Об утверждении тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Казалинскому району Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазалы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазалы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазалы аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Әйтеке би кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету тарифін бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы №181 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4614 нөмірімен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 27 наурызда, «Қазалы» газетінде 2014 жылғы 28 наурызда жарияланған) шешімі;
Тармақша 2
2) «Қазалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды көму тарифін бекіту туралы»Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қарашадағы №361 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5262 нөмірімен тіркелген,«Тұран-Қазалы» газетінде 2015 жылғы 18 қарашада, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 ақпанда жарияланған) шешімі.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Қазалы аудандық мәслихаттың 2019 жылғы «12» ақпандағы №276 шешіміне қосымша Қазалы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер № Атаулары Есептік бірлік Баға (теңге) 1 Жайлы үйлер үшін айына 1 адамға 197,29 2 Жайлы емес үйлер үшін айына 1 адамға 236,75 3 Шаруашылық субъектілер-абоненттер үшін 1 текше метр 2367,52