Об утверждении перечня объектов Туркестанской области, уязвимых в террористическом отношении Күшін жойған
Басқа 0
Түркістан облысының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 27-бабының 1-тармағының 26-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы №876 қаулысына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Түркістан облысының террористік тұрғыдан осал объектілерінің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін (қызмет бабында пайдалану үшін).
Тармақ 2
2. Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 09 қазандағы №285 «Түркістан облысының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде №1 тiркелген, 2018 жылғы 02 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Т.Нүкеновке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қ.Т.Нүкенов
Т.Қ. Сәрсембаев
А.С.Сәбитов
Е.Қ.Тасжүреков
Е.Ә.Садыр
А.Б.Тасыбаев
Ә.Е.Тұрғымбеков
Басқа 9
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Түркістан облысы
бойынша департаменті»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ Ә.О.Дүйсебаев
2018 жылғы « » қараша
Басқа 10
«Түркістан облысы полиция
департаменті» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________ Қ.С.Дәлбеков
2018 жылғы « » қараша