармақша 6
6) оның құзыретіне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Тарау 4. 4-тарау. Өңіраралық инспекцияның мүлігі
4-тарау. Өңіраралық инспекцияның мүлігі
Тармақ 19
19. Өңіраралық инспекцияның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Өңіраралық инспекцияның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 20
20. Өңіраралық инспекцияға бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 21
21. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Өңіраралық инспекция, өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Өңіраралық инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Өңіраралық инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. Өңіраралық инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.